Б. К. Кенжембетова сурет салу әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет130/133
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#36647
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133
Suret salu Metodika 3 Kaz

Ойын ережесі: 

а)  қиылған  пішіндерді  қарау,  талдау,  бүлдіршіндерді  қандай  бейне  жасауға 

болатыны жайлы ойланта білу

ә) бейнені белгілі бір затқа ұқсата құрастыру

б)  егер  оның  бір  немесе  бірнеше  бөлшегін  өзгертсе,  басқа  қандай  бейне  шығаруға 

болады  деп  сұрақ  туындату.Ойынға  басшылық.  Педагог  желкенді  қайық,  аққала  т.б. 

жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрылысына, неше бөліктен тұратынына, 

қандай  пішіндерден  құралғандығына  және  түстеріне  назар  аудартады.  Осындай 

пішіндердің  барлық  түрі,  көлемі  жағынан  да  әртүрлісі  өзқолдарында  болу  керек.  Осы 

пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатыны жайлы ойлануларын ұсыну. Барлығы 

көздерін жұмып, көз алдарына бейнені елестетуі керек (алдымен пішіндерді қарап шыққан 

соң). Балалар қайсысы не жасағысы келетінін педагогтің құлағына сыбырлап айтады, ол 

үшін қандай пішіндерді алғысы келетінін бала педагогке көрсетеді. 



61 

 

Мысалы:  арба  –  тік  төртбұрыш,  екі  дөңгелектен  тұрады;  көзілдірік  –  екі  дөңгелек 



және жіңішке, қысқа жолақша т.б., балалар тапсырманы орындауға кіріседі, педагог жеке 

нұсқаулар  беріп,  жұмысқа  кірісе  алмай  отырған  балаларға  көмекке  келеді.  Бейнені 

құрастыруға  да,  түстерінің  үйлесім  табуына  да  бағыт  береді.  Тапсырманы  тез,  белсенді 

орындағандарға қосымша ретінде жасағандарын басқа бейнеге өзгертуді ұсынады. Ең көп 

және дұрыс жасай білген балалар мадақталады. 

«Әдемі гүлдер» 

Ойынның  тәрбиелік  мәні.  Әдемі  гүлдердің  суретін  салуды,  жапсыру  кезіндегі 

іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету. Қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс 

гүлді  құрастыру.  Гүлдің  құрылысын  беруде  түстердің  үйлесімділігін  табуға,  кеңістікте 

дұрыс орналастыруға жаттықтыру. 

Қажетті  көрнекіліктер.  Гүл  суреттері,  натюрморт,  ашықхаттар.  Гүлдердің 

құрылысын ашатын ұсақ қиындылар (түстері пішініне сәйкес әртүрлі болуы қажет).  

Тақта, мольберт немесе фланелеграф. 



Ойын ережесі

а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау; 



ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып құрылым жасау; 

б) гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, әсемдікті әсерлеу. 

Ойынға  басшылық.  Бұл  ойында  балалардың  қоршаған  ортадан  әсемдікті 

қабылдауынан туған ойларын оқу қызметі барысында көрсетулері ұсынылады. Гүлдердің 

әдемі  суреттерін,  ашықхаттарды,  шоқ  гүлдерді,  гүлмен  безендірілген  сәндік  суреттерді 

тамашалап,  әңгімелейді.  Педагог  балалардың  қандай  гүлдерді  ұнататынын  сұрап,  түсіне, 

күлте  жапырақшаларының  ерекшелігіне  тоқталады.  Мысалы,  түймедақ  гүлін  (ромашка) 

жасағысы келсе, басы доғал, ұзынша келген жапырақтар, ортасына түсті дөңгелек, жасыл 

жіңішке  жолақтан  сабағы  және  жапырағын  таңдап  алу  керек,  сүйір,  ұзынша 

жапырақтардан  ақ  түсті  болса  бәйшешек,  қызыл  сары  түсті  болса  лилия  гүлдерін  құрап 

жасауға  болады.  Ұсақ  қоңыраушалардан  інжугүл  (ландыш),  ұзынша  үшбұрыштарды 

төңкере  орналастыру  арқылы  қалампыр  (гвоздика),  жалпақтау,  шеті  дөңгеленіп  келген 

жапырақтардан қызғалдақ, жауқазын т.б. гүлдердің түрін құрап, тақтада әсем композиция 

(«Дала  гүлдері»  т.б.)  жасау  балаларды  ұжымдық  жұмысқа  біріктіреді.  Балалар  жұмысын 

қарап, талдау кезінде көркем сөз қолдануға болады. 


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау