«Бейнені құрастыр»
Ойынның тәрбиелік мәні. Қиылған әртүрлі геометриялық пішіндерден белгілі бір
бейнені құрап жасауға үйрету.Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру
кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлаумен қиялды дамытуға әсер ету.
Қажетті көрнекіліктер. Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар (үлкен-кіші көлемдегі),
дөңгелектер, жуан-жіңішке, ұзын, қысқа жолақтар, ұсақ бөлшектер (көзі, тұмсығы, аузы
т.б.), іс-әрекетке бағыттауға арналған үлгі суреттер (үлгіні қайталау ұсынылмайды).
Достарыңызбен бөлісу: |