Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет136/188
Дата05.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36556
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   188
tebenova-arnaiy-psih

 
9.8
 
 Кҥрделі сенсорлық кемістігі бар балалардың 
тҥйсігі мен қабылдауы 
 
Тері  арқылы  тҥйсіну  мен  қимыл-қозғалыстық  ес,  бҧл 
балалардың қоршаған ортаны танудағы ерекше мҥмкіндігі болып 
табылады.  И.  А.  Соколянский  соқыр-саңырау  балалардың,  тіпті 
бӛтен  бӛлмедегі  терезелер  мен  есіктерді  қалай  жылдам 
ажырататынын  суреттейді.  Демек,  олар  таныс  емес  бӛлмелерде, 
есік  пен  терезенің  орнын,  терімен  сезінудің  кӛмегімен,  ауа 
толқыны мен температура арқылы айналаны бағдарлай алады.  
Ал  сипап-сезу  тактильді  және  кинестетикалық  сезімдерден 
тҧрады.  Ол  адам  денесінің  ҧйымдасқан  қимыл-қозғалысының 
кеңістіктік  сызбасына  енеді.  Адамның  қоршаған  орта  кеңістігін 
бағдарлау  қабілеті,  оның  ӛз  денесінің  қимыл-қозғалысын 
сезінумен  қалыптасады.  Соқыр  немесе  нашар  кӛретін  бала  ӛз 
денесінің  барлық  қимыл-қозғалысын,  бастан-ақ    кӛріп  бақылай 
алмайды.  Есту  қабілетінің  бҧзылуы,  мҧндай  баланы  дыбыстың 


 
197 
кӛмегімен  бағдар  жасау  мҥмкіндігінен  айырады.  Соқыр-саңырау 
баланың  барлық  жағынан,  жеке  ӛзінің  қимыл-қозғалыс  және 
сипап-сезу  тәжірибесіне  сҥйенуіне  тура  келеді.  Сондықтан,  бала 
неғҧрлым  ерте  жастан  ӛздігінен  қозғалуға  ҥйренсе  –  аударылып 
жату,  созылу,  ҧстау,  отыру,  тҧру,    еңбектеу  т.б.,  соғҧрлым  ол 
келешекте,  кеңістікте  еркін  қозғала  алады.  Соқыр-саңырау 
баланың    қимыл-қозғалысын  ерте  сәбилік  шақтан  дамыту  ӛте 
маңызды.  
Тактильдік сезім, бҧл балалардың  айналаны танудағы негізгі  
қабілеттерінің  бірі,  яғни  затпен  тікелей  жанасу  арқылы,  оларды 
қабылдауға 
болады. 
Бҧл 
балалар 
заттың 
пішінімен, 
текстурасымен,  салмағымен,  температурасымен  сипап-сезу 
арқылы  танысады.  Сол  сияқты,  адам  затпен  белгілі  бір 
арақашықтықта таныса алады. Бірқатар авторлар, бҧл категорияға 
жататын  балалардың,  иіс  сезу  қабілеті,  әсіресе,  жақсы 
жетілгендігін атап ӛтеді.  
Тактильдік-вибрациялық сезімдердің кӛмегімен, адамдар мен 
заттардың 
қозғалысын, 
дыбыстарды, 
олардың 
қандай 
қашықтықта  екендігін  біле  алады.  Айналасында  болып  жатқан 
оқиғаларды,  маңайындағы  адамдарды  ажыратады.  Музыканы, 
қатты  дыбыстарды  табанымен  сезінеді,  адамдарды  жҥрісінен 
таниды. Вибрациялық  сезім, соқыр-саңырау балалардың  сӛйлеу 
тілін  қабылдауда  және  қалыптастыруда  негіз  болуы  мҥмкін. 
Мысалы, 
Петербургтегі 
соқыр-саңыраулар 
мектептерінде, 
балаларды  сӛйлеуді,  қолды  сӛйлеушінің  тамағына  қойып 
қабылдау  жолын  ҥйретеді.  Әрі  олардың    ӛз  сӛйлеу  тілдерін  де, 
осылайша бақылауына болады.  
Жоғарыда  аталған,  сау  сақталған  иіс  сезу,  дәм  сезу,  сипап- 
сезу,  тактильдік-вибрациялық  сезімталдық  мҥмкіндіктерімен 
бірге,  соқыр-саңырау  балалар,  қалдық  есту  және  кӛру 
мҥмкіндіктерін  барынша  пайдалануы  керек.  Ерте  жаста 
жҥргізілген  аудиометрлік  тексеру  мен  есту  аппараттарын  (екі 
қҧлаққа  да)  тағайындау,  балалардың  есту  мҥмкіндігін 
айтарлықтай кеңейтеді және дамытады. Қазіргі заманғы медицина 
жетістіктері,  кейбір  соқыр-саңырау  балаларға  кохлеарлық 
имплантация кӛмегімен есту қабілетін қайтара алады.  

жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау