7.4. Кӛруі бҧзылған балалардың іс-әрекет ерекшеліктері
Кӛру кемістігінің орнын толтырудағы іс-әрекеттің рӛлі
туралы, қазіргі кездегі тифлопсихологиялық зерттеулердің
барлығында айтылады.
Іс-әрекетте жаңа психикалық қҧрылымдар қалыптасады, ал
ол баланың жақын даму аймағын қҧрады. Ауыр кемістігі бар
балаларға, іс-әрекеттің әртҥрлі формаларының баяу қарқынмен
қалыптасуы тән. Балалар іс-әрекет элементтеріне арнайы ҥйретуді
қажет етеді, ең алдымен, оның орындалу жағында. Себебі, соқыр
және нашар кӛретін балалардың қимыл-қозғалыс саласы, негізгі
кемістікпен тікелей байланысты, оның қимыл-қозғалыс актісіне
тигізер ықпалы зор. Осыған байланысты, жетекші іс-әрекеттің
белсенді және дамытушы рӛлі кейінге ысырылады. Мысалы,
мектепке дейінгі жаста, соқыр балалардағы жетекші іс-әрекеттің
ӛзара алмастырылатын тҥрлері, заттық және ойындық, ал
бастауыш сынып жасында – ойын мен оқу.
122
«
Кӛру қабілеті бҧзылған баланың ҥш жасқа дейінгі
психикалық дамуында, екінші кемістіктің пайда болуына орай,
айтарлықтай кейіндеу байқалады, баланың қоршаған орта туралы
мағлҧматтары бҧлыңғыр, заттық-сараптаушы әрекет жетілмеген,
практикалық қарым-қатынас ӛте баяу дамиды, кеңістікті
бағдарлау қабілеті тӛмен, жалпы моторика дамуындағы
кемшіліктер, айқын кӛзге тҥседі. Заттық іс-әрекеттер баяу
қарқынмен қалыптасады, олардан алған дағдысын ӛз бетімен
орындайтын әрекеттерге ауыстыра алмайды. Мектепке дейінгі
жастағы заттық әрекеттің орнығуында, сӛйлеу әрекеті белсене
араласады, сӛйтіп, оны тҥрткі жағынан қамтамасыз етеді, әрі
заттардың функционалды қызметін тҥсінуге мҥмкіндік береді.
Ең қиын компонент болып қалатыны - соқырлардың
мануальды қабілеттеріне негізделетін, орындаушылық қызмет.
Сондай-ақ, заттың функционалды қызметін тҥсіну мен сол затпен
нақты іс-әрекет жасау мҥмкіндігінің арасында, біршама алшақтық
байқалады.
Заттық іс-әрекетті игеру, бҧл жаста бала мен ересек адамның
бірлескен ісіне сҥйенеді, мҧнда ересек адамдардың араласуы,
жетекші элемент болып табылады. Бірақ, кӛптеген соқыр
балалардың ӛз бетінше әрекеттенуі, біртектес қимыл-
қозғалыстарды тудырады. Кӛру арқылы еліктеудің болмауы,
қимыл-қозғалыс еліктеулерімен толықтырылады, яғни бала енжар
қимыл-қозғалыстарды қайталайды, сӛйтіп меңгереді.
Ерте сәбилік және мектепке дейінгі жаста, заттық іс-
әрекеттерге
баланың
ӛздігінен
ҥйренуі,
ойыншықты
пайдаланумен байланысты. Себебі, мҧнда қимыл-қозғалыс
белсенділігнің ҥлгісі бар, ойыншықпен ойнау, оның қызметін
меңгеруді талап етеді. Заттық іс-әрекетті игеру қиындығы,
кӛптеген балалардың, тіпті мектеп алды жасында, спонтанды
дамуда, заттық-практикалық әрекет деңгейінде қалуға себеп
болады.
Соқырлардың заттық іс-әрекетті меңгеру қиындығы, барлық
әркеттердің, оның ішінде ойын әрекеттерінің қалыптасуына ӛз
ықпалын тигізеді. Кӛретін балалар тәрізді, мектеп жасына дейінгі
және бастауыш сынып жасындағы соқыр және нашар кӛретін
балалар ҥшін, ең белсенді әрекет – ойын болып табылады. Даму
аномалиялары бар балалардың ӛміріндегі сензитивтік кезеңдерді
123
қамтығанда, ойын олардың реабилитациялық мҥмкіндіктерін
жоғарылатады, соқырлықпен байланысты кемістіктерінің орнын
толтыруға және тҥзетуге жәрдемдеседі»
1
.
Ойын баланың жақын даму аймағы болғандықтан,
тифлопсихологияда жан-жақты дамыту қҧралы ретінде, қоршаған
ортаны тану қҧралы ретінде қарастырылады. Бірақ, кӛру
анализаторларының ауыр бҧзылуымен шектелген қызметі, ойын
әрекетінің барлық қҧрылымдық компоненттерін бірдей меңгеруге
қиындық
туғызады:
балалардың
ойын
сюжеттері
мен
мазмҧндары, ӛте жҧпыны, ойын және тәжірибелік әрекеттерінде
схематизм басым.
Кӛру қабілеті бҧзылған балалардың ойын әрекеттері,
тифлопсихологияда әртҥрлі аспектілерде қарастырылады: оның
дамытушылық оң рӛлі компенсаторлық ҥдерістердің пайда
болуымен байланысты (Л. И. Солнцева), адамгершілік
сапалардың қалыптасуымен байланысты (Э. М. Стернина, И. П.
Чигринова), заттық және ойындық әрекеттің қалыптасуымен
байланысты (С. М. Хорош), кӛру арқылы қабылдаудың дамуымен
байланысты (Л. И. Плаксина), дене бітімдік дамумен және
кеңістікті бағдарлаудың дамуымен байланысты (В. А. Кручинин,
Р. Н. Азарян, В. П. Никитин), коррекциямен және қарым-қатынас
қҧралдарын дамытумен байланысты (М. Заморская).
Ойында баланың әртҥрлі әлеуметтік мінез-қҧлық тҥрлері
кӛрінеді. Сонымен бірге, ойын барысында шиеленісті
жағдайлардың пайда болуы, кӛп жағдайда, балалардың бірігіп
ойнауды ҧйымдастыру қиындығына байланысты, әрі серіктесінің
әрекетін бақылай алмау мен ойындағы ӛз рӛлін орындауда,
қызметтік қатынастарды жете тҥсінбеу, ойын ситуациясын
тҥсінуге жәрдемдесетін арнайы қҧралдардың болмауы да,
жағдайды кҥрделендіре тҥседі.
Соқыр балалар ҥшін, оның ішінде мектеп жасына дейінгі
балалар ҥшін, әлеуметтік қарым-қатынас жасау мен сӛйлесу,
оның әлеуметтік байланыстар орнатуы мен қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасауы ерте басталатындығына қарамастан,
шешілуі қиын мәселе. Ҥш жасқа дейінгі қарым-қатынас, негізінен
---------------
1
Литвак А.Г. Тифлопсихология. - М.; Изд. «Просвещение», 1985. - С.80-82.
124
топпен емес, жеке адаммен ғана жҥзеге асады. Егер балалар ӛз
қҧрбыларымен ойнайтын болса, онда олардың ӛзара әрекетін
ойын немесе «қатар отырып ойнау» деп атауға болады, ал біріге
әрекет ету, кӛбіне шиеленіс жағдайларын туғызады. Бҧл жаста
кӛретін балалар мен кӛрмейтін балалардың қарым-қатынасында
айырмашылық жоқ деуге болады: екеуінде де іс-әрекет дара
қарым-қатынас негізінде жҥреді, оның нәтижелілігі, ересек
адамдардың баладағы вербальды немесе сӛздік қарым-қатынас
белсенділігін орната білуіне байланысты.
Балалардағы біріге әрекет ету мен заттық қарым-қатынас
жасау қиындығы, бастауыш сынып жасында жалғасады. Сондай-
ақ, іс-әрекетке қатысушы әр адамның ісінің нәтижесін, объективті
тҥрде бақылау қажеттігі туындайды.
Мектеп жасына дейінгі соқыр балалардың қҧрастыру
әрекетінің талдауы мынаны кӛрсетеді: оның жҥзеге асуының
анағҧрлым нәтижелі тәсілі – ол қҧрастыру ережелерін ҥлгімен
танысу ҥдерісінде және оның моделін ойша қҧрастыру кезінде,
тҥпкілікті меңгеру. Қабылданатын бейне мен ойдағы бейнені
салыстыру ҥдерісі тиімді және нәтижелі ҥдеріс болып саналады.
Бірақ, қҧрастыру мәселесін шешудің мҧндай жолын, тек мектеп
алды соқыр балалар ғана меңгереді. Бҧл тапсырманы дҧрыс
орындаудың маңызды шарты болып табылады және оны
бастауыш сынып оқушылары қолданады, бірақ, оның нәтижесі
бҧл кезде әлі аз. Барлық жастағы соқыр балалар, мҧндай
тапсырмаларды орындауда, ӛздерінің кӛретін қҧрбыларынан
анағҧрлым артта қалады, бірақ мектепалды жасында, олар
бейнелермен ойша операциялар жасау, ереже бойынша ой-ӛріс
деңгейінде жҧмыс істеуге, яғни мҧндай тапсырмаларды
орындауға дағдылана бастайды.
Соқыр және нашар кӛретін бастауыш сынып оқушыларының
оқу әрекеттерінің қалыптасуы, ӛте ҧзақ және кҥрделі ҥдеріс. Бҧл
ҥдерістің негізі – алдын-ала саналы тҥрде, білім алуға дайын
болу. Оқудың алғашқы кезеңдерінде, оқу бірден саналы ҥдеріске
айналмайды, ол тек ӛзге әрекет тҥрлерінің (ойын, ӛнімділік
әрекет) қажетін ӛтейтін әрекет. Сондықтан, олардың тҥрткісі
біртіндеп, оқуды меңгеруге қарай ауысады. Соқыр бала ой
әрекетінің жаңа формаларына қызыққандықтан, жаңа әрекетке
кӛшеді, демек, зерттеу нысанына деген белсенді кӛзқарас пайда
125
болады, ал бҧл қарапайым танымдық және оқу ынтасы мен
тҥрткісінің пайда болуы деген сӛз. Балаларда оқу нәтижесіне,
бағасына деген ерекше қызығушылық пайда болады, ӛз қателерін
тҥзетуге, «қиын» тапсырмаларды орындауға тырысады. Бҧл оқу
әрекетінің орнығуын білдіреді. Бірақ, ол әлі дидактикалық
сипаттағы ойын формасында жҥзеге асады.
Оқу әрекетінің ҧйымдастырушылық-ерікті жағы, кӛру
кемістігінің ең маңызды компенсациясы болып табылады. Соқыр
баланың танымдық әрекеттегі белсенділігі, нәтижеге қол жеткізе
білуі, іс-әрекеттің практикалық тҥрде іске асу қиындығына
қарамастан оның сәтті орындалуын қамтамасыз етеді.
Кӛру қабілеті бҧзылған балаларда, ынта мен тҥрткіні ортақ
бағындыру қиындығы байқалады, яғни жалпы – жақсы оқудан,
нақты – тапсырманы орындауға. Оқу әрекетін жҥзеге асыру
дайындығы, эмоционалды-ерікті кҥшімен, ӛз ісін ӛзіне бағындыра
білумен, мҧғалімнің талабына сай, тапсырманы орындай алумен
анықталады. Бҧл ретте кӛретін және кӛрмейтін балалар арасында
айырмашылық жоқ. Айырмашылық оқу ҥдерісінің жҥзеге
асуында пайда болады: оқу ҥдерісі ӛте баяу қарқында жҥреді,
әсіресе, алғашқы қалыптасу кезеңдерінде, себебі іс-әрекет
барысы мен оның нәтижесін бақылау, тек сипап сезу мен қалдық
кӛру қабілеті негізінде ғана автоматтандырылады. Кездесетін
қиындықтар мен кедергілерді жеңу жолында, ӛз мінез-қҧлқы мен
тәртібін реттей білу, мақсатты іс-әрекет ете білу, адамның ерік-
жігерін сипаттайды. Соқыр және нашар кӛретін адамның жеке
тҧлғасын анықтауда, қоғамдағы орнын анықтауда, ерік кҥші
маңызды рӛл атқарады. Бҧл адамдарға, кӛретін адамдарға
қарағанда, оқу мен кәсіптік білім кӛлемін меңгеруде, кӛп
қиындықтарды жеңуге тура келеді. Тифлопсихологияда кӛру
қабілеті бҧзылған адамдардың ерік-жігерлерінің дамуы туралы
екі қарама-қайшы пікір бар. Біріншісіне сәйкес, соқырлық,
адамның ерік-жігерлі сапасының дамуына кері әсер етеді, ал
екінші пікірді қостаушылар, қиындықтар мен кедергілерді жеңу
ӛте кҥшті, мықты ерік-жігер сапасын қалыптастыратындығын
айтады.
Соқыр және нашар кӛретін балалардың ерік сапаларының
қалыптасуы, ересек тәрбиешілердің ықпалымен, ерте жастан
басталады. Ерік–жігерді зерттеуге арналған тифлопсихологиялық
126
эксперименттер мҥлдем жоқ деуге болады. Тек ерік-жігердің,
мектеп алды жасындағы балалардың оқуға ынтасы, ӛзін-ӛзі
бақылауы тәрізді, жеке қҧрылымдық компоненттері ғана
қарастырылған.
Соқыр баланың ерік-жігер сапалары, баланың жеке әлеуетті
мҥмкіндіктеріне қарай, іс-әрекет барасында дамиды. Мінез-қҧлық
тҥрткісі, баланың жасына және даму деңгейіне сәйкес, оның
белсенділігіне стимул болады. Тҥрткі мен ынтаның жоғарылауы,
анағҧрлым кҥрделі және әлеуметтік маңызды іс-әрекет тҥріне
кӛшуге жағдай жасайды. Тҥрткі мен ынта еңбек дағдыларының
қалыптасуында стимул беруші рӛл атқарады.
Баланың жасқа сай дамуда, бір топтан екінші топқа
ауысуына орай, тәрбиешінің де рӛлі кҥшейе тҥседі, себебі ол
қажетті тҥрткі мен мінез-қҧлықтың, қарым-қатынас пен еңбек
әрекетінің ҥйлесімді дамуын, нақты іс жҥзінде қамтамасыз етеді.
«А. Ф. Самойлов бастауыш сыныптағы соқыр балалардың
белсенді әрекеттеріне тҥрткі болатын себеп, оқудың тҥрі мен
мазмҧнына деген тікелей қызығушылық екенін, ал ӛз бетімен
интеллектуалды әрекет етудің тҥрткісі - қойылған мақсатты
тҥсіну мен оған жету жолдарын, әдістеріне (операциялармен,
әрекетпен, біліммен) сәйкес қолдана білу екендігін кӛрсетеді.
Сондықтан, соқыр балалардың ерікті психикалық ҥдерістерін
қалыптастыруда, олардың іс-әрекетін ҧйымдастыру жҧмысы,
ӛзгеше коррекциялық әдістерді қажет етеді, әсіресе балалардың
кемістігіне байланысты, орындалуы қиын әрекеттер мен
операцияларда. Ерік-жігер актісіндегі бҧл «аралық» саты,
соқырлық пен нашар кӛру жағдайында, әсіресе кӛп зиян шегеді.
А. В. Политова мҧны ерікті еңбек ҥдерісіндегі соқыр
оқушылардың ӛзін-ӛзі бақылау қабілетінің дамуымен кӛрсетеді:
ӛзін-ӛзі бақылау қабілетінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде,
яғни еңбек объектілері мен жеке бӛліктер жайлы, мағлҧматтың
саралануы кезінде, соқыр балаларға, жартылай кӛретіндерге
қарағанда, кӛп мӛлшердегі кӛрсетулер мен тҥзетулер қажет
болады»
1
.
-------------------------------------------
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. — М.: «Академия», 2002.
— С.245.
127
Достарыңызбен бөлісу: |