апаттық режим кезінде басқаруды екіге бөледі: жергілікті жəне дистанциялық. Бұл тəсілдің
пункттерінің) жұмысының жоғары деңгейдің (диспетчердің) шешімінен тəуелділігі жатады.
жерлердің барлығында дерлік кең таралған дəстүрлі үрдіс. Тораптың зақымдалған бөлігін
бөлу (секцияландыру) мүмкіндігін жабдықтау үшін магистралдарда желілік айырғыштар,
кейбір жағдайда комплектілі сыртқы тарату құрылғыларының (КСТҚ) ұяшықтарында
секцияландыру пункттері орналастырылады. Тораптық резерв қолмен жүзеге асырылады.
фидерлерде қорғаныстық аппарат тізбекті ажыратады да, желінің барлық тұтынушылары
ұзақ уақытқа ажыратылады [1,2,3]. Зақымдалуды жою үшін фидерге оперативті бригада
зақымдалған бөлігін табады да қалған тұтынушылардың қоректерін қайта қосады (3-
3-сурет. Дəстүрлі сұлбада электрмен жабдықтауды қалпына келтіру ерекшеліктері
407
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Электрмен жабдықтауды қалпына келтірудің мұндай сұлбасында техника мен
персоналдарды көп қажет етеді. Желінің трасса бойымен өту шартын жəне ұзындығын
есепке алғанда, оперативті бригаданың зақымдалған бөлікті іздестіруге кеткен уақыты
бірнеше сағатқа, тіпті тəулікке созылуы мүмкін. Бұл жағдайда электрмен жабдықтау
сенімділігінің деңгейі аса төмен болатыны айдан анық.
Соңғы кезде электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін апаттық режимдерді
дистанциялық басқару жиі қолданылады. Осы мақсатта қолмен басқарылатын желілік
айырғыштардың
орнына
телебасқарылмалы
айырғыштар
немесе
дистанциялық
басқарылатын секцияландыру пункттері орналастырылады (4-сурет). Зақымдалу
туындалған жағдайда оны жою үрдісі дəл сондай, тек айырмашылығы барлық ауыстырып
қосулар дистанциялық түрде орындалады [1,2,3].
Бұл тəсілдің айдан анық ерекшелігіне зақымдалуды іздестіруге кететін
шығындардың қысқаруын жəне оперативті персоналды көп қажет етпейтіндігін жатқызуға
болады. Сонымен қатар зақымдалуды жою уақыты да қысқарады. Дегенмен бұл тəсілдің
маңызды кемшілігіне тораптың əрбір басқарылмалы элементімен 100%-дық байланыстың
болу қажеттілігі жатады. Байланыс каналы істен шыққанда торап толығымен басқарусыз
қалады жəне айырғыштардың телемехананикалануы бұл кезде күшсіз болады.
Алдыңғы жағдайдағы сияқты, апаттық режимді қолмен дистанциялық басқаруды
пайдалану кезінде де адамның қатысуы үлкен роль атқарады, яғни ауыстырып қосу жайлы
шешімді диспетчер қабылдайды. Сонымен қатар диспетчер электр тораптың
мнемосұлбасын үнемі қадағалап отыруы қажет жəне апаттық режим болғанда зақымдалу
себебін сараптап, оның реконфигурациясы жайлы дұрыс шешім қабылдауы керек.
БА – басқарылмалы айырғыш; 1-5 – зақымдалуды іздеу жəне жою кезеңдері (шалғайдағы
диспетчерлік пункттен телебасқару): 1-3 – зақымдалмаған бөлікті іздеу; 4 – зақымдалмаған бөлікті
қосу; 5 – зақымдалмаған бөлікке тораптық резервтен қорек беру
4-сурет. Тораптың апаттық режимдерін орталықталықтандырылған
басқару
Достарыңызбен бөлісу: