2.ТАРАУ. 1950 - 80 жылдар аралығындағы
әдеби - көркем сын
2.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануы
Бұл кезең негізінен Ұлы Отан соғысы аяқталып, ел
еңсесін көтере бастаған әрі осынау қанды қырғында
ойсырап қалған халық шаруашылығы мен әлеуметтік
мәселелерді қайта қалпына келтіру жолында жемісті
еңбек еткен жылдарды қамтиды.
Әдебиет – қашанда өз кезеңінің көркем шежіресін
шертсе, қазақ әдебиеттану ғылымы сол әдеби процестің
даму заңдылықтары мен әр алуан әдеби жанрлардағы
көркем
шығармалардың
рухани
құндылықтарын,
эстетикалық әсерін теориялық тұрғыдан талдауға,
зерттеуге зейін қоя бастады.
ХХ ғасыр басында қарқынды өрлеу дәуірін бастан
өткерген қазақ прозасының көрнекті өкілдері мен олардың
талантты туындыларын саяси тұрғыдан тұтқындаған
сталиндік репрессия, оның ізін ала жүргізілген
ашаршылық, екінші дүние жүзілік соғыс т.б. халықтың
рухани өмірін өркендетуге еш мүмкіндік бермегені де
белгілі.
Соның бір айғағы - 1946 жылы М.Әуезовке және
Қ.Жұмалиевке (Абай поэзиясының тілі) ғана филология
ғылымдарының докторы деген жоғары ғылыми дәреже
берілгендігі еді. Әсіресе, ұлттың рухани дамуына қызмет
еткен қоғам және қалам қайраткерлерінің еңбегі көбіне
елеусіз қалып отырды.
Ал,
екіншіден,
1950-ші
жылдардағы
қазақ
әдебиеттануының еркін өсіп-өркендеуіне үнемі тосқауыл
құрған тоталитарлық режим, тілді тұсаулап ұстаған саяси
тосқауылдар көп болды. Оның сорақы үлгісі – 1947
жылғы “Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және
әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел
қателер туралы” қаулысы мен ескі әдеби мұраларға сын
көзбен қарамағаны және Шортанбай, Мұрат, Дулат,
Нарманбет, Мәшһүр-Жүсіп, Сұлтанмахмұт т.б сияқты
ескішіл, алашордашыл ақындарды мадақтағаны, Кенесары
қозғалысын зерттегені, Абай мектебін насихаттағаны
үшін т.б. деген сияқты саяси айыптаулар мен жаптым
жалалар еді. Саяси астары қатпар-қатпар әлгідей қаулылар
қазақтың бір туар зиялыларының бетке шығар
қаймақтарын сылып алып кететін әдетімен осы жолы да
Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов,
Қ.Мұхамедқановтарды жазықсыз жазаға тартты. Ал,
Қ.Сәтбаев,
М.Әуезов,
С.Мұқанов,
А.Жұбанов,
І.Кеңесбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев,
Т.Нұртазин, Ә.Мәметова сынды қайраткерлер қызметтен
қуылып, жұмыссыз қалды.
Міне, осынау көркемдік ойлау жүйесінде жиі-жиі
орын алатын ойсырау қазақ ғылымы мен әдебиетінің,
оның тағы бір талантты топтарының қалыптасуына,
өркендеп-өсуіне кері әсер еткені тарихтан белгілі. Бұл
[Введите текст]
39
жөнінде
көрнекті
әдебиет
тарихшысы,
академик
С.Қирабаев былай дейді: “… Әдебиет сыны мен
әдебиетті зерттеу ғылымы үшін бұл дәуір аса қиын әрі
күрделі кезең болды. Партияның идеология саласындағы
қаулылары, космополитизмге қарсы күрес, ең алдымен
әдебиет пен өнердегі “бұрмалаушылықтардың” бәрін сын
мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетіндегі “ұлтшылдықты”
әшкерелемей отырған да сын мен ғылым боп шықты.
Сондықтан
да
Қазақстан
Компартиясы
Орталық
комитетінің “Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және
әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел
қателіктер туралы” қаулысы қаһарын сын мен ғылымға
төкті” (15-б.)
Шынында да осындай саяси науқан кезінде рухани
кеңістіктегі келеңсіздіктерді көре тұра әдебиет сыны мен
әдебиетті зерттеу саласынан соны сөз, тың талпыныстар,
тіпті ғылымдық пікір күтудің өзі қиын еді.
Тек 1953 жылы халықтар көсемі атанған И.В.Сталин
қайтыс болып, жеке басқа табынушылықтың тұманы
сейіліп, идеологиялық асыра сілтеушілік те саябыр тапқан
тұста ғана қазақ халқы еңсесін көтере бастады.
Сотталғандар
қайтарылып,
жұмыссыз
жүргендер
қызметтеріне оралды. Содан соң ғана қазақ ғылымы жаңа
тыныс ашып, жас кадрлар мен ғылыми қызметкерлер
сандарын өсіруге көңіл бөле бастады. Қазақтың көрнекті
ғалымдары Е.Ысмайлов 1957 жылы (“Ақындар” атты
диссертациялық еңбегі үшін), Б.Кенжебаев 1959 жылы
(Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ
жазушылары), М.Ғабдуллин 1963 жылы (Қазақ халқының
ауыз әдебиеті), Т.Нұртазин (Жазушы және өмір) т.б. деген
тақырыптарда докторлық зерттеу жұмыстарын жазып,
жоғары ғылыми дәрежеге ие болды.
Соғыс жылдарында күн тәртібіндегі көкейкесті
мәселелерді көтеріп, зәрулік танытқан публицистика,
очерк, өлең-жыр сияқты шағын жанрлардың шоқтығы
биік болғаны белгілі. Өйткені, өз кезеңінің уақыт талабын
шапшаң әрі табанды түрде орындап отырған бұл
жанрларға ұшқырлық тән болды. Ал, әдебиет сыны мен
әдебиетті зерттеудегі іргелі монографиялар мен адамның
ішкі әлеміне тереңдеп баруға тиісті үлкен жанрлардағы
туындыларға ұзақ уақыт қажет еді. Сондықтан да болар,
М.Әуезовтің “Абайы” (4 томдық эпопеяның 1-ші кітабы),
Ғ.Мүсіреповтің
“Қазақ
батыры”,
Ғ.Мұстафиннің
“Шығанағы”, соғыстан кейінгі бейбіт жылдары жазылып,
жарық көрді. Қазақ әдебиетіне үлкен рухани резонанс
жасаған бұл туындылар дер кезінде әдеби-ғылыми
айналымға түсіп, әр түрлі дәрежедегі пікірталастарға,
теориялық талдауларға негіз болды. Айталық, 1957 жылы
25 наурызда “Абай романы – қазақтың тұңғыш эпопеясы”
деген тақырыпта конференция болды. Бұл туынды тек төл
әдебиеттану ғылымында ғана емес кеңестік әрі әлемдік
әдебиетшілердің назарында болды. Конференцияда сөз
алған әдебиетші ғалымдар қазақ топырағындағы тұңғыш
роман-эпопеяның
көркемдік,
эстетикалық,
рухани
[Введите текст]
40
құндылықтары жөнінде әр түрлі сала бойынша теориялық
тұрғыдан талдаулар жасады. Атап айтар болсақ, “Абай
жолы – қазақтың тұңғыш эпопеясы” деп, оның қазақ
әдебиетіндегі тарихи орнын анықтаған М.Қаратаев болса,
“Абай және оның дәуірі” туралы толғақты ойларды
А.Нұрқатов таратып , баяндап берді. Эпопеяның
көркемдік ерекшеліктерін әдебиеттану ғылымының өз
категориялары арқылы жан-жақты әрі терең талдаулар
жасаған З.Шашкиннің баяндамасы өте жоғары теориялық
деңгейде болды. Осы конференцияда сөз сөйлеген
М.Әуезов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Мұсабаев, С.Бегалин,
Б.Шалабаев, Қ.Қуанышбаевтардың пікірлері конференция
материалдары негізінде жарық көрген “Қазақтың тұңғыш
эпопеясы” деген жеке кітапта жинақталған.
Және сол жылдың 28 қыркүйегінде М.Әуезовтің
туғанына 60 жыл, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық
қызметіне 40 жыл мерейтойын атап өту – ұлы жазушының
шығармашылық портретін толықтырып, көптеген ғылыми
зерттеулерге, әдеби пікірталастарға өзек болғаны белгілі.
Суреткердің
көркем
шығармалары
мен
ғылыми
зерттеулері кеңестік әрі әлемдік әдебиеттану ғылымында
орынды бағасын алды. Оған осы кезең аралығында
М.Әуезов шығармаларының бірнеше шет тілдерге
аударылып, кеңінен насихатталғаны куә бола алады.
1950-ші жылдардың соңына қарай төл әдебиеттану
ғылымында сапалық өсу, тәжірибесі мен білімі терең
маман-кадрлармен толығу қарқын ала бастады. Оның
жарқын көрінісі – 1958 жылдың 9-10 маусымында Қазақ
ССР Ғылым академиясының жалпы жиналысының
сессиясында Ғ.М.Мүсірепов, Ә.Х.Марғұланды Қазақ ССР
Ғылым академиясының академигі, М.С.Сильченко,
Е.С.Ысмайылов, Ғ.Мұстафинды Қазақ ССР Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесі етіп сайлауы еді.
Бұл ұлттық әдебиеттану ғылымының даму дәрежесін,
оның жоғары лауазымды мамандармен толығып, сапалы
түрде өсуін танытады.
Сондай-ақ, осы кезең аралығында қазақ әдебиеттану
ғылымы жас ғылым докторларымен толықты. Атап
айтсақ, Н.С.Смирнова (ХҮШ ғасырлардағы қазақ
әдебиетінің
очерктері.
1951),
М.Қаратаев
(Қазақ
әдебиетіндегі социалистік реализм проблемалары. 1964),
С.Қирабаев (Сәкен Сейфуллин. 1964), З.Ахметов (Қазақ
өлеңінің құрылысы. 1965), т.б.
Осы кезең ішінде бірнеше ғылыми зерттеу
жұмыстары жазылып, баспа бетін көрді. Мысалы, “Қазақ
әдебиетінің
кейбір
мәселелері”.(
Алматы:
Қазақ
мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1957. - 384 б.);
“Қазақ совет әдебиетінің мәселелері”. (1-том. Алматы:
Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1957, -185 б.;
“Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі”.( Алматы: Қазақ
ССР Ғылым академиясының баспасы, 1958, -512 б.), т.б.
және жеке ғалымдардың іргелі зерттеулері: (М.Қаратаев.
“Туған әдебиет туралы ойлар”. Алматы: ҚМКӘБ, 1958, -
444 б.; Е.Ысмайылов. “Революционер ақын”. (Алматы,
[Введите текст]
41
1958, - 38 б)., М.Әуезов. “Әр жылдар ойлары: Зерттеулер
мен мақалалар”.( Алматы: ҚМКӘБ, 1959, - 556 б., т.б.).
1950-80 жылдар аралығындағы рухани өмірімізде
және
ұлттық
әдебиеттану
ғылымындағы
ірі
жаңалықтардың бірі – 1961 жылдың 6 мамырында Қазақ
ССР Ғылым академиясының құрамында жаңадан Әдебиет
және өнер институтының ашылуы мен оған заңғар
суреткер, көрнекті ғалым М.Әуезовтің есімі берілуі еді.
Институттың тұңғыш директоры болып М.Б.Базарбаев
тағайындалды.
1963 жылы (28 қарашада) ҚКП Орталық Комитеті
мен Қазақ ССР Министрлер Советінің қаулысы бойынша
Алматыда Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің әдеби-
мемориялдық музейі ашылды . Осы екі ғылыми мекеме
күні бүгінге дейін қазақ әдебиеттану ғылымының
ордасына, орталығына айналып отыр.
Соғыс
жылдарындағы
халықтың
әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайының күрт төмендеуіне байланысты
жабылып қалған қазақ әдебиеті мен ғылымының тікелей
насихаттаушылары, олардың ой-идеяларының алтын
қазығы болған “Қазақ әдебиеті” газеті, “Әдебиет және
искусство”, “Леніншіл жас” сияқты басылымдарт.б қайта
қалпына келтіріле бастады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көш
бастаушыларының көзін көріп, өнегесін алған М.Әуезов,
С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Қ.Мұхамедқанов, Б.Кенжебаев,
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин т.б тәрізді
көрнекті
ғалымдардан
білім
алған
М.Қаратаев,
С.Қирабаев,
З.Ахметов,
З.Қабдолов,
Б.Уахатов,
Б.Сахариев,
Б.Шалабав,
Т.Кәкішев,
Р.Нұрғалиев,
С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, т.б. осы кезеңдерде бірнеше
зерттеу еңбектер жазып, ғылыми жоғары дәрежелер алып,
ғылыми-педагогикалық қызметтерде шыңдалып қалған
еді.
2.2 Әдебиет теориясының мәселелері
Ұлттық
әдебиеттану
ғылымымызда
әдебиет
теориясының негізін қалап, оның пән сөздерін жүйелеп,
оларды
ұлттық
ұғымға
лайықтап
жазған
А.Байтұрсынұлының ғылыми тұжырымдарын бірде
жасырын, бірде жария түрде шәкірттерінің санасына құя
жүріп, оның кәсіби сапаға ие болуына сүбелі үлес қосқан
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, З.Шашкин болды. Олардың
іздерін
ала
көбіне
орыс
әдебиеттанушыларының
еңбектеріне
сүйене
отырып,
әдебиет
теориясын
жалғастырған ғалымдар – З.Қабдолов, З.Ахметов,
Е.Жовтис еді. Олар ұлттық әдебиеттану ғылымының
жетістіктерін одан әрі тереңдете дамытумен бірге
кеңестік, әлемдік әдебиеттану ғылымындағы әдебиет
теориясы, эстетика, этика, философия, мәдениеттану,
психология т.б. салаларындағы соны жетістіктерін жақсы
меңгерген кәсіби мамандар-тын.
[Введите текст]
42
Қазақ әдебиеті тарихын сонау көне түрік дәуіріндегі
әдеби-мәдени мұралардан бастап, жүйелеу керек деген
ойды
қазақ
әдебиеттануында
тұңғыш
қозғаған
Б.Кенжебаев болды.Оның жетекшілігімен осы кезеңде
жоғары
оқу
орындарда
(әсіресе,
филология
факультеттерінде) әдебиет тарихы көне түрік дәуірінен
бастап , оқытылды. Және жеке өзі бір мектепке бергісіз
мамандар даярлаған Б.Кенжебаев өзінің шәкірттеріне
әдебиет тарихын жаңаша жүйелеудің жобасын жасап осы
тұрғыдан ғылыми зерттеулер жүргізуге бағыттады. Оның
нақты нәтижелері шәкірттерінің әр жылдар жарық көрген
ғылыми зерттеулері, осы саладағы шығармашылық
ізденістері екендігі белгілі. Атап айтсақ, Мырзатай
Жолдасбековтің “Асыл арналар” (Жазушы, 1986),
Ханғали Сүйіншәлиевтің “Ғасырлар поэзиясы” (Жазушы,
1987), Алма Қыраубаеваның “Ғасырлар мұрасы” (Мектеп,
1988), Немат Келімбетовтің “Қазақ әдебиетінің ежелгі
дәуірі” (Мектеп, 1986), Мұхтар Мағауиннің “Қобыз
сарыны” (Жазушы, 1968) атты еңбектер. “Ертедегі
әдебиет нұсқалары” (Мектеп, 1967) хрестоматиясы мен
“Алдаспан” (Жазушы, 1970) антологиясы да осы
кезеңдерде жарық көріп, халықтың этникалық, тарихи
санасын оятуға, ұлттық рухты көтеруге, біздің әдеби
мұраларымыздың жастарды өз ұлтына деген мақтаныш
сезімдерін тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарғаны да
белгілі. Алайда, қазақ әдебиетінің тарихын әріден бастау,
яғни бес ғасырға, одан әргі заманға жылжыту, бұрындары
«ешбір өркениеті болмаған жабайы, тек кеңес кезінде ғана
көзі ашылып ел қатарына қосылды»,- деген теріс
пиғылдағы кеңес ғалымдарына соққы берген бұл ізденісте
көптеген қиыншылықтар болғаны, оны Б.Кенжебаев
бастаған бір топ қазақ ғалымдарының табандылығының
нәтижесінде бұл сірескен сана мен сеңді бұзуға күрт бет
бұрыс жасалғаны да белгілі. Мысалы, М.Жолдасбековтің
монографиясы 1969 жылы жазылып біткенмен, тек 17
жылдан соң, А.Қыраубаеваның еңбегі 14 жылдан соң ғана
жарық көрген.
Қазақ
әдебиеті
тарихын
дәуірлеуді
жаңаша
жүйелеудегі тың талпыныстар, ежелгі әдеби-мәдени
мұраларды насихаттау, оларды зерттеуге деген игі
талпыныстар 1957 жылдың 8 шілдесіндегі Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитеті “Қазақ
халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын
зерттеуді сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы
және оларды жақсарту шаралары туралы” атты қаулыдан
соң ғана жүзеге асырылғаны мәлім. Халықтың тарихына,
жалпы мәдени мұраларға деген нигилистік көзқарастар
мен жеке адамға табынудың салдары ұзақ жылдар бойы
үстемдік алып, шектеліп келген тарихи шығармаларға,
классикалық рухани мұраларға көп болмаса да сәулесін
түсіре бастады. Жоғарыда аталған қаулының нәтижесінде
бұрындары зерттеуге тыйым салынған 300-ге жуық
батырлар
жыры,
көне
дәуірдегі
ақын-жыраулар
шығармалары, ғылыми айналымға түсіп, баспа бетіне
[Введите текст]
43
жолдама алды. Олардың таралу тираждары өсіп, әртүрлі
нұсқалары оқырмандар назарына ұсынылды.
Сан ғасырлар бойы ауызша таратылса да талай
толқын ұрпақ өкілдерін ұлттық рухта тәрбиелеген әдеби
мұраларды зерттеудің зәру мәселелері әр түрлі әдеби
пікірталастардың, ғылыми кездесу, конференциялардың
басты тақырыптарына айналды. Мәселен, 1950 жылы 13-
15 маусымда өткен Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл
және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар одағы
бірлесіп өткізген А.Құнанбаевтың әдеби мұраларын
талқылауға арналған жиыны, 1953 жылғы 12-15 көкектегі
қазақ эпосының мәселелері жөніндегі әдеби диспуттардың
өтуі т.б. соның айғағы болса керек. Онда М.Әуезов,
М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхамедқанов
т.б. сынды көрнекті ғалымдардың пікір білдіріп, арнайы
баяндамалар жасауы бұл істің маңызды екендігін көрсетті.
Сондай-ақ, 1959 жылдың 16-19 маусымында өткен қазақ
әдебиетінің проблемалық мәселелері жөніндегі ғылыми-
теориялық конференцияларда да әдеби мұра, халық эпосы,
оларды зерттеу мәселелері кеңінен әңгіме болды.
Жоғарыда аталған қаулылар мен КПСС ХХІ сьезі
шешімдеріне байланысты қазақ әдебиеті тарихын зерттеу,
кезеңдеу,
т.б.
тәрізді
теориялық
мәселелерді
конференцияда баяндама жасаған әрбір зерттеуші
ғалымдар ортаға салды. Айталық, “КПСС ХХІ съезі
шешімдеріне байланысты қазақ совет әдебиетін зерттеу
ғылымының
міндеттері”
(Қазақ
ССР
Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесі Е.Ысмайылов),
“Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жайында”
(М.Базарбаев), “Қазақтың бұрынғы және советтік
фольклорын зерттеу проблемалары (корр. мүшесі
Н.С.Смирнова), “ХҮШ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың
алғашқы
жартысындағы
қазақ
әдебиетін
зерттеу
мәселелері” (корр.мүшесі Қ.Жұмалиев), “ХІХ ғасырдың
1950-70
жылдарындағы
қазақ
әдебиетін
зерттеу
мәселелері” (ф.ғ.к. Ы.Дүйсенбаев), “ХІХ ғасырдың 1980-
90
жылдарындағы
қазақ
әдебиетінің
негізгі
тенденциялары мен бағыттары туралы” (корр. мүшесі
М.С.Сильченко), “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
туралы” (ф.ғ.д. Б.Кенжебаев) т.б. атты баяндамаларда сол
кезеңдегі қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған
өзекті мәселелер сөз болды. 1950-80 жылдар аралығында
ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік тұрғыдан арнайы
бағытта жұмыс жүргізілген “Әдеби мұра және оны зерттеу
мәселелері” 1961 жылы осындай атпен шығарылған
конференция материалдары негізінде шығарылған кітапта
жан-жақты қозғалған.
Сондай-ақ, Қазақстан жазушылар одағында дәстүрге
айналған әрбір жылдың қорытындысында сол кезеңдерде
жарық көрген көркем шығармалардан бастап, әрбір
ғылыми монографиялар мен зерттеулерге шолу жасалып,
арнайы талқылаулар өткізіліп отырды. Оның соңы әдеби-
ғылыми пікірталастарға ұласып отырғаны белгілі.
[Введите текст]
44
Сталиннің нұсқауымен М.Горькийдің қуаттауымен
кеңестік дәуірдегі әдебиеттің мықты қаруы, негізгі
идеялық тұжырымы болған социалистік реализм әдісі
жөнінде тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп, ол әрбір
жазылып
жатқан
көркем
дүниелерден,
зерттеу
жұмыстарынан талап етіліп отырды. Социализм жолында
күрес жүргізіп отырған жаңа қоғамның әлеуметтік-саяси,
философиялық, эстетикалық идеяларын уағыздап, өмір
шындығын осы идеялар негізінде бейнелеуді талап еткен
бұл әдіс жөнінде кеңестік дәуірде көптеген жұмыстар
жүргізіліп отырды. Мысалы, 1958 жылы 25 маусымдағы
Қазақстан Жазушылар одағында социалистік реализм
әдісіне арналған теориялық конференцияның өтуі және
1959
жылдың
9-11
наурызындағы
Қазақстан
жазушыларының ІҮ съезінде жасалынған баяндамалардың
дені соцреализм әдісінің қазақ әдебиеті мен ғылымындағы
көріністеріне, советтік жаңа адамның тәрбиеленуіндегі
оның рөліне аса зор көңіл бөлінуі соның айқын дәлелі
болса керек.
1942 жылы 1-томы, 1947 жылы 2-томы шыққан
М.Әуезовтің “Абай жолы” романы солақай сынның
төпелеуінде қалды. 1951 жылы 13-15 маусымда Абай
шығармашылығына Ғылым академиясы мен Жазушылар
одағы бірігіп өткізген жиында Абай мектебі, Абай дәстүрі
деген ұғымдарға қарсы шығушылар болып, Абайды
зерттеушілерге саяси айып тағылып, кейбірі абақтыға
жабылды да.
1950 - жылдардың соңында тоталитаризм құрбаны
болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б
азаматтық тұрғыдан ақталып, әдеби мұралары халық
игілігіне айнала бастады. 1958 жылы М.Жұмабаев
азаматтық тұрғыдан ақталар тұста Жазушылар одағының
М.Жұмабаев жөнінде шығарған арнаулы қаулысынан соң
ақын өлеңдері “зиянды” деп табылып, жиналынбады,
зерттелінбеді.
Тап
осындай
жағдаймен
Ш.Құдайбердиевтің де мұрасы жарыққа шықпай қалды.
Осы жылдары әдеби өмірге әдебиет тарихын зерттей
келген жастың бірі – С.Қирабаев еді. Ол әдебиеттану мен
сынды әлі күнге дейін бөліп - жармай қатар алып келе
жатқан бірден-бір ғалым, сыншы. С.Қирабаев С.Көбеевтің
өмір жолы мен шығармашылығынан кандидаттық,
көрнекті
ақын,әдебиетші
Сәкен
Сейфуллиннің
шығармашылығынан докторлық диссертация қорғады. 9,
10 сынып оқушыларына арналған бірнеше оқулықтың
авторы. Ал, сыншылық өмірі өзінше бір бөлек дүниелер.
Сыншының 1956 жылы “Ғ.Мұстафин” атты сыни-
өмірбаяндық кітапшасы, 1960 жылы “Өрлеу жолында”
атты жинағы жарық көрді. Сондай-ақ , ол педагогтық
қызметімен қатар үнемі әдеби процеске қатынасып, әр
кезең әдебиеті жайлы өзінің пікірін білдіріп отырды.
Х.Әдібаев әдебиеттану мен сынға қатар келді. 60-шы
жылдары өзіндік өремен өршіл екпінмен келген сыншы
“Сыншының
профессионалдық
шеберлігі
туралы”
(“Жұлдыз”, 1961, саны), “Оценивать верно, говорить
[Введите текст]
45
прямо” (“Простор”, 1963, 6 саны) кеңес дәуірі әдебиетін
зерттеумен айналысты.
1950-60 жылдары әдебиетке осылай білімді, екі тілді
теңдей меңгерген маман-әдебиетшілер, сыншылар келе
бастады. Оларға игі әсер еткен сол кезеңнің рухани өрлеуі
еді.
1950-60 жылдардағы сынға белсене атсалысып, сол
кезеңнің әдеби ағымына үзбей үн қатып отырған сыншы,
көрнекті әдебиетші-ғалым Рахманқұл Бердібаев. “Әдеби
сын өркендей түссін” (“ҚӘ”, 1958, 28 наурыз), “Оқушыға
ой салу шарт” (“ҚӘ”, 1960, 4 наурыз), т.б. мақалаларында
көркем әдебиеттің толғақты мәселелерін қозғады.
Зерттеушінің 1964 жылы “Әдебиет және өмір”, 1967
жылы “Роман және заман” атты сын мақалалар жинағы
жарық көрді.
Өзінің әдеби өмірін сыншылдықпен бастаған ғалым,
ф.ғ.д. проф. Т.Кәкішев ұлттық әдебиеттану ғылымындағы
көркем сынның қалыптасу кезеңдері мен даму
заңдылықтарын зерттеді. Ол 20-жылдардың әдеби
процесті зерттеу барысында, әдебиетке бұрындары
белгісіз болып келген көптеген жаңа есімдерді алып келді:
Мәселен, Ж.Тілепбергенов, Ш.Иманбаева, С.Ерубаев,
С.Шәріпов, Ғ.Тоғжанов, Х.Жүсіпбеков, т.б.
Өзінің
әдебиеттану
ғылымындағы
көтерген
тақырыбына адал берілген зерттеушінің 1962 жылы
“Октябрь өркені”, 1967 жылы “Дәуір суреттері”, 1967
жылы “С.Сейфуллин” атты еңбектері жарық көрді.
Ғылым жолына1960 жылдары келген С.Ордалиев
қазақ драматургиясын, оның жасалуы мен қалыптасуы
жолдарын зерттеді. Нәтижесінде “Қазақ драматургиясы
және советтік өмір” деген сын мақалалар мен зерттеу
жинағын жарыққа шығарды.
Белгілі
ғалым
Б.Сахариевтің
1960
жылдары
“Жұлдыз”, “Қазақ әдебиеті” басылымдарына жарық
көрген мақалалары , кейін “Уақыт тынысы” атты жинағы
жарық көрді.
Ф.ғ.д., проф. Ә.Нарымбетов 1950-60 жылдар
аралығында қазақ поэмасының жанрлық сипатын,
көркемдік ерекшеліктерін зерттеді. Әдебиетші ғалым әрі
библиограф
“Әдеби
өмір
шежіресі”
атты
библиографиялық-көрсеткішті бірнеше жылдар бойы
үзбей жазып, үнемі әдеби процеске белсене араласып
отырды.
[Введите текст]
46
2.3 Көркем сынның кәсіби қалыптасуы
КПСС Орталық Комитетінің 1972 жылы “Әдеби-
көркем сын туралы” арнайы қаулысынан кейін
“Литературное
обозрение”,
“Литературная
учеба”
журналдары
шығарылып,
Қазақстанда
“Жазушы”
баспасынан сын редакциясы ашылып, сын еңбектерге кең
жол ашылғаны белгілі. Соның нәтижесінде сын жанры
жайында 1974 жылы 20-ға жуық әдеби-көркем еңбек
жарық көрді. Жыл сайын он бес баспа табақ көлемінде
шығарылып тұратын “Уақыт және қаламгер” атты сын
жинағы дүниеге келді. Бұл жинақтың сапасы жөнінде
Жазушылар одағының сын кеңесі арнайы жиын өткізіп,
талқыға салып отырды. Оның 10 кітабы тыңның 25
жылдығына дейін жарық көрді. Содан кейінгі 7 жылда 5
кітабы шығарылды.
Жоғарыда аталған қаулы негізінде 1973 жылдан бастап
“Уақыт және қаламгер” атты сыншылардың мақала,
зерттеулерінен тұратын жыл сайынғы дәстүрлі кітап
шығару қолға алынды. Ол 1980 жылға дейін, оныншы
кітапқа дейін ұласып келді. 1973-тен 1981 жылға дейінгі
аралықта әдеби сын мен зерттеуге бағышталған 28 кітап
жарық көрсе, бір ғана жылдың өзінде 11 кітапқа дейін
ғылыми еңбектер оқырман назарына ұсынылып жатқан
кездер болды. Бұл деректер 1980-90 жылдар аралығында
әдеби-көркем сын саласындағы қыруар еңбектер
атқарылғанының айғағы болса керек. Және 1980 жылы
1976 жылғы КПСС Орталық Комитетінің “Творчестволық
жастармен жұмыс туралы” қаулысын жүзеге асыру
мақсатында “Сөзстан” атты сериямен де жас сыншылар
мен әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектері жинақталып
беріле бастады. “Сөзстан” – ұлттық әдебиеттану ғылымы
саласындағы тұңғыш тәжірибе, тұсау кесер топтама
болды. Алайда, 1990 жылдардағы тоқырау кезеңдері
қаржы жағынан қысылған баспалар жыл сайын шығып
тұрған “Уақыт және қаламгерді” де, “Сөзстанды” “Жастар
жастар туралы” деген әдеби-сын мақалалар жинағын
тоқтатуға тура келді.
Ал, Одақ көлемінде жыл сайын шығып тұратын
“Контекст-72” ден бастап, әлі күнге дейін жыл сайын
болмаса да екі-үш жыл еңбектерін жинақтап, әдеби
дәстүрді жалғастырып келеді. Бұл жинақтарда әлем
әдебиеті контексіндегі бүкіл әдеби үдеріспен, әдебиеттану
ғылымының соны жаңалықтарымен таныстырып қана
қоймай, бұл басылым әдеби дамудың көркемдік
ерекшеліктерін теориялық-методологиялық тұрғыдан
талдаудың озық дәстүрін қалыптастырып келеді.Әрі
әдебиеттанушы
ғалымдардың
ғылыми
ортасына
айналғаны да белгілі.
Қазақ әдеби-көркем сынындағы өзгеше бір өрлеу,
сапалық жағынан өсу дәуірі болған 1960-80 жылдар
аралығындағы кемелдену, профессионалды сынның
қалыптасуы, олардың көрнекті өкілдері саналған
З.Серікқалиев,
А.Сүлейменов,
С.Әшімбаев,
[Введите текст]
47
Т.Тоқбергеновтердің т.б әдеби сынға деген адалдықтары,
бұл саланың рухани-эстетикалық, моральдық-этикалық
арсеналын молайтуға қосқан үлестерінен айқын көрінді.
60-шы жылдардың екінші жартысы мен 80-ші жылдар
арасындағы әдеби-көркем сынның дамуының басты
бағыттары қазіргі аға буын мен жоғарыда аталған
әдебиетші, сыншы, ғалымдардың есімдерімен тікелей
байланысты екендігі дау тудырмаса керек-ті.
Жастардың алғашқы сын мақалаларынан құралатын
бұл жинақ 1980 жылдарға дейін үзбей жарияланып тұрған
өзін-өзі ақтаған, өзіндік дәстүрі қалыптасқан басылым
десе болады. Аталмыш жинақ қазақ әдебиетінің бағыт-
бағдарын аңғартатын, әдеби процестегі көкейкесті
мәселелерді дер кезінде көтере білетін өзектілігімен
құнды. Сондай-ақ, жинақ жас сыншылардың тұрақты
мінбері (трибунасы) болды, оларды тәрбиелейтін,
оқырманға танытатын, қаламын қалыптастыратын мектеп
бола білді.
Әрі әдеби процесті үнемі қадағалап отырарлық,
уақыт тынысын танытарлық жинақ екені де белгілі. Ол
бейне бір аға ұрпақ пен жас толқын арасындағы рухани
көпір, солардың пікір алмасар аймағы секілді әсер
қалдырады.
Осы қаулыға сәйкес сыншы кадрларын даярлау
мәселесіне айрықша назар аударылды. Жоғарғы оқу
орындарында әрбір ұлт әдебиетіндегі сын тарихы арнаулы
пән ретінде өткізілетін болды.
Әдеби-көркем сынның кеңінен қанат жаюы –
соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіру
кезеңіне сай келді.
Орталық Комитеттің 1946-48 жылдары идеология
мәселелеріне, оның ішінде өнер мен әдебиетті өркендету
жағдайларына
арналған
қаулы-қарарлары
әдебиет
зерттеушілері мен сыншыларды жаңа шығармашылық
ізденістерге, тың бағыттарға сілтеді. Төл әдебиетіміздің
бай да құнарлы әдеби-сыни пікірлерімен тереңдей
танысып, талмай сусындаған талантты топ әлемдік
әдебиеттану ғылымының кеңістігін де еркін меңгеріп,
сыншылдық-эстетикалық ойлардың соны өріс табуына
мүмкіндік берді.
“…1950 - жылдардың 2-ші жартысынан былай қарай
сыншылар жасағы молайды. Ғылымның мәнді арна
тапқаны қазақ әдебиетінде сыншы-ғалым, ғалым-
сыншының творчестволық тұлғасының қалыптасуына
мүмкіндік берді. Әдебиетшілердің жинақтары, еңбектері,
монографиялық зерттеулері жарияланып, аз уақыт ішінде
қазақ әдебиетінің 6 томдық тарихының жазылуына,
жоғары мектеп оқулықтарының жасалуына ұласуы
советтік заманда социологиялық-эстетикалық ой-өрісінің
есейгендігінің бір көрінісі еді,” - дейді осы саланың білікті
маманы, көрнекті ғалым Т.Кәкішев (Оңаша отау. Жаңа
заман – жаңа эстетикалық мұрат. 9-б.).Т.Кәкішев осы
еңбегінде қазақ әдебиет сыны мен әдебиеттану
ғылымының тарихын үш кезеңге бөліп қарастырған.
[Введите текст]
48
Зерттеушінің кезеңдеуі бойынша біз қарастырып
отырған 1950-80 жылдар қазақ сынының өркендеу сатысы
екен. Шынында да ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінің
бір саласы ретінде қалыптасып, біраз тәжірибе
жинақтаған сын 1950-80 жылдары сапалық тұрғыдан өсіп,
үлкен өркениетке ие болып, сыншылық-эстетикалық
және этикалық ой-пікірдің кемелдігін көрсетеді.
ХХ ғасыр басында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының
алғашқы тырнақтай туындысын тауып ала салысымен
“Қазақтың бас ақыны” деп жер жаһанға жар салып,
ұлттық сынның, тіпті ұлттық әдебиеттану ғылымының
іргесін қалаған ұлы реформатор, ағартушы ғалым Ахмет
Байтұрсынұлының
сыншылдық
ой-пікірі
қазақ
әдебиетінің әдеби - эстетикалық талғам-танымының
өркендеуіне, әсіресе 1950-80 жылдардағы кәсіби сынның
дамуына дәнекер болғаны белгілі.
Сол кезеңде “Оян, қазақ!” деп ұрандата келген қазақ
халқының ұлы перзенті М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”
романы, Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” атты психологиялық
романы,
“Қартқожа”
романы,
М.Жұмабаевтың
“Шолпанның күнәсі” атты классикалық әңгімесінің т.б.
жарық көруі сыншылдық, әдеби ой-пікірлердің және
теориялық талдаулардың туына қандай себеп болса,
1950-80 жылдары әдебиетке келген І.Есенберлин,
Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков,
т.б сынды көптеген жазушылар көркем сынға келген
З.Серікқалиев, А.Сүлейменов, Т.Тоқбергенов, С.Жұмабек
т.б. сияқты кәсіби сыншылардың тұсауын кесті. Осы
орайда, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби - көркем
сынның
теориялық
негіздерін
зерттеген
ғалым
Д.Ысқақтың:”...ХІХ
ғасырдағы
орыс
әдебиетінің
М.Ю.Лермонтов, В.Гоголь, Герцен, Толстой сияқты
алыптары Белинский, Добролюбов, Чернышевский,
Писарев сияқты классик сыншыларды шығарды, - деген
пікірін ескерер болсақ, сынның талдауына зәру, соған
лайықты, сол сынды тудыруға мәжбүр ететін көркем
шығарма екендігі сөзсіз.
Сын туралы сөз – әдебиет туралы сөз болуы керек.
Шынында да сын әдебиеттің ең жедел жанры. Өмірге
жаңа көркем дүние келсе, оған ең бірінші жанашырлық
танытып, пікір білдіретін де сын болары сөзсіз. Ал
сынның дәрежесі автордың әдеби білімінің дәрежесін
танытады.
Осынау тарихи кезең аралығында қазақ сыны мен
әдебиеттануы бастан талай тоқырауды, қиындықты,
сонымен қатар шығармашылық ізденісті де бастан кешті.
Даму диалектикасында жетістік пен кемшіліктің қатар
жүріп өсуі заңды құбылыс. Осынау қиындықтармен
шыңдалып өскен аға ұрпақ – М.Қаратаев, Р.Бердібаев,
С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Мұрат Әуезов, Т.Кәкішев,
З.Қабдолов, З.Ахметов, З.Серікқалиев, Н.Ғабдуллин,
Р.Нұрғалиев, М.Дүйсенов, А.Нағыметов, Т.Тоқбергенов,
Ә.Жәмішев, Ф.Оразаев, А.Сүлейменов, С.Әшімбаев, т.б.
50-80 жылдар аралығында жарияланған әдеби - көркем
[Введите текст]
49
сын еңбектері ұлттық әдебиетте кәсіби сынның
қалыптасып, дамығанын және бұл салада арнаулы білімі
бар, тәжірибелері бай мамандардың өсіп - өнгендігін
дәлелдейді.
“Өнерге өліп-өшкен шынайы сүйіспеншілік жоқ
жерде сын да жоқ”, - деп А.С.Пушкиннің айтқанындай
сынға шын жанашырлық танытқан, көркем шығарманың
эстетикалық құндылығын ішкі бір түйсік, терең
талғаммен талдап, танып, оқырман жүрегіне жеткізе
білетін сыншылар ғана әдебиетті, сын мен әдебиеттануды
жасай алады.
1950 - жылдары әдебиетке арнайы дайындықпен
келген кәсіби сыншылардың (М.Қаратаев, С.Қирабаев,
З.Қабдолов, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішев, т.б.). ізбасарлары -
Ә.Кекілбаев, З.Серікқалиев, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақов,
С.Әшімбаев,Ж.Әбдірәшев,Т.Тоқбергенов, Т.Әлімқұловтар
т.б.
әдебиетке
эстетикалық,
лингвистикалық,
интеллектуалдық талдаулар, жаңа бетбұрыстар әкелді.
Алғашқы беталыстарынан-ақ өткір ой, өзіндік
пікірімен танылған талантты топ туралы М.Әуезов былай
деген: “…олар эстетикалық талғам ала келген, соны
бастаманың иегерлері болды. Олар нені жазса да біліп
жазды, олар не туралы айтса да ақиқатын айтты. Дос-
жаран демеді, жақын - туыс демеді, сондықтан да сын
шын болды, шын сын болды”.
Осы жылдары жаңа кітапқа жазылатын рецензия,
пікір, шолу, портрет, эссе, т.б. секілді сын жанрлары
структуралық талдау, интерпретация, микроталдау сияқты
түрлермен т.б толығып, олардың рухани құндылықтары
мен сапасы өсті. Ой жарыстары, ашық пікірталастар пайда
болды. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістері,
жанрлық, түрлік, стилдік ерекшеліктері эстетикалық
тұрғыдан талданып, мағыналық мазмұн мәні артты. Оның
бірден-бір дәлелі – 1960 жылдары “Жұлдыз” (1963, 4
саны) журналында жарияланған А.Сүлейменовтың “Түр
туралы бірер сөз” деген сын мақаласы бірнеше ай бойы
ашық пікірталасқа шақырды. Қазақ әдебиеттануында
алғаш рет көркем шығармадағы тілдік қолданыстар,
стилдік өрнектер, баяндау тәсілі мен бейнелеу
құралдарының берілу түрлері т.б сияқты теориялық
мәселелер жазушылар мен сыншылардың ой бөлісуіне
дәнекер болды. Айталық, журналдың келесі санында
сыншы З.Серікқалиев “Ойлы досқа айтар сөз” деп
қазақтың көркем прозасындағы поэтикалық әлем , түр
табу жөніндегі ізденістер, баяндау тәсілдері туралы
А.Сүлейменов бастаған ойды ары қарай жалғастырса,
белгілі жазушы -драматург Қалихан Ысқақовтың “Еліктеу
ме, жоқ мұқтаждық па” деген (1963, 5 саны) мақаласында
классикалық эпикалық баяндау түрін батыс әдебиетіндегі
жаңашылдыққа (модернизм) жақындатып,бірінші жақтан
баяндау мен ішкі ой толғаныстарына ерік беру тәрізді
түрлік құбылтуларды сынға алынады.
Шындығына келсек, “Көркем прозаның түрі, тәсілі
туралы бұлай мәселе көтеріліп, пікір таласының басталуы
[Введите текст]
50
қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет байқалып отырған
құбылыс” (З.Серікқалиев. Ойлар, толғаныстар. Алматы:
Жазушы, 1967, 127-б.).
Осы алпысыншы жылы әдеби сында өзіндік
пікірімен,тосын
табиғатымен,
ерекше
тіл
қолданыстарымен көрінген ойлы сыншының бірі –
А.Сүлейменов еді. Ол жөнінде сыншы Сайлаубек
Жұмабеков былай дейді: “Асқар Сүлейменов әдебиетке
сыншы болып келді де, бірден көркемдік ақиқаттарға
әділдікпен, парасатпен жүгінуге ден қойған, соған лайық
бес қаруы бойында алдаспан сыншы ретінде ғаламат тез
танылды, ғаламат аңызға тез айналды. Даңқтың олимпіне
– биік тұғырына жиырма бестегі жалаңтөс жігіттің
ашқұрсақтығынан аскеттігі, тектілігі басым “бірішек”
аспиранттың шырқай көтерілуі өзін де, өзгелерді де тым
ерен таңқалдырды” (“Алматы ақшамы”, 1992, 29
желтоқсан).
А.Сүлейменов сын мақалаларында шығарманы
көркемдік өлшемдер тұрғысынан қарап, талдауды,
автормен бірге ой жарыстыруды бірінші кезекке қойды.
Ол үшін күн тәртібінде тұрған идеялық, тақырыптық, т.б.
көкейкесті мәселелер көркем шығарманың тағдырын
шешпейтін болды. Сыншы әрбір туындыдан сөз өнеріне
тән көркемдік құндылықтарды, тілдік қолданыстағы
шеберлікті,
ой
тереңдігін,
стильдік,
көркемдік
ерекшеліктерді талап етті. Оған А.Сүлейменовтің сын
мақалалары куә: “Түр туралы бірер сөз”, “Тәкеңнің
шаңқанбоздары”, “Даладағы дүрбелең”, “Ой арманын
аралағанда”, “Өлшеніп өнер тартылса”, “Болмыспен
бетпе-бет”, “Күлкіден күміс шашқан” және тағы басқа да
әр жылдары мерзімді баспасөздерде жарияланған сын-
эсселері, мақалалары куә бола алады. Тіпті оның
“Ситуация” атты прозалық шығармасының өзі осы сын
жанрының көркем шығармаға айналған түрі болып
табылады. Мұнда да сегізінші кітабын трактористер
өмірінен жазып, жақсы қалам ақыдан үміткер “халтура”
еңбектің ешқандай көркемдігі, не мазмұн-мәні, не
эстетикалық талғамы жоқтығы қатты сынға ұшырайды.
Шығарма сюжеті сол кездегі әдебиетте орын алған орасан
зор рухани олқылықтардың көркем шежіресі сияқты.
Сыншы да өз дәуірінің перзенті. Жалынды
публицист, оперативті төреші ретінде өз кезеңінің өнер
туындыларына ой жібере отырып, әділ сөзін айтуға тиіс.
Қоғамдық пікір тудырып, оқырман қауымы атынан сол
кезеңнің рухани айнасы болар сыншы арқылы
жұртшылық жаңа шығарманы ғана емес, оның иесінің де
көркемдік талғамын, шеберлігін, ой-өрісін таниды.
Шындығына
келгенде
жазушыны
танытатын
да
сыншы.Қай таланттың да шығармасы сыншының
меңгеруінен соң ғана әдеби айналымға енетінін ескерсек,
ұлы жазушы, кемеңгер ойшыл Л.Н.Толстойдың өзі
Пушкинді В.Белинский арқылы таныған ғой. Оған
В.Белинскийдің А.С.Пушкин туралы мақаласын оқып
[Введите текст]
51
болғаннан кейін суреткер : “… Мен енді ғана Пушкинді
таныдым”,-деген екен.
Сондықтан сынсыз әдебиет жоқ, әдебиетсіз сын жоқ,
әдебиеттің сынмен көркейетіні бесенеден белгілі жайт.
Осы орайда белгілі қоғам, әдебиет қайраткері Смағұл
Сәдуақасұлының мынадай сөзі әлі күнге дейін өз
құндылығын жоймайтыны хақ: “Біз әдебиет туралы
сөйлегенде екі - үш кісіні айналдыра бермей, барлық
жазушыларды сынауға кірісуіміз керек. Сонда ғана жас
жазушылар әдеби тәрбие ала алады.
Қазақ әдебиетіне толық сын керек. Сынағаннан
әдебиет ақсамайды, қайта сынның жоқтығынан әдебиетті
тот
басады.
Жазушының
қайрағы
–
сыншы”
(С.Сәдуақасұлы. Әдебиет әңгімелері. “Еңбекші қазақ”,
1927, 15-16 ақпан).
Міне, ХХ ғасыр басындағы әдебиет сыны осылай
сөйлейді. Енді М.Жұмабаевты тыңдап көрелік:
“Жазушының шығармашылығы немесе жекелеген
туындысы жайлы пікір айту үшін сыншы ол кітапта
көтерілген мәселені білу жағынан автордан кем түспеуі
қажет. Турасын айтсақ, білімділік жағынан сыншы
қаламгерден бір мысқал болса да жоғары тұруы керек.”
Олай болса, кезінде М.Жұмабаевтың поэзиясының
құдыреті
жайлы
тамаша
пікірлер
білдірген
Ж.Аймауытовтың “Мағжанның ақындығын сынауымызға
біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз, толық
сынау үшін оның алды-артын орап, өрісін тарылтып
шығарлық сегіз қырлы, негізді ілім керек”, - деп
қарапайымдылық ,бекзаттық,жауапкершілік танытуында
терең мән бар екен. (М.Жұмабаев. Шығармалары.
Алматы, 1989, - 400 б.)15-16 бет.
Міне , халқым деп жанын, елдің ертеңі, келешегі
үшін өз өмірлерін құрбан еткен ардагерлеріміздің сөз
өнеріне
деген
адал
армандарын
,үлкен
жауапкершіліктерін алпысыншы жылғы әдебиетке келген
тегеурінді жастар жүзеге асыруға атсалысты . Және олар
ХХ ғасыр басындағы алаштың ардақтылары секілді
тобырымен келіп, қазақ әдебиетіндегі сын саласының
интеллектуальдық, теориялық деңгейін көтеруге сүбелі
үлес қосты.
ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларынан тағлым
алып, әдебиетке жақсы дайындықпен келген 1950-80
жылдарғы сыншылар әдебиетке көркемдік-эстетикалық
талғам алып келді.Сол кезеңде сынға белсене атсалысқан
Т.Әлімқұловтың
“Жұмбақ
жан”
туындысы
интеллектуалдық деңгейі жоғары,теориялық талдауы
терең дүние. Мұнда автор Абай Құнанбаевтың
шығармашылығын қазақ әдебиетіндегі ірі рухани
құбылыс ретінде талдай отырып, ақынның өлең
құрылысына алып келген көркемдік, түрлі жаңалықтарын
атап көрсетеді. Абайдың қазақ сөз өнерінде бұрын-соңды
байқала қоймаған тіл байлығы, дүниетанымның кеңдігі,
шығыс, батыс әдебиетіндегі әдеби тәжірибені терең
меңгергендік, әрбір өлең жолындағы философиялық,
[Введите текст]
52
мағыналық, ойшылдық, сыршылдық сипат т.б тәрізді
даралық қасиеттері жан-жақты талданады.Тіпті, автор
қазақтың өлең құрылысының теориясын жасаған, өзінің
бүкіл саналы ғұмырын Абайдың шығармашылығын
зерттеуге арнаған теоретик ғалым, академик Зәки
Ахметовпен жиі-жиі пікірталасқа да түсіп отырады.
Әрине, бұл жәйт сыншының жан-жақты білімдар, эстет
болуымен қатар әдебиеттану ғылымының теориялық
тұжырымдарымен кеңінен таныс әдебиет зерттеушісі
екендігін айғақтайды.
“Жұмбақ жан” жинағы – Т.Әлімқұловтың әлемдік
әдебиеттегі рухани құбылыстарға жете қанық,өзіндік
сыншылық ой-пікірі қалыптасқан,теориялық талдауы мен
эстетикалық талғамы жоғары әдебиетші-сыншы екендігін
танытарлық туындысы. Жинақтағы кез-келген мақала
көркем тілімен, көрікті ойымен,терең талдауларымен
еліктіріп, оқушысын тың ойға шақырып отырады.
Мысалы,
Қ.Аманжолов,
Ғ.Орманов,
А.С.Пушкин,
В.В.Маяковский, А.Тоқмағамбетов, Х.Ерғалиев сынды
саңлақ суреткерлердің шығармаларын,олардың көркемдік
құндылықтарын талдаған мақалалары ( “Поэзия және
поэзия сыны”, “Өнер алды – қызыл тіл”, “Кейіпкер
сипаты”, “Сыншының табиғаты” т.б) сол кезеңдегі
әдебиеттің өзекті мәселелерін қозғаған.
Осы орайда айта кететін бір жәйт – әдеби деректерге
сүйенсек,азулы сынның мерзімі қашанда аз болған.
Себебі, өткір сынға өшігушілер көп. Сондықтан да
сыншы-мамандар алғашында батыл ойларымен көрінеді
де уақыт өте көп қысымға шыдас бермей, басқа
мамандыққа ойыса бастайды. Біздіңше, оның бірден-бір
себебі Т.Тоқбергеновтің сөзіндегі ащы шындықта жатса
керек: “Сорақы тірліктің бірі сыншы мақалаларын
жарыққа шығара қалған тұстың өзінде ащылау айтылған,
өзін ғана емес, өзгелерді ойға салар-ау деген тұстарды
сыдырып, жонып, жоғалтып жіберетін қырсық тағы бар.
Сыншы еңбегінде сөз болған объект – атақ-абыройы,
бедел-қызметі биігірек біреу болса – онда баспасөзіміз
“ашы айтылған” тұсты автордың сыртынан-ақ сыпырып
тастай беріп, сидитып, “сындарлы” ғып, тікірейген
қылшықты “тазартып”, жүнін жығып, жүдетіп шығарып
жатады. Бұндай ғадет барлық баспада бар. Сосын, әлгі
сын жоқ, сыншыда азу қалмаған, марапаттан аспайды
дескен жалпы байбаламға сол газет, баспаларда
отырғандардың өзі қосақтала шауып, қосыла кетеді”.
Сыншының бұл жан айғайында бүкіл сыншылардың
сор маңдайындағы тағдыр теперіші толық айтылған. Сын
жанрының тұрақты түрде дамып, жанданып-гүлденуіне
де, міне, осындай кедергілер кесірін тигізетін секілді.
Сыншы - мамандардың қалыптасып, өзіндік мектеп,
шәкірт даярлайтындай қомақты қоғам құрып, дәстүр
дамытарлық үрдістің жоқтығы да, міне, осындай
олқылықтардың орын алуынан болса керек.
Және бір кемшілік – сынның, оның иесі сыншы
еңбегінің бағаланбауы, кітаптарын жариялаудың, Одаққа
[Введите текст]
53
мүшелікке өтудің қиындығы, баспана алудың, т.б. тәрізді
толып жатқан ұсақ,тұрмыстық кедергілер т.б.
Шындығына келгенде, сыншы- әдебиет ұстазы.
Әдебиет атаулының әділ таразышысы. Ол үшін сыншыға
жазушыдан да артық шеберлік, ақыннан да артық шабыт,
тереңдік, ойлылық, ең бастысы әділдік, қара қылды қақ
жарарлық турашылдық қажет. Өйткені сыншы бір ғана
жанрда тұрақтап қалатын жазушы немесе ақын емес, оның
қолынан қолжазбаның түр-түрі, шығарманың мың саласы
өтеді. Және жақсысы да жаманы да, үлкеннің де кішінің
де туындылары өз талдаушысын, өздері жайлы жаман
болсын, жақсы болсын, әйтеуір бір пікірді баспасөз
бетінен естігісі, көргісі келетіні табиғи талап-тілек. Сонда
оларға ағынан жарылып, әділ пікір білдіру үшін сыншыға
“түгі бар жүректілік”, төрелік танытарлық тереңдік, өз
абырой-ары ғана емес, қазақ әдебиетінің абыройын
арттырарлық асқан білімдарлық қажет.
Сондай-ақ сыншыға қойылар тағы бір талап –
автормен ой жарыстыра білу керек. Оқушы сынды оқи
отырып, жарыққа шыққан жаңа туындымен, ондағы
жазушының айтпағымен қарадүрсін қарап шығар танысу
ғана болмай сыншының да ой-өрісі, өз характері, ішкі
жан-дүниесі, қалам сілтесі, шеберлігі де танылуы тиіс.
Сыншы бейне бір өзі шығарма жазып отырғандай
шабыттанып, ойды дамытып жазбаса ол бір жайдақ,
солғын бір сын-рецензия болып қана шығады. Ал, әдеби
сынның ең бірінші міндеті мен абыройлы борышы –
талантты тани білу, шығарманың көркемдігін ашып,
таныта білу және оны оқырман жүрегіне жеткізіп,әдеби
жүйеге енгізу болса керек.
Осы кезеңде әдебиет тарихы да, сыны да, көркем
шығармалар да жаңадан жазыла бастады. «Елу жылда ел
жаңа» дегендей ғасыр басында жаңадан қалыптаса
бастаған қазақ сөз өнері бұл кезеңде көркемдікті
меңгеруде талай биік деңгейге, кәсіби шеберлікке жетіп,
көптеген тәжірибе жинағандықтан оларды сын саласында
игеріп, ғылыми тұрғыдан талдауға деген талап та
күшейгені белгілі. Сынның сапасы өсіп,қазақтың көркем
сөз өнерін зерттейтін ұлттық әдебиеттану ғылымына,оның
тарихына, теориясына деген көзқарастар да өзгере
бастағаны белгілі. Нәтижесінде қазақ әдебиет тарихы
қайта, жаңаша сарапталып жазыла бастады. Оның бірден-
бір дәлелі - “Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі” мен
6 томдық “Қазақ әдебиеті тарихының” қайта қаралып,
толықтырылып басылуы еді. (1958-1967 ж.ж.)
Әдебиетке жаңа келе бастаған сыншыларға аға буын
өкілдері үлгі - өнеге көрсете бастады. Мысалы,
М.Әуезовтің “Әр жылдар ойлары” (1959), “Уақыт және
әдебиет” (1962), С.Мұқановтың “Өсу жолдары” (1960),
“Жарқын
жұлдыздар”
(1964)
атты
еңбектері,
Ә.Тәжібаевтың “Өмір және поэзия” (1960) зерттеулері
жарық көрді. Міне, осы еңбектер жас сыншыларға үлкен
мектеп бола білді. Көркем шығарманы талдаудың
[Введите текст]
54
көркемдік үлгісін танытты, бұл еңбектер. Осы орайда,
сыни еңбектер де жарық көре бастады.
Айталық, Е.Ысмайыловтың “Сын мен шығарма”
(1960), “Жаңа белеске” (1962), Б.Кенжебаевтың “Шындық
пен шеберлік” (1966), Қ.Жұмалиевтің “Стиль – өнер
ерекшелігі” (1966), М.Қаратаевтың “Шеберлік шыңына”
(1963), Т.Әлімқұловтың “Жемісті жолда”, “О прошлом и
настоящем” (1958), С.Қирабаевтың “Өрлеу жолында”
(1960), А.Нұрқатовтың “Идея және образ” (1962),
Қ.Нұрмахановтың
“Литературные
заметки”
(1961),
“Дәстүрлі достық” (1962), М.Базарбаевтың “Живые
традиции” (1962), “Әдебиет және дәуір” (1966),
Т.Кәкішевтің, Б.Сахариевтің, Т.Сыдықовтың жинақтары
жарық көріп, әдебиет сынын жоғары деңгейге көтерді.
Аталған сыншылар арнаулы білімі бар теориялық
дайындықтары жоғары әдебиет методологиясын терең
меңгерген кәсіби әдебиетші-ғалымдар, сыншылар еді.
Ә.Қоңыратбаевтың
“Сынның
сырқаулары”,
С.Қирабаевтың “Әдебиет сынына не бөгет болып отыр”
деген (“Қазақ әдебиеті”, 1956, 24 наурыз) сияқты
мақалалары оқырманға көп ой салды.
Енді осы кезең аралығында байқалған кемшіліктерге
тоқталсақ, 1950-60 жылдар аралығындағы сындарда
жалпылама сөз, көңілжықпастық жайдақ сын, талдауға
алынып отырған көркем шығарманың жетістігі мен
кемшілігі неде деген сауалдарға тікелей жауап іздеуден
гөрі оның мазмұнын баяндаушылық, оның тақырыптық
маңыздылығын, идеялық сапасын алдыңғы орынға қойып,
көркемдік шеберлікті көлеңкеде қалдырып қоятын
сыңаржақты сындар орын алды. Соцреализм әдісінің
талабы бойынша қазақ әдебиеті, көп ұлтты совет (кеңес
кезеңі) әдебиеті дәуірлеп тұрған кезеңде жағымды,
жағымсыз кейіпкер деп жікке бөлу, жұмысшы, партия
қызметкерлері туралы шығармалардың аяғы жерге тимей
мемлекеттік мүдде тұрғысынан жазылған құнды дүниелер
қатарынан табылатын-ды. Алайда, осы бір жалған
патриоттық,
науқаншылыққа
айналып,
көркем
шығармадан талап етілетін көркемдік, шеберлік, жанрлық,
стилдік ізденістер тақырып тасасында, күн тәртібіндегі
көкейкесті мәселелер көлеңкесінде қалып қойды.
Сол кездері сын жанрының шолу, рецензия секілді
шағын түрлері ғана жиі көрініп,оның өзі көбіне
оқырмандардың атынан ұйымдастырылып, жалпылама
баяндаудан,мазмұнды қайталаудан аса қоймады. Жеке
шығармаларға жазылған пікірлер, сын мақалалардан кейін
көп орын алған жанрлық түр – жыл қорытындыларында,
әдеби
жиындарда
жасалатын
баяндама
есебінде
жазылатын шолулар болды. Сондықтан да бұларда кәсіби
мамандардың көркемдік жүйелеу,теориялық талдауға
соғарлық мінезді, салмақты, ойлы дүниелері тапшылық
танытты.
Шығармалардың
мазмұнын
қайталау,ондағы
идеялық-саяси ахуал, күн тәртібіндегі тақырып пен
жағымды кейіпкер бейнесі т.б сияқты соцреализм әдісінің
[Введите текст]
55
талаптарына сай қойылатын таптаурын мәселелер сынды
сыңаржақ көзқараста қалыптастырды. Бұл кемшілік
сыншыларымыздың кәсіби шеберліктерінің, эстетикалық
талғам-танымының төмендігінен емес, керісінше сынға
деген жауапкершілік пен шынайы жанашырлықтың
жоқтығынан орын алған-ды. Соның салдарынан таза
талант пен дарынсызды, көркемдік пен көріксізді айыра
білерлік білгірлігі мен эстетикалық талғамы , ішкі
мәдениеттілігі жоғары сыншылардың (А.Сүлейменов,
З.Серікқалиев т.б) сыннан шеттеуіне тура келді.
1955 жылы белгілі суреткер Ғабит Мүсірепов
“Қазақстанда әдебиет сынының жайы мен міндеттері”
деген тақырыпта баяндама жасайды. Осында жазушы
қазақ
әдебиетінің
жай-жапсары,
творчестволық
кадрлардың қалыптасып келе жатқаны жөніндегі көптеген
келелі мәселелер турасында ой бөліседі. Әсіресе, қай
кезеңде де көңіл толмайтын, қай кезде артта қалып, елді
алаңдатып отыратын сын саласы жайлы, сол шын
сынның жоқтығынан әдебиетіміздің ақсап отырғаны,
көркем шығармаларда көркемдіктің кемшін түсіп
жатқандығын ашына айтқан болатын. Суреткер сол кезде
айтқан сөзінің құндылығы, сол кезде көтерілген
мәселелердің зәрулігі әлі де кездесетінін ескере отырып,
жазушының жан айғайын сол қалпында үзік-үзік
үзінділер арқылы беріп, ой жарыстыруды, ой жалғауды
ойлап отырмыз.
Жазушы: “Біздің шығармаларымыздағы идеялық-
көркемдік сәтсіздіктердің себебін басқа жақтан –
творчестволық үйренуге немқұрайлы қараушылықтан,
жалқаулықтан,
жазушының
өзіне
тиісті
талапты
қоймайтындығынан іздеу керек, ал бұл айтылған сайып
келгенде өз өнеріміздің шеберлігін, өз өнеріміздің
мәдениетін үстірт игеруге әкеліп соқтырады”, - деп жалпы
әдебиеттің
өсіп-өркендеуі
жеке
жазушылардың
ізденулерінен тұратындығын ескерткен.
Қазақ
әдеби
көркем
сынындағы
кемшілік-
мамандардың жастығы мен аздығында ғана емес, сыншы
еңбегін – қоғамдық ойдың ең озық өкілі жасайтын, нағыз
творчестволық және қасиетті еңбек деп санайтын қажетті
мәдени дәстүрдің жоқтығында деп біледі Ғ.Мүсірепов.
Шынында да ұлттық құндылықтарды насихаттап,оның
жақсы - жаманын айыра білетін талғамы жоғары,білімі
терең кәсіби сыншылар қай кезеңде де сирек. Бұл, әрине,
өкінішті жағдай.
Ғ.Мүсірепов те сынның біркелкі, қарадүрсін, бір
мазмұнды болып келетініне көңілі толмайды. Тәжірибесі
шамалы сыншылар не сөгеді, не жалған мақтап бөседі
дейді. Оларда теориялық тұрғыдан талдау, ой тереңдігі
жетісе бермейді. Осы орайда сөз өнерінің қадірін бір
кісідей біліп, бағалайтын суреткер сыншыларға мынадай
қатты сын айтады: “Біздің әдебиет сынымыз тайыз,
ешқандай сабақ бермейді және көбіне сыңаржақ. Біздің
сынымыздың бір шығарма туралы айтқан пікірі сол
[Введите текст]
56
шығарманың маңынан ұзамайды, өзінің негізгі идеясы
арқылы
әдебиеттің
қандай
болмасын
жалпы
творчестволық проблемаларын қозғамайды”. Міне, бұл
сын жанры сөз болған жерде міндетті түрде айтылатын,
көтерілетін келелі, ең бастысы күн тәртібінен түспейтін
толғақты мәселелер. Тап қазір де сын мәселесі осы
ойларды айтуға мәжбүр етіп отыр. Сондықтан 1955
жылғы баяндама дәл қазір айтылғандай, сынды дәл
бүгінгідей жоқтап отырғандай зәру.
Жалпы сыншы қауымы әдебиеттің әрбір қадамына,
бағыт-бағдарына, келешегіне өте жауапты қарайтын
ардақты шаруа. Өйткені, әдебиетте кеткен бір кемшілік
болса, қай жанрда ойсырап жатқан олқылық болса бәріне
сыншы жауапты. Сыншы тек өзінің ғана емес, бүкіл бір
елдің, халықтың рухани өміріне жетекшілік ететін
мамандар. Ол әдебиеттің төрешісі, әділ бағыттаушысы,
жөн сілтеушісі.
Ол турасында жазушы былай дейді: “Қазақ ақындары
мен жазушыларының біразы өздерінің творчествосында
тоқырап, кейін кетіп барады. Ал сыншылардың олармен
ісі жоқ. Әдебиет сынының мұндай халде қалуы өскелең
әдебиет үшін төзуге болмайтын жағдай”.
Міне, байқап қарар болсақ, сыншыға қандай
жауапкершілік, мерейлі міндет жүктеліп отыр. Әрине,
мұндай абыройлы істі атқару кімге де болсын үлкен
абырой болары сөзсіз. Алайда, жаттандылықтан, бір
сыдырғылықтан сәл ауытқып, өткірлікке өтіп кетсең,
солай қамқорлық көрсетіп отырған ағалардың өзі аяқтан
шалып, сыннан аластатуға тырысатыны жоғарыда
турашыл,әділ сыншы Т.Тоқбергеновтің жан айғайында
жан-жақты айтылды емес пе?!.
Рухани аренаға 60-шы жылдары шыққан буынның
көрнекті өкілі, сыншы З.Серікқалиевтің шығармашылығы
– “Ойлар, толғаныстар” (1967), “Жылдар сазы” (1971),
“Ақыл
таразысы”
(1976),
т.б.
атты
таңдамалы
жинақтарында көрініп, сыншының көл - көсір білімін,
аналитикалық ой жүйесін, әлем әдебиетін терең білетін
сұңғылалығын танытты .
Сыншының алғашқы жылдары өткір мақалаларды
өндіртіп жазған кездері білім тереңдігімен, өз кезеңінің
өмір мен өнер шындығын терең білетіндігімен танылғаны
белгілі.
Сыншы “Парасат” журналына берген бір сұхбатында
“Сынды қалай жақсартуға болады” деген сауалға былай
деп жауап береді: “Қара қылды қақ жарған әділетті сынды
тек жанкешті сыншылар ғана жаза алады. Сын да,
сыншылар да ең алдымен сұрыпталу белесінен өтуі керек.
Сынның сұрыпталуы – әрине, қызмет бабының, ғылыми
дәреженің көтерілуі емес. Кім, не жазғанын, қалай
жазғанын, кімді бағдар тұтарын, кітабының саны емес,
сапасын ұғынар ұрпақ табылады және олар өз қалауын
айқындай алады деп сенемін. Әдебиет сыншысының
көлденең бір себептермен уақытша “тілі байланса да”, ол
тіпті, жоғарыда айтқанымыздай, бойынан қуат, жүзінен әр
[Введите текст]
57
тайғандығын аңғартпайды. Осының өзі – көбіне іштей
тынып, межесін белгілер сұрыпталу сатысын тиянақтай
береді. Меніңше, осы саралану үрдісі (сынның жасану,
даралануының бір шарты) сырт көзге бадырайып
байқалмағанымен, іштей тынымсыз жүріп жатыр. Шын
мағынасында нағыз сын, менің ұғымымда, бастапқы
жазушы қалам тартқан, жоғарыда Л.Леонов айтқандай,
сүйікті тақырып байлығын әрі қарай жандандырушы,
қаламгерлермен жарыса толғанып, автор ойын ұштаушы,
қажетті жерінде тіпті жетілдіруші, дамытушы. Барлық
кезде бірдей ол жазушыны, шығарманы тек түсіндіруші
болып қала бермеуге тиіс. Осы талаптан шыға алсаң, онда
айыңның оңынан туа бастағаны. Көзі тірісінде өзінің
парасат-зердесімен ар-ожданын пір тұтып, артында
қалдырар жазбаларымен келешек ұрпақ алдында да
жауапты екенін жете сезінген, кейінгілер күле қарап,
қасиетті қаламының қор болмауын көксейтін кез-келген
сыншы, өзіне-өзі ұялмай есеп беретін бір сәт туар деп
ойлаймын. Сын жақсарсын деп сынды сүю шарт емес,
сынмен санасу шарт” (1994).
Сол айтқандай сынды өрістетіп, кәсіби деңгейін
көтеру үшін сынға өріс беру, жағдай жасау керек.
Олардың өткір сынын қырып, жұлып тастау секілді
сорақылықтарды тоқтату қажет.
Алпысыншы жылдары өзінің өршіл дауысымен,
айтары бар айбарымен, ойы бар оймақтай сын
мақалаларымен танылған таланттың бірі – Төлеген
Тоқбергенов.
Сын
жанрының
табиғатына
Тәкен
Әлімқұлов,
Асқар
Сүлейменов
секілді
аға
замандастарының
әрбір
баспасөзде
жарияланған
мақалаларын қалт жібермей қадағалай оқып, бар бояуына,
сырына Созақта жүргенде-ақ жақсы қаныққан Төлеген
Тоқбергенов Алматыдағы әдеби өмірін қазақ радиосынан
бастаған ол көп ұзамай-ақ “Тоғыз тарау” атты сын
мақалалар жинағын жариялады. Білімді сыншы әр алуан
жауапты қызметтерде жүрсе де әдебиетке деген
жауапкершілік пен сүйіспеншілік, оның мың сан
проблемалары толғандырып жүргенін бірінен соң бірі
жарық көрген “Үш тоғыс”, “Қос қағыс”, “Ай мүйіз” атты
жинақтары мен әдеби зерттеулері арқылы танытты. Сын
өрісін кеңейткен бұл еңбектер авторының қаламгерлік
қабілетін, талантты тани білетін сезімталдығын, сыни
көзқарасының қалыптасып, эстетикалық талғамының
биіктігін байқатты. Сондай-ақ, сыншы бір ғана сынмен
шектеліп қалмады. Аударма саласында едәуір қызмет
атқарды. Ол К.Симоновтың “Тірілер мен өлілер”
дилогиясының “Өнегелі өмірлер” сериясымен жарыққа
шыққан “П.П.Семенов-Тянь-Шаньский”, жоғары оқу
орындары ұстаздар мен студенттеріне арналған ұжымдық
“Эстетикалық тәрбие” атты оқу құралын қазақшалады.
Ең бастысы, Т.Тоқбергенов арқылы қазақ сыны өзінің
тағы бір талантты, білгір, талғампаз сыншысын тапқаны
белгілі. Оның қай еңбегі де сыншының тынымсыз
ізденімпаздығын, әлем әдебиетінің соңғы жетістіктерін
[Введите текст]
58
терең танып, оны өз мәдениеті мен әдебиетімен
бағдарлап, бағалауда, саралауда сонылық, жаңаша
көзқарас, жаңаша пайымдаулар жасауда да жаңа бір
қырынан
танылды.
Жеке
жазушылардың
шығармашылығын талдаса да, бір туындыны нысанаға
алса да сыншы жүрегінің бір түкпіріндегі бүкіл қазақ
әдебиетінің, сыны мен өнерінің көкейкесті мәселелері сөз
болды. Мәселен, “Бастауда” деген мақалада өнер
табиғаты, сұлулық мұраты жайлы теориялық, тарихи-
эстетикалық
барлау
жасалса,
“Тоғыз
тарауда”
М.Шолоховтың
көркемдік
тәжірибелерін
талдап,
таразылайды. “Шоң мұзарттан көз тартқан” атты
мақаласында әлемдік деңгейдегі жазушы Шыңғыс
Айтматовтың
шығармаларындағы
тақырыптық,
көркемдік, суреткерлік шеберлік хақында ой толғаса,
“Тағылым тапқан Тахауи” деген сын мақалада
Т.Ахтановтың
творчествосы
теориялық
тұрғыдан
тереңдетіле талданып, зерттеледі. Атай берсек, сын да,
мақала да жетерлік. Олардың алып отырған объектісі,
талданып
отырған
тақырыбы,
көтеріліп
отырған
мәселелері әр алуан болғанымен, олардағы ортақ арна –
жалпы қазақ әдебиетінің елу- жетпісінші жылдардағы төл
шындығы, көркемдік шежіресі.
Сыншы еңбегінде 1960-70 жылдары жарық көрген
көркем туындылардың ешқайсысы да шет қалмаған десе
де болады. Оған – М.Әуезовтің “Абай жолы”, “Қилы
заман” романдары мен академик жазушы Ғабит
Мүсіреповтің “Ұлпан” романы, І.Есенберлиннен бастап
кешегі Марат Қабанбаевқа дейінгі қазақ қаламгерлерінің
қолдарынан шыққан шығармалардың ешқайсысы да
ескерусіз
қалмаған.
“Құланның
ажалындағы”
(А.Нұрманов) психологиялық құбылыс, “Тұйықтағы”
(Қ.Ысқақов)
лирикалық
сарын,
“Ақ
шағылдағы”
(Ж.Нәжімеденов)
тарихи
тақырыптардың
игерілу
барыстары мен кейінгі жастардың творчестволарындағы
тың бағыттар, соны бір ізденістер, стилдік, көркемдік
жаңалықтар сыншының қырағы назарынан тыс қалмаған.
Сыншы , әсіресе, қандай да бір әдебиеттің мәселесі
бойынша ой қозғамасын өз көзқарасын дәйім әділ әрі таза
сезіммен жеткізе білетіндігі қуантады. Т.Тоқбергеновтің
мүшел жасына орай жазылған мақаласында (1985)
әріптесі,сыншы, көрнекті қоғам қайраткері З.Серікқалиев
былай деген еді: “Бұл кітапта біз сын өнері жетістіктері
мен жыр өнері өнегесі жайында да сөз жүлгесін табамыз”
(Автор “Үш тоғыс” туралы айтып отыр).
Ал, 1994 жылы қарашада жазылған әдебиетші-сыншы
Әлия Бөпежанованың Т.Тоқбергеновтің туғанына 60 жыл
толуына орай жазылған мақаласында мынадай баға
береді: “Қазақ әдеби сынындағы эссе, портрет
жанрларының да өрісін кеңейткен сыншы кітаптарын
қайтара оқысаңыз – қазақ әдебиетінің 70-90 жылдар
аралығындағы картинасын тұтас көре алатындайсыз”.
1970-80 жылдары әдеби сынға өзіндік “менін” таныта
келген талантты сыншының бірі – Сағат Әшімбаев болды.
[Введите текст]
59
Сынға келген бетте-ақ өзінің терең білімімен,
көркемдікті зерделеп тани білетін талғам түйсігімен,
табиғи талант дарынымен таныла келген Сағат өмірінің
соңына дейін осы сын саласының бар азабы мен
жауапкершілігін ауырсынбай арқалай білген азамат. Өзі
тынымсыз ізденімпаз жас не туралы сөз сөйлесе де арғы-
бергіні теріп, тереңінен қазып, ой қозғайтын С.Әшімбаев
өткір сынды, ойлы сындарды рухани аренаға қайта
жаңғыртты, сынға соны бір леп, тың көзқарастар, жаңаша
талдаулар алып келді. Ең бастысы, ол сынға ағыл-тегіл ой,
телегей теңіз терең білім, арқа-жарқа ашық ақиқаттың
ауылын алып келді.
Оның, тіпті, студент шағында-ақ оқырмандар мен аға
ұрпақтың назарын аудартқан терең ойлы мақалалары мен
тұңғыш кітабы “Сын мұратының” бірден көзге ілігіп, дер
кезінде лайықты бағаланғандығының өзі талай нәрсені
ұқтырса керек-ті. “С.Әшімбаев бізге азаматтық тұғыр-
тиянақ, адамгершілік туралы бір-бірімен өзектес біраз
зерделі
мақалалар
сыйлап
кетті”
(“Азаматтық
формуласы”, “Азаматтық позиция – айқындаушы күш”,
т.б.) З.Серікқалиев.
С.Әшімбаевтың тынымсыз ізденістерінен туған “Сын
мұраты”, “Талантқа тағзым”, “Парасатқа құштарлық”,
“Шындыққа сүйіспеншілік” атты кітаптарының аттары-ақ
айтып тұрғандай сын жанрының табиғатына тән шындық,
парасаттылық, ойшылдық, тереңдік, т.б. қасиеттер оның
тұла бойынан да, ақыл-ойынан да табылатын-ды. Ол
мақалаларында: “Сын – өнер. Сын – уақыт қажеттілігінен
туған, қоғамдық, философиялық ой-сананың өзгеше бір
формасы” (“Парасатқа құштарлық”, 15-б.) деп жазса, енді
бірде: “… сынды жанымен сүйіп, барша тәнімен
күймейтін адамдардың сынның беделін түсіргеннен басқа
берер пайдасы шамалы…”,- (сонда, 41-б.) деп сынға
талапты күшейтті.
С.Әшімбаев сын биігін игергенге дейін ұзақ ізденіс
жолынан, талай-талай таным баспалдақтарынан өтті.
Оның әрбір мақаласы бейне бір философиялық толғаулар
секілді әлемдік рухани әлемдегі байлықтардан
сусындатқызатын білім бұлағындай еді. Әлемдік
әдебиеттегі соны бір жаңалықтарды елдер сол Сағаттың
жаңа бір мақаласынан оқып , білмекке асығып тосып
отыратын-ды.
Ендігі бір айта кететін мәселе жас сыншылардың
1970-80 жылдар аралығында аға буынның тәжірибесінде
тәрбиеленіп,маманданып келген жастардың бір тобы –
Ә.Сығаев,
А.Егеубаев,
Б.Ыбырайымов,
Н.Ақышев,
Б.Сарбалаев, М.Серғалиев, Ж.Сомжүреков, Ә.Бөпежанова,
С.Жұмабеков, М.Құлкенов, М.Айымбетов т.б. болды. Бұл
сыншылардың аяқ алысы, ой орамы, талдау талабы,
таным шеңбері іштей дайындықтарының мол екендігін
көрсетті.
Әйтсе де көркем әдеби сында терең білімдарлық,
көркем
шығарманы
әдебиеттің
өзінің
көркемдік
өлшемдері мен шарттары тұрғысынан талдап, таразылар
[Введите текст]
60
теориялық талдаулардың тапшы екендігі аңғарылады.
Автор мен сыншының ой жарыстырулары, пікірталасы,
шын мәніндегі әдебиеттің келелі мәселелері қозғалар
мәнді мақалалар жетіспей жатады.
Алайда, қазіргі қазақ сыны – үнемі творчестволық
ізденіс, өсу үстінде келе жатқан кең тынысты сын.
Сондықтан да бүгінгі әдебиетіміз қандай да бір айтулы
табыстарға жетпесін соның бәрінде сынның да өзіндік
үлесі бар.
1950-80 жылдар аралығында қазақ әдебиеттану мен
сынында белең алған әдеби үрдіс пен творчестволық
ізденістердің бағыт-бағдарына, даму сатысына, жеткен
жетістіктері мен кемшіліктеріне осы әдеби процеске
белсене атсалысқан көрнекті ғалымдар мен сыншылардың
азды-көпті еңбектеріне тоқтала отырып, сол кезеңдегі
уақыт пен рухани кеңістіктегі көркемдік жүйеге көңіл
бөлінді.
Сондай-ақ, ХХ ғасырдың соңы, 1980-ші жылдардан
бастап қоғам тынысы кеңи бастағаны белгілі. Әсіресе,
СОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір пленумы
мен тарихи ХХҮІІ съезден кейін кеңестік қоғамның
идеология, мәдениет майданында қайта құру, жариялылық
процестері жедел түрде жүзеге аса бастады. Бірнеше
жылдар бойы жеке басқа табынудың, жалған саясаттың
салдарынан талай талантты тұлғаларынан айрылып, еңсесі
езілген
халықтың
ұлттық
рухын
«қайта
құру,
жариялылық, жеделдету, бетбұрыс, демократияландыру,
адам факторы» деген жаңа сөздер мен ұғымдар көтеріп,
қоғамның дамуына серпіліс берді. Қашанда қоғамдық ой-
сананың алдыңғы шебінде жүретін тәуелсіздік алғанға
дейін коммунистік партияның басты идеологиялық қаруы
саналған әдебиет пен оның өкілдері де осы тарих сынынан
шет қалмады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң да
талай қазақ зиялыларының, ғалымдарының жұмыстан
қуылуы секілді тарихи деректер ұлы орыс шовинизмінің
әр кезеңде бір сылтаумен қылаң беріп, қазақтың ұлттық
рухани қаймақтарын қалқып алып тастауды әсте
ұмытпайтынын аңғартады. Әйтсе де, қазақ әдебиеті мен
әдебиеттану ғылымы қашан да елдің рухани өмірінің
көшбасшысы қызметін атқарып келеді. Сол 1980
жылдардан бастау алған саяси бұғалықтан босану
тенденциясы ақыры халқымыздың рухани тәуелсіздігінің
тұсауын кесті.
Оның бірден-бір көрінісі – ұлттық сөз өнерінің
тарихында орны ойсырап, олқы тартып тұрған
“ақтаңдақтарды” айқындау міндеті еді. Осы кезеңдегі
басты бағыттағы жұмыстар 1988 жылғы “қаулыдан” соң
жүзеге асты. Бұрындары қазақ әдебиетінің ұлттық тарихи
құндылықтары тек Қазан төңкерісімен ғана қарастырылып
келсе,түркі халықтарына ортақ мәдени мұра- ежелгі дәуір
әдебиетінен бастау ала бастады.Әдебиетіміздің тарихы
түбірімен өзгеріп, тұтастай бір жаңа көркемдік ойлау
жүйесі қалыптасты. Ұлттың әдеби-мәдени мұраларына
жаңаша көз жіберіп, оларға сөз өнерінің өзіндік
[Введите текст]
61
категориялары арқылы теориялық және көркемдік
тұрғыдан баға беру жағы қолға алынды. Осы орайда,
әдеби-мәдени даму мен әдеби процестің басты сипаттары
айқындалып, ұлттық әдебиеттану ғылымы саласындағы
оң өзгерістерге кең өріс ашылды. Жарық көрген ғылыми
еңбектер мен іргелі зерттеу жұмыстарында жүйелеген
теориялық тұжырымдар т.б. бір ізге түсіп, ғылыми
айналымға енді. Ұлттың рухани құндылықтарының бастау
көздері ашылып,кәсіби қалыптасуы,даму жолдары,
әдебиет теориясы, сыны, тарихы жаңаша көзқарастар
тұрғысынан сарапталды. Әдебиетіміздің тарихы көптеген
жаңа есімдермен, жалған жаланың кесірінен жетпіс жыл
әдеби айналымнан шығып қалған көркем шығармалармен
және ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси мәселелерді,
ұлттық
сананы
оятуға
әсер
еткен
ғылыми-
публицистикалық еңбектермен толықты. Олардың бәрі
қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа беттерін ашуға
мүмкіндіктер тудырды. Әсіресе, КПСС Орталық
Комитетінің 1972 жылғы “Әдеби-көркем сын туралы”
арнайы қаулысынан кейін қазақ әдебиеттану ғылымымен
бірге әдеби-көркем сынның да профессионалдық деңгейі
қауырт өсті деуге болады. Кәсіби сын әдеби үрдістің
дамуына өзіндік үлесін қоса білді. Сынның белсенділігі
мен оның сапалық қасиеті өсу үшін оны теориялық
жағынан қаруландыру, бұрынғыдай көркем шығармадағы
оқиғаны баяндаудан гөрі ондағы сюжеттік желіге, көркем
образдарға, бейнелеу құралдарының міндетіне т.б.
ғылыми тұрғыдан талдау жүргізу талаптары қойыла
бастады. Әдебиеттану ғылымы осы тұста сынның да ролін
жақсы атқара білді. Ғалымдардың көркем шығарма
табиғаты, ондағы жазушының шеберлігі т.б. деген өзекті
мәселелер төңірегінде ғылыми-теориялық тұрғыдан
талдау жасаған жұмыстар саны көбейді. Көркем
шығармалар таза сөз өнері тұрғысынан қарастырылып,
талдана бастады. Әдебиеттің жалпы табыстары қазақ
әдебиеттануы мен сынның да негізгі зерттейтін
обьектілері, сондай-ақ осы жылдар аралығында қазақ
әдебиетінің негізін қалаушылар мен көзі тірі көрнекті
ақын-жазушылар, әдебиетші-ғалымдар төңірегінде де
ғылыми зерттеу жұмыстары жүре бастады. Және
әдебиеттің жекелеген салалары мен жанрлары да (поэзия,
драматургия, проза, роман, сатира, әдебиеттер байланысы,
әдебиет теориясы мен сыны т.б.) туралы да іргелі
еңбектер жазылып, докторлық диссертациялар қорғалды.
Атап айтсақ, олар М.Дүйсеновтің, Ә.Тәжібаевтың,
Р.Бердібаевтың,
Е.Лизунованың,
Т.Қожакеевтің,
Х.Әдібаевтың, З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің зерттеу
еңбектері. Және сыншы-әдебиетшілерден: Ә.Нарымбетов,
С.Ордалиев, З.Серікқалиев, Ж.Ысмағұлов, М.Атымов,
Б.Уахатовтардың т.б әдеби-сын жинақтары жарық көрді.
Осы кезеңдер аралығындағы ғылыми - теориялық
тұжырымдар мен сын еңбектерде ғасыр басындағыдай бет
жыртысу, таптық көзқарас пен саяси астар іздеу секілді
сорақылық саябырсып, мәдениетті, сыпайы, сауатты сын
[Введите текст]
62
өріс алды. Сында ғылыми сипат, ал ғылымда әдеби-
эстетикалық сыни көзқарас негізге алынды. Алайда,
сынның шын мәніндегі өз дәрежесіне жетуі үшін оны өнер
деп танитын талантты жастардың бұл жұмысқа жегілуі
керек еді. Осы мақсатты З.Серікқалиев, А.Сүлейменов,
С.Әшімбаев, Т.Тоқбергенов, Б.Сарбалаев, Қ.Ергөбеков,
Б.Ыбырайым,
Н.Ақыш,
Б.Алдамжаров,
Ә.Сығаев,
Т.Жұртбаев, Қ.Керейқұлов, Б.Дәрімбетов,Ә.Бөпежанова
т.б. сияқты таза әдеби сын саласында табанды еңбек еткен
талантты жастар жүзеге асыра білді.
Аталған мерзім ішінде Қазақ ССР Ғылым
академиясының
Әдебиет
және
өнер
институты
ғалымдарының қатысуымен “Дәстүр және жаңашылдық”
(Ғылым. 1980, 29 ақпан. Жауапты редакторы М.Қаратаев),
“Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы”, “Көркемдік кілті –
шеберлік”, “Әдебиеттер туыстығы” т.б. сияқты ұжымдық
жинақтар жарық көрді (1986).
Осы жылдың 4-5 наурызында Қазақстан Жазушылар
одағы 1979 жылдың әдеби қорытындысын шығарып, онда
әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы саласы бойынша
жарық көрген кітаптар төңірегінде сыншы Сағат
Әшімбаев арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ, осы жылдың 5-6 шілде айларында
Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына арналған
республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Онда ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі
З.А.Ахметов “Әдебиеттану ғылымының дамуының кейбір
қорытындылары мен перспективалары” деген тақырыпта
баяндама жасады. Онда қазақ әдебиеттану ғылымының әлі
де зерттелмей жатқан теориялық мәселелері, оны сөз
өнерін зерттеудегі іргелі сала ретінде қалыптастырып,
оның бүткіл салаларын әлемдік ғылыми жүйедегі
контексте қарау мәселелері мен оның даму процесін
егжей-тегжейлі әңгіме етті.
15-17
наурыз
аралығында
өткен
Қазақстан
жазушыларының ҮШ съезінде әдебиет сыны турасындағы
баяндаманы С.Қирабаев жасады. 17 наурызда ҮШ
съезінде сайланған Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының бірінші пленумы болды.
1980
жылы
Алматыда
“Өнер”
атты
мамандандырылған кітап баспасының ашылуы осы күнге
дейін арнайы зерттеле қоймаған қазақ өнерінің тарихын,
оның теориялық мәселелерін, оның сан алуан салалық,
жанрлық түрлерін қарастырып, ғылыми тұрғыдан
талдауға
мүмкіндіктер
туды.
З.Серікқалиевтың
жетекшілігімен жарық көрген Лев Любимовтың “Батыс
Европа өнері” (А., Өнер. 1982, -336 б.), “Өнердің ықшам
тарихы” (В.Б.Мириманов. А., Өнер. 1989, 328 б.) атты 2
томдығы, Ө.Жәнібековтің еңбектері, театр тарихы,
бейнелеу өнері т.б. туралы көптеген еңбектер жарық
көрді. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтында бейнелеу өнері, музыка, театр бөлімдері
ашылып , жаны да, тарихы да өнерге бай қазақ халқының
[Введите текст]
63
өнер тарихы, оның даму жолдары, жанрлық, көркемдік,
теориялық мәселелері зерттеле бастады.
1980 жылдың 19-20 ақпанында ССРО Жазушылар
одағы басқармасының жанындағы сын мен әдебиеттану
жөніндегі кеңестің пленумы өтті. Пленумда Қазақстаннан
сыншы Рымғали Нұрғалиев сөз сөйледі. Баяндамада қазақ
әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынының көкейкесті
мәселелері жан-жақты әңгіме болды. Ол “Литературная
газетаның” 1980 жылғы 27 ақпан, наурыз айындағы
санында жарық көрді.
1981 жылы Совет жазушыларының ҮІІ съезі одақтық
әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттағы ізденістеріне
жол ашты.
Осы жылдың 2-3 ақпан айында өткен Қазақстан
әдебиетшілерінің
әдеби
жыл
қорытындысында
Р.Нұрғалиев әдеби көркем сын мен әдебиеттану
ғылымының қол жеткізген ғылыми жетістіктері мен орын
алған олқылықтары жөніндегі ойларын көпшілік
талқысына ашық салған мазмұнды да мәнді баяндама
жасады. Ал, соның артынша 10 ақпанда ССРО
Жазушылар одағы басқармасы жанындағы сын мен
әдебиеттану жөніндегі кеңестің пленумы өтіп, онда
Қазақстаннан С.Әшімбаев сөз сөйлеп, ұлттық әдебиеттану
ғылымының кейбір көкейкесті мәселелері көпшілік
талқысына салынды.
1980-2005 жылдар аралығында бірнеше саяси-
қоғамдық өзгерістер, әдебиет пен мәдениетке тікелей
қатысты қаулы-қарарлар қабылданды. Мәселен, Советтік
Социалистік Республикалар Одағы құрылуының 60
жылдығы мен Қазақстанның өз еркімен Россияға
қосылуының 250 жылдығын атап өту қазақтың әдебиеті
мен әдебиеттану ғылымындағы ізденістерге түрткі болды.
КПСС Орталық Комитетінің “Әдеби-көркем сын туралы”,
“Идеологиялық және саяси-тәрбие жұмыстарын одан әрі
жақсарту
туралы”,
“Әдеби-көркем
журналдардың
коммунистік құрылыс тәжірибесімен творчестволық
байланыстары туралы” қаулылары да әдебиеттану
ғылымының сапалық өсуіне өзіндік үлес қосқаны белгілі.
1982 жылы академик М.Қаратаев “Көргендерім мен
көңілдегім” деген кітап жазды. С.Әшімбаевтың “Жазушы”
баспасынан “Талантқа тағзым”, Т.Кәкішевтің “Оңаша
отау” деген еңбектері қазақ әдебиеттануына қосылған
қомақты еңбектер еді. Олардың жемісі 1980 жылдары
жеке жинақтар болып жариялана бастады. 1960 жылдары
әдебиетке келіп, өздерінің алғашқы туындыларын сыннан
бастаған З.Серікқалиев, А.Сүлейменов, Т.Тоқбергенов,
Т.Әлімқұлов т.б. әдебиет мәселелері жөніндегі әділ
пікірлерінен айнымай өтті. Олардың бір тобы таза
ғылымға ауысып, әдебиеттің көкейкесті мәселелерін
теориялық тұрғыдан талдап, іргелі зерттеу жазуды қолға
алды:
Олар
З.Ахметов,
З.Қабдолов,
С.Қирабаев,
Т.Кәкішев, Ш.Елеукеновтер еді т.б.Түйіндеп айтар болсақ,
қазақ әдебиетануының бұл кезеңі әдеби-көркем сынның
кәсіби жағынан өсіп,кемелденген кезеңі болды.
[Введите текст]
64
Достарыңызбен бөлісу: |