15. Коммерциялық хаттар
– келісім-шарттар жасау жəне орындау
кезінде жазылады. Сатып алушының өтініші бойынша тауарлар жəне өнімдер
туралы ақпарат беруін өтіну немесе тауар жіберуге ұсыныстар, сатушылардың
жауаптары, жарнамаға жауаптар болуы керек.
16. Бастама хаттар
жауап беруді талап ететін хат. Бұл хаттар қандай
да бір мəселені шешуді өтіну, ұсыныс жасау, сұрау мазмұнында болады.
17. Жауап хаттар
бастама хаттардың сипаттамасына байланысты
болады. Бастама хатта қойылған мəселелерді шешетінін, ұсыныс, өтінішті
орындап қабылдайтындығын немесе бас тартатындығын, сұралған мəліметтің,
іс-əрекеттің орындалған, орындалмағаны жөнінен хабар, мəлімет береді.
|