М І Н Е З Д Е М Е
Мінездеме
– түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тарапынан
берілетін, белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кəсіптік, адамшылық
тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс
қағазының бір түрі.
* * * * *
Мінездеме
белгілі бір адамды, қызметкерді оқу орнына, қызметке ұсыну,
конкурстан өткізу, т.б. мақсатта жазылады. Мінездемеде ұсынылған адамның
адамшылық қасиеттері, мінез-құлқы, кəсіптік шеберлігі, отбасы жағдайы
жазылады.
Мінездеменің екі түрі бар: 1. Қызметтік мінездеме; 2.
Аттестациялық мінездеме.
Қызметтік мінездеме –
мінездеменің айрықша кең тараған формасы.
Қызметкерді объективті, əрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: