ІҮ
Қазақ әдебиетінің реалистік кең арнаға түсуіне игі әсер етіп,
ықпал жасаған факторлардың бірі – аударма десек, бұл сөзді
драматургия жанрына қатысты да айтуға болады. Әлем әдебиетіндегі
дара тұлға – данышпан Шекспир шығармаларын қазақ тіліне аудару
отызыншы жылдары қолға алынған.
Өзі актер болып ойнаған, сахна сырына жетік, драматургияға
арналған көптеген мақалалар жазған, бірер шағын пьесаның авторы,
ақын, прозаик Мәжит Дәулетбаевтың шығармашылық мұрасында
аударма туындылар да аз емес. Ол Гогольді, Чеховты, Горькийді,
Фадеевті, Ремаркты қазақ оқырмандарына таныстырды. Ал Шекспирдің
“Гамлетін” аударып, 1931 жылы бастырып шығаруы Қазақстан әдеби
өміріндегі ерекше мәнді оқиға еді. Кітапқа жазған алғы сөзінде Сәкен
Сейфуллин былай деді:
“Бұл Гамлет театрда ойналатын кітап болып, ең бірінші рет 1603
жылы басылып шыққан. Әңгімені театрда ойналатын қылып жазып
шығарған ағылшын елінің дүниеге атағы жайылған Шекспир атты
жазушысы. “Гамлет” әңгімесі дат елінде болған тарихи оқиғадан
шыққан. Дат елінде болған бұл тарихи оқиғаны Шекспирден бұрын
жазып шығарған сол дат елінің шежіреші Саксон Грамматик деген
адам.
Театрда ойналатын қылып Шекспир жазып шығарған “Гамлет”
әңгімесі бүкіл дүниедегі мәдениетті елдердің театрларында ойналып,
даңқы жайылған. “Гамлет” – талай елдің театр өнеріне зор әсер берген
кітап. Бұдан 300 жылдан аса бұрын жазылып шыққан театр кітабы –
“Гамлет” бұл күнге дейін театр сәкісінен түспей келеді. “Гамлет” орыс
тілінде біздің кеңес театрында да ойналып келеді.
“Гамлеттің” мазмұны бұрынғы замандағы аруаққа, рухқа нанатын
кездегі хандардың, ақсүйектердің тұрмысын көрсетеді. Ол тұрмыстың
118
қандай сұмдықтарын көрсететінін оқыған адам айқын көрінеді. Құлақ,
сана, сезім ретінде терең, шебер алынып, тіл ретінде сұлу жазылған.
“Гамлетті” қазақшаға аударушы ақынымыз Мәжит Дәулетбайұлы.
Аударуы дұрыс жазылған”.
Осылайша, қысқа ғана әлем әдебиетінің жауһары, ұлы
трагедияны
қазақ
оқырмандарына
таныстырады.
Сөз
байламдарындағы стильдік селкеулік алғы сөздің асығыс жазылғанын
көрсеткендей. Дегенмен, бет ашардың өзі Сәкеннің Шекспир
шығармашылығынан мол хабардар екендігін аңғартады.
Мәжит Дәулетбаев “Гамлетті” аударудың барша жауапкершілігін
жақсы түсінген. Қолына іліккен бірінші нұсқаны жолма-жол, ат үсті
қазақшалай салу арнасына түсіп кетпей, шығыс әдебиеттерінде бел
алған сарын – назираға да осылай, сапалы аударма жасауға күш
салған.
“Гамлет” – орыс оқырмандарына революциядан бұрын Вронченко
(1828), Соколовский (1894), Кронберег (1840), тағы басқа да
аудармашылар еңбегі арқылы мәлім болды. Мәжит Дәулетбаев осы
нұсқалармен түгел танысып, бәрін де пайдаланғанын айтады.
Ағылшынша үзінді келтіру Мәжит Дәулетбаев Шекспирді түпнұсқада
аз-кем оқып, түсінді ме екен деген ойға жетелейді.
Аудармашы оқиғаға қатысушылардың мансап дәрежесі, қызметіне
байланысты терминдерді қазақ ұғымында берген: король – хан,
королева – ханша, принц – шахзада, офицер - әскер басшы,
оберкамергер, гофмейстер, - вельможа – ханның тақ маңайындағы
ақылшысы, придворные – шабармандар. Аударма талабының бүгінгі
шарттарына сәйкес келмесе де, отызыншы жылдар үшін бұл
баламалар лайық болғандығы дау туғызбайды.
Бірінші перде. Бірінші көрініс. Оқып көрейік.
Б е р н а р д о. Бұл қайсың?
Ф р а н ц и с к о. Тоқтай тұр! Баста маған жауап бер. Өзің кім?
Б е р н а р д о. Хан жасасын!
Ф р а н ц и с к о. Бернардпысың?
Б е р н а р д о. Иә, мен.
Ф р а н ц и с к о. Күзетке келе жатырмысың?
Б е р н а р д о. Иә, түн ортасы болды. Сенің орныңа мен барып
тұрамын. Сен барып ұйықта.
Ф р а н ц и с к о. Бәрекелде. Түн суық екен, тоңып қалдым.
Б е р н а р д о. Маңайың тыныш па?
Ф р а н ц и с к о. Бұл екі ортада тышқан да жүрген жоқ.
Б е р н а р д о. Тіпті жақсы. Хош! Горацио мен Марцелді көрсең
бері жөнелт. (Шекспир. Аударған Мәжит “Гамлет”. Дат елінің
шаһзадасы (5 перделік қанды оқиға, трагедия). Сөз басы Сәкендікі.
119
“Қазақстан” баспасы, 1931, 5-бет. Кейінгі сілтемелерде бетін ғана
көрсетеміз.)
Осы үзіндінің профессор М.Морозов ағылшын тілінен жасаған
тәржімесі:
Б е р н а р д о. Кто там?
Ф р а н ц и с к о. Нет, сами мне ответье; остановитесь и
откройте себя.
Б е р н а р д о. Да здравствует король!
Ф р а н ц и с к о. Бернардо?
Б е р н а р д о. Он.
Ф р а н ц и с к о. Вы пришли точно в свой час.
Б е р н а р д о. Только что пробило двенадцать. Ступайте спать.
Франциско.
Ф р а н ц и с к о. Большое спасибо за смену: очень холодно, и
мне не по себе.
Б е р н а р д о. Все было тихо, пока вы были не посту?
Ф р а н ц и с к о. Мышь не шевельнулась.
Б е р н а р д о. Ладно, доброй ночи. Если вы встретите Горацио
и Марцела, моих товарищей по страже, попросите их поторопиться.
(М.М.Морозов. Избр. Статьи и переводы, М., 1954, стр. 333).
Түпнұсқадағы мағына қазақшаға өз қалпында жеткен. Жанынан
қосу, яки тастап кету жоқ. Орысша барлық аудармаларда кездесетін
“мыш не швельнулась” (П.Лозинский), “все, как мышь, притихло”
(Б.Пастернак) тіркесі де сақталған.
Шекспир трагедияларының ішінде философиялық тереңдігі,
тартыс күштілігі, образдар кесектігі, идея салмағы, проблема молдығы
жағынан “Гамлеттен” ілгері тұрғаны жоқ. Пьеса бастан-аяқ әрекетке,
драматизмге толы. Алғашқы көріністен кейін көп ұзамай аруақ
шығады. Гамлет әкесінің аруағы. Бұл – шарттылық амал,
фантастикалық айла ғана емес, шығармадағы кейінгі оқиғалардың
барлығына әсер ететін сұмдық дүмпу, өте үрейлі күш. Осыны көрген.
Г о р а ц и о. Көзге елестеп, көңілге қобалжу кіргізіп не болды
екен? Бір кезде, Рим елі дәуірлеп тұрғанда, Қайсардың (Цезарь)
құлауына жақын қалғанда, осындай түсі суық кереметтерге дүние
толған. Жұлдыздар жалын құйрықтанып, жерге ағып түскен. Көктен
қан жауып, күн тұтылған. Сол сияқтанып, мынау көрінген аруақ та осы
күні сондай қанды жұмыстарға белгі беріп жүр ме екен? (Аруақ тағы
елестейді).
Жермен-жексен қылатын болса да, қарсы алдына барып, беттеп
жөн сұраймын. Аруақ, тоқтай тұр! Сөйлесерлік шамаң болса, сөйле,
жөніңді айт. Жапа болған жаныңа игі іс жұбаныш болар ма?
Айт.
120
Мен айтқанымды орындауға дайынмын. Жүрген бетің жақсылық
па? Жаманшылық па? Сөйле, ау, сөйле! Әлде бұл екі ортаға асыл
қазына көміп қойдың ба? Арнаулы адамы тауып алғанша соған күзет
боп жүрсіз бе?..
Айт, айт маған. Жауап бер. Марцелл! Бір жағынан қоршай бер.
(7-бет).
Түпнұсқадан жасалған осы жолдардың сөзбе-сөз орысша
тәржімесі:
Г о р а ц и о. Это песчинка, которая тревожит око души. В
высоком и славном Римском государстве, незадолго перед тем, как пал
Магущественный Юлий, могилы остались без жильцов и одетые в
саван мертвецы визжали и броматали на улицах Рима. И были также
другие предзнаменования – как, например, звезды с огненными
хвостами, кровавые росы, бледность солнца, и влажная звезда, под
влиянием которой находится царство Нептуна, была больна
затмением, как будто в день страшного суда. И совершенно такие же
пердзнаменования ужасных событий – подобные скороходам, которые
всегда предшествуют грядущим события, небо и земля совместно
показали нашей стране и нашим соотечетвенникам.
Достарыңызбен бөлісу: |