Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет98/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   109
 
 
 
 
 
 


147 
 
§11. Процесті бақылау және реттеу 
1.
 
Бақылау – өлшеу қондырғылары және аспаптар 
 
Кептіру  қондырғыларының  іс-әрекетін  бақылау  үшін  түрлі  анықтауыш 
құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Олар термометр, психрометр, манометр 
және анемометр, газоанализатор және волюметр, КЭП-12У. 
Термометр  температураны  өлшейді.  Термометрдің  түрлері:  сынапты, 
манометр  (сұйықты,  булы  және  газды),  кедергі  термометрі,  гальванометрлер, 
пирометрлер (термоэлектрлі термометр), термощуп. 
Салыстырмалы ылғалды анықтауыштар: Август психрометрі, зертханалық 
қондырғы СЭШ және т.б. 
Ауа  және газ қозғалысынан пайда болған қысымды анықтауыштар: шыны 
манометр,  микроманометр,  динамикалық  қысымды  өлшеуіш,  пневмометрлік 
трубкалар, анемометрлер, газоанализаторлар. 
Сынапты  термометрлер  қарапайым,  кең  таралған,  көрсеткіш  дәлдігі  өте 
жоғары. 
Техникалық термометрлер түзу және майысқан (90, 120 және 135

С) түрлері 
таралған. 
Манометрлік  термометр  термобаллоннан  (сұйық  немесе  газбен 
толтырылған  патрон сыналатын ортаға ендіріледі),  манометрден (манометрлік 
серіппелі манометр беріліс механизммен стрелкаға (көрсететін немесе жазатын) 
жалғасқан), термобаллон арқылы манометрге жалғанған жұқа қабырғалы металл 
түтікшеден тұрады. 
Термобаллон, түтікше және манометрлік серіппе тұтас ауа кірмейтін жүйені 
құрайды. Осы жүйеде газдың немесе будың қысымы температураға байланысты 
өзгереді. 
Түтікшелерін  толтыру  материалдарына  байланысты  манометр  сұйықты, 
булы  және  газды  деп  аталады.  Бұл  манометрлер  60  тан  200

С  аралығында 
кептіру агентінің температурасын өлшеуде қолданады. 
Кедергі  термомерлер  металл  өткізгіштерден  электр  тоғы  өткенде 
температурасының өзгеруіне  негізделген. 
Техникалық  кедергі  термометрі  беті  қорғанышпен  қапталған  қаңқаға 
(слюда, фарфор немесе кварц) жіңішке металл сым немесе лента оралған. 
Кедергі  жағдайы  температураға  байланысты,  сондықтан  аспаптың 
көрсеткіші  дұрыс  болуы  үшін  өткізгішпен  ортаның  жылулық  тепе  -  теңдігін 
ұстау  керек.  Өткізгіштің  жылу  алмасуының  қарқындылығына  әсерін  тигізетін 
факторлар: 
-
 
өткізгіштің геометриялық өлшемдері және оның бет жағдайы
-
 
газды  немесе  сұйық  ортаның  физикалық  қасиеті,  жылдамдығы  және 
температурасы. 
Кедергі термометрін орнатуда өлшенетін температурадан басқа факторлар 
өткізгіштің температурасына әсерін тигізбеуін немесе өте аз әсер етуі ескерілуі 
қажет. 


148 
 
Кедергіні  анықтауда  тұрақты  ток  дәнекері  және  логометрлер 
(гальванометрлер) көбірек таралған. 
Алғашқы айтылғандарға қарағанда, астықты кептіру процесін дұрыс және 
тиімді  өткізуде  зона  бойынша  температураны,  астықтың  кептіруге  түсердегі 
және шығардағы ылғалын үнемі бақылау керек. 
Кедергіге  негізделген  температуралық  коэффициенті,  металлдармен 
салыстырғанда,  8-10  есе  артық  жартылай  өткізгішті  (термисторлар) 
термометрлердің келешегі зор. 
Термоэлектрлік  термометрлер  немесе  пирометрлердің    әрекеті  екі  түрлі 
металдардың қосылған нүктесінде термоэлектр қозғалтқыш күш (т.э.д.к.) пайда 
болып,  екі  өткізгіштердің  қосылған  жерінде  температура  айырмашылығы 
байқалады.  Екі  өткізгіштің  (термоөткізгіш)  дәнекерленген,  дәнекерлеп 
біріктірілген  немесе  бұрап  қосылған  термоэлектрлі  буынды  термопара  деп 
атайды. 
Термоэлектр  қозғалтқыш  күшті  (т.э.д.к.)  өлшеу  үшін  буынға  шкаласы 
градусқа  градиерленген  өлшегішті  (милливольтметр  немесе  потенциометр) 
тіркеп, т.э.д.к. анықтайды. 
Температурасы  1100

С  дейін  ортада  термопараны  асыл  емес  металлды, 
1100
0
 - 1600

С аралығында платина тобына кіретін асыл металлды және 1600

С 
жоғары болса ыстыққа төзімді материалдарды қолданады. 
Қазіргі кезде хромель-копель және хромель-алюмельді кеңірек қолданады. 
Сынамадағы 
астықтың 
температурасын 
өлшеу 
үшін 
сынапты 
термометрлерді  кеңінен пайдалануда. 
Ауаның  немесе  газ-ауа  қоспасының  салыстырмалы  ылғалын  Август 
психрометрі арқылы анықтайды. 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау