146
Егер диффузордың диаметрі жеткілікті болмаса, камераға кірердегі
жылдамдықтың бөлінуі жоғары болса (10 м/сек және одан жоғары), онда қарсы
қабырғада динамикалық қысым пайда болады, осының әсерінен диффузорға
жақын орналасқан коробаларда, алшақ орналасқан корбалармен салыстырғанда,
агентті беретін жылдамдық айтарлықтай төмен болады. Осыны реттеу үшін
қабырғаға шағылдырғыш қалқан орнатып, (шағылдырғыш бағытын реттеп)
коробаларға берілетін агенттің жылдамдығын бір қалыпты етуге болады.
Астықтың қызу температурасын және ылғалын оптимальді мөлшерге
жеткізу үшін, шахталы кептіргіштерде, агентті беретін және шығаратын
коробаларды толық немесе жартылай жабатын, өлшемдері коробаларға сәйкес,
бұқтырмаларды қолданады.
Астық кептіргіштерді пайдалану ережесін дұрыс ұйымдастырып жүргізу,
анықталған кемістіктерді дер кезінде жөндеу және дақыл түріне және пайдалану
бағытын ескеріп лайықты температуралық режимдерді ұстау, процестің өтуін
үздіксіз бақылау - астықтың сапасын сақтаудың негізгі талаптары.
Астықтың сапасын жақсарту мақсатымен бірге, кептіргіштің өнімділігін
өсіретін және кептіру процесінің өзіндік құнын төмендету үшін орындалатын
шаралар:
- кептіргіштердің жеке түйіндерін жаңарту, астықты беруді, шығаруды
толық механикаландыру және
автоматтандыру;
- жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, кептіргішті, ошақты, жабдықтарды
тиімді пайдалану әдістерін қолдану, жұмыссыз бос тұруды болдырмау,
дақылдың ерекшеліктеріне және пайдалану бағытына байланысты тиімді
режимдерді қолдану.
Кептіргіштердің қуатын өсіруге ықпалын тигізетін шаралардың бірі –
әрекет еткен агентті сыртқа беретін коробалардан шығардағы ауаның
жылдамдығы 5,5 – 6 м/сек ұстау. Ол үшін желдеткіштердің қуаты жоғары болуы
керек немесе желдеткіштің айналу қалағының жылдамдығының (техникалық
құжаты бойынша) шекті көрсеткішін қолдану.
Қызмет ететін мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту шаралары:
-
кептіру және ошақ орындары байланысын жақсарту;
-
жұмыс орнын жарықтандыру;
-
кептіру агентінің температурасын көрсететін құрылғыларды ыңғайлы
орнату және астықтың қызу температурасын орталықтан бақылауды
ұйымдастыру, ашып-жапқыштарды (заслонкаларды)
басқаруды ыңғайландыру;
-
ғылым мен техниканың, және алдыңғы қатардағы өндірістердің
жетістіктерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: