Тұрақты орнатылған ДСП-32 және ДСП-32-от астық кептіргіштері.
ДСП-32 астық кептіргішінің жоспарлы өнімділігі 32 т/сағ. Кептіргіш екі
параллель орналасқан шахталардан тұрады, ортасында бөлгіш камерасы бар
(сурет 40, 41). Шахта құралмалы темір бетон панельдерінен салынған.
ДСП-32 кептіргішті элеватордың жұмыс мұнарасы және астықты қабылдау
пунктеріндегі КТМ-32 (СОБ-32) жанына жобалайды.
Кептіргіш жеке темір бетон панельдерінен құралған. Жалпы биіктігі,
жоғарғы қораптарды ескергенде, 14 м, әр шахтаның ішкі өлшемдері 3,25 х 1,0 м,
панельдің (қыры есепке кірмейді) қалыңдығы 70 мм, қырларының биіктігі 80 мм.
Кептіру камерасының 1-і зонасында 23 қатар, 2-і зонада (беретін және
шығаратын коробалар) 14 қатар, ал салқындату камерасында 19 беретін және
шығаратын коробалар орнатылған.
Шахтаның қабырғасына жақын орналасқан жіберетін екі короба орнына,
мәліметті орталыққа беретін, астықтың қызу температурасын өлшейтін
қондырғылар орнатылған.
Бірінші кептіру зонасының бөлгіш камерасына кептіру агентін электр
қозғалтқыш қуаты 40 квт/сағ орта қысымды № 12 желдеткіш береді, ал 2-і зонаға,
астықты салқындату зонасы, қуаты осындай №10 желдеткіш салқын ауаны
айдайды.
Реттегіш камерада екі горизонталь темір бетон плитаның біреуі суыту
камерасы биіктігінде, ал екіншісі 1-і және 2-і кептіру зона аралығына
орнатылған.
Жұмыс атқарған кептіру агенті ауа жіберетін камераның саңылаулары
арқылы атмосфераға айдалады.
Кепкен астықты автоматтандырылған ВТИ маркалы қондырғысы түсіреді,
одан транспортермен қоймаға беріледі.
ДСП-32 кептіргішінің ошағы сұйық отынмен жұмыс істейді. Ошақ оттық
алды, оттық және араластырғыш бөлімдерінен тұрады. Оттық алды бөлмешенің
қабырғасындағы саңылауға форсунка Ф-1 орнатылған, оған сұйық отынды,
ауаны жоғары қысымды желдеткіш береді, және басқару қалқаны орнатылған.
81
Сурет 40. ДСП-32 астық кептіргішінің шахтасы.
82
Сурет 41. ДСП-32 кептіргішінің желдеткіштерінің орналасуы:
1-кептіргіш астындағы қорап; 2-әрекет еткен агентті шығару; 3, 4- 1-і ,2-і зона
желдеткіштері; 5- редуктор; 6-салқындату камерасының желдеткіші.
Жану камерасы отқа төзімді болат қаңылтырмен жабылған, оның бір шеті
(форкамера) форсункаға түйіскен, форкамера отқа төзімді материалмен
қапталған, басқа бөлмешелер қапталмайды, себебі оларсалқын ауамен
шайылады. Алынған газды сыртқы ауамен араластыру рөлін, араластырғыш
камерада орнатылған, жалпақ болат тойтарғыш орындайды. Кептіру агенті, осы
камерадан, ауа тасымалдағыш құбыр және желдеткіш арқылы 1-і және 2-і
кептіру зоналарына беріледі.
83
Сурет 42. ДСП-32 астық кептіргіштің ошағы
Достарыңызбен бөлісу: |