2.
Оттық газдың және ауаның оттық газбен қоспасының негізгі
параметрлері
Оттық газ және оның ауамен қоспасының негізгі параметрлері:
отынның құрамы және жанудағы беретін жылуы;
ауаның артық коэффициенті;
оттық газ қоспасының ылғал ұстауы және энтальпиясы.
Әдетте, астықты ауа мен оттық газдың қоспасымен кептіреді. Есептеу
нәтижелері бойынша1 кг температурасы қажетті оттық газ алу үшін қыс кезінде
20 кг, ал жаз күндері 30 кг дейін атмосфералық ауаны қосады. Осы газда оттық
газдың мөлшері аз болуына (3-5%) байланысты қоспа физикалық қасиеттерімен
ауаға жақын. Сондықтан, қоспаның параметрлерін анықтауда, ауаны
сипаттайтын теңдеулер мен кестелерді пайдалануға толық болады. Осы
жағдайда, отынның құрамын, отын жанғанда пайда болатын құрғақ түтін
газының құрамын және мөлшерін білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |