И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина


сҧрыптар  жақсы  дәмдік  сапасымен  және  біршама  крахмалының молдығымен ерекшеленеді



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет176/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   222
аг негиздери

 
сҧрыптар  жақсы  дәмдік  сапасымен  және  біршама 
крахмалының молдығымен ерекшеленеді.
 
Картоп  сҧрыптарын  пайдалану  бағытына  қарай  топтау  шартты. 
Кӛптеген  сҧрыптарының  дәмдік  сапасы  жақсы  және  оның  ҥстіне 
крахмалдылығы  жоғары  болуына  байланысты  техникалық  ӛңдеуге 
жарамды.  Қазақстанда  асханалық  бағыттағы  сҧрыптардың  егіс  кӛлемі 
басым болуы керек. 
Ӛсіру  технологиясы.
  Ауыспалы  егісте  картоп  танабының  саны 
біреу  немесе  бірнешеу  болуына  қарамай,  ең  бастысы  мынаны  ескерген 
жӛн:  1-  картопты  алдымен  фитосанитарлық  жағынан,  ең  жақсы  алғы 
дақылдан, ал тәлімі жерлерде   тек   сҥрі   жерден   кейін   орналасуын;   
2-картоп      алдында  ӛзі  ӛсірілген  танапқа  3  жылдан  ерте  қайта 
ӛсірілмеуін. 
Картоп  ҥшін  ең  жақсы  алғы  дақыл  болып  жоңышқа  егістігінің 
қыртысы  немесе  қыртысының  аудармасы,  дәнді  бҧршақты  дақылдар, 
ерте мерзімде пісетін орамжапырақ, қияр, пияз, жҥгері саналады. 
Картоп  –  топырақ  тығыздығына  аса  сезімтал  дақыл.  Мҧны 
ескермеу  тҥйнек  ӛнімін  ғана  кемітіп  қоймайды,  сонымен  бірге  оның 
тауарлық және тҧқымдық сапасын да кемітеді. Мҧндай жағдайлар жиі 
суландырылғанда,
 
қатараралықтарды  уақытында  ӛңдемегенде,  әсіресе 
механикалық  қҧрамы  ауыр  топырақтарда  кездеседі.  Міне,  сондықтан 
тҥйнек  отырғызғанға  дейінгі  және  ӛсімдікті  кҥтіп-баптау  кезіндегі 
топырақты механикалық ӛңдеулер, ӛңдеу қабаттарының мҥмкіндігінше 
борпылдақ,  суды  және  ауаны  жақсы  ӛткізуге  бейімді,  қабыршақсыз, 
кесексіз  болуына  бағытталуы  тиіс,  сонымен  бірге  топырақ 
тҥйіршіктерінің  тым  шаңдануына  жол  бермеу  керек.  Қатараралықты 
жиі  ӛңдеу  де  топырақтың  кҥйін  нашарлатуы  мҥмкін,  себебі  оларды 
ӛңдегенде  тамыр  жайылатын  тӛменгі  қабаттар    тығыздалады,      оған   
қоса  ӛндіріс шығындары арта тҥседі. 
Суармалы  жерлерде  топырақты  негізгі  ӛндеуді  алғы  дақылдарды 
жинап  алғаннан  кейін  ерте  кҥзде  аудармалы  соқалармен  30-35  см 
тереңдікке  жҥргізеді.  Кӛктемде,  топырақ  пісіп  жетілгенде  оны  БИГ-3 
тырмасымен  топырақ    қабыршағын    ҥгіту    және    арамшӛптерді      жою  
ҥшін  жҥргізеді. Кӛктемде жер жыртуға болмайды, ол топырақты қатты 
қҧрғатады.  Жал  жасау  алдында  топырақты  жазықтілгішпен  14-16  см 
тереңдікке ӛңдейді. Одан кейінгі жал жасауды және тҥйнек отырғызуды, 
топырақтың ӛңделу  қабатын қҧрғатып алмау ҥшін бір мезгілде, арасын 
ҥзбей жҥргізген дҧрыс. 
Тҥйнектерді        отырғызуға  дайындау,        ӛскіндердің        пайда    
болуын,  ӛсімдіктің  ӛсуін-дамуын  және  тҥйнек  салуын  жеделдетеді, 
жылдың  кез  келген  ауа  райында  жоғары  және  дертсіз  ерте  ӛнім  алуға 
кепіл бола алады. 
Тҧқымдық  картопты  ҥш  фракцияға:  ҧсақ  (30-50г),  орташа  (50-
80г)  және  ірі  (80г  жоғары)  деп  бӛледі.  Отырғызуға  орташа  тҥйнектер 
алынады. 


141 
 
Тҥйнектерді  егуден  7-8  кҥн  бҧрын  18-20°С  қыздыру  тиімді  әдіс 
саналынады.  Қыздырылған  картопты  отырғызғанға  дейін  пленкамен 
жабылған жәшіктерге салып, шашыраңқы жарығы бар жерде кӛктетеді. 
Отырғызуға  1-3  кҥн  қалғанда  тҥйнектерді  мынадай  қҧрамды 
ерітіндімен  ӛңдейді:  1000  л  су,  50%  д.ҧ.  фундазол  -  100  кг,  80%  д.ҧ. 
ТМТД - 30 кг, аммиак селитрасы - 50 кг, жай суперфосфат - 10 кг, калий 
тҧзы  -  1  кг,  жез  тотыяйыны  (купоросы)  -  10  кг,  бор  қышқылы  -  1  кг, 
2,4Д тобының амин тҧзы - 0,02 кг, марганец қышқылды калий - 0,001 
кг.  
Отырғызу
.  Жергілікті  жағдайда  ерте  пісетін  картопты 
отырғызудың  ең  жақсы  мерзімі  –  25  сәуір  мен  5  мамыр  аралығы,  ал 
ертешеден  кешірек  және  орташа  мерзімде  пісетіндерді  мамырдың 
бірінші  он  кҥндігінде  отырғызу  керек.  Бҧл  мерзімде  топырақ  әдетте 
пісіп  жетілген  болады  және  10-12°С  дейін  жылиды.  Отырғызуды 
кешеуілдету қолайсыз жағдайларға әкелуі мҥмкін. 
Тҥйнектерді алдын ала жасалынған жалдарға ауыр топырақтарда 
6-8 см, ал орташа саздақ топырақтарда 8-10 см тереңдікке отырғызады 
(жалдың  қырынан  бастап).  Ал  тәлімі  (жаңбыр  суымен  сусындайтын) 
жерде  (тегіс  тәсіл)    тҥйнектің      отырғызу    тереңдігі      10-12-14      см   
болады.      Тҥйнектің  отырғызу  сҧлбасы  мынадай:  суландырылатын 
жерлерде 70x20 см, 70x25, 70х30см, тәлімі жерлерде 70x35см, 70х40 см.  
Орташа  есеппен  суармалы  жердің  әр  гектарына  55-70  мың  тҥйнек 
отырғызылады, ал тәлімі жерде  – 35-45 мың. Егер отырғызылатын бір 
тҥйнектің  массасын  60  г  деп  алсақ,  онда  әр  гектарға  тиісінше  33-42  ц 
және  21-27 ц  тҧқым  шығындалады.  Тҥйнектердің белгіленген  жиілігін 
тҥйнек  отырғызғыштардың  алғашқы  ӛткен  ізінен  соң  тексеріп 
анықтайды. 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау