И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина


Кҥнбағыс.  Морфологиялық



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет174/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   222
аг негиздери

Кҥнбағыс. 
Морфологиялық 
ерекшеліктері.
 
Кҥнбағыс 
Ақкекірелер –  Asteraceae – тҧқымдасынның ӛкілі. Біржылдық кҥнбағыс 
туысының екі тҥрі бар: мәдени және жабайы. Мәдени кҥнбағыс екі тҥр 
тармаққа  бӛлінеді:  егістік  мәдени  және  әсемдік.  Дәннің  мӛлшері, 
майлылығы, қабықтылығы бойынша кҥнбағыстың ҥш тобын ажыратады: 
майлы, шағылатын, аралық. Ӛндірістік мәнге майлы кҥнбағыс ие.  
Кҥнбағыс – біржылдық шӛптесін ӛсімдік. Кіндік тамыры топыраққа 
2-4 м дейін бойлайды және жан-жағына 100-120 см жайылады. Сабағы – 
тік  ӛседі,  борпылдақ  паренхимамен  толтырылған,  қатты  тҥк  басқан, 
биіктігі 0,7-4,5 м. Жапырақтары қарапайым, сағақты, ірі, сопақ – жҥрек 
пішіндес, қатты тҥк басқан, ҧшы ҥшкірленген, шеттері ара тісті.  
Гҥл  шоғыры  –  домалақша  келген,  диаметрі  15-25  см,  шетінде 
бунақденелілерді қызықтыратын дәнсіз ашық-сары тҥсті тіл тәрізді гҥлі 
бар гҥл тҧғыры және ішкі жағында қосқалақты аналық ауызы және бес 
аталығы бар бір ҧялы жатынды қосжынысты тҥтікті гҥлдері (600-1200-ге 
дейін)  орналасқан  –  себет.  Жемісі  –  қысыңқы  жҧмыртқа  пішіндес  аса 
байқалмайтын 4 қырлы – тҧқымша немесе шекілдеуік.  
Майлы  кҥнбағыстың  1000  тҧқымшасының  массасы  40-80  г, 
шағылатындікі – 170 г дейін.  
Кҥнбағыс мынадай ӛсу-даму кезеңдерінен ӛтеді: тҧқымшаның ӛнуі, 
кӛктеу, бірінші және екінші жҧп жапырақтар, ҥшінші және тӛртінші жҧп 
жапырақтар  кезеңі,  шанақтану,  гҥлдеу,  тҧқымшаның  жетілуі, 
тҧқымшаның толысуы – пісуі (физиологиялық пісуі – себеттің астыңғы 
беті  сарғылттанады,  тҧқымшаның  ылғалдылығы  40-34  %),  толық  пісуі 
(шаруашылық  пісуі  –  себет  сарғылт-қоңыр  және  қоңыр  тҥсті,  тілше 
гҥлдері тҥседі, жапырақтары солады).  
Кҥнбағыстың  тҧқымшасы  +4-5
о
С  температурада  ӛне  бастайды,  ең 
қолайлы  температура  +16-18
о
С  деп  есептеледі  және  бҧл  жағдайда 
кҥнбағыс  кӛгі  6-8  кҥнде  пайда  болады.  Ӛскіндер  –  5-7
о
С  ҥсікті  жеңіл 
кӛтереді. Гҥлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын  талабы арта тҥседі де, 
гҥлденуі  мен  кейінгі  дамуына  +25-27
о
С  температура  қолайлы  деп 
есептеледі.  Кҥнбағыс  жоғары  температураға  8-10  сағат  бойы  тҧрақты 
тҥрде  шыдай  алады.  Басқа  дақылдармен  салыстырғанда  ол  аз 
зақымданады,  транспирация  кҥшінің  нәтижесінде  және  ӛсімдік 
бойындағы  тҥктердің  жылу  сәулелерін  шашыратып  жіберетіндіктен, 


136 
 
жоғары  температура  мен  аңызақтан  кҥйікке  ҧшырамайды.  Толық  ӛсінді 
кезеңіне  қажетті  белсенді  температура  жиынтығы  1800-2500°С. 
Қазақстанның  солтҥстігі  жағдайында  ерте  және  орташадан  ерте  пісетін 
cҧрыптap ҥшін бҧл кӛрсеткіш 1900-2100°С тең. 
Кҥнбағыс  ылғалды  кӛп  қажетсінеді  (транспирация  коэффициенті 
470-550),  алайда  қуаңшылыққа  тӛзімділігімен    ерекшеленеді.  Ӛсіп-ӛну 
кезеңдеріне  қарай  жалпы  пайдаланатын  судың  шығыны  тӛмендегідей: 
себет  тҥзілгенге  дейін  20-22  %,  гҥлденуінің  соңына  дейін  60-62  %, 
піскенге дейін 18-20 %.  
Кҥнбағыс  –  қысқакҥндік,  жарық  сҥйгіш  ӛсімдік.  Басқа 
ӛсімдіктермен  кӛлеңкеленуі,  әсіресе  жас  шағында,  сонымен  қатар  ҧзақ 
бҧлыңғыр  ауа  райы  ӛсімдіктің  ӛсуі  мен  дамуын  әлсіретеді,  ӛсіп-даму 
кезеңін  ҧзартады.  Кҥнбағыстың  ӛсіп-дамуына  қара  және  қара-қоңыр 
топырақтар  қолайлы  болып  табылады,  қҧмдақ,  сазды  және  сортаң 
топырақтардың жарамдылығы шамалы.   
Қазақстанда  майлы  дәнге  кҥнбағыстың  Ислеро,  Родник,            
Сибирский  1,  Солнечный  20,  Заря,  Восточный  сҧрыптары  мен 
Казахстанский 1 буданы ӛсіріледі. 
         Кҥнбағысты  ауыспалы  егісте  сҥрі  жерде  ӛсірілген  бидайдан  кейін, 
тыңайтылған кҥздіктерден, жҥгеріден, дәнді бҧршақты дақылдардан кейін 
орналастырады.  Бір  ескертетін  жайт  кҥнбағысты  бҧрынғы  орнына  7-8 
жылдан  ерте  қайталап  орналастыруға  болмайды  (сҧңғыламен, 
аурулармен  және  зиянкестермен  залалдану  және  жарақаттану 
мҥмкҥндігінен). Топырақ ӛңдеу жҥйесі алғы дақылға, ӛсірілу аймағына, 
танаптардың  арамшӛптермен  ластануына  т.б.  жағдайларға  байланысты 
ӛзгереді. Тҧқым сепкенге дейінгі басқа жҧмыстар бидайдікіне ҧқсас. 
 
Кҥнбағыс 1 ц тҧқым қалыптастыруға орташа есеппен 6 кг азот, 3 кг 
шамасында  фосфор  және  18  кг  калий  шығындайды.  Бҧл  кӛрсеткіштер 
астық дақылдарына қарағанда анағҧрлым жоғары.  Кҥнбағысты себумен 
бірге әр гектарға енгізілген 15-20 кг тҥйіршіктелген суперфосфат, сондай 
мӛлшерде  азотпен  ҥстеп  қоректендіру  (әсер  етуші  затпен  есептегенде) 
жақсы нәтиже береді. 
Егуге  кҥнбағыстың  бірінші  және  екінші  класты  тҧқымдары 
пайдаланылады,  олар  нақты  мӛлшерде  себуге  іріктелген  болуы  керек.  
Себу  алдында  тҧқымды  80  %-ды  ТМТД  (З  кг/т)  дәрмегімен  дәрілейді. 
Тҧқымның  сіңіру  тереңдігінде  топырақ  температурасы  +10-12°С-ға 
жеткенде  сепкен  дҧрыс.  Қазақстанның  кӛптеген  облыстарында  бҧл 
жаздық  бидайдың  себу  мерзіміне  (мамырдың  I-II  он  кҥндігі)  сәйкес    
келеді.  Қатараралықтары  70  см  және  қатардағы  ӛсімдіктердің  ара- 
қашықтықтары  24-30  см  етіп  таспалы  тәсілмен,  себу  мӛлшерін  егін 
жинау  алдындағы  тҥпкілікті  ӛсімдік  санына  есептеп  себеді  және  ол 
кӛрсеткіш  аймақтар  бойынша  тӛмендегідей  болуға  тиіс  (әр  гектарға 
есептегенде,  мың  дана):  орманды  дала  және  далалық  аудандарда  40-45, 


137 
 
жартылай  қуаңшылықты  далалық  аймақта  –  30-40  және  қуаңшылықты 
аудандарда (Солтҥстік Қазақстан) – 20-30. 
Тҧқым топырақтың ылғалды қабатына сіңіріледі  (6-7 см), топырақ 
ылғалдығы  жеткіліксіз  болғанда  тереңірек  сіңіруге  болады  (8-10  см). 
Себуден  соң  іле-шала  егістік  бҧдырлы  таптағыштармен  нығыздалады. 
Кҥнбағысты  майлы  дәнге  ӛсірудің  қарқынды  технологиясында  егістікті 
кҥтіп-баптау жҧмысы маңызды рӛл атқарады. Кҥнбағысты сепкеннен 4-6 
тәулік  ӛткен  соң  егіс  кӛгіне  дейінгі  тырмалау  жҥргізіледі,  ал  нағыз 
жапырақтардың  бірінші  жҧбы  пайда  болғанда  егін  кӛгі  тырмаланады. 
Ӛсіп  тҧрған  арамшӛптерді  жою  ҥшін  қорғау  алаңын  12-15  см 
қойып  қатараралықты  8-10  см  терендікке  қопсытады,  қажет  болса 
екіншісін 6-8 см тереңдікке жҥргізеді. 
 Егістікте  арамшӛптермен  кҥресті  химиялық  тәсілмен  де  жҥргізеді. 
Қосжарнақтыларға  және  біржылдық  астық  тҧқымдастардың  біразына 
қарсы топырақ гербициді гоал 480, к.с. (0,4-0,5 л/га) қолдану тиімді. Оны 
тҧқым себуден  бҧрын  немесе  кҥнбағыс  ӛскін  берер  алдында  топыраққа 
енгізеді. 
Жемістерінің      байлануын      молайту      ҥшін      гҥлдену      кезеңінде   
кҥнбағыс  егістігінің  әр  гектарына  1-2  бал  ара  ҧясын  апарып  қояды. 
Кҥнбағыс  егістігінде      жинар    алдында  қҧрғату  (десикация)  жҥргізу,  
пісуді      10-12  кҥнге      жеделдетеді,      тҧқымның      бір      мерзімде      пісуін   
қамтамасыз   етеді. Механизм кҥшімен жинауды жеңілдетеді, сҧр және ақ 
шіріктің дамуын тежейді, қҧрғақ тҧқым жиналады, тҧқымның    шығыны 
кемиді. 
 Қҧрғатуды  кҥнбағыстың  жаппай  гҥлдеуінен  35-45  кҥн  ӛткеннен 
соң (себеттегі дәннің ылғалдылығы 35-30 % болғанда) магний хлоратымен   
(20 кг/га) жҥргізеді. 
Жинауды қҧрғатудан кейін, дәннің ылғалдылығы 14-12 % жеткенде, 
ал  тҧқымдықта  6-8%  болғанда  қайтадан  жабдықталған  астық  жинағыш 
комбайндармен  атқарады.  Әдетте  бҧл  мерзім  ауа  райына  байланысты 
қҧрғатудан  7-15  кҥн  ӛткен  соң  басталады.  Тҧқым  жиналысымен  жедел 
тҥрде  тазаланады,  қажет  болса  қҧрғатылады.  Сақтауға  қҧйылатын 
тҧқымның ылғалдылығы 7-8 %-дан аспағаны жӛн. 
 
     

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау