Бақылау сҧрақтары
1.
Майлы дақылдардың ботаникалық әр алуандылығы.
2.
Майлы дақылдардың майларының сапалық кӛрсеткіштерін атаңыз
және мәнін тҥсіндіріңіз.
3.
Майлы дақылдардың негізгі ӛсу-даму кезеңдерін сипаттаңыз.
4.
Кҥнбағыстың ботаникалық сипаттамасы.
5.
Кҥнбағыстың тҥр тармақтарының тҧқымшаларының белгілері.
6.
Қазақстанның солтҥстігінде кҥнбағысты майлы тҧқымға ӛсіру
ерекшеліктері.
138
14-дәріс. Тҥйнекжемістер. Картоп
1. Халықшаруашылығындағы маңызы.
2.Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.
Сҧрыптары.
3. Ӛсіру технологиясы.
Бір ӛлшем алаңнан жиналатын коректік заттардың кӛлемі
бойынша картоп танаптық дақылдардың арасында алдыңғы орындарда
орналасады. Оның тҥйнегінің қҧрамында 25% қҧрғақ зат болады, оның
ішінде 12-22 % крахмал, 1,4-3 % ақуыз және 0,8-1% кҥлді заттар бар.
Кӛмірсулардан, ақуыздардан, кальций, фосфор, темір, натрий, хлор,
калий тҧздарынан, сондай-ақ микроэлементтерден басқа, тҥйнекте
адамға қажет дәрумендердің дерлік бәрі және кӛптеген органикалық
қышқылдар бар.
Адам ағзасының ақуыздарын қҧрастыруға қажет 20
амин қышқылдарының 14-і картоп ақуызында болады. Егер
тауық жҧмыртқасының биологиялық қоректілік қҧндылығын 100 %
десек, бидай ақуызынікі 63-65% болса, картоп ақуызынікі – 84-86
%. Картоптың техникалык дақыл ретіндегі маңызы да зор. Ол крахмал,
сірке, декстрин ӛндіру ӛнеркәсібінің шикізаты болып саналады,
глюкоза, спирт ӛндіруге қолданылады. Картоп мал азығына да
кӛптеп пайдаланылады. Малға тҥйнегі, пәлегі және ӛңдеу ӛнеркәсібінің
қалдықтары беріледі. Отамалы дақыл ретінде жаздық бидайға, жҥгеріге,
қызылшаға, арпаға, тарыға, т.б. жақсы алғы дақыл болып саналады.
Ол екпе сҥрі жерде де тиімді. Қазақстандағы картоп егістігінің кӛлемі
175,0
мың га (2011 жыл), оның 54 % жуығы Қазақстанның солтҥстік
облыстарында егіледі. Қазақстандағы әр гектарлық орташа ӛнімділік 133
ц/га қҧраса, солтҥстік облыстарындағы ӛнімділік – 115 ц/га.
Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.
Мәдени картоп – кӛпжылдық, егістікте, әдетте, біржылдық, тҥйнек
байлайтын, шӛптесін ӛсімдік.
Картопты, топырақ астындағы тҥрі ӛзгерген сабағынан пайда
болған ӛркені, қоректік заттар жиналатын – тҥйнегі ҥшін ӛсіреді. Ӛсе
келе тҥйнек ҥстінде, қатайған жасушалардан тҧратын, қабықша пайда
болады.
Тҥйнек бетінде дамып жетілмеген, қабыршақты жапырақшалар
сияқты кӛзшелер болады. Тҥйнектің ӛсуі жоғарғы жағындағы және
бетіндегі кӛзшелерден басталады. Тҥйнектің ӛнуі – кӛктеуі
–
6-7°С-да
басталады, бірақ ӛте баяу жҥреді, ал 17-20°С-да пәрменді ӛніп-ӛседі.
Ӛсімдіктің ӛсуі және дамуы ҥшін оңтайлы температура болып +20-25°С
саналады. Картоп бозқырауға шыдамсыз дақыл – 1-2°С ол ҥшін қауіпті.
Қазақстанның солтҥстігінде ӛсірілетін әртҥрлі кезеңде пісетін
сҧрыптар ҥшін белсенді температура жиынтығы 1000-1600°С тең.
139
Картоптың суға деген талабы жоғары. Суды мол қажетсінуі
бҥршіктену, гҥлдену және тҥйнек байлау кезеңдеріне тҧстас келеді. Осы
кезде ол ҥшін қҧрғақшылық ӛте қауіпті. Су жетпегенде тҥйнектің ӛсуі
тежеледі, олар қатаяды, одан әрі ҥлкеймейді. Сонымен бірге осы кезде
судың артық болуы да қолайсыз, себебі тҥйнекте су мол, ал крахмал аз
болады және сақталуы нашарлайды, кеселге шалдығады. Топырақтағы
судың мӛлшері танаптың сy сыйымдылығының 60-80 % шамасында
болса, оңтайлы деңгейде деп саналады.
Картоп ҥшін суды, ауаны және жылуды жақсы ӛткізетін,
кӛлемдік массасы 0,9-1,1 г/см
3
тең, терең қопсытылған топырақ қолайлы
болады.
Картоптың қарқынды ӛсуі және дамуы ҥшін қоректік заттардың
мол болғаны дҧрыс. Картоп егістігіне тыңайтқыш жҥйесін
жоспарлағанда әрбір тонна тҥйнек топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор, 3
кг калий, 4 килограмдай кальций, 2 кг магний алып шығатынын ескерген
жӛн.
Осыған байланысты тыңайтқышты жоспарланған ӛнімді,
топырақтың агрохимиялық талдауын ескеріп енгізеді. Қазақстанның
картопты
суландырып
ӛсіретін
аймақтарында
тыңайтқыштың
ҧсынылған мӛлшері тӛмендегідей (әсерлі заты бойынша, кг/га):
орманды-далада – N 30-50, Р90-120, К45-60; далада – N40-80, Р90-120,
К45-60; қҧрғақ далада – N40-80, Р90-120, К45-60. Органикалық
тыңайтқыш ретінде әр га жартылай шіріген кӛңнің 50-100 т сҥдігер
кӛтергенде енгізеді, ал тәлімі жерлерге сҥрі жерді негізгі ӛңдегенде –
20-30 т/га.
Сұрыптары.
Қазақстанның солтҥстік облыстарында ӛсіруге рҧқсат етілген
сҧрыптар тӛмендегідей:
Ерте мерзімде пісетіндер:
(50-60 тәуліктік) Приекульский
ранний, Кокшетауский ранний, Ақкӛл, Просвит, Фреско, Полет, Весна.
Орташа мерзімнен ертерек пісетіндер:
(60-80 тәуліктік) Невский,
Мурманский, Огонек.
Орташа мерзімде пісетіндер:
(80-100 тәуліктік) Никита, Тамаша,
Эскорт, Ақсор, Ресурс, Шортандинский.
Орташа мерзімнен кешірек пісетіндер:
(110-120 тәуліктік) Ақжар,
Курант 1.
Халықшаруашылығында пайдалануына қарай картоп сҧрыптарын
4 топқа бӛледі.
Асханалықтардың
тҥйнектері дҧрыс пішінді, дәмдік сапасы мен
сақталуы жақсы, тез піседі, бірақ езіліп кетпейді, кӛзшелері таяз
орналасқан (бҧлар әдетте ерте және орташа мерзімде пісетін сҧрыптар).
Техникалықтар
(зауыттықтар) – әдетте кеш пісетін сҧрыптар,
крахмалдылығы жоғары (20%-ға дейін) және жақсы сақталады.
Малазықтықтар
– бҧлар жоғары ӛнімді сҧрыптар.
140
Әмбебап
Достарыңызбен бөлісу: |