Отчет Надежда қаз indd


-тарау.   Мониторинг ұсынымдары



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет97/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   103
3-тарау.   Мониторинг ұсынымдары

Осы  тарауда  мазмұндалған  қорытындылар 

ІІО  ЖПҚ  қызметінің  құқықтық  негіздерін  тексеру, 

олардың  құзыретін  талдау  және  жергілікті  полиция 

қызметкерлері  қолданатын  тұрмыстық  зорлық-

зомбылықтың  алдын  алу  шараларын  зерттеу, 

сондай-ақ  сауалнама  нәтижелерін  қорытындылау 

негізінде  алынды.  Сұхбат  нәтижелерінің  қоры-

тындылары,  негіздемелері  мен  ұсынымдары  осы 

мониторингтің 2.2-бөлімінде мазмұндалған.

Біздің  ұсынымдарымен  ұлттық  заңнаманы 

жетілдіру  мақсатында  ғана  емес,  сонымен  қатар 

ғылымда,  ЖПҚ-ның  және  Қазақстан  Респуб-

ликасының  өзге  де  құқық  қорғау  органдарының 

құқық  қолдану  қызметінде,  сондай-ақ  тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  профилактикасының  өзге  де 

субъектілерінің қызметінде пайдаланылуы мүмкін.

Қоғамдық  мониторинг  нәтижелерінің  прак ти-

калық  мәні  мынада:  жаңа  заңнамалық  актілерді 

әзірлеу  және  қолданыстағы  заңнамалық  және 

тұрмыстық  құқық  бұзушылықты  болдырмау  және 

алдын  алу  аясындағы  құқықтық  қатынастарды 

реттейтін  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

нормативтік-құқықтық  актілерін  жетілдіру;  профи-

лактика  субъектілерін  және  қоғамдық  осы  пробле-

маны  шешуге  оңтайлы,  әрі  тиімді  қатыстыру  және 

олардың  құқықтық  мәртебесіне  түзетулер  енгізу 

жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды.

Зерттеу нәтижелерінің қолданбалы мәні мынада: 

олар  ҚР  ІІО  ЖПҚ,  ең  алдымен,  қоғамдық  тәртіпті 

және  азаматтардың  тұрмыс  аясындағы  ықтимал 

құқыққа  қарсы  әрекеттерден  жеке  қауіпсіздігін 

тікелей,  әрі  күнделікті  қамтамасыз  етутін  учаскелік 

полиция 

инспекторларының 

профилактикалық 

қызметін  ұйымдастыруды  және  оның  жүзеге  асыру 

тиімділігін арттыруға бағдарланған.

ІІО  ЖПҚ  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профи-

лактикасы  бойынша  құзыретін  зерттеу  әр  түрлі 

құқық  бұзушылықтың  профилактикасы  туралы 

мамандандырылған  заңдарда  мазмұндалған  ІІО 

құзыретін  салыстырмалы  талдау  негізінде  жүргізілді. 

Осыған байланысты келесі ұсынымдар негізделді:

1)  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңының  10-бабын  «ҚР  заңна-

масында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге 

асырады»  редакциясымен  жаңа  18-тармақпен 

толықтыру, осы баптың 2-тармағын алып тастау; 

2)  ІІО  тұрмыстық  зорлық-зомбылықпен  күресу 

қызметінде  дербес  профилактика  шараларымен 

қатар  «Құқық  бұзушылықтар  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңында  көзделген  тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

профилактикасының 

ар-

найы  және  дербес  шараларын  қолдануы 



тиіс.  Біздің  пікірімізше,  мұндай  заңды  ереже 

«Кәме летке  толмағандар  арасындағы  құқық 

бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  бала-

лардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының 

алдын  алу  туралы»  2014  жылғы  9  шілдедегі  № 

591 ҚР Заңында болуы тиіс;

3)  ІІО  ЖПҚ  құқық  бұзушылық  профилактикасы 

шараларымен  қоса  «Құқық  бұзушылық  профи-

лактикасы  туралы»  ҚР  Заңының  21-бабында 

санамалап  көрсетілген  құқық  бұзушылық 

профилактикасының  жалпы  шараларын  жүзеге 

асыруы тиіс;

4)  «Құқық  бұзушылық  профилактикасы  туралы» 

ҚР  жаңа  кешенді  Заңын,  сондай-ақ  маман дан-

дырылған  заңдарды  біріктіре  отырып,  оған 

ілеспе  ҚР  Заңын  дайындауға  және  қабылдауға 

бастама жасау керек:

–  Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 

бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың 

қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын  алу 

туралы. ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы;

–  Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилак-

тикасы  туралы.  ҚР  2009  жылғы  4  желтоқсандағы 

№214-IV ҚРЗ Заңы;

–  Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы. 

ҚР 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV ҚРЗ Заңы;

–  Алкоголизмге,  нашақорлық  пен  уытқұмарлық 

дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы. 

ҚР 1995 жылғы 7 сәуірдегі N 2184 Заңы.

5)  сәйкесінше, «Құқық бұзушылық профилактикасы 

туралы»  ҚР  жаңа  кешенді  заңы  қабылданған 

жағдайда,  ҚР  ІІМ-нің  осы  заңды  іске  асыру 

туралы 

мамандандырылған 

ведомстволық 

құқықтық  актісін  және  құқықбұзушылықтың 

жеке  профилактика  шараларын  жүзеге  асыру 

бойынша  бірыңғай  қызметтік  іс  жүргізу  туралы 

қосымшаны әзірлеу керек;

6)  азаматтардың  өтініштерін  шешудің  құқықтық 

негіздері 

түрлі 


ведомстволық 

құқықтық 

актілерде мазмұндалған, бірақ олардың барлығы 

шашыраңқы орналасқан, бұл оларды практикада 

қолдануды  қиындатады.  ІІО  бөлімшелерінің 

азаматтардың 

арыздары 

мен 


өтініштерін 

қабылдау  және  шешу  бойынша  барлық  іс-

шаралар  кешенін  реттейтін  ҚР  ІІМ  кешенді 

нұсқаулығын әзірлеу керек;

7)  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  құрбандарына 

бар,  оларға  көмек  көрсету  және  денсаулық 

сақтау  ұйымына  өтініш  білдіру  ІІО  жолдамасы 

болған  кезде  де  тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

құрбандарының  міндеті  емес,  құқығы  болып 

қалуы тиіс;

8)  ҚР  заңдарында  ІІО  ғана  емес,  барлық 

профилактика  субъектілеріне  профилактикалық 

әңгіме  жүргізу  құзыреті  берілген.  Осыған 

байланысты 

«Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

профилактикасы  туралы»  ҚР  Заңының  10-бабы 

8-т.  алып  тастау  туралы  қорытынды  дәлелді. 

Осы  проблема  шешімінің  екінші  нұсқасы 

«Құқық  бұзушылықтар  профилактикасы  туралы» 

ҚР  Заңынан  басқа,  ҚР  барлық  заңдарынан 

профилактикалық  әңгімелесу  жүргізу  тәртібін 

көздейтін  нормаларды  алып  тастаумен  тұжы-

рымдалады.




58


жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау