Отчет Надежда қаз indd



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет98/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
3-тарау.   Мониторинг ұсынымдары

9)  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңының  10-бабы  9-т.  12-т.-мен 

біріктіру  керек,  өйткені  тұрмыстық  жәбірлеушіні 

жеткізусіз  оны  ұстау  мүмкін  емес.  Проблеманы 

шешудің  екінші  нұсқасы  Заңнан  осы  9  және 

12-тармақтарды  алып  тастау  болуы  мүмкін, 

өйткені  бұл  тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

профилактикасы  процесіне  ешқандай  ықпал 

етпейді.  Жеткізу  және  ұстау  құзыреттері  «Ішкі 

істер  органдары  туралы»  ҚР  Заңында  және 

ҚРӘҚБтК көзделген.

10) «Ішкі  істер  органдары  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңына  сәйкес  жергілікті 

полиция  қызметінің  бастығы  ІІО  бастығының 

орынбасары  болып  табылады  және  оның 

құқық  бұзушыға  әкімшілік-құқықтық  ықпал 

ету  құралдарын  қолдану  бойынша  артық 

юрисдикциялық 

өкілеті 


болмауы 

тиіс. 


Сондықтан,  ІІО  бастығына  отбасы-тұрмыстық 

қатынастар  аясында  құқық  бұзушылық  жасаған 

адамға  қатысты  қорғау  нұсқамасын  шығару 

өкілеттігі берілуі тиіс;

11) «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңының  20-бабының  бірінші 

бөлігінде  соңғы  сөйлемді:  «Қол  қоюдан  бас 

тартқан  жағдайда,  қорғау  нұсқамасында  бұл 

туралы  жазба  жасалады»  алып  тастау  керек, 

өйткені  бұл  жоғарыда  айтылған  «..негіздемелер 

болмаған 

кезде..»тіркесіне 

қайшы 

келеді. 


Тұрмыстық  жәбірлеушінің  қорғау  нұсқамасына 

қол  қоюдан  бас  тартуы  қорғау  нұсқамасының 

орнына  ұстауға  негіздеме  болып  табылады, 

өйткені  тұрмыстық  жәбірлеушінің  өзі  қорғау 

нұсқамасында  мазмұндалған,  оның  мінез-

құлқына  белгіленген  құқықтық  тыйымдарды 

орындамайтынын жария түрде білдіреді;

12) ІІО  қызметкерлері  тұрмыстық  зорлық-зомбы-

лықтың  ықтимал  құрбанының  арызынсыз  құқық 

бұзушылық  фактісі  басталғанға  дейін  қорғау 

нұсқамасын  шығара  алады,  бұл  «тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  құрбанының  пікірін  ескеру» 

әрекетін  қайшы  келеді.  Осыған  байланысты 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактиксы 

туралы»  ҚР  Заңы  20-бабының  бірінші  бөлігінен 

«жәбірленушінің  пікірін  ескере  отырып»  сөз-

дерін алып тастауды ұсынамыз;

13) «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактиксы 

туралы»  ҚР  Заңының  10-бабы  11-тармағын 

алып тастау керек. 18.02.2014 № 175 ҚР Заңында 

прокуратураның  қорғау  нұсқамасының  мерзімін 

ұзарту 


өкілеттігін 

болдырмайтын, 

қорғау 

нұсқамасын шығарудың жаңа тәртібі енгізілді;

14) 18.02.2014  №  175  ҚР  Заңында  54-бабының 

1-бөлігі  өзгертілді,  бұрын  ІІО  ғана  құқық 

бұзушының  мінез-құлығына  ерекше  талаптарды 

белгілеу  туралы  сот  алдында  өтініш  білдіре 

алатын.  Осыған  байланысты,  «Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  профилактиксы  туралы»  ҚР 

Заңы 10-б. 13-т. редакциясы ескірді деген қоры-

тынды  дәлелденді  және  оның  болуы  қағидатты 

емес;

15) «Құқық  бұзушылықтар  профилактикасы  туралы» 



ҚР  Заңының  27-бабын  және  «Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

профилактиксы 

туралы» 


ҚР  Заңының  22-бабын  осында  шара  ҚРӘҚБтК 

көзделген 

тәртіппен 

қолданылады 

деген 

сілтеме  қалдырып,  алып  тастауға  болады.  Осы 



баптардың  мазмұны  өзгешеленеді,  ал  оларға 

өзгерістер  мен  толықтырулар  әрқашан  қатар 

енгізіле  бермейді,  бұл  ІІО  құқық  қолдану 

практикасында  түрлі  қиындықтар  туғызуы 

мүмкін;

16) Пробация  қызметінде  тұрмыс  аясында  қыл-

мыстық  құқық  бұзушылық  жасаған  көптеген 

азаматтар  есепте  тұр,  сондықтан  пробация 

қызметі  құқық  бұзушылық,  оның  ішінде  тұр-

мыстық  зорлық-зомбылық  профилак тика сы-

ның  субъектісі  болуы  тиіс.  Осыған  байланысты 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңының  10-бабы  14-тармағын 

«Құқық  бұзушылық  профи лактикасы  туралы» 

ҚР  Заңының  7-бабы  9-тармағына  ұқсас 

мазмұндауды ұсынамыз: «қылмыстық қудалауды, 

пробациялық  бақылауды,  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  істер  бойынша  іс  жүргізуді 

жүзеге  асырады».  Біздің  пікірімізше,  екінші, 

анағұрлым дұрыс нұсқа 14-тармақты алып тастау 

болып  табылады,  өйткені  «Құқық  бұзушылық 

профилактикасы 

туралы» 

ҚР 


Заңындағы 

құқықтық регламенттелуі жеткілікті;

17) ҚР  бүкіл  аумағында  кодификацияланған  заңна-

маны  бірдей  қолдану  мақсатында  ҚР  ІІМ 

бұйрығымен  ІІО  ЖПҚ  қызметінде  пайдала ны-

латын құжаттардың үлгілерін бекіту керек;

18) процессуалдық  мәжбүрлеу  шаралары  құқық 

бұзушылық  профилактикасы  шаралары  емес, 

қылмыстық-процессуалдық  мәжбүрлеу  шара-

лары болып табылады және ҚР ҚПК 4-тарауында 

регламенттелген. 

Осыған 


байла нысты 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилак тикасы 

туралы»  Қазақстан  Респуб ликасы  Заңының  10-

бабы  15,  16-тармақ тарын  және  23-бабын  алып 

тастау негізделген;

19) «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы» ҚР Заңының 10-бабы 17-тармағы болуы 

қағидатты  емес,  өйткені  «Құқық  бұзушылық 

профилактикасы  туралы»  ҚР  Заңының  7-бабы 

10-тармағында  осыған  ұқсас  құзырет  бар. 

Егер  ішкі  істер  органдары  өзге  ұйымдардың 

және  халықтың  арасында  тұрмыстық  зорлық-

зомбылық 

профилактикасы 

бойынша 

курстарды  және  басқа  да  оқыту  іс-шараларын 

ұйымдастырған  жағдайда,  мұндай  функцияны 

Заңда бекіту орынды болар еді;

20) «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы 

туралы»  ҚР  Заңының  3-тарауы  «Құқық  бұзу-

шылық  профилактикасы  туралы»  ҚР  Заңын 

қайталамауы  тиіс,  тек  қана  кейбір  ерек ше-

ліктерін  белгілеуі  тиіс.  Кері  жағдайда,  толық 

қайталау  кезінде  тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

профилактикасы  шараларын  белгілеу  қажет-

тілігінің мәні жоқ;





жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау