30
1-тарау. ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі
Өзіміз көріп отырғандай, әр заңдағы айқын-
дамалар арасында айырмашылықтар бар. Бұл ретте
тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шең-
берінде шектеулі адамдардың құқықтық санасына
және мінез-құлқына әсер ету мүмкін емес, тек бір
адамның мінез-құлқына әсер ету мүмкін екендігі
түсініксіз. Одан басқа, жалпы айқындамадан
айырмашылығы сол, «құқық бұзушылықтардың
жасалуына әсер ететін себептер мен жағдайларды
жою» тұжырымы да тұрмыстық зорлық-зомбы-
лықтың жеке профилактикасы шараларында жоқ. Ал
Заңның 1-бабының 4-тармақшасында «тұрмыстық
зорлық-зомбылық
профилактикасы»
терминіне
айқындама берілген кезде құқық бұзушылықтарды
жою ғана емес, олардың жасалу себептері мен
жағдайларын анытау да көрсетілген.
Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
жеке профилактикасын айқындауда салыстырылатын
заңдарда баяндалған айқындамалар да ескерілуге
тиіс.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңының 16-бабында: «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын
қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу
осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле
отырып,
Қазақстан
Республикасының
құқық
бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады» делінген.
Яғни, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профи лак-
тикасы туралы» ҚР Заңында көзделген профилак-
тикалық іс-шаралардың барлық кешені отбасылық-
тұрмыстық қатынастар саласында қолданылады.
Осылайша, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық про-
филактикасы туралы» ҚР Заңын 3-тарауы «Құқық
бұзушылықтар профилактикасы туралы» ҚР Заңын
қайталамауға тиіс, ол өзінің ерекше талаптарын
белгілеуі керек. Олай етпеген жағдайда, толығымен
қайталау болатын болса, тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы шараларын белгілеудің
еш мәні жоқ.
Солай болғанымен де 17-баптың 2-тармағының
талдауы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилак-
тикасының он шарасының жетеуі құқық бұзу шы-
лықтардың жеке профилактикасы шараларын
қайталайтынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: