«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет142/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   296
materialy resp chteniy

«Ғажайып  баспалдақ» 

(сурет1)  ойынында  

балаларды  зат  туралы  айта  білуге  үйрету,  олардың  жүйелі  сөйлеу  қабілетін 

дамытуды көздеймін.  

              

 

 



 

 

 



 

 

 



 

         

                      

Сурет 1 


Ойын  міндеті

  –  жасырынған  затты  тауып,  сол  затқа  сипаттама  бере 

отырып  өз  ойын  жеткізе  білуін  қалыптастыру.  Дидактикалық  ойындарды 

айналамен  танысу,  көркем  әдебиет  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерінде  жиі 

қолданамын.  Себебі,  ойын  барысында  диалог  орнайды.  Көркем  әдебиет 

ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  ертегідегі  кейіпкерлерді  түрлендіріп, 

сахналық көріністерде ойнауға үйретемін. Мұнда балалар бір-бірімен сөйлесіп, 

қарым-қатынасқа түседі. [3] 

Сабақтан тыс уақыттарда балаларға достыққа, адамгершілікке байланысты 

өлең жолдары мен мақал-мәтелдер жаттатып, әңгімелер оқып беремін. Серуен 

кезіндегі қимыл-қозғалыс ойындарын да  бекітуге  көп  көңіл  бөлемін. Мысалы, 

күнделікті өзара қарым-қатынаста қолдануды қадағалаймын.  

2013-2017  оқу  жылында  №2  топтың  балалары  ӨТШТ  –  өнертапқыштық 

тапсырмаларды  шешу  теориясының  әдісімен  сурет  бойынша  сөйлемдер 

құрастырып,  сөйлеу  мәнерін  үйрене  бастады.  ТРИЗ  әдісінің  басты  мақсаты  – 

балалардың  ой-өрісін  дамытумен  қатар,  жүріп  жатқан  үдерісті  түсіндіре 

отырып, жүйелі ойлануға үйрету.  

Үдерісте  ӨТШТ  бейімделген  әдістерін  қолдануда  балалардың  танымдық 

іс-әрекетін  белсенді  етеді.  Балалардың  бейнелей  сөйлеуін  дамыту  үшін 

ауыспалы  мағынадағы  сөздер,  синоним  мен  антонимді  байытуға  жағдай 

жасайды.  Балаларды  ауызша  сөйлеуге  үйрету,  сөздік  қорын  дамыту. 

Айналадағы  дүниені,    табиғатты  бақылау,  таныту  арқылы  сөздік  қорын  жаңа 

сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған 

сұраққа жүйелі жауап беруге үйрету. [4] 




254 

 

Осы  тақырып  төңірегінде  жұмыс  жүргізу  барысында  мен  2013  жылдан 



бастап 

бірнеше 


ашық 

сабақтар 

өткіздім. 

Сабақтарымда 

ӨТШТ 

технологиясының  әдіс-тәсілдерін  қолданып,  балалардың  қызығушылықтарын 



арттыру  мақсатында  көптеген  ойын  түрлерін  тиімді  пайдаландым.  Ашық 

сабақтарды  өткізуге  қолданылатын  көрнекіліктер,  слайдтар  дайындап, 

видеопроектор  көмегімен  өткіздім.  Өткізілген  сабақтар:  №2  ересек  тобында 

«Түлкі  мен  Қоян»  ертегісі,  «Біз  де  ойнаймыз»  М.Төрежанов.  «Бурабай 

Қазақстанның маржаны», «Киелі домбыра», №2 даярлық тобында «Көңілді қыс 

және  қысқы  ойындар»,  «Біз  не  біліп,  не  үйрендік?».  Бұл  сабақтардың 

барлығында  мүмкіндігінше  ӨТШТ  технологиясының  тәсілдерін  қолданып, 

сабақты түрлендіріп, балалардың белсенді атсалысуларына мүмкіндік жасадым. 

Сабақ  нәтижелері  жаман  емес.  Барлық  бала  бағаланып,  сабақтың  сапа 

көрсеткіштері де жақсы болды. 

Білім беру саласында қызмет ететін әр педагог шығармашылықпен жұмыс  

істей    білуі  керек  деп  түсінемін.  Қазіргі  таңда  кәсіби  білімді  педагог  қоғам 

талаптарына  сай  болуы  үшін  өзінің  білімін  үнемі  жетілдіру,  мінез-құлқын 

психологиялық  жағынан  тәрбиелеу,  шығармашылық  даму  шараларын  жүзеге 

асыра  білгені  жөн.  Нәтижесінде  аталмыш  іс-әрекеттердің  жүзеге  асқан-

аспағанын  балалардың  бойынан  іздеу  қажет.  Себебі  педагог  бойындағы  бар 

болмысының,  жанын  салған  жұмысының  жемісі  –  өзі  тәрбиелеген  шәкірттері 

екенін ұмытпаған абзал.  

Қорыта келе, қазіргі таңдағы барлық білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерінің 

алға  қоятын  басты  мақсаты  –  балалардың  жеке  басының  дара  және  дербес 

ерекшеліктерін 

ескеріп, 

олардың 

өз 


бетінше 

ізденуін 

арттырып, 

шығармашылығын  қалыптастыру.  Жалпы,  осы  аталған  бағдарламаның:  оқыту 

мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер;  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету;  оқыту  мен  оқуда 

жаңа  инновациялық  технологияларды  пайдалану;  талантты  және  дарынды 

балаларды  оқыту,  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу, 

оқытуды  басқару  және  көшбасшылық  модульдерін  болашақта  да  өзімнің 

барлық  іс-әрекеттерімде,  іс-шараларымда  қолданып,  белгілі  бір  нәтижеге  қол 

жеткізуге тырысамын. Бұл технологиялардың іс-әрекетке тигізетін пайдасы өте 

көп.  Ісіміз  үнемі  балаларға  қызықты,  мазмұнды,  мағыналы,  жан-жақты, 

нәтижелі болсын деп тілеймін! 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау