Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Орта Азия интеграциясына  оптимистік көзқарас



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет104/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

4. Орта Азия интеграциясына  оптимистік көзқарас
 Аймақтағы бірігуге деген ынта 1993 жылдың аяғынан бас-
талып, келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 


256
экономикалық интеграция туралы келісімге қол жеткізілді. Кейін 
Қырғызстан қосылып, көп үміт артқан біріңғай экономикалық 
аймақ құру жобалары кеңейе түсті, жұмысты іске асырушы 
мемлекетаралық органдар құрылды. 1994-1996 жылдар аралығын-
да 180 құжатқа қол қойылды. 1998 Тəжікстан қосылды, бірақ 
кейін интеграция сатысымен бұл мемлекеттер керісінше төмен 
түсе бастады. Интеграцияны экономикалық салада тереңдету 
шаралары Орталық Азия Экономикалық Қауымдастық шеңберінің 
өзінде-ақ айтарлықтай нəтиже берген жоқ. Бұл қауымдастық-
тың 2000 жылғы Душанбедегі саммитінде мүше-мемлекеттер
бес жылда сатылап экономикалық интеграцияға қол жеткізуге 
келісті, бірақ ешқандай пункт жүзеге аспады, себебі келісімдер 
жай ғана декларативті түрде болды. 2001 жылы құқықтық-шарт-
тық негізге жүргізілген ревизия бұл келісімдердің көбісінің жү-
зеге аспағанын көрсетті. 2001 жылы Ислам Каримовтың ұсы-
нысы – Орталық Азия Экономикалық форумын құру жүзеге аспа-
ды да, 2002 жылы Орталық Азия қауымдастық ұйымына айнал-
ды. Кейін, қауымдастық ұйымына Ресей қосылып, Қауымдастық 
ЕурАзЭҚ ішіне кіргізіліп, ұйымның оған мүше-мемлекеттер 
үшін, əсіресе саяси-экономикалық өмірінде айтарлықтай ма-
ңызды емес екенін  көрсетті.  
Бұл процестерді посткеңестік мемлекеттердің аймақтық 
бірыңғай саясат үшін өз егемендігінен айрылып қалу-қалмау 
қаупімен түсіндіруге болады. Аймақтық бірігу үлгісі ретінде көп 
сатыдан өткен Еуро Одақты көп қояды, сондықтан Орталық Азия 
интеграциясы сол сатылардың алғашқысында жатыр. 
Сол алғашқы жылдары Орта Азиялық интеграция жобала-
ры Еуро Одақ үлгісінде құрылды. Яғни, алдымен аймақтағы 
экономикалық өсім мен дамуды қамтамасыз ету мəселесі алға 
қойылды. Еуропалықтардың жолымен жүру үшін, орта азиялық 
еркін сауда аймағын құрып, кейін кедендік одақ құрып, соның 
негізінде ортақ нарық құрылса, экономикалық жəне валюталық 
одақ құру керек болды. Егер мұндай одақ құрылған жағдайда, 
орта азиялық өмір стандарттары орнығушы еді, ал мұндай 
платформаға негізделіп, Орта азия одағын құруға бір-ақ қадам 
қалушы еді. Оптимистер бұдан кейін Орта Азияның конституци-
ясы құрылушы еді деп айтар еді. 
Бірақ, тарих бізге басқа дамуды көрсетті. Алғашында Орта 
Азиялық Одақ құрылды, ол кейін Экономикалық қауымдастыққа  


257
өзгертіліп, 2005 жылы тіптен жойылды деуге болады. Мұндай де-
градация қоғамда қолдау тапқан жоқ. Аймақтағы көптеген про-
блемалар осындай тарихи тəжірибеге итермеледі. Енді біз, яғни 
Орта Азия мемлекеттері алғашқы нүктеге қайта оралдық. 1991 
жылдан бері Орта-азиялық бес мемлекет ішкі жəне сыртқы са-
ясатын қалыптастырды, енді бірлесуге дайын уақыт келіп жетті 
деуге болады. Алдымен интеграцияға кері əсер етуші бірнеше 
факторларды жою міндеті тұр, бұл факторлардың ең негізгісі бұл 
– бес мемлекеттің əртүрлі экономикалық даму сатысында жа-
туы. Барлық бес мемлекет шикізат экспорттауға экономикасын 
негіздеген. Біршама алда келе жатқан Қазақстан біршама тиімді 
экономикалық реформалар жасады, Өзбекстан экономикасының 
модернизациясы баяу жүруде. Қырғызстан экономикасы тек қана 
сыртқы қаржыға сүйенеді. Тəжікстан мен Түркменстан жағдайы 
да сондай. Алайда  барлық мемлекеттерде шикізат көзінен басқа, 
бұрыннан аграрлық сала дамып келуде, сонда неге интеграцияға 
жақсы əсер етуші механизм – ортақ инфрақұрылымды осы 
барлығына таныс, тиімді аграрлық сектордан құрмасқа?  Сонда 
аймақтағы еңбек бөлінісі жүйесі қалыптасар еді.
Орта Азия интеграциясы туралы сөз қозғалғанда, барлық 
аймақтағы мемлекеттердің тарихи жəне мəдени ортақтығына 
сілтеме жасалады. Бірақ тарихқа үңілсек, бұл бес мемлекеттің 
ортақ тарихы тек КСРО құрамында болды, ал егемендігіне 
қол жеткізген мемлекеттер қайтадан бір орталыққа бағынудан 
əрине бас тартады. Сондықтан, интеграция мəселесіне келген-
де, ақпараттық фактордың өзі де маңызды, қайта-қайта тарихтың 
ортақтығына назар аудара бермеу керек. Жаһандану үрдісі жүріп 
жатқан уақытта аймақтық протекционистік ойларды алды-
мен ортаға қою керек, сондықтан интеграцияға деген позитивті 
көзқарасты БАҚ жүйесінде біршама өзгертулерді жасау арқылы 
жаңартуға болады. Қайталап интеграция аймақтық экономиканың 
дамуы үшін қажет екенін бұқараға жеткізу қажет.
Орталық Азия интеграциясының қолда бар механизмдер 
шеңберінде қалыптасу болашағы бар. Бұл, біріншіден ЕврАзЭҚ 
жəне екіншіден ШЫҰ. Бірақ ШЫҰ шеңберінде Пекиннің ортақ 
экономикалық зона құру ұсынысынан Орта Азия мемлекет бас-
шылары бірден бас тартқаны дұрыс шешім, себебі  Қытайдың 
жеңіл өнеркəсіп тауарлары орта-азиялық нарықты басып алған, 
ортақ экономикалық зона ашылған жағдайда, орта-азиялық 


258
жеңіл өнеркəсіп бұйымдары бəсекелестікке төтеп бере алмау-
шы еді. Сонымен қатар бес мемлекеттер арасындағы екіжақты 
ынтымақтастық негізінде ортақ ынтымақтастық жүйесін құруға 
болады. 
Тағы бір кері əсер етуші фактор, бұл аймаққа деген басқа 
аймақтан шет факторлардың геосаяси мүдделері. Мүдделер 
əрине энергетикалық ресурстарға келіп тіреледі, жəне Орта Ази-
яда бірнеше сыртқы авторлардың əрекеттері тоғысады. Соның 
нəтижесінде аймақ мемлекеттеріне əр түрлі ұсыныстар беру 
арқылы, олардың сыртқы саясаты түрлі бағытқа үңілген. Ал бұл 
əрине интеграцияға пайда əкеле алмайды.
Сырдария, Амудария су-энергетикалық бассейндері төңіре-
гіндегі шешілмеген экологиялық проблемалар да процесті  артқа
тартуда. Əр мемлекеттің позицияларын түсінуге болады: өзен -
дердің бастауындағы территориядағы мемлекеттер – Қыр 
 
ғыз-
стан мен Тəжікстан су ресурстарын энергетика көз 
дері
ретінде қарастырса, «төмендегі», яғни өзендердің төменгі ағы-
сындағы мемлекеттер – Қазақстан мен Өзбекстан иррагициондық 
мүдделерге бұл зақым келтіреді деп санайды, бірақ өркениетті 
ғасырда мұндай проблемаларды халықаралық құқыққа жəне 
өзара түсінушілікке негізделіп шешуге болады.  

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау