235
мүмкіндік
береді.
Педагогикалық
әдебиеттерде
жиі
кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін
таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша
және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың
ӛзіндік ерекшеліктерін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін
ашуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану
бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы
жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі,
елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді.
Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында
пайда болатын ӛз әрекетін ұйымдастыру, ӛзін-ӛзі басқара
білу,
ӛзгелермен
санасу
сияқты
дағдылары
да
қалыптасатыны сӛзсіз.
Жобалау әрекетінің
жасӛспірімдер үшін маңыздылығы
зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі
болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау
осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және
әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру
міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру
нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
оқу барысында
ӛзінің мінез–құлқын реттеу, ӛзіндік әрекетін басқару
құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы
жоғары сыныпта ӛзінің білім алу траекториясын таңдауға
жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды
және ӛзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін
басқаруға қабілеттілігіне айналады.
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті
қызметтік рӛл де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге
асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу
әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда,
мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ
бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады.
Білім берудің тӛмендегі сипаттамалары бар екені
белгілі, олар:
-
кеңістік
пен уақыт ішінде орындалады;
-
коммуникация түрлері
арқылы орындалады;
-
бағалау түрлері
қолданылады;
236
Білім берудің әрбір сатысы белгілі бір деңгейде
аяқталып отырады. Мысалы, бастауыш мектепті аяқтауда
емтихан тапсырмайды, келесі сатыға ӛтуге таңдау
жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары ӛз
сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан
ӛтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім сатылары
белгілі бір білім мазмұнын игере отырып, осы нәтижені
аяқтауға тиіс болады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын
сынып ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады,
бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп
ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта
мектептерде білім беру кеңістігі сыныппен де, мектеппен де
шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша
білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады.
Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үдерісі
оқушыларға оқу–тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар
әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды.
Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бӛлмесі, сабақ
– бұлжымас оқу түрі, сондай–ақ, кабинеттік жүйе (химия
лабораторияларымен, биология, ӛсімдіктер, жануарлар
әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен)
пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс-әрекеттері
мұғаліммен қатынаста құрылса, негізгі және орта
мектептерде – пән бойынша оқшаулануы басым, яғни пәндік
кеңістікте құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: