C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет97/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар
 
1.
 
Жобалау 
әрекетін 
ұйымдастырудағы 
жас 
ерекшеліктерін ескерудің маңызы. 
2.
 
Бастауыш 
мектеп 
оқушыларының 
жобалау 
әрекеттерінің үйымдастыру жолдары. 
3.
 
Жасӛспірім  шақтағы  оқушылар  үшін  жобалаудың 
мәні. 
4.
 
Жобалау әрекеті  және білім берудің кеңістігіндегі 
ӛзгерістер. 
5.
 
Білім  берудің  әрбір  кезеңіне  (бастауыш,  негізгі, 
жоғары  сыныптар)  тән  жобалау  әрекетінің 
ерекшеліктері.  
6.
 
Оқу және жобалау әрекеттерінің ӛзара байланысы. 
7.
 
Жобалаудағы  білім  берудің  әрбір  кезеңінің 
сабақтастығы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
241 
6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым–қатынастың 
ерекшелігі
 
Жобалау  ӛзінің  негізгі  сипаттамасы  бойынша  жеке  де, 
топта  да  орындалатын  әрекет  екені  белгілі.  Бірақ  оқыту 
барысында  кӛбіне  топпен  орындауға  қолайлы  болғандықтан 
мұғалімдер  осы  бағытта  пайдаланады.  Соған  орай, 
жобалауды  оқушыларды  бірлесе  жұмыс  істеуге  үйретуге 
мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырамыз. 
Бұл  кезде  оқушылардың  мектептен  кейін  де  бірлесіп 
ойлайтынын, 
ойын 
арқылы 
топтық 
әрекеттер 
орындалатынын  айта  отырып,  бұл  жобалаудан  бұрын 
басталды  деуге  негіз  бар.  Алайда,  бірлесіп  білім  алу,  оқыту 
әрекеттері  барысындағы  коммуникациялық  қатынастар  шын 
мәнінде  жобалау  арқылы  орындалады.  Дәстүрлі  оқытуды 
алатын  болсақ,  онда  бірлесе  оқу,  білімді  топпен  игерудегі 
оқушылар  арасында  коммуникация  жоқ  деуге  болады. 
Коммуникация  бұл  жағдайда  тек  мұғалім  мен  оқушы 
арасында жүреді. 
Белгілі  ғалым  Д.Б.Элькониннің  айтуынша,  достыққа 
негізделген тұлғааралық қатынастар жасӛспірім шақта пайда 
болып  дами  береді,  бұл  қатынастардың  ӛзі  оқушылардың 
негізгі  әрекетін  құрайды.  Бірақ,  белгілі  бір  мақсатқа 
негізделмеген  мазмұнсыз қарым–қатынас, ӛзара әңгімелесу, 
олардың  бір–бірімен  коммуникациялық  қарым–қатынастын 
тиімді  дамытпайды.  Егер,  топ  белгілі  бір  мақсатқа  сай  бір 
идея  негізінде  проблеманы  шешуге  әрекет  етіп,  оны  жүзеге 
асыруға ұмтылғанда ғана ӛзара достық, сыйластық, түсіністік 
орта  қалыптасады.  Ал  ешбір  мағынасыз,  еш  қажеттіліксіз 
жиналып,  қарым–қатынасқа  түсетін,  қараусыз  топтар  ӛз 
ішінде 
бір–бірімен 
келіспеушілікте 
болса, 
қарама–
қайшылықтар  болуы  мүмкін.  Оқушылар  әдетте  ортақ 
проблеманы  шешу  мақсатында  тиімді  қарым–қатынас  құра 
алады. 
 
Бүгінгі 
халықаралық 
талаптар 
тұрғысынан 
қарасақ, топпен жұмыс жасай білу қазіргі мамандар (қай сала 
болса  да)  үшін  аса  маңызды  сапалық  қасиет  деп  есептеледі. 
Командалық  жұмыс  түрі  кез  келген  әрекеттің  ажырамас 
бӛлігі,  сондықтан,  кӛптеген  тренингтер  мен  бизнес–
семинарларда  осыған  қажетті  дағдыларды  үйретуге  кӛңіл 


 
242 
аударылады, 
осы 
тақырыпта 
кӛптеген 
басылымдар 
шығарылуда. 
 
Топпен  жұмыс  тек  топтағы  адамдардың  қарым  – 
қатынасымен  шектелмейді,  оның  барысында  жобалауға 
қатысушылардың бойында жаңа сапалар қалыптасады. Олар: 
командада  жұмыс  жасай  білуі.  Бұл  ӛзінен-ӛзі  пайда 
болмайды.  Команда,  әдетте,  белгілі  бір  маңызды  міндетті 
орындау  үшін  құрылады.  Жобалау  барысында  бірнеше 
міндеттерді  кезегімен  орындау  кӛзделетін  болған  соң,  оның 
мерзіміне, 
маңыздылығына, 
қажеттігіне 
байланысты 
командалар  құрамы  ӛзгеріп  отырады.  Бұл  команда 
құрамының ӛзгеруін емес, олардың рӛлдерінің үнемі ауысып 
отыратынын білдіреді. Оның тағы бір маңызды жағы – онда 
лидерлер  пайда  болып,  жобаның  бӛліктерін  орындауға 
жауапкершілікті лидер алады, ал қалғандары орындаушылық 
қызмет  атқарады.  Лидердің  жобаны  ұйымдастырудағы  рӛлі 
ӛте жоғары. 
 
Осыған  орай,  топтың  ӛз  ішінде  үнемі  ӛзара 
міндеттерді  бӛлісу  туралы:  бір  жұмысты  атқарған  кездегі 
лидер,  келесі  бір  жұмыс  барысында  тек  орындаушыға 
айналады.  Бұл,  әсіресе,  күрделі  ұйымдасқан  жобаларға  тән 
жағдайлар  және  олар  оқушылардың  тәжірибесі  жеткілікті 
болуын қажет етеді. Ал, қысқа, шағын жобаларды орындауда 
аз құрамды топта лидерлер ауысуы, болмауы да мүмкін. 
 
Кейбір  жағдайларда  топтың  командалық  жұмысы 
үйлеспесе,  лидерлік  пен  міндет  бӛлісу  мәселелерін  шешу 
қиын  болады.  Ол  кезде  педагогтардың  араласуы,  түрлі 
педагогикалық  коррекция  (түзету)  қажет  болады,  тіпті  топ 
құрамын  қайта  таңдау  немесе  жобалау  мазмұнын  ӛзгерту 
сияқты  қатаң  шаралар  қолдануға  да  болады.  Сондай–ақ, 
тұлғаарлық  қатынас  қиындауы,  топтағы  түсінбестіктер 
болса,  педагог  команданы  таратып  та  жібере  алады. 
Екіншіден,  топпен  жұмыс  барысында  топішілік  бірлескен 
жұмыс  атқарудың  ережесін  орындау  да  қажет.  Біздің 
тәжірибемізден  алсақ,  оқушылар  жобалау  барысында 
қарапайым ережелер құрастырып, оны бұлжытпай орындауға 
тырысады.  Бұл  кез  келген  коммуникацияның  жалпы 
принциптерін құрайды:  
Мысалы: 


 
243 
-
 
бір  адам  сӛйлегенде  қалғандары  тек  қана 
тыңдайды; 
-
 
ойға  шабуыл,  ой  бӛлісу  кезінде  бірін  –  бірі 
сынауға болмайды; 
-
 
сӛйлеушінің пікірі ӛте түсінікті болуы керек; 
-
 
кез  келген  пікір  берушіні  түсіністікпен,  кең 
пейілмен қабылдау керек; 
-
 
қандай  жағдай  туса  да  біреуді  ренжітетін, 
намысына тиетін сӛздер айтылмауы керек; 
-
 
ақпарат  туралы  кӛзқарас  (келісемін  (келіспеймін), 
ұнайды  (ұнамайды),  оны  түгелімен  жеткізуші 
деген ойды білдірмейді); 
-
 
топтағы  пікірталас  барлық  адамға  да  сұрақ  қою 
еркіндігін  береді  және  сӛйлеуші  берілген 
сұрақтарға жауап беруі тиіс. 
        Топтың  жұмысты  жүргізу  тәртібі  бойынша  ең 
әуелі барлық сӛйлеушілерге пікір беруге мүмкіндік білдіреді 
және одан соң сұрақ  – жауапқа кӛшу орындалады, сондай  – 
ақ  «ой  қозғаудан»  -  қорытынды  жасауға  қарай  жүру  тәртібі 
сақталады. 
 
Топтық 
қарым–қатынас 
пен 
пікірталасты 
ұйымдастырудың бекітілген ережесі жоқ және оны сақтауда 
барлық жағдайда мүмкін емес. 
 
Солай  болса  да  жобалау  әрекеті–білім  беру 
кеңістігінде  оқулығы  дұрыс  қарым–қатынас  дағдыларын 
қалыптастыратын  әрекет.  Оның  маңызды  әдісі  бар,  яғни, 
топпен жұмыс басталмас бұрын оқушыларға топтық қатынас 
ережелері жасалып, қабылдануға мүмкіндік жасалатын әдісі. 
Ол әдістер белгілі бір символдар арқылы бекітіліп, пікірталас 
басталғанда оның нақтылануы талап етіледі. 
 
Топтың 
коммуникацияда 
оқушылардың 
тәжірибесін  қалыптастыруда  қажеттілік  бар.  Ол  үшін  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  аралас  топтар  құрылады.  Оның  мәні, 
топтық  коммуникация  тәжірибесі  бар  оқушылар  жаңадан 
келгендерге қарым-қатынас дағдыларын үйретеді. 
 
Топтың  коммуникацияны  дамыту  логикасын 
қарастыратын  болсақ,  ол  бірнеше  кезеңнен  тұратыны 
байқалады. 


 
244 
 
Алғашқы  кезеңде  оқушы  топтық  пікірталас 
жасаудың  ережелерін  меңгеруі  тиіс.  Ол  ережелер  тұрақты 
түрде ұжымда қалыптасқан болуы да немесе осы топ ішінде 
жаңадан жасалған болуы да мүмкін. 
 
Келесі  кезеңде  топтық  пікірталасқа  тікелей 
араласу  басталады,  онда  талқыланып  отырған  мәселе 
бойынша сұрақ қоя білуге үйрену керек. 
 
Одан кейінгі кезең–дәлелді түрде сын–пікір айтып 
үйрену кезеңі. Бұл қабылданған формат аясында орындалуы 
тиіс. 
 
Келесі  кезеңде  белсенділік  пен  ұсыныстар  беруге 
үйренеді,  ӛз  жауапкершілігіне  кейбір  міндеттерді  алады, 
ӛзгелерге қол ұшын беруге келіседі. Егер оқушы келесі адам 
орындасын деп, ӛзгеге сілтейтін болса – бұл оның талданып 
отырған  мәселені  түсінбегенін  немесе  ӛз  мойнына 
жауапкершілік алудан бас тартуын білдіреді. 
 
Оқушылардың  топпен  жұмыс  істеу  қабілетін 
анықтайтын  кӛрсеткіштердің
  маңыздысы–олардың  ӛз 
жауапкершілігіне белгілі бір қиын міндеттерді ала білуі. Бұл 
–  оқушының  жобаның  жалпы  идеясын  түсінуін  және  осы 
міндетті  орындамай,  жобаның  нәтижелі  болуы  мүмкін 
еместігін кӛре білуінің айғағы. 
 
Келесі  кӛрсеткіш  –  жобалау  идеясын  орындамай 
жатып,  басқа  да  тартымды  жұмыстарға  араласуға  бармау, 
жобаны аяғына жеткізуге күш жұмсау.  
 
Тағы бір кӛрсеткіш-ӛз пікірінің ӛзгелерге түсінікті 
болуына  кӛңіл  аудару,  басқа  адамдардың  пікірін  ескере 
отырып, ӛз ойлары мен ұсыныстарына ӛзгеріс енгізе білу. 
 
Жоғары  сыныптарда  оқушылар  топтық  қатынас 
болсын, жай қатынас болсын, рефлексиялық баға бере алады. 
Ал  негізгі  мектепте  түгелдей  жету  мүмкін  емес.  Сондықтан 
негізгі  мектепке  тән  жасӛспірімдік  шақта  топтық  жұмысты, 
оның  нәтижелерін,  коммуникациялық  деңгейлерін  талдауға 
үйретілу керек. 
Оқыту 
әдістемесі 
дәстүрлі 
түрде 
жүргізілетін 
мектептерде  мұғалімнің  рӛлі  басым  болып,  ол  оқушыдан 
сабақты  тек  қана  тақтаның  алдына  ғана  шығарып  сұрайтын 
болса  –  бұл  мектептерде  жобалау  әрекеттерін  ұйымдастыру 
оңай  емес.  Ол  мектептерде  қалыптасып  қалған  дәстүр  – 


 
245 
стереотипті  ойлау,  үйренген  жолмен  ғана  жылдар  бойы 
жүру. 
Жобалауды ұйымдастырудың тиімді жолы–осы бағытта 
мектепте  белгілі  бір  қалыптасқан  дәстүрдің  болуы.  Оның 
мәні  педагогтарда  әр  пән  бойынша  жобалау  әрекеттерін 
ұйымдастыру  тақырыптарының  болуы,  сыныптан  тыс 
жұмыстарды  жобалауға  ұсыныстардың  дайын  екені  ғана 
емес.  Ең  бастысы–жобалау  әрекеттерінің  элементтері  таныс 
болуы,  педагогтардың  белгілі  бір  жобаға  қатынасу 
тәжірибесі  немесе  жоғары  сынып  оқушылырының  кіші 
жастағы  балаларды  ӛз  жобаларымен  таныстыруы  бірнеше 
сыныптан  тыс  жобалардың  тәжірибесі  болуы  маңызды.  Біз 
осы  жерде  жобалау  әрекеттері  белгілі  бір  деңгейде 
жүргізілетін  мектеп  жағдайында  және  жобалау  әрекеттері 
мүлдем  таныс  емес  мектеп  жағдайында  оны  дәстүрге 
айналдыру жолдарын қарастырамыз. 
Жобалау  әдістерінен  азды–кӛпті  тәжірибе  болған 
жағдайда,  олардың  белгілеріне,  символдарына  кӛңіл 
аударылуы  тиіс.  Мысалы,  жобаны  ұйымдастыру  сәттерінен 
түсірілген суреттер, бейнефильмдер, жинақталған альбомдар, 
кітапшалар, оқушы портфолиосы, кӛрмелер, т.б. Жобалауды 
ұйымдастыру  дәстүрлі  мектептің  қатып  қалған  тәртібінің 
ауқымына 
сыймайды, 
оның 
атрибуттары 
қазіргі 
оқушылардың 
қарым–қатынас 
ерекшеліктеріне, 
еркін 
ойлауына сәйкес келетіні белгілі. 
 
Егер 
де 
жобалау 
бұрын–соңды 
мектеп 
тәжірибесінде  болмаған  жағдайда  оны  ұйымдастыру  ӛзгеше 
болады.  Бұл  кезде  педагогтар  арасынан  бастамашы  топ 
құрылып, 
оларды 
жобалау 
әрекеттеріне 
даярлау 
ұйымдастырылады.  Оны  элективтік  курстар  арқылы 
жүргізген тиімдірек. 
 
Алғашқы  жобалар  қысқа  мерзімдік  (1-2  апталық) 
болғаны дұрыс, және олар кеңесші – педагогтың қатысуымен 
ұйымдастырылады.  Жоба  жұмысы  аяқталып,  нәтижесін 
презентациялау  барысында  оқушылар  мен  педагогтардың 
белсенді қатысуын қамтамасыз еткен дұрыс. 
 
Жобалау  жұмысын  рәсімдеу,  ӛзіне  тән  белгілері 
мен  атрибуттарын  қатаң  сақтаумен  қатар,  оқушылар  үшін 
оның  маңызын,  стационарлық  сипатын  сезіндіру  үшін 


 
246 
мектепте  жобалау  зертханасы,  техникалық  үйірмелер, 
авторлық  немесе  шығармашылық  топтар  т.б.  құрылымдар 
мәні  ерекше  болды.  Бұл  құрылымдар  оқушылар  жобасын 
жүзеге  асырудағы  сабақтастықты  педагогтардың,  түрлі 
жастағы  балалардың  бірлескен  әрекеттердің  дәстүрге 
айналуына  ықпал  етеді.  Педагогтармен  бірге  жоғары  сынып 
оқушылары  жобаларын  жасау,  тӛменгі  сынып  пен  жоғары 
сынып  оқушыларының  бірлескен  жобалары,  сонымен  қатар, 
сыныптан  тыс  ата  –  аналар  қатысуымен  жасалған 
жобалардың  ӛз  тарихнамасын  құрып,  жобалауды  мектеп 
дәстүріне ендіруге негіз салынады. 
Білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  қарым  – 
қатынас түрлері.
 
Білім  беруде  оқушы  әрекеттерінің  жаңа 
түрлері 
енгізілуі 
педагог–оқушы 
қарым–қатынасын 
ӛзгертетіні  сӛзсіз.  Дәстүрлі  оқытуда  бұл  қарым  –  қатынас 
біржақты түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, әр пән бойынша 
оқулықтардың  оқушыға  берілуі  тиіс  белгілі  бір  білім  қоры 
жинақталған.  Мұғалімнің  міндеті  –  сол  білім  қорын 
ӛзгертпестен оқушыға түсіндіру. 
Білім, білік, дағды – оқулықтарда нормаланып берілген, 
яғни,  қандай  демократ  болса  да,  мұғалім  оқушыдан  осы 
нормаларды  орындауды  талап  етеді.  Олар–ережені, 
формуланы,  анықтаманы  жаттап  алу,  қайта  айтып  беру, 
оларды  практикалық  жұмыста  пайдалану.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  оқушы  мен  мұғалім  еш  уақытта  тең  құқықта 
болмайды,  ӛйткені,  біреуі  біледі,  екіншісі,  білмейді,  оған 
түсіндіру керек. 
Ал  осы  мақсатқа  жетудің  құралдарының  бірі  –  оқыту 
әдістемесі.  Әдістеме  бойынша,  қандай  пән  болса  да 
оқушының  ӛз  түсінгенін  ауызша  айтып  беруін  талап  етеді. 
(теорияға  сай,  ауызша  ақпарат  мазмұны  тек  10%  ғана  есте 
қалады.)  Сонымен  қатар,  әдістеме  бойынша,  педагогтар 
қосымша  кӛрнекі  құралдар  пайдаланады,  түрлі  жаттығулар 
береді.  Олардың  барлығын  тиімді  пайдаланған  жағдайда 
педагогикалық  қызмет  тиімді  болады  деп    күтіледі.  Әрине 
бұлар белгілі бір деңгейде нормалар бойынша берілген білім 
қорын игеруге мүмкіндік береді. 


 
247 
Осылайша, 
егер 
оқытудың 
мақсаты 
ретінде 
нормаланған  білім,  білік,  дағдыларды  үйрету  кӛзделсе,  бұл 
мұғалім мен оқушының тең қатынасын қажет етпейді. 
Оны  оқытудағы  кемшілік  емес,  дәстүрлі  білім  берудің 
сипаты  деп  қарастырған  жӛн.  Қарым–қатынастың  бұдан 
басқа  түрі  алға  қойған  мақсатты  орындауда  оқушы  мен 
мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  жауапкершіліктері  тең 
дәрежеде қарастырылғанда ғана пайда болады. 
Жобалау  әрекетін  ұйымдастыруда  идеясы,  бағыты 
белгілі болғанымен шын мәнінде алынатын ӛнімді оқушы да, 
мұғалім  де  дәл  біле  алмайды.  Ӛйткені,  алынатын  нәтиже 
әзірге идея түрінде ғана белгіленеді. 
Идея  пайда  болғаннан  бастап–оны  орындаудағы 
қиындықтардан,  мәселелерден  ӛте  алу,  кейде  идеяның 
орындалуы  туралы  алғашқы  жоспарды  қайта  ӛзгерту,  қайта 
жасау–бұлардың  барлығы  да  командада  педагогтың 
болуымен,  оның  жобаны  ұйымдастыруымен  ғана  мүмкін 
болады. Жобалаудың кӛп бӛлігінде мұғалім басқарушы емес, 
қатысушы  рӛлін  атқарып,  оқушылармен  тең  дәрежеде 
болады.  Осындай  ӛзара  тең  қатынастарды  ұйымдастыру 
бүгінгі жағдайдағы коммуникацияларда үлкен рӛл атқарады. 
Жобалау  әрекетінің  бұрынғы  пионерлік  немесе 
скауттық  қозғалысқа  ұқсас  міндеттері  болды,  олар 
оқушылармен жұмыс барысында ӛз әрекеттерін мақсатқа сай 
ұйымдастыра білуден, ӛзара қарым – қатынасқа түсе білуден, 
ӛз міндеттерін топ ішінде бӛлісе алуларынан кӛрінеді. 
Осы  әрекеттерге  сай  ортақ  мақсатты  орындау 
барысында  нәтижені  белгілеу,  алға  қойған  міндеттердің 
шешу  жолдарын  іздеу, т.б. қарым–қатынастың жаңа түрлері 
пайда болады. 
Бұл  жаңа  қатынастар  нұсқаулар  негізінде  немесе 
біреулердің  тілегі  үшін  немесе  педагогтың  басымдығын 
болдырмау үшін деген сияқты себептерден пайда болмайды. 
Немесе  педагогтың  қарым  –  қатынаста  ӛзгерту  тілегінен  де 
туындамайды.  Жаңа  типті  қарым  –  қатынас,  шын  мәнінде, 
жаңа әрекеттің міндетті компоненті ретінде пайда болады. 
Жобалау  әрекетінің  қатаң  нормативтік  құрылымы  мен 
мазмұны  болмайды.  Әрекеттің  негізіне  оның  нәтижесі 
ретіндегі  ӛнім  алынады.  Нәтиже  де  (ӛнім)  ӛз  алдына  нақты 


 
248 
нормаланбайды,  олай  болса,  жобалау  шығармашылық 
жұмысқа айналуы мүмкін. Сондықтан оған қатысушылардың 
рӛлдері тең дәрежеде қарастырылады. 
Жобалаудың  ерекшілігі–оның  ресурсы  ретінде  оған 
қатысушылардың  білімі  мен  қабілеттері  қарастырылады, 
орынды  жұмсалады.  Бұл  кезде  білімі  тереңірек,  қабілеті 
жоғарырақ  адамның  лидерлік  қасиеттері  кӛрінбек.  Ал 
жобалау  барысында  белгілі  бір  уақыт  ішіндегі  түрлі 
әрекеттерге  байланысты  рӛлдер  қабілеттеріне  қарай  ӛзгеріп 
отыруы да мүмкін. 
Педагогтар  үшін  ескеретін  жайт,  жобалау  барысында 
шешімді  ӛзі  қабылдау,  ӛз  пікірін  ғана  басшылыққа  алу 
сияқты  істерден  бас  тарту  қажет.  Әрине,  бұлар  тәжірибеде 
болмайтын нәрселер емес, кейде олай істеуге де тура келеді. 
Бірақ шама келгенше оқушыларға жауапкершілік арту қажет. 
Оны болдырмау жолдары тәжірибемен бекітіледі. Бірақ 
жобалауға  оқушылар  кеңінен  қатыса  отырып,  оның  барлық 
компоненттерін игерген сайын ӛздерінің белсенділіктері арта 
бастайды.  Бірақ  педагогтың  жетістігі  ретінде  оқушының 
нәтижесі  алынып  тұрған  кезде,  педагог  жобаның  тартымды 
болуына белсенділік танытары сӛзсіз. 
Оқушылар  үшін  жобалау  әдеттегі  қызмет  түріне 
айналған  кезде,  олардың  педагог  тарапынан  қадағалануы 
азаяды. Бұл кезде мұғалім оқушылардың жобалау әрекетінде 
басқарушылық қарым – қатынасқа түскені жӛн. Басқару үшін 
педагогқа  қажетті  тӛмендегі  сапалар  анықталады:  ӛз  пәнін 
ӛте жақсы білу,  жобалау қызметін ұйымдастыру тәжірибесі, 
коммуникативтік 
құзіреттіліктерінің 
болуы. 
Дәстүрлі 
оқытуда мұғалімдердің осыған ұқсас қасиеттері пайда болып, 
кәсіби  қызметінде  одан  әрі  дамиды  деп  есептелсе,  кәсіби 
басқару  әрекеті  мен  оған  қажетті  коммуникация  мұғалімнің 
кәсіби дамуы арқылы жүреді.  
Жобалау  әрекетін  ұйымдастыру–оқушылардың  ӛзара 
ынтымақтастықта бірлескен іс-әрекетін, қатынасын дамытуға 
негіз  болады.  Ӛйткені,  жоба  идеясы  оларды  біріктіреді. 
Міндеттерді  ӛзара  бӛлісуге,  мазмұн–мағынасы  бар  жұмыс 
атқаруға ықпал етеді. 
Айта  кету  керек,  оқу  әрекеті  сияқты,  жобалауға 
қатысатын  топтар  да  бір  жоба  аяқталған  соң  тарап  кетеді, 


 
249 
одан соң жаңа жоба идеясымен қайта бірігеді. Сӛйтіп, топтар 
да  оның  мақсаттары  да  үнемі  ӛзгеріп  отырады.  Бұл 
педагогикалық  қарым–қатынастың  тиімді  түрі,  ӛйткені, 
оқушылар  түрлі  топтармен,  оқушылармен  түрлі  рӛлдерде 
қарым–қатынас дағдысына үйренеді. 
Жобалау  топтары  4–6  адамнан  шағын  болса 
тиімдірек.(Әрине  әр  жобаның  мақсатына  байланысты  жеке, 
жұппен  немесе  түгел  сынып  қатысуымен  де  орындалатын 
түрлері бар.) 
Ал  шағын  топтармен  ұйымдастыру,  бір  жағынан, 
идеяны  жүзеге  асыруға  қолайлы,  екінші  жағынан,  оған 
қатысушылардың ӛзара қатынастырын қалыптастыруға және 
қолдауға мүмкіндік береді. 
Жобаны  жүзеге  асыру  мерзімі  оның  мазмұны  мен 
мақсатына  байланысты.  Ал  жобалық  жұмыс  барысында 
коммуникациялық қатынастарды қалыптастыру 2 аптадан бір 
айға дейінгі мерзімде мүмкін болады. 
Жобаның  одан  да  ұзақ  мерзімге  созылуы  ішкі 
топтардың,  жұптардың,  лидердің  пайда  болуына  әкеледі. 
Сондықтан  ұзақ  мерзімді  жобаларда  оның  белгілі  бір 
кезеңдері аяқталған кезде топтардың ішкі міндеттерін бӛлісу, 
жаңа топтар мен лидерлерді ауыстырып отыруға болады. Бұл 
әр адамның топтағы позицияларын ӛзгертіп, ӛзін жаңа сапада 
байқауына, 
басқалармен 
жаңа 
қатынастарды 
қалыптастыруына жағдай жасайды. 
Педагог  лидерлермен  жұмыста  ӛте  байқампаз  болған 
жӛн,  ӛйткені  лидерді  қалыптастыру  барысында  ӛзара 
қатынаста мәселелер туындауы мүмкін. Атап айтқанда, жеке 
ерекшіліктеріне 
сай, 
кейбір 
лидерлер 
істі 
тиімді 
ұйымдастыруда  ӛзге  оқушыларды  жұмылдыра  білетін, 
оларды  тең  дәрежеде  ұйымдастыра  білетін  болса,  кейбірі  ӛз 
лидерлерін  тек  ӛз  дегенін  істетуге,  ӛзгенің  пікірін  елемеуге, 
ӛз басымдығын үнемі білдіруге бейім болады. Бұл топішілік 
конфликтіге  апарары  сӛзсіз.  Оны  болдырмаудың  тиімді 
жолы  -  әр  оқушының  лидер  позициясында  да  болуын 
қамтамасыз ету, рӛлдерді үнемі ауыстырып отыру. 
Сондай–ақ топ ішінде ауысып отыратын «time – kepeer» 
(уақыт  регламентін  қадағалаушы),  идеяларды  жазып 
отыратын хатшы, т.б. рӛлдер болуы қажет. 


 
250 
Қорыта  айтқанда,  шағын,  не  үлкен  топтар  нақты  бір 
жобаны  орындау  үшін  құрылады  және  жоба  жұмысы 
аяқталғанда бұл топ таратылады. Жаңа жоба пайда болғанда 
жаңадан басқаша топ құрылғаны дұрыс. 
Жобалау  әрекеті  оқушылардың  коммуникативтік 
қатынастарын  қалыптастыруға  ықпал  етеді,  оларды  рӛлдік 
позициялардан  әртүрлі  әрекеттер  мен  қарым–қатынастар 
құруға жағдай туғызылады. 
 
 
 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау