Ресей империясы қҰрамы


 Кеңестік экономика: оны жандандыру әрекеттері және сәтсіздік



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет21/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
disser

2.4 Кеңестік экономика: оны жандандыру әрекеттері және сәтсіздік 
Біз  қарастырып  отырған  кезеңдегі  Кеңестік  Қазақстан  мен  КСРО  
экономикасының  жаңдайына  талдау  жүргізу  кезіндегі  жас  кеңестік 
мемлекеттегі экономикалық өмірдің ұйымдастырылуының бастауларына еріксіз 
оралуға  мәжбүрлейді.  «Әскери  коммунизм»,  ЖЭС  және  оның  жойылуы 
кезеңдерін қамтыған экономиканың бастапқы қалыптасу кезеңдерінің жалпыға 
мәлім  егжей-тегжейлеріне  тоқталмай-ақ,  күні  өтіп  бара  жатқан  көсем  В.И. 
Лениннің мұрагері атануға тырысқан партия ішіндегі элиталардың күресі, яғни 
Кеңестер мемлекетіне шексіз билік орнату үшін болған талас-тартыс әрекеттері 
жүрген  тарихи  уақыттың  бір  бөлігіне  тоқталайық.  Постлениндік  мемлекет 
дамуының әртүрлі бағыттарындағы қарсыластар арасындағы күрестің қатал әрі 
аяусыз  болғаны  сонша,  тек  сақ  және  салқын  қанды  үміткер  ғана  Кремль 
басшылығында тұра алды. Ал, ол - Иосиф Висарионович Сталин болған еді. 
Экономиканың  сталиндік  құрылуы  қатаң  мемлекеттік  жоспарлау  мен 
халық  шаруашылығының  бесжылдық  жоспарын  орындауға  негізделді. 
Соғыстан  кейінгі  Ресейдегі  20-жылдардағы  бесжылдық  сыртқы  несиелерсіз, 
КСРО-ның  саяси  оқшаулануы,  техникалардың  жетіспеушілігі,  білікті 
мамандардың  жоқтығы  жағдайында  және  алға  қойылған  көрінеу  жоғарғы 
нәтижелердің  орындалуын  қиындатқан  өзге  де  факторлар  жағдайында 
атқарылғаны белгілі. 
1928-1933 
жылдардағы 
бірінші 
бесжылдық 
елдегі 
өнеркәсіпті 
жеделдетілген  индустрияландыруға  бағытталған  болатын.  Кейінгі  Кеңестер 
Одағында жүзеге асырылған 12 бесжылдықтың әрқайсысының тиісті ұрандары 
және  басымдыққа  ие  міндеттері  болған.  Ғ.З.Қожахметов  бірінші  бесжылдық 
жоспардағы негізгі күш ауыр индустрияның дамуына, машина жасауға, тау-кен 
өндірісіне  және  жанар  май-энергетикалық  өнеркәсіп  пен  металлургияның 
дамуына  жұмсалғанын  айтады.  Қазақстан  сияқты  пайдалы  қазбалары  мол 
жерлерде  жаңа  зауыттар  мен  фабрикалардың  құрылыстары  жоспарланады. 
Бесжылдық  жоспар  бойынша  ауыр  өнеркәсіп  ауылшаруашылық  есебінен 
дамытылуы тиіс болады [83, б.281]. 
Яғни,  Кеңес  мемлекетінің  экономикасы  бастабында-ақ  өнеркәсіп 
басымдығымен  теңгерімсізделген,  мысалы,  елдегі  жүргізілген  алғашқы  екі 
бесжылдық  жылдарында  әскери  өнеркәсіп  кешені  құрылып,  орасан  зор 
қаржылық  салымдар  атыс  қаруларын,  артилерияға,  авиацияға,  кеме  жасауға 
және  т.б.  жұмсалады.  Жоспарлар  қыруар  күш-қуаттың  арқасында 
орындалғанын  және  осының  арқасында  индустриялық  базалардың  соғыстың 
басталуына  дейін құрылуы кеңес халқының фашизмді жеңуіне себеп болғанын 
айтуға болады. 
Соғыстан кейінгі уақыттағы IV бесжылдық (1946-1950 жж.) қорытындысы 
ең  нәтижелі  болады,  бұған  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстың  аяқталуы  факторы, 


110
 
 
бірқатар  аумақтардың  КСРО-ға  қосылуы,  жеңілген  елдерден  жаңа 
технологиялардың,  құрал-жабдықтардың,  шикізаттардың,  азаматтық  және 
соғыс техникалардың әкелінуі, және де түрмедегілер мен соғыс тұтқындарының 
тегін жұмысшы күштерінің, кеңес азаматтарының рухтарының көтеріңкі болуы 
әсер еткен. 
Алайда, соғыс аяқталғаннан кейінгі барлық оңтайлы жағдайға қарамастан 
елдің экономикасы тұрғындарды бірінші қажеттілік тауарларымен қамтамасыз 
етуге  жұмыс  жасамағандықтан,  жеңіл  және  ет-сүт  өнеркәсіптері,  аграрлық 
сектор  баяу  дамыды.  Ұлт  қазынасының  көпмиллиардтаған  сомалары  Варшава 
келісімі  мен  НАТО  елдерінің  бір  бірімен  күрес  шегіндегі  әскери  өнеркәсіптік 
кешенге (ӘӨК) кетіп жатты [165]. 
КСРО өзінің үстемдігін нығайту үшін кеңестік режимге оң көзбен қараған 
Алжир, Ливия, Куба, Иран, Мысыр, Солтүстік Корея, Мозамбик, Сирия сияқты 
елдерде әскери базаларының құрылыстарын салуға мәжбүр болады [166]. 
Әрине,  бұл  үшін  Кеңестік  Одақ  оларға  әскери  экономикалық  көмек 
көрсетіп,  осы  елдердегі  демократияға  қарсы  режимге  қолдау  көрсетуге  және 
қаржыландыруға мәжбүр болады.  
КСРО-ның  соңғы  Министрі  Н.И.  Рыжковтың  айтуынша,  1986-1989 
жылдары  шет  елдерге  қайтарымсыз  көмек  60  млрд.  долларды  құраған,  соның 
ішінде  22  млрд.  доллар  Кубадағы  Фидел  Кастроның  диктаторлық  режимін 
қолдау үшін берілген [165, б.377]. Және де, 1979 жылы сәуірде Кеңес мемлекеті 
партия  қайраткерлерінің  шағын  тобымен  рұқсатталған  Ауғанстанда  болған  9 
жылдық соғыста 13 мың адам қаза болып, 37 мың адам жарақаттанған болатын. 
Ауған  соғысында  кеткен  шығындар  әлі  күнге  дейін  жарияланған  жоқ.  Сол 
кездегі  басшылардың  сөздері  бойынша,  1985  жылғы  соғыс  ел  қазынасын  2,6 
млрд. рубльге, ал 1987  жылы – 5,4 млрд. рубльге азайтқан [165, б.377-378]. 
КСРО  Варшава  келісімі  елдерінде  шамамен  миллион  әскерлер  мен 
офицерлерді  қамтамасыз  мәжбүр  болған.  Мысалы,  80-жылдардың  соңында 
ГДР-де  546  мың  әскер,  офицерлер  және  олардың  отбасылары  орналасқан. 
Польшада-67  мың,  Венгрияда-65  мың,  Балтық  жағалауы  елдерінде-150  мың 
және басқалар [165, б.379]. 
Н.В.  Наумов  бұл  бәсекелестік  КСРО-да  45  жыл  бойы  төмен  жалақының 
есебінен  болғанын,  сәйкесінше,  өз  азаматтарының  өмір  сүру  деңгейінің 
төмендігіне  алып  келгенін  айтады.  Ел  экономикасының  деформациялануы 
жүріп жатты, онда әскери өнеркәсіптік кешен барлық өндірістің 80% құрады, ал 
азаматтық  өнеркәсіп  пен  ауылшаруашылығы  ӘӨК-тің  қосымшасы  болып 
табылды [165, б.379]. 
Біз  келтірген  бұл  қысқаша  өткенге  жасалған  шегініс  әр  бесжылдық 
жоспарда  ауылшаруашылығы  өнімін  және  азық-түлік  өнімдерін  арттыру 
бойынша  жаңа  шектер  орнатылса  да  ауыл  шаруашылығының  ауыр  күйде 
болғанын куәландырады. Дей тұрса да, жыл сайын шет елдер қажеттілігі үшін 
миллиондаған тонна астық, ет және басқада тауарлар сатып алынады. 
Нәтижесінде  мемлекеттің  бірінші  басшылары  елдегі  аграрлық  сектордың 
жағдайын  жақсарту  үшін  неге  әрекеттер  жасамады  деген  заңды  сұрақ 


111
 
 
туындайды? Оған жауап ретінде атап айтатын болсақ, бірінші басшылар болған 
Хрущев  және  Маленковтар  Сталин  өлімінен  кейін  ауылдардың  жағдайын 
жақсарту  бойынша  талпыныстар  жасағанын  айтуға  болады.  Мысалы,  1953 
жылдың  тамызындағы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  мәжілісінде  ел  басшылығы 
ауылшаруашылығына  қаржы  салымын  ұлғайтуды  және  де  ауылшаруашылық 
өнімдерін  сатып  алу  бағасын  арттыруды  ұсынады.  Кейін,  үкімет  соғыс 
жылдарынан  бері  жинақталып  қалған  жеке  шаруашылық  берешектеріне 
кешірім  жасайды,  ауылшаруашылық  салығы  және  міндетті  ауылшаруашылық 
жеткізілімдер екі есеге азайтылады, ал бұл шаралар өз кезегінде шаруалардың 
өздерінің  өнімдерін  ұлғайтудағы  мүдделерін  арттыруы  және  ауылдағы 
жағдайды түпкілікті өзгертуі тиіс болатын [90, б.706]. 
Бірақ, 
ел 
басшыларының 
талпыныстарының 
барлығы 
жүйелі 
болмағандықтан елдегі ауылшаруашылықты көтеру және ауыл тұрғындарының 
өмірін  жақсарту  бойынша  бағдарламаларды  жоққа  шығарғанын  ескере  кету 
керек.  Ресей  ғалымдары,  Кеңес  үкіметінің  жеке  үй-жайлар  мен  шаруалардың 
қосалқы  шаруашылығын  қысқарта  бастағанын  айтады  [90,  б.706]. 
Биліктегілердің  ойлары  бойынша,  қосалқы  шаруашылық  шаруаларды 
мемлекеттік  фермалардағы,  егістіктердегі  және  кәсіпорындардағы  негізгі 
жұмыстарына кедергі жасаған. Және де, заң шығарушы шаруалардан өздерінің 
қосалқы  шаруашылықтарын  ұстау  үшін  мемлекеттік  ауылшаруашылық 
өнімдерін  ұрлау  қызықтырғыштарынан  оқшаулауға  ниеттенген  деп  жобалауға 
толық негіз бар.  
Партия басшылығының жүйесіз саясаты аграрлық секторды көтермей ғана 
қоймай,  ол  керісінше  ауыл  шаруашылық  жүйесінің  астан  кестеңін  шығарды. 
Мысалы,  егінді  егу  мен  оны  жинау,  ору  партия  жетекшілігінің  Жарлығы 
бойынша  жүзеге  асатын.  Пісіп,  төгіліп  тұрған  астықты  көрген  совхоздар  мен 
колхоз  директорлары  мыңдаған  шақырым  қашықтықта  орналасқан  партия 
обкомынан арнайы нұсқаулар келмесе де тәуекелге бастарын тіге отырып егінді 
жинауға  кіріскен.  Бұл  қылықтары  үшін  жергілікті  басшылар  лауазымдарынан 
айырылып, тіпті қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін болатын.  
Н.С.  Хрущев  өзінің  делегациясымен  АҚШ-қа  барып,  ондағы  америкалық 
ауылшаруашылығының  өнімділігі  мен  жоғары  ұйымдастырылуын  және  де 
кейбір егіншілік мәдениеттерінің жақсы түсім беретінін көріп келгеннен кейін  
негізгі бағытты жүгері өсіруге арнауға шешім қабылдайды. Халық Бас хатшыға 
осы ауылшаруашылығы мәдениетінің атауының құрметіне «жүгеріші» лақабын 
беріп, кеңестік басшының жаңартуларына бір сәтте назар аударады. 
Ауыл  шаруашылығын  көтеріп, халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  етудің 
тағы  бір  жолы  болып  1954  жылы  ақпан-наурыз  айларында  өткен  КОКП  ОК 
Пленумында айтылған тың және тыңайған жерлерді игеру шарасы табылды. Ел 
басшылығы  Сібір,  Орал,  Қазақстан  және  т.б.  аумақтар  кірген  бағдарламаны 
дайындаған болатын, 1954 -1955 жж. қарай 13 млн. гектар тың және тыңайған 
жерлерді  игеру  жоспарланады,  соның  6,3  млн.  гектары  Қазақстанда  болған 
[167]. 


112
 
 
Тың  жерлерді  игеру  бойынша  алғашқы  жоспарлар  1954  жылдың  күзінде 
орындалған болатын, 13 млн. гектардың орнына 13,4 млн. гектар жаңа жерлер 
игерілген [168]. 
Алға қойылған міндеттердің шешілу мүмкіндігі мен көрсеткіштерін есепке 
ала  отырып  Компартия  ОК  Үкіметі  және  КСРО  Министрлер  Кеңесі  1954 
жылдың  13  тамызында  астық  өндіруді  арттыру  үшін  «Тың  және  тыңайған 
жерлерді  ары  қарай  игеру  туралы»  Қаулы  қабылдайды.  Қаулыда  1956  жылға 
қарай  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  есебінен  ауылшаруашылық  астық 
мәдениеттерін  егуді  жаңа  жерлерде  28-30  млн.  гектарға  дейін  жеткізу 
көрсетіледі.  КОКП  ОК  және  Министрлер  Кеңесі  халықты  тың  игеруді  Кеңес 
мемлекетінің  сол  кезеңдегі  басты  міндеті  ретінде  қолдау  білдіруге  шақырады 
[168, б.66]. 
Тың  игеру  нөмірі  бірінші  міндет  болғандықтан,  партиялық  идеологиялық 
машина  және  комсомол  алға  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  еріктілер 
жинауда  белсенді  көмектесе  бастайды.  С.Л.  Ковальский  мен  Х.М.  Маданов,  
1954-1956  жылдары  Қазақстанға  640  мың  адам  келгенін,  солардың  ішінде  390 
мың  механизатор,  50  мың  құрылысшы,  20  мыңнан  астам  астық  қабылдау 
бекеттерінің жұмысшылары болғанын атап өтеді [167, б.161]. 
КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылдың 27 наурызындағы 
Қаулымен машина жасау, көлік және қорғаныс өнеркәсібі Министрлігін қысқа 
мерзім  ішінде  комбайндар,  тракторлар  және  басқа  да  ауылшаруашылық 
техникаларымен  қамтамасыз  етуді  міндеттейді.  Тек, 1954 жылы  тың жерлерге 
120  мың  тракторлар  мен  10  мың  комбайндар  және  басқа  да  қажетті 
техникаларды  жөнелту  жоспарланады  [169].  Қазақстанда  келуші  тың 
игерушілер  тұру  үшін  жаңа  совхоздар,  Машинатракторлық  станциялар  мен 
поселкелер  белгіленген  болатын.  Осы  жылдары  ауыл  тұрғындары  бірінші  рет 
пасторттар алғанын атап өту керек. 
Тың  игерудің  алғашқы  жылдарында  соқа  тимеген  жерлерден  жоғары 
сапалы  нан  берген  жақсы  түсім  алдағы  уақытта  үлкен  үміттер  күттіреді. 
Хрущев үкіметі тың және тыңайған жерлерді ары қарай ұлғайту туралы нұсқау 
қабылдайды. 
Тәуекелді 
жер 
аймағына 
жататын 
өлкенің 
шұғыл-
континентальдық  климаты  жағдайындағы  Қазақстанның  топырағы  мен  жер 
құрылысының ерекшеліктерін білетін аграрлық ғалымдар мемлекет Басшысын 
және үкімет мүшелерін осыншама үлкен көлемде жерді қопаруғы болмайтынын 
ескертеді.  Осылай,  тың  игерудің  бас  агрономы,  астық  шаруашылығы 
Жалпыодақтық институтының Директоры А.И. Бараев ел басшысын агрономия 
ережелері  бойынша  жерлерді  демалдырып,  қалпына  келтірмеу  және  топырақ 
қорғау  жүйесінің  болмауы  болжаусыз  нәтижелерге  алып  келетінін  айтып, 
ескертеді. Оған, Хрущев өзіне тән мәнермен қырсылық білдіре отырып, мұндай 
әдіс  жерді  ысырапшылдыққа  ұшырату  болып  табылады  деп  жауап  қайтарады 
[170]. 
А.И.  Бараевтың  және  өзге  де  ғалымдардың  айтқандары  1962  жылы 
расталады,  топырақ  эрозиясына  7  млн.  гектар  егістік  алқап  ұшырайды.  1965 
жылы жел эрозиясы қазақстан жерлерімен қоса, Астрахан өлкесінің, Башқұрт, 


113
 
 
Поволжие,  Қалмақ  және  Ресейдің  өзге  облыстарын  басып  алады.  Ғалымдар 
шұғыл түрде жазда қара топырақты желден ұстап тұру үшін, қыста қарды ұстап 
тұру  үшін  орылған  егістікті  қалдыра  отырып  жердің  бет  қабатын  аудармай 
өңдейтін  арнайы  соқаны  ойлап  табады.  Тек  1975  жылы  ғана  әзер  дегенде 
нәтиже  бере  бастаған  топырақты  қорғау  жүйесінің  әртүрлі  нұсқалары  жасала 
бастайды [170, б.35]. 
Қазақстанның экологиясына және барлық ауылшаруашылыққа үлкен зиян 
алып  келген  аграрлық  сектордағы  мұндай  асыра  сілтеушілік  миллиондаған 
ауыл  тұрғындарының  еңбектерін  жоққа  шығарды  және  сол  кезеңдегі  Хрущев 
саясатының  салдарлары  болып  табылды.  Жерді  экстенсивті  және  жабайы 
пайдаланудың  нәтижесінде  түсімнің  төмендеуі  орын  алды  және  ондаған 
миллион гектар жерлер ұзақ жылдарға ауылшаруашылық айналымынан шығып 
қалды.  Жерлерді  жырту  көлемінің  ұлғайтылуы  қазақ  халқының  рухани  және 
мәдени  мұрасына  айналған,  үлкен  құндылыққа  ие  тарихи  орындарының 
жойылуына  алып  келді.  Бұлар  ежелгі  көмулер,  қорғандар,  қорымдар  және  де 
көшпелі  өркениеттің  қалдықтары  болып  табылатын  ежелгі  діни  салттық 
құрлыстар.  Олардың  кейбірі  жаңа  үйлердің,  мектептер  мен  ауруханалардың 
құрылыстарының  іргетастары,  фермалар  мен  ауылшаруашылық  қажеттіліктері 
үшін пайдалану нәтижесінде мүлдем жойылып кеткен. 
Кеңестік  экономика,  атап  айтсақ  ауыл  шаруашылығы  мемлекет  Басшысы 
Н.Хрущев  анықтаған  –  Американы  қуып  жетіп,  озып  кету  ұранымен  өмір 
сүргенін  айта  кеткен  жөн.  Бұл  барлығына  тән  болатын,  ғарышты  игеруден 
бастап, белгілі бір ауылшаруашылық мәдениетін өсірумен аяқталатын.  
Республикаға  елдің  барлық  аймақтарынан  келген  тың  игерушілердің 
санының  өсуінің  нәтижесінде  оның  тұрғындарының  саны  артады,  алайда  бұл 
түпкілікті  тұрғындардың  пропорционалдық  жағдайына  кері  әсер  етеді. 
Мысалы,  М.Тәтімовтың  мәліметі  бойынша,  1959  жылы  9 295 000  республика 
тұрғындарының ішінде түпкілікті халық қазақтар 30%ды құраған [171]. 
Көрсетілген  сандар  қазақ  халқының  ассимилияцияға  ұшырап,  тілі  мен 
болмысынан, діні мен мәдениетінен айырылуына аз ақ қалғанын көрсетеді. Бұл 
деректер республика атауын берген этностың сан ғасырлар бойы күресіп келген 
өздерінің  ұқсастықтарын  және  ұлттық  мемлекеттіліктерін  жоғалтып  алуын 
сезініп,  түсінген  қазақ  ғалымдарын,  партия  және  мемлекет  қайраткерлерін 
әбігерге түсіреді. Кеңес Одағын астықпен қамтамасыз ету деген желеумен ауыл 
шаруашылығының  сыпайы  нысанымен  қатар  ұлт  сұрағы  шешілгендіктен  тың 
игеру  патшаның  қоныс  аудару  саясатының  жалғасы  болып  табылады  деген 
пікірлер айтыла бастайды. 
Сонымен  қатар,  көптеген  тың  игерушілер  жаңа  орындарға  комсомолдық 
жолдамалар  бойынша,  партия  бұйрығы  бойынша  және  өз  еріктері  бойынша 
кеңес  қоғамы  үшін  қиын  уақытта  елге  көмектесу  тілегімен  барғандарын 
ұмытпауымыз  керек.  Олар  тапсыз  қоғам  –  коммунизм  құрудың  лениндік 
идеясына сенген романтиктер болатын.  Қазақ жеріне келген олар коммунистік 
партияның міндеттерін жүзеге асыруда өз үлестерін қоса отырып, мол түсім алу 
арқылы елді аштықтан құтқару үшін колхоздарды, совхоздарды, фермалар мен 


114
 
 
элеваторларды  салуда  адал  еңбек  етеді.  Олардың  көбісі  тың  жерлерге  сіңісіп, 
тамырларын  жайып,  отбасыларын  құрып  көпұлтты  Қазақстанның  азаматтары 
атанады.  Тың  игеру  жағдайындағы  үкіметтің  басты  міндеті  совхоздарды  құру 
болатын. Казахстанская правдадағы «Совхоздар жұмысын – жоғарғы міндеттер 
деңгейіне жеткізу» деген мақалада совхоздар құрылысына мемлекет тарапынан 
4,6  млрд.  рубль  бөлінгені,  2  жылда  совхоздар  56  мың  трактор  және  12,6  мың  
астық  комбайндары  және  өзге  техникаларды  алғаны  атап  өтілген.  Мақалада 
мемлекет көмегін дұрыс және үнемді пайдалану қажеттілігі көрсетіледі [172]. 
Сол кездегі ҚазКСР совхоздарының вице-министрі Хайдар Арыстанбеков 
25  жылдың  ішінде,  1954  жылдан  бастап  1979  жыға  дейін  337  совхоз 
құрылғанын,  олардың  құрылысына  мемлекеттен    21,1  млрд.  рубль  бөлінгенін, 
осының себебінен астық мәдениеті өндірісіне оң әсер бергенін атап өтеді. Одан 
ары  қарай  ол,  Қазақстандағы  тың  игеру  кезеңінде  597,5  млн.  тоннадан  астам 
астық  алынғанын  айтады  [173].  Қазақстан бірінші  миллиард  пұт  астықты  елге 
1956 жылы берді, ал келесі бесжылдықта алдыңғы жетістіктер еселеніп жатты. 
Тоғызыншы  бесжылдық  жылдары  ҚазКСР  Компартиясының бірінші  хатшысы 
Д.А.  Қонаев  біздің  республикамыз  қамбаға  миллиард  пұттан  астам  немесе  16 
млн.  495  мың  тонна  жоғары  сапалы  астық  құйып  Отанымызды  тағы  да 
қуанышқа бөлегенін атап өтеді [174]. 
Астықты  совхоздармен  бірге  мал  өсірумен  айналысатын  шаруашылықтар 
да құрылды, және де ауылшаруашылық техникаларын және қосалқы бөлшектер 
шығарумен айналысатын зауыттар салынды [173, б.58]. 
Ауыл  шаруашылығын дұрыс жүргізу  үшін    Қазақ  аграрлық  университеті, 
Қазақ  ауылшаруашылығы  институты,  топырақтану  Институты  сияқты  оқу 
орындары  құрылды.  Кейін  олардың  барлығы  жаңа  Агро  технологияларды 
енгізу  бойынша,  тың  жерлерді  пайдаланудың  өнімділігі  мен  тиімділігі  артыру 
үшін  қажетті  жоғары  білікті  мамандарды  дайындайтын  ірі  орталықтар  үшін 
негізіне айналады. 
Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  кезеңінде  республика  мен  Одақ  орта 
мектептердің  желісін  көбейту  бойынша  бірқатар  шараларды  жүзеге  асырады. 
Мысалы,  Қостанай  облысында  оның  өсімі  –  90,3%,  Ақтөбеде  –  83%, 
Целиноградта – 78,9%, Қызыл – Ордада – 73,1%ды құрайды [175]. 
Үкімет ауыл жұмысшы жастарына кешкі және сырттай орта мектептерді де 
қарастырады.  Осылайша,  70-жылдардың  басында  190  мың  жастар  өндіріс 
қабырғасында жұмыс жасай жүріп білім алады. Әсіресе, бұл шаралар тың игеру 
аудандарында өзекті болады [175, б.9]. 
Партияның  XXIII  съезінде  жалпы  білім  беру  мектептерінің  жұмысын 
жақсарту  бойынша  шығарған  шешімі  шеңберінде  республикаға  көптеген 
жастар  келіп,  республикада  мектептердің  материалдық  базасын  қалыптастыру 
үшін,  педагогтардың  еңбекақыларын  көтеру  үшін  мол  қаржылар  бөліне 
бастайды.  Мектептерде  жастарды  адамгершілікке,  эстетикаға  және  дене 
тәрбиесіне тәрбиелеу енгізіледі. Орта білім беру мектептерінде қоғамдық, еңбек 
және  политехникалық  білім  беруге  ерекше  көңіл  бөлінгенін  айта  кету  керек 
[176]. 


115
 
 
Хрущевтың  сыртқы  және  елдің  ішіндегі  саясаттағы  жүргізген 
валюнтаристік  саясаты  оны  елдің  Бас  хатшысы  лауазымынан  тайдырды.  
«Казахстанская правда» басылымы, 1964 жылдың 14 қазанында болған КОКП 
ОК  Пленумында  Н.С.  Хрущевтың  өз  өтініші  бойынша  Бірінші  Хатшы,  КОКП 
ОК  Президиумының  Мүшесі  және  КСРО  Министрлер  Кабинетінің  Төрағасы 
міндеттерінен денсаулық жағдайына байланысты босатылғаны туралы ақпарат 
ресми  түрде  жарияланады.  Пленум  КОКП  ОК  Бірінші  Хатшысы  лауазымына 
Л.И.  Брежневті  сайлайды,  Министрлер  Кабинетінің  Төрағасы  етіп  А.Н. 
Косыгин тағайындалған болатын [177]. 
Елге жаңа басшылықтың келуімен тың игеру бойынша жоспарлар ғылыми 
негізделген,  ойластырылған  сипатқа  ие  болады.  Біріншіден,  жергілікті 
басшылықтар Мемлекеттік жоспар шегінде мемлекеттің қаржы салымдарынан 
үлкен қайтарым алынатын рентабельді дақылдарды егу құқықтарына ие болды. 
Екіншіден,  КСРО  және  республика  институттарымен  шығарылған  жоғары 
сапалы  дәндерді  пайдалану,  жаңа  тыңайтқыштарды  енгізу  арқылы  түсімді 
көбейту, 
химиялық 
препараттардың 
көмегімен 
ауылшаруашылық 
дақылдардының  зиянкес  жәндіктерімен  күресу,  жаңа  технологияларды  енгізу, 
механизациаландыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға үлкен мән берілді.    
Бұдан  басқа,  «Колхоз  мүшелерінің  зейнетақылары  мен  жәрдемақылары 
туралы»  1964  жылғы  15  шілдедегі  КСРО  Заңымен  колхоз  жұмысшыларының 
еңбек  өнімділігіне  байланысты  олардың  зейнетақыларына  қосымша 
үстемақылар  қарастырылған  болатын.  Яғни,  неғұрлым  жоғары  өнім  берсе, 
соғұрлым  жоғары  зейнетақылық  түсімдер  жасалатын.  Мемлекет  бұл  заң 
арқылы ауыл тұрғындарының еңбек өнімділігін арттыруға тырысты [178]. 
Брежневтің  басшылық  ету  кезінде  басты  салмақ  өндірістік  бірлестіктерге 
салына  бастады,  және  де  1982  жылы  КОКП  ОК  Пленумында  міндеті  ел 
тұрғындарын  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  болған  КСРО-ның  азық  түлік 
бағдарламасы 
қабылданған 
болатын. 
Колхоздар, 
совхоздар, 
тағам 
өнеркәсіптері,  ауылшаруашылық  өнімдерін  қайта  өңдеу  кәсіпорындары, 
машина  құрылыс  кәсіпорындары  аграрлық-өнеркәсіп  кешеніне  біріктірілген 
болатын. 1982 жылы басталған бұл шаралар кеңестік тәртіп жағдайында өмірге 
бейімді  экономикалық  организм  бола  алмағанын  өмір  көрсетті  [179].  Брежнев 
пен  өзге  Кеңес  мемлекеті  басшыларының  жаңалықтарының  өмірге 
икемсіздігінің  басты  себебі  жеке  меншіктің,  нарықтық  қатынастың  болмауы, 
шаруашылықты  жоспарлы  жүргізу,  экономиканы  әкімшілік-биліктік  нысанда 
басқару,  шаруашылық  жүргізу  тәсіліндегі  еркіндіктің  болмауы  ауыл 
тұрғындарының бастамаларын жоққа шығарды, ал бұл еңбек өнімділігіне әсер 
етті. 
Бесжылдық  халық  шаруашылығының  жоспары,  және  жалпы  Кеңес 
мемлекетінің  экономикасы  өндірісті  одақтас  республикалардың  аумақтары 
бойынша  жоспарлы  орналастырудан  тұрды.  Өңірдің  мамандануы,  пайдалы 
қазбалардың,  білікті  жұмысшы  күштерінің,  еңбек  ресурстарының  болуы 
шешуші мәнге ие болды. 


116
 
 
Қазақстан  бірінші  бесжылдықта  экономикалық  мамандану  бойынша 
Орталық  Қазақстандағы  экстенсивті  мал  шаруашылығы  және  республиканың 
Солтүстік-шығыс  және  Оңтүстік-шығыс  бөліктерінде  интенсивті  жер 
өңдеушілігі  бар  аймақ  болып  анықталған.  Және  ембі  мұнайы,  ақтөбе 
фосфориты, алтай және шығыс қазақстандық полиметалды руда, және де түсті 
металлургия  мен  көмір-минералды  жанармай  өңдеу  игеріліп  жатқан  елдің 
Батыс және Шығыс бөліктері өнеркәсіптік мамандану сипатында болды [180]. 
Яғни,  бұдан  біз  шикі  мұнай,  көмір,  газ,  қара  және  түсті  металдар,  ауыл 
шаруашылығы,  жер  өңдеу  мен  мал  өсіру  негіз  қалаушы  ресурстар  болғанын 
көреміз. 
Сол  кезеңдегі  бір  ғана  жетіжылдық  1959-1965  жылдарында  Қазақстанда 
технологиялық  мамандану  нығайып,  машина  жасау  кәсіпорындары  құрылады. 
Мысалы,  Өскемен  конденсат  және  прибор  жасау  зауыты,  Кентау 
трансформатор  және  экскаватор  зауыттары,  Шымкент  электромотор  зауыты, 
Алматы  төмен  кернеулі  аппаратуралар  жасау  зауыты    және  т.б.  қолданысқа 
енгізілген болатын [181]. 
Қазақстан 
біртіндеп 
КСР 
Одағындағы 
ірі 
өнеркәсіптік 
және 
ауылшаруашылықты  өңірге  айналады.  Республикадағы  үлкен  облыс 
орталықтары  арасындағы  темір  жол  құрылысы  үлкен  рөл  атқарады.  Сонымен 
қатар,  өнеркәсіп  өндірістері  тең  дәрежеде  дамыған  жоқ,  мысалы,  1959  жылы 
Қазақстанның  15  облыстарының  ішіндегі  7  облыста:  Шығыс-Қазақстан, 
Қарағанды,  Гурьев,  Оңтүстік-Қазақстан,  Алматы,  Қостанай  және  Семей 
облыстарында  өнеркәсіп  өндірістері  негізгі  қорынының  2/3-і  және 
жұмысшылардың 60%-дан астамы шоғырланған болатын [180, б.200]. 
Жалпы,  мол  темір  рудалары,  мыс  қорлары  және  сирек  кездесетін 
металдардың  бай  қорына    ие  Қазақ  КСР-і  елдің  ірі  индустриялық  ауданы 
ретінде  дамуына  мүмкіндік  берді.  Қазақстан  үшін  бірден  бір  жетіспеушілік 
республиканың кейбір бөліктеріндегі гидроэнергетикалық ресурстардың нашар 
дамуы немесе мүлдем болмауы. Әрине, энергетикалық құрам барлық өнеркәсіп 
пен  ауыл  шаруашылығының  дамуында  үлкен рөлді  ойнайтыны  белгілі.  Көрші 
республикалардың  су  электр  станцияларымен  жабдықталуы  оларды  бәсеке 
қабілетті қылды, әрі сол себепті олардың ауылшаруашылық және өнеркәсіптік 
экономикалық жобаларының болашағы зор болды. 
Дей  тұрғанмен,  Қазақстанда  Шығыс-Қазақстан,  Алматы  және  Шымкент 
облыстарындағы  су  ресурстарының  шоғырлануын  пайдалана  отырып 
қазақстандық  экономиканы  электр  энергетикасымен  қамтамасыз  ету  үшін  су 
электр станциялары салына бастайды. 
Әрине,  аз  ғана  өзендер  көлемі  тиісті  қажеттіліктерді  қамтамасыз  етуі 
мүмкін  емес  еді,  дегенмен,  олар  жақын  орналасқан  облыстарға 
энергоресурстардың  үлкен  көлемін  бере  алды.  Осылайша,  1964  жылдың  11 
қазанындағы  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде  Шымкент  облысында  КСРО-
ның 50-жылдық құрметіне Сырдария ГРЭС-і іске қосылғаны жазылады [182]. 
Кеңес Одағының дамуы бір өңірлердің бір біріне қатаң байлануы арқылы 
жоспарлы негізде құрылғандықтан, энергоресурстар жетіспеген облыстар Сібір 


117
 
 
және  Орал  сияқты  энергоресурстары  мол  аудандардың  есебінен  қамтамасыз 
етілді.  Және  де,  елдің  жанармай  энергетикалық  ресурстарының  маңызды 
шешімдерінің  бірі  болып  Қазақстанда  тас  көмірдің  мол  қорының  болуы 
табылды.  Қазақстанның  болат  құю  және  мыс  құю  өнеркәсіптері  құрамында 
жоғары  сапалы  энергетикалық  құрамы  бар  коксталған  көмірді  пайдаланды. 
Онымен  қоса,  Қазақстан  Сібірдің  және  Қиыр  Шығыстың  көптеген 
металлургиялық  зауыттарын  коксталған  көмір  түріндегі  сапалы  өніммен 
қамтамасыз етті. 
Қазақстан ресей өнеркәсіптерінің шикізаттық шылауы болғаны белгілі, ол 
жөнінде  отандық  ғалымдар  қаншама  рет  атап  өткен.  Бірақта,  сонымен  қатар, 
республиканың  әртүрлі  облыстарында  инфрақұрылымы  бар  заманауи  қалалар 
бой  көтереді,  астана  болған  Алматы  қаласы  еліміздің  көркіне  айналады,  онда 
зәулім үйлер салынып, кең көшелер мен даңғылдар қалыптасып, театрлар мен 
мұражайлар, тау басында бірегей «Медеу» мұзайдыны салынған болатын. 
Қазақ  экономикалық  аудандары  құрылымында  70-жылдары  қысқа  мерзім 
аралығында  33-тен  астам  кәсіпорынды  іске  қосқан  Алматы  облысы  тұрды. 
Өңірдегі  өнеркәсіптің  дамуына  Қапшағай  гидроэлектр  станциясының 
құрылысы ерекше мәнге ие болды. Осы кезеңде Алматы мақта-мата комбинаты 
салынған болатын [183]. 
Маңызы  жағынан  және  экономикалық  қуаты  бойынша  ірі  индустриалды 
және  ауылшаруашылық  өндірісі  ерекшелеп  тұрған  Қостанай  облысы  болды. 
Мысалы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты Урал мен КСРО-ның өзге де 
өңірлеріндегі  кәсіпорындарды  шикізатпен  қамтамасыз  ету  арқылы  үлкен 
танымалдылыққа ие  болған.  Қарастырылып  отырған облыста  жылына 36  млн. 
тонна темір рудасын байыту қуаттылығы бар Лисаковск кен байыту комбинаты 
құрылысын аяқтап жатқан. Және де жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны - 20 млн. метр 
мата өндіру қуаттылығы бар шұға мауыты комбинаты және т.б. салынды [183, 
б.10]. 
Қазақстан  экономикасында  айтарлықтай  маңызға  ие  болған,  тек  сегізінші 
бесжылдықта 44 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс жасаған Қарағанды облысының 
да  орны  ерекше.  Онда  Жезқазғандағы  кентас  өндіру,  Балқаштағы  мыс  қорыту 
және  Теміртаудағы  металлургия  комбинатының  құрылыстары  үдетіле  түседі. 
Республика,  Қарағанды  облысы,  әсіресе  ауыл  үшін  ұзындығы  500  шақырым 
құрайтын Ертіс Қарағанды су каналы құрылысының басталуының ерекше мәні 
болды [179, б.203]. 
Жоғарыда келтірілгендерден кеңес басшылығының 1960-1980-жылдары ел 
экономикасына  жан  бітіру  және  халықты  азық-түлікпен,  бірінші  қажеттілік 
тауарларымен  қамтамасыз  ету  үшін  жасаған  талпыныстары  оң  нәтиже 
бермегенін  атап  өтуге  болады.  Азық-түлік  бағдарламасы,  кооперативтік 
қозғалыстар  мен  экономиканы  көтерудегі  өзге  де  міндеттерді  қамтыған 
ауылшаруашылығын дамыту бойынша әртүрлі шаралар да сәтсіз болып шықты.  
Жалпы  басынан-ақ,  КСРО  экономикасының  дұрыс  бағдарлама  бойынша 
құрылмағанын  айта  кеткен  жөн.  Әскери-өнеркәсіптік  кешен  ел  бюджетінің 
едәуір  бөлшегін  жеп  жатты.  Кеңес  Одағы  саяси  имиджді  қолдап  отыру  үшін 


118
 
 
социалистік  идеологияны  ұстанушы  үшінші  әлем  елдерінің  біршамасын 
қаржыландырып  отырған.  Ауғанстандағы  сияқты  мұқият  ойланбаған  әскери 
кампаниялар,  дүние  жүзі  бойынша  әскери  базаларды  ұстау  кеңестің,  соның 
ішінде Қазақстан экономикасының дамуына мүмкіндік бермеді. 
Елде  болашақ  салдарлары  ескерілместен,  бір  сәттік  жылдам  нәтиже  мен 
пайданы  көздеген  экономикалық  жобалар  жүзеге  асырылған.  Мысалы,  1954 
жылы  басталған  тың  игеру  миллиондаған  гектар  егістік  жерлерді  эрозияға 
ұшыратты, жаппай еркін қоныс аудару саясатының нәтижесінде Қазақстанның 
тұрғылықты  халқы  азшылықта  қалып,  өзінің  ұлттық  бірдейлігін,  сәйкесінше 
мемлекеттілігін жоғалтып алуына қауіп төнді. 
Сонымен  бірге,  тың  игерудің  Қазақстанның  кең  даласында  жаңа  қалалар 
мен  елді  мекендердің  бой  көтеруіне  себеп  болғанын  айтпай  кетуге  болмайды. 
Бай  қазақ  жері  жаңа  азаматтарды  олардың  дәстүрлерімен  бірге  қабылдай 
отырып, егемен Қазақстанның көпұлтты этникалық құрамының негізін қалады. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


119
 
 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау