1.3 Деректерді өңдеудің таратылған жүйелерiн құру технологиялары
Қолданбалы компоненттер – нақты бір бизнес-логиканы жүзеге
асыратын бағдарламалық кодтың дербес блоктары, желi бойынша
таратылған, көп рет қолданылуы мүмкін. Олар қазіргі кезде күрделі
таратылған бағдарламаларды құру блоктары болып келеді және оларға
қызығушылық артуда. Сондықтан таратылған объектті бағдарламаларды
құрудың негізгі объекттік сәулеттері не технологиялары жұмысын игеру
және зерттеу – заман талабы.
Таратылған жүйелерді құру технологиялары екіге бөлінеді:
1)
ActiveX/DCOM технологиясы – Intel платформасында Windows
операциялық
жүйесімен
(ОЖ)
жұмыс
істеуге
негізделген.
Distributed Component Object Model (DCOM) – компоненттердің таратылған
объектті моделі, Microsoft фирмасының объектіге бағытталған таратылған
желілік қосымшаларын жазуды жеңілдететін технология. DCOM құрамына
кодтау процесін жеңілдететін кітапханалар кіреді.
2)
JavaBeans/CORBA технологиясы – кросс-платформалық, яғни кез-
келген аппараттық платформа мен ОЖ-де жұмыс жасауға негізделген.
CORBA - Component Object Request Broker Architecture - OMG корпорациясы
тобымен ұсынылған технологиялық стандарт және оған сәйкес ақпараттық
технология, күрделі таратылған желілік қосымшаларды құруға арналған.
OMG (Оbject Management Group) – объектіге бағытталған стандарттар және
технологияларды құру және сатумен шұғылданатын консорциум (жұмыс
тобы),
кәсіпорын
деңгейінде
платформаға
тәуелді
емес,
яғни
интероперабельді бағдарламалар құру стандарттарын құрастырумен
шұғылданатын коммерциялық емес ұйым. Консорциуммен бағдарламалық
қамтамаларды өндіретін 800-ге жуық ірі мекемелер жұмыс істейді.
Интернетпен жұмыс істеу, ақпарат алу «клиент-сервер» технологиясы
арқылы орындалады. Амалдардың көбі не барлығы серверде орындалады, ал
сұраныс нәтижесі клиентке жіберіледі. Клиент алынған нәтижені өңдейді.
Web-клиент
ретінде бағдарлама-броузер (Internet Explorer, Netscape
Communicator, Mozilla, Opera, Google Chrome және т.с.с.) , ал сервер ретінде –
Web-сервер (Internet Information Server, Apache, Personal Web Server,
EMWAC HTTPD, Tomcat және т.с.с) қабылданады. Web-сервер барлық
мәліметті сақтап, клиентке сұраныс бойынша жібереді, ал браузер экранда
алынған құжаттарды дұрыс көрсетуге жауап береді.
CORBA және COM технологияларының функциялары – объекттердің
өзара әрекетін және олардың бір жүйеге кірістірілуін қамтамасыз ету, аралық
бағдарламалық қамтаманың функциясын атқарады.
Аралық деңгей сәулеті келесі негізгі принциптерді жүзеге асыруы тиіс:
1. Объекттің физикалық орналасуына тәуелсіздік. Бағдарламалық
қамтаманың компоненттерінің бір аппараттық жүйеде орналасуы, бір
процесс көлемінде орындалуы, бір файлда орналасуы міндетті емес.
17
2. Платформаға тәуелсіздік. Компоненттер бір жүйе шеңберінде
әрекеттесе отырып, түрлі аппараттық және операциялық платформаларда
орындалуы мүмкін.
3. Бағдарламалау тіліне тәуелсіздік. Компоненттер құруда қолданылған
тілдер олардың әрекеттесуіне кедергі жасамайды.
CORBA және COM технологиялары әртүрлі болғанымен, осы
принциптерді жүзеге асыру тәсілдері бірдей. Бұл клиент-серверлік
технологиялар, объекттiң функционалдығы абстрактiлi интерфейстерге
қатынау арқылы клиентке жеткiзiлiп берiледi.
Интерфейс - объекттердiң кластарына тән функцияларды орындау
әдістерінің жиыны. Интерфейс клиентке әдісті шақыруға мүмкіндік береді,
әдістің орындалу жолдарын көзден таса етеді.
Клиент объектке интерфейс арқылы, яғни объект интерфейсінде
анықталған әдісті шақыру арқылы ғана қатынай алады, демек нақты амалдар
объекттің адрестік кеңістігінде орындалады, объект клиент процесінен
қашықта болуы да мүмкін. Орындау жолдарын көзден таса ету
компоненттердің платформаға, бағдарламалау тілдеріне тәуелсіз өзара
әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Екі технология да клиент процесі мен объект
сервері арасындағы әрекеттесуде алыстағы процедураны объектті түрде
шақыру механизмін (RPC) қолданады. RPC - процедураны алыстан шақыру
технологиясы, желілік қосымшаларды құруда, оның ішінде МҚ-на қатынау
қосымшаларын құруда кеңінен қолданылады. Технология әр түрлi
платформалардың арасында аппаратты -тәуелсiз мәлiмет алмасуды
қамтамасыз етедi, бiрақ жалпы жағдайда серверлiк және клиент
қосымшасының бiр уақытта өңделуін талап етедi. Соңғысы әртүрлi
мәлiметтерi бар таратылған ақпараттық жүйелердi құрастыру үшiн қосымша
стандартизациялаумен қолданылады. Әйтсе де, бұл технология CORBA,
DCOM және көптеген арнайы фирмалық жүйелер негiзiн құрайды.
1.6 суретте RPC механизмінің құрылымы көрсетілген.
Клиент
Клиенттік суррогат
Көліктік
хаттама
Сервер
Серверлік суррогат
Транспорттық
хаттама
Желі
Достарыңызбен бөлісу: |