Қазақстан республикасының білім және ғылым


COM  (Component  Object  Model)  технологиясы



жүктеу 1,67 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата24.08.2020
өлшемі1,67 Mb.
#31278
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Semnina Derekterdi ondeu

COM  (Component  Object  Model)  технологиясы.  Бұл  технология 

бағдарламалар  мен  компоненттер  арасындағы  өзара  әрекетті  қамтамасыз 

етеді.  Технология  СОМ-объекттермен  жұмыс  істейді.  Олар  Delphi 

объекттеріне (компонент, класс) ұқсас, айырмашылығы – қасиеттері, әдістері 

және  интерфейстері  болады.  Delphi  объекттері:    Imag,  Timer,  Label,  Memo, 

ListBox, GroupBox, Image және т.с.с. Delphi бағдарламасының артықшылығы 

- СОМ және ActiveX технологияларын қолдау.  

COM  -  ActiveX  және  OLE  технологияларының  негізін  құрайды.  OLE  – 

(Object  Linking  and  Embedding)  -  технология  встраивания  и  связывания 

объектов - объекттерді енгізу және байланыстыру технологиясы.  

ActiveX  басқару  элементі  -  DLL  (Dynamic  Link  Library -  динамикалық 

қосылатын  библиотека  –  түрлі  бағдарламаларға  бірнеше  рет  қолдануға 

болатын  модуль)  ретінде  анықталған,  қолданушы  бағадарламасында 

қолданылатын  элемент.  Элемент  көмегімен  әдеттегідей  қасиеттерді, 

әдістерді,  оқиғаларды  бағдарламалауға  болады.  Қай  кезде  ActiveX  басқару 

элементі  қолданылуы  мүмкін?  Мысалы,  жаңа  Web  браузер  құру  кезінде 

shdocvw.dll  атты  браузер  негізін  бағдарламаға  қосу  және  онымен  жұмыс 

істеу.  Internet/Intranet  бағдарламаларымен  жұмыс  істеуде  де  жиі 

қолданылады.  

СОМ  терминологиясы.  СОМ-объект  -  белгілі  бір  функцияны 

орындайтын және бір не бірнеше интерфейсі бар екілік код. СОМ-объекттің 

бағдарламада  объектті  қолдану  әдістері  болады.  Бұл  әдістерге  СОМ-

интерфейстер  арқылы  қатынауға  болады.  Қолданушы  үшін  СОМ  объект 

Object  Pascal    класы  тәріздес  жұмыс  істейді.  СОМ-интерфейс.  Интерфейс  - 

сервер  және  клиент  арасындағы  байланысты  қамтамасыз  ететін  логикалық 

және  семантикалық  байланысқан  процедуралар  жиыны.  Интерфейс  СОМ-

объекттің әдістерін біріктіру үшін қолданылады. Интерфейс клиентке  СОМ-

объектке  дұрыс  қатынауға,  ал  объектке  клиентке  дұрыс  жауап  беруге 

мүмкіндік  береді.  СОМ-интерфейс  аттары  I  әрпінен  басталады.  СОМ-

объекттің  интерфейстері  туралы  клиент  бейхабар  болуы  мүмкін.  Олардың 




19

 

тізімін  алу  үшін  клиент  әр  СОМ-объектте  болатын  ІUnknown  негізгі 



интерфейсін қолдануына болады.  

СОМ-объект қолданушысы ретінде СОМ-объектті не оның интерфейсін 

қолданатын  бағдарлама  не  оның  бөлігі  болады.  СОМ-объект  басқа 

бағдарламада орналасады.  

СОМ-кластар. СОМ со-кластар (coclass) – бұл құрамында бір не бірнеше 

СОМ-интерфейсі бар кластар. Клиент СОМ-интерфейске тікелей қатынамай, 

со-класс 

арқылы 


қатынауына 

болады. 


Со-класс 

(clsid) 


класс 

идентификаторымен идентификацияланады.  

Типтер  кітапханалары.  СОМ-объекттер  типтер  кітапханасын  жиі 

қолданады.  Типтер  кітапханалары  -  СОМ-объекттер  туралы  ақпаратты 

сақтайтын  арнайы  файлдар.  Бұл  файлда  СОМ-объект  құрамында  болатын 

қасиеттер,  әдістер,  интерфейстер,  құрылым  және  басқа  элементтер  туралы, 

сондай-ақ  әр  қасиеттің  және  СОМ-объекттер  қайтаратын  мәліметтердің 

типтері  туралы  ақпарат  сақталады.  Типтер  кітапханасының  файлдары  TLB 

кеңейтіліміне ие.  

СОМ-бағдарлама құрамы: 

- СОМ-интерфейс;  

- СОМ-сервер;  

- СОМ-клиент.  

СОМ технологиясының екі негізгі артықшылығы:  

- СОМ-объекттерді құру бағдарламалау тіліне байланысты емес. Олар әр 

түрлі тілдерде жазылуы мүмкін.  

-  СОМ-объекттер  Windows  жүйесіндегі  кез-келген  бағдарламалау 

ортасында қолданыла алады (Delphi, Visual C++, C++Builder және т.б.)  




жүктеу 1,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау