OSI эталондық моделі деңгейі
Желілік бағдарламалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және
кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart
Organisation — ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open
System Interconnection -OSI) құрды. Бұл термин сәйкес стандарттарды бірге
қолдануға байланысты бір-біріне «ашық» жүйелер арасында мәліметтерді
беру процедураларына қатысты қолданылады. Негізгі эталондық модель
бойынша ашық жүйелер қатынасы деңгей деп аталатын, бір-бірінің үстіне
орналасқан жеті қабатқа бөлінген.
OSI моделінің қызметі:
жүйелі әрекеттесудің әр түрлі деңгейін анықтау;
жүйеге стандартты аттар беру;
әрбір деңгейдің қызметін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |