1 ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ТАРАТЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРІ
1.1 Таратылған жүйелердің сәулеті және деректерді таратып
өңдеудің принциптері
Деректерді өңдеудің таратылған жүйелері (ДӨТЖ) - өзара байланысқан,
бірақ бір-біріне тәуелсіз ЭЕМ-дың бірігіп қызмет көрсетуін қамтамасыз
ететін жүйе. Бұл жүйелер ақпараттың пайда болу және қолданылу
пунктерінің территориялық таратылуымен сипатталатын объекттерді
автоматтандыруға арналған. Таратылған жүйелердің танымал болуы
тапсырыс берушілердің заманауи бағдарламалық өнімдерге талаптарының
қатаңдауына байланысты. Негізгі талаптар төмендегідей:
Жүйенің масштабталуын қамтамасыз ету, яғни бір уақытта көптеген
клиенттерге тиімді қызмет көрсету мүмкіндігі.
Құрылатын бағдарламалардың сенімділігі. Бағдарламалық кешен тек
қолданушылардың қателеріне ғана емес, коммуникация жүйесінің істен
шығуына төтеп беру. Сенімділікті бағалауда транзакциялар қолданылады,
яғни жұмыс істеу кезінде жүйенің бір орнықты және қалыпты жағдайдан
екінші жағдайға кепілді түрде өту мүмкіндігі.
Жүйенің ұзақ уақыт аралығында үздіксіз жұмыс істеуі.
Жүйе қауіпсіздігінің жоғары деңгейі, яғни жүйе ресурстарына
қолжетімдікті бақылау, жұмыс істеудің барлық кезеңінде ақпараттың
қорғалуы, орындалатын амалдардың дұрыстығын тексеру.
Бағдарлама құрудың жоғары жылдамдығы және бағдарламаны жөндеу
мен сүйемелдеудің қарапайымдылығы.
Концептуалды негізде деректерді таратып өңдеуді келесі 3 ресурс
категорияларының
байланыс
жүйесін
ұйымдастыру
және
орталықсыздандыру деп түсінуге болады:
- аппараттық есептеу құралдары және есептеу қуаты;
- деректер қоры;
- жүйені басқару.
Деректерді өңдеудің таратылған жүйелері бір рангті серверлердің желісі
ретінде қарастырылады. Деректер бөліктерге бөлініп жүйе серверлеріне
таратылады. Клиент жақын серверге қосылады, ол арқылы жүйедегі барлық
мәліметтерге қолжетімді болады. Клиент қосылған сервер жүйенің
қашықтағы серверлеріне сұраныс жасайды.
Таратылған ортада әрекеттесуді ұйымдастыруда келесі негізгі
функциялар орындалады:
ресурстарға (есептеу қуаты, бағдарлама, мәліметтер және т.б.)
қолжетімдік;
тапсырмаларды
орындау
және
«клиент-сервер»
режимінде
қолданушылар мен олардың тапсырмаларымен интерактивті байланысты
орнату;
жүйе жұмысы туралы статистиканы жинау;
6
жүйе сенімділігін және өмір циклын қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде ДӨТЖ-нің түрлі критерий бойынша классификациясы бар:
1)
Біркелкілік деңгейі бойынша
Толықтай біркелкі емес ДӨТЖ
Жартылай біркелкі емес ДӨТЖ
Біркелкі ДӨТЖ
Толықтай біркелкі емес ДӨТЖ –ге түрлі сәулетті және әр түрлі
операциялық жүйемен жұмыс істейтін ЭЕМ-дар біріктірілген. Бұл типті
ДӨТЖ коммуникациялық қызмет ретінде Х.25, Frame relay, ATM, Internet-
технология хаттамаларына негізделген глобальды желілерді қолданады.
Жартылай біркелкі емес ДӨТЖ-лер бір типті түрлі ОЖ басқаруымен
жұмыс істейтін ЭЕМ-дер немесе бір ОЖ басқаруымен, бірақ түрлі типті
ЭЕМ-дер негізінде құрылады. Мысалы, IBM PC компьютері түрлі ОЖ-
лермен басқарылады: MS DOS, OS/2, Windows ХР. 7, Windows NT.
біркелкі ДӨТЖ бір ОЖ –мен басқарылатын және бір типті ЭЕМ-дар
негізінде құрылады.
2)
Сәулеттік ерекшеліктері бойынша
Телеөңдеу жүйелері негізіндегі ДӨТЖ.
Желілік технология негізіндегі ДӨТЖ.
Желілік технологияда бір машинадағы кез-келген процесс басқа ЭЕМ-
гі процеспен байланыса алады. Ал телеөңдеу жүйелері негізіндегі ДӨТЖ-де
процестердің толық, симметриялық және тәуелсіз өзара қатынастары
орындалмайды.
3)
Таратылу деңгейі бойынша
Регионалды (аймақтық);
Локальды.
Аймақтық ДӨТЖ-не келесі параметрлерімен сипатталатын таратылған
конфигурациялар кіреді:
Шексіз географиялық таратылу;
Маршруттаудың механизмдері;
Түрлі екі түйін өзінің каналы арқылы байланысқан;
Еркін топология.
Бұл типті ДӨТЖ-де ЭЕМ-дар арасындағы байланыстың келесі түрлерін
атап кетуге болады:
Каналдар коммутациясы;
Хабарламалар коммутациясы;
Пакеттер коммутациясы;
Фреймдер коммутациясы - Frame relay;
Ұяшықтар коммутациясы - ATM-технология.
Локальды ДӨТЖ-нің негізін келесі сипаттары бар локальды желілер
құрайды:
кішігірім географиялық таратылу;
бір коммуникациялық ортаны қолдану;
7
жоғары және өте жоғары жылдамдықты байланыс - 107... 109 бит/с;
коммуникациялық қызметтің барлық түйінін қолдану арқылы жоғары
жылдамдықты ұйымдастыру үшін бір ортаға қолжетімдіктің арнайы әдістері
мен алгоритмдерін қолдану;
топологиялардың шектеулігі.
ДӨТЖ-нің сәулеті деп оның логикалық, физикалық және бағдарламалық
құрылымдарының өзара байланысын айтамыз.
ДӨТЖ-нің логикалық құрылымы желілік қызметтер құрамын және
олардың байланысын қамтып көрсетеді (1.1 сурет).
Сурет 1.1. Деректерді өңдеудің таратылған жүйелерінің логикалық
құрылымы
Бұл құрылымдағы ақпараттық-есептеу қызметі желі қолданушыларының
есептерін шешуге арналған.
Терминалдық қызмет терминалдың желімен байланысын қамтамасыз
етеді. Терминалдық қызметке форматтар мен кодтарды түрлендіру, түрлі
типті терминалдарды басқару, терминал мен желі арасындағы ақпарат алмасу
процедурасын өңдеу және т.с.с кіреді.
Транспорттық қызмет желіде хабарларды таратумен байланысты есептер
шығаруға арналған. Ол маршруттарды, ағындарды және деректерді,
хабарларды пакеттерге декомпозициялауды басқарады.
Интерфейстік қызмет түрлі сәулетті, деректерді көрсетудің түрлі
форматтары қолданылатын, түрлі ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін әр түрлі
ЭЕМ-дың өзара қатынасын, сондай-ақ түрлі желілер құрамына кіретін ЭЕМ-
дың өзара байланысын ұйымдастыру есептерін шешеді.
Басқару қызметі желіні басқарады, реконфигурация және қалпына
келтіру процедураларын орындайды, желі қызметі туралы статистиканы
жинайды, оны тестілеу жұмысын орындайды.
Бұл келтірілген логикалық құрылымның элементтерінің толық құрамы
барлық нақты жүйелерге міндетті емес, мысалы, біртекті желілерде
интерфейстік қызмет, ал қарапайым желілерде басқару қызметі болмауы
мүмкін. ақпараттық-есептеу қызметі мен терминалдық қызмет абоненттік
Ақпараттық-есептеу қызметі
Транспорттық
қызмет
Терминалдық
қызмет
Басқару қызметі
Терминалдық
қызмет
Интерфейстік
қызмет
Ақпараттық
есептеу
желісі (АЕЖ)
АЕЖ
8
қызметті құрайды, ал, интерфейстік және транспорттық коммуникациялық
қызметті құрайды.
Әр түрлi ЭЕМ бойынша логикалық құрылымның элементтерiнiң
үлестiрiлуiн ДӨТЖ-нің физикалық құрылымы қамтамасыз етеді (1.2 сурет).
1 – негізгі ЭЕМ; 2 - коммуникациялық ЭЕМ; 3 - интерфейстік ЭЕМ;
4 - терминалды ЭЕМ; 5 – басқарушы ЭЕМ.
Сурет 1.2. Деректерді өңдеудің таратылған жүйелерінің физикалық
құрылымы
Мұндай құрылымның элементтері ретінде өзара және терминалмен
байланысты ЭЕМ-дер қабылданады. ДӨТЖ-нің бағдарламмалық құрылымы
желілік бағдарламалық қамтаманың компоненттер құрамын және олардың
байланысын көрсетеді. Желілік бағдарламалық қамтама көп деңгейлi
иерархиялық деңгейде ұйымдастырылған.
Иерархиялық деңгей ұйымдастыру үшін бір ЭЕМ-де орындалатын, бірақ
түрлі деңгейдегі бағдарламалар мен бір деңгейдегі, бірақ түрлі
компьютерлерде орналасқан бағдарламалардың өзара әрекетіне арналған
ережелер қажет, яғни интерфейстер мен хаттамалардың нақты сипаты қажет.
Біртұтас, әмбебап, логикалық және физикалық өзгерістерге ашық желілі
сәулетті құруға ұмтылу ЭЕМ желілерінің ПҚ иерархия деңгейін
стандарттауға себепшi болды. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ISO –
International Standard Organization) ашық жүйелер сәулетінің концепциясын
ұсынды, онда халықаралық стандартты құруда негізгі болып саналатын
эталонды модель анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |