6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясаты


  Желтоқсан  оқиғасының  тарихи  маңызы



жүктеу 440,26 Kb.
Pdf просмотр
бет13/25
Дата12.05.2020
өлшемі440,26 Kb.
#30350
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
6-модуль

3.  Желтоқсан  оқиғасының  тарихи  маңызы.  Сөйтіп,  кеңестік  жүйенің 

құрсауын қақыратуға тырысқан қазақ жастарының бұл көтерілісі аяусыз басып 

жанышталды.  Шеруге  күшпен  тойтарыс  беруге  бұйрық  алған  құқық  қорғау 

қызметкерлері  өте  анайы  түрде  әрекет  жасады.  Ұсталғандарды  ұрып-соғу, 

жартылай  жалаңаш  жандарды  ақ  қар,  көк  мұзда  ұстау,  прокурордың 

санкциясынсыз  қамауға  алу  және  тағысын-тағы  заңсыздықтар  орын  алды. 

Жастарды алаңнан қуып шығу үшін дубинкалар, сапер күрекшелері, қызмет 

иттері,  өрт  сөндіргіш  машиналар  және  басқа  да  техникалар  қолданылды. 

Құқық  қорғау  органдарының  бұл  заңға  қайшы  әрекеттерінің  соңы  бейбіт 

шеруге қатысушыларды қуғын-сүргінге салуға ұласты. 

Желтоқсаншылар  үстінен  жүрген  сот  істерінің  өзектісі  Қ.Рысқұлбеков, 

Т.Тәшенов,  Ж.Тайжұманов,  Қ.Күзембаевқа  арналған  сот  үрдісі  екені  мәлім. 

Өлім  жазасына  кесілген  Қайрат  Рысқұлбековтың,  Мырзағұл  Әбдіқұловтың, 

түрлі  мерзімге  кесілген  басқа  да  азаматтардың  Отанның  берілген  тұлғалы  




жандар  екендігін,  сондықтан  да  олардың  нақақтан  нақақ  отаршыл,  зымиян, 

әділетсіз жүйенің  рахымсыз құрығына іліккендерін іштей түсінді де  тыңды. 

Желтоқсан ерлерін соттау барысында билік саясатына жол берілді. Оқиғаларға 

қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде заңдылықтың 

өрескел түрде бұзылуына жол берілді. Солар бойынша тергеу қысқа мерзімде, 

үстірт  және  айыптауға  айқын  бейімділікпен  жүргізілді.  Өлім  жазасына 

кесілген Қ.Рысқұлбековтың ісі оның айғақты дәлелі еді. Желтоқсан қозғалысы 

қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп жетілген-ді. Оның шығу, өрбу 

себебі  –  жүйенің  шала  дүмбілездігінде,  оның  империялық,  тоталитарлық, 

казармалық табиғатында жатты.  

Қазақ  жастарының  1986  ж.  желтоқсандағы  бас  көтеруінің  түрі  ұлттық 

болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде 

орыс  халқына  қарсы  бағытталмаған  болатын.  Бұл  ереуіл  саяси  сипаттағы 

бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. 

Бірақ 

республиканың 



және 

орталықтың 

партиялық-бюрократиялық 

құрылымы  тарапынан  ол  экстремистік  (Экстремист  –  шектен  шыққан 

көзқарасты  жақтаушы)  пиғылдағы  ұлтшыл  жастар  тобының  бүлігі  деп. 

бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны “Қазақ ұлтшылдығы” деп айыптауға 

дейін барды.  

Желтоқсан  оқиғасы  бойынша  тергеу  барысында  99  адам  сотталды,  264 

адам  жоғары  оқу  орындарынан,  758  адам  комсомолдан  шығарылды.  1164 

комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП 

қатарынан  шығарылды.  Ішкі  істер  министрлігінен  1200  адам,  Денсаулық 

сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары 

оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 

Қорыта  айтқанда,  жастар  нан  үшін,  күн  көріс  қамы  үшін  ғана  емес,  ең 

алдымен халықтың намысы үшін, басқалардан тәуелсіздігі үшін күресті. 

Желтоқсан оқиғасы:  

Кеңестік империяның іргесін сөккен пәрменді соққы еді. 

 Бұл қозғалыс – тәуелсіздікке жол ашқан алғашқы қадам болды. 

 Ұлт  республикаларының  енді  орталықтан  басқаруға  көнбейтіндігін 

дәлелдеген қозғалыс болды. 

Социалистік жүйенің тұйыққа тірелгендігін айқындап берді. 

Қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті.  Желтоқсан 

қозғалысында  қала  көшесін  кернеп,  алаңды  толтырған  жастар  халқының 

намысын қорламауды талап етті. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан қозғалысы 

ел есінде сақталды. Бұл тәуелсіздік үшін және Қазақстанның егемендігі үшін 

күрестің бастамасы болды.  




жүктеу 440,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау