6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясаты


Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970-1986 жж.)



жүктеу 440,26 Kb.
Pdf просмотр
бет12/25
Дата12.05.2020
өлшемі440,26 Kb.
#30350
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
6-модуль

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970-1986 жж.) 

1970  ж.  1  қаңтарда  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Тарбағатай  ауданы, 

Ақмектеп ауылында туды. 1977-1984 жж. «Ленин жолы» 8 жылдық мектебін 

де  оқып,  1984  ж.  Өскемен  педагогикалық  училищесіне  оқуға  түсті.  1986  ж. 

желтоқсанындағы  оқиға  аймақтарда  да  қазақ  жастарының  қозғалысына 

ұласты.  Сондай  қаланың  бірі  Өскемен  болатын.  Барлық  студенттер  21 

желтоқсанда  Ленин  атындағы  орталық  алаңға  жиналып,  өздерінің  бейбіт 

мақсаттағы  тілек  мүдделерін  жеткізбек  болған.  Бірақ,  арада  жарты  сағаттай 

уақыт  өткенде  құқық  қорғау  қызметкерлері  жастарды  ұрып-соға  жөнелді. 

Айыпты  деп  танылған  он  беске  тарта  студент  қамауға  алынды.  Тергеу 

барысында  жастарға  ұлтшыл  деген  жала  жабылып,  орынсыз  қорлауға  жол 

берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы 

шығуды  мақсат  тұтқан»  С.Мұхамеджанова  деп  танылады.  Әрине,  небәрі  16 

жастағы қыз мұндай жаланы көтере алмады. 1986 ж. 26 желтоқсанда Өскемен 

қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті. Сәбира 

- тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді.  

Желтоқсан  қозғалысы  басылысымен-ақ  жастарды  тек  түрмеге  ғана 

жабумен  емес,  ұжым  арасында  масқаралап  жастардың  ең  жоғарғы  органы 

саналған комсомол қатарынан шығару ісі лезде басталды. Осы орайда 1987 ж. 

14  қаңтарда  Қазақстан  Компартиясы  ОК-не  Алматы  қаласындағы  17-18 

желтоқсан күндері барысында ұсталғандар арасында комсомол мүшелері – 759 

адам болса, комсомол қатарынан қуылғандары – 595 адамды құрады. Жігіттер 

мен қыздар арасынан 716 сөгіс алды. Комсомолдан қуылғандардың 308 адамы 

жұмысшылар,  2021-і  ЖОО-ның,  50-і  техникумдардың  студенттері,  26-сы 

кәсіптік-техникалық  училище  оқушылары,  2-уі  жалпы  білім  беретін  мектеп 

оқушылары,  8-і  қызметшілер  болды.  Бұл  жағдай  әрбір  жергілікті  комсомол 

комитеттері бюроларының мәжілістерінде жүзеге асты. Бұл тұжырымдардан 

қазақ жастарын тек абақтыға апарып тығу ғана емес, олардың жеке бастарына 

осындай жолдармен, яғни студент және оқушы жастарды оқу орындарында, 

жұмысшы  жастарды  зауыт-фабрика,  комбинаттардың  комсомолдық 

ұйымдарында  жиналысқа  салып  масқаралау  әрекеттерінің  билік  тарапынан 

мықты белең алғанын байқауға болады. Көптеген жоғары оқу орындарының 

студенттері оқудан қуылды. Алматыдағы бір ғана Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 

айналдырған 5-10 күннің ішінде 22 студент оқудан шығарылды. 

Желтоқсан қозғалысына тек студент жастар емес, жұмысшы жастардың да 

қалың қолы қатысты. Жұмысшы жастардың басым бөлігі “Алматы тұрғын үй 

құрылысы”  тресінің  “Құрылыс-монтаж”  басқармасында,  “Алматы  ауыр 

машина жасау” зауытында, “Алматы мақта-мата” комбинатында, “Поршень” 




зауытында,  “Тұрмыстық  химия”  зауытында,  Гагарин  атындағы  тігін 

фабрикасында  істейтіндер  еді.  Осы  зауыттар  мен  фабрикаларда  жұмыс 

істейтін  жігіттер  мен  қыздарда  аз  қорлық  көрген  жоқ.  Кейбірі  абақтыға 

жабылып, 5-6 жылдан бас бостандығынан айрылып жатса, кейбірі қудалауға 

ұшырап желтоқсан қозғалысы кезінде соққыға жығылды.  

1986  ж.  Желтоқсан  оқиғасы  тек  Алматыда  ғана  емес,  аймақтарда  да 

арпалыс  туғызды.  Бұл  кезде  митінгілер  мен  шерулер  Жезқазғанда, 

Қарағандыда,  Талдықорғанда,  Арқалықта,  Көкшетауда, 

Өскеменде, 

Сарыөзекте,  Семейде,  Талғарда,  Шымкентте  және  т.б.  қалаларда  өтті. 

Мысалы, Жезқазғанда 19 желтоқсанда педагогикалық және политехникалық 

институттардың  500-ге  тарта  студенттері  Ленин  көшесінің  бойына  шықты. 

Олардың  қолдарында  орталықтың  әділетсіз  ұлт  саясатына  наразылық 

білдірген  ұрандар  болды.  Бейбіт  шеруге  шыққандарға  шабуыл  жасалынып, 

күшпен  қуылды.  Екі  жүздей  қолға  түскен  студенттер  қалалық  өрт  сөндіру 

бөлімінің депосына қамалып, сол жерде жедел тергеу жұмыстары жүргізілді. 

Халық  көп  жиналатын  дүкендер  мен  кинотеатрлардың  қабырғаларына  бір 

түнде  майлы  бояумен  наразылық  ұрандарын  жазып  шыққан  жас  кенші 

Мұратбек Шекербаев екі жарым жылға сотталып, түрме азабын тартты. 

КОКП ОК-нің Қазақстан басшыларын өзгерту жөніндегі алғашқы қадамы 

Қарағандыдан  басталды.  ЖОО  арасында  байланыс  орнап,  сол  күнгі  кешкі 

сағат  20.00-де  Гагарин  атындағы  алаңға  студент  қазақ  жастары  жиналды. 

Топтасқан жастар алдында партия активтері шығып, сөз сөйлеп, ақылдарын 

айтып-ақ  бақты.  Бірақ  жастарды  жаттанды,  жалпылама,  жадағай  сөз 

қанағаттандырмады. Жиналғандар нақты сұрақ қойып, басшылар оған жауап 

таба  алмай,  дал  болған  дағдарыстан  соң  жоғарыдағылар  бұл  тығырықтан 

шығудың жолын Ішкі істер органы қызметкерлерінің көмегіне сүйену арқылы 

шешті. Қызыл жағалылар бұйрықтың берілуі сол екен, шұғыл әрекетке көшті. 

Арнайы  дайындықтан  өткен  милиционерлердің  алдында  кеше  ғана  мектеп 

табалдырығынан шыққан қыз-жігіттер бөлшек-бөлшек шағын топқа бөлініп, 

кейбіреулер  төбеден  жауған  жұдырықтан  құтылу  үшін  бас  сауғаласа, 

бірқатары  қоршаудан  сытылып  кетті,  тәртіп  сақшылары  қолға  іліккендерді 

дарылдата  сүйреп,  автобустарға  өңгерді,  ұсталғандардың  бәрін  Ішкі  істер 

органдарына  жеткізді.  Қарағандыда  19-20  желтоқсан  күнгі  оқиғаға 

қатысушылардың  бәрі  де  тиісінше  жазаланды.  Милицияның  қолына  түсіп, 

тізімге іліккендердің жазасыз қалғандары болмады.  Қарағандыдағы оқиғаға 

қатысқандардың ішінде ресми тізімге 269 адам ілікті. Мұның 206-сы студент 

жастар. Солардың ішінде университтеттің 12, политехникалық институттан 6, 

медициналық  институттың  28,  педагогика  институтынан  53,  кооператив 

институтынан 3 студент оқудан шығарылды. Мәдени-ағарту училищесінен 9, 

индустриалды-педагогикалық  техникумнан  2  оқушысы  да  оқудан  қуылды. 

ЖОО-дағы 59 адамға қатаң сөгіс берілді.  

Алматыдағы Желтоқсан қозғалысының жаңғырығы Өскемен қаласында да 

етек  алды.  Әр  түрлі  оқу  орындарында  оқитын  құрылыс-жол,  ауыл 

шаруашылығы,  педагогикалық,  медициналық,  мәдени  ағарту  училищелері 

студенттері  21  желтоқсан  күні  кешкі  сағат  18-де  Ленин  атындағы  алаңда 




жиналып,  наразылық  митингісін  ұйымдастыруды  жоспарлады.  Аталған 

мерзімде  алаңға  400-дей  жастар  жиналды.  Бірақ  ішкі  істер  орындарының 

күшейтілген кезекшілері жиын өткізуге мүмкіндік бермей, жиналған жастар 

қаланың орталық көшелері арқылы өтіп, студенттер қалашығында жиындарын 

жалғастыруды  мақсат  етеді.  Алайда,  Ушанов  атындағы  алаңда  студент 

жастарды жан-жақтан қоршап, оларды құқық қорғау орындары қызметкерлері 

тарапынан айуандықпен ұрып-соғу ұстау басталды.  Осы оқиға бойынша, 12 

студент ұсталып, түрмеге қамалды. Сот үкімімен педагогикалық институттың 

студенті  Ақтанов  Ербол  екі  жылға  бас  бостандығынан  айырылды.  Өскемен 

педагогикалық училищесінің алты студенті комсомол қатарынан шығарылды. 

Нәтижесінде орынсыз қорлау, жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған студент 

Сәбира  Мұхаметжанова  барлығын  ұйымдастырған  мен  деп  мәлімдеп, 

жатақхананың  5-қабатынан  секіріп,  мерт  болады.  Сөйтіп  ол  желтоқсан 

құрбаны,  батырына  айналды.  Жалпы  Алматыдағы  желтоқсан  қозғалысын 

қолдау  мақсатындағы  1986  жылғы  21-22  желтоқсандағы  өткен  наразылық 

шараларға қатысқаны үшін 32 жас комсомол қатарынан, оның 26-сы оқудан 

шығарылды. 

Арқалық  қаласындағы  “Октябрьдің  50  жылдығы”  атындағы  кинотеатр 

алаңына 80 адамнан тұратын жастар тобы жиналып, Қазақстан Компартиясы 

ОК-і  V  пленумына  және  Алматы  қаласындағы  оқиғаларға  байланысты 

сұрақтар  қойған.  Оларға  түсіндіру  жұмысын  жүргізу  үшін  қалалық  партия 

комитетінің  алдына  шақырылды.  Олардың  барлығы  таратылды.  Облыстық 

партия  комитетінің  бюро  мүшелерінен  жасақталған  адамдар  жастар 

жатақханаларына  кезекшілікке  қойылып,  облыс  бойынша  осы  күндері  725 

партия мүшелері мен белсенділері кезекшілік атқарды. 

Шымкент  қаласында  технология  институтының  ІҮ  курс  студенті 

Байназаров аудиторияларды аралап, Алматы қаласы студенттерінің толқуын 

қолдауға шақырған. Бірақ ол тез ұсталған. Сөйтіп, аймақтарда да өз ұлтының 

тәуелсіздігі  үшін  арпалысқан  жастар  қатары  көбейген.  Амал  нешік  қаһарлы 

қызыл империяның коммунистік саясаты олардың жастығына қарамай жаппай 

жазалаумен болды. 


жүктеу 440,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау