Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет15/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

 
46 
 
 
табылады. Оқушылар уақытты сағатпен анықтай білуге үйрену үшін 
күні  бұрын  еңбек  сабақтарында  оқушыларға  жылжымалы  тілі  бар 
сағаттың  модельін  жасатқан  пайдалы,  осыны  пайдалана  отырып, 
практикалық  жаттығулар  орындату  керек.  Оқушылар  сағаттың 
қандай түрлерімен таныс екенін, өмірде қандай түрімен пайдалануға 
тура  келгенін  естеріне  түсіреді.  Мұғалім  сағаттың  минуттық  және 
сағаттық  тілі  болатынын  және  оларға  сәйкес  уақыттың  қалай 
өзгеретінін түсіндіреді. 
Оқушыларды  аймен  және  жылмен  таныстыру  барысында 
мұғалім  күнтізбекті  пайдаланады.  Күнтізбек  бойынша  ретімен 
айлардың  аттарын  және  әр  айдағы  күннің  санын  жазып  алады. 
Ұзақтығы жөнінен бірдей айларды бөліп көрсетеді, жылдың ең қысқа 
айы ақпанды атап көрсетеді. Күнтізбек бойынша оқушылар айлардың 
ретін    анықтайды  (жылдың  5-  ші  айы  қалай  аталады?  Санағанда 
шілде  нешінші  ай?  т.с.с.),  егер  айы  және  айдың  нешінші  күні  екені 
белгілі  болса,  аптаның  күнін  анықтау  және  керісінше,  айдың 
нешесіне  аптаның  белгілі  бір  күні  сәйкестелетінін  анықтау  оңай 
(биыл  8-ші  наурыз  аптаның  қандай  күні  болды?  Наурыз  айындағы 
жексенбі күндері сол айдың нешесіне сәйкес келеді?) 
Күнтізбектің  көмегімен  оқушылар  уақиғаның  уақытын  табуға 
есептер  қарастырады.  Мысалы,  көктемде  каникул  қанша  күнге 
созылған? Жазғы каникул қанша күнге созылған? т.с.с. 
Тәулік  жөніндегі  ұғым  балаларға  жақын  тәуліктің  бөліктері 
туралы  ұғымдар:  таңертен,  күндіз,  кеш,  түн  арқылы  ашылып 
айқындалады (немесе таңертеннен кешке дейінгі бір күн немесе түн). 
Сонымен  қатар  уақыттың  реттілігі  жөніндегі  түсінікке  сүйенеді: 
кеше,  бүгін,  ертең.  Балаларға  кешегі  таңертеннен  бүгінгі  таңертенге 
дейін не істегендерін, бүгін кешкіден бастап, ертең кешкіге дейін не 
істейтіндерін  айтып  беру  ұсынылады.т.с.с.  Осындай  уақыт 
арлықтарын  тәулік  деп  аталатынын  мұғалім  түсіндіреді.  Балалар 
кеше кешкіден ертең кешкіге деейін неше тәулік өтетінін анықтайды, 
мына мақалды түсіндіреді: «Күн мен түн ауысты, тәулікті тауысты». 
Сонымен бірге оқушылыр мүшелмен, ғасырмен және секундпен 
танысады.  Балалар  бақылаудың  негізінде  секундтың  ұзақтығы 
жөнінде  нақты  түсінік  алады  (1  секундта  не  есептеуге  болатының 
анықтайды). 
Ғасырлар  –қарастырылатын  уақыт  бірлігінің  ішіндегі  ең  ірісі. 
100  жылдық  уақыт  кесіндісінің  ұзақтығы  жөнінде  оқушылар 


 
47 
 
 
өздерінің  жасын,  жақын  адамдарының  жасын,  біздің  мемлекеттің 
«жасын» ғасырмен салыстыра отырып, түсінік алады.   
Уақыт  өлшеуіштерін  оқыту  әдістемесін  қарастырған  кезде, 
қазақша жыл санау дәстүрі (12 жылдың хайуанаттар атауымен белгілі 
бір ретке ие болуы, “мүшел”, т.б),  қазақ халқының күнтізбегі, аспан 
денелерімен уақытты, жыл мезгілдерін анықтаудағы тәжірибе туралы 
мағлұмат  беріледі.  Қазақтарда  хайуанат  атауы  бойынша  адамның 
туған  жылы  белгілі  болғанда  жасын  табуға  немесе  жасы  белгілі 
болғанда  туған  жылын  анықтауға  арналған  есептер  бар  екені  мәлім. 
Мәселен,  Қ.  деген  азаматша      тышқан  жылы  туып,  2  мүшел  өмір 
сүрген.  Қазір  ұлу  жылы  болса,  оның  жасы  нешеде  деген  есепті 
шығару  үшін  жыл  атауларын  рет-ретімен  (тышқан,  сиыр,  барыс, 
қоян,  ұлу,  жылан,  жылқы,  қой,  мешін,  тауық,  ит,  доңыз)  және  адам 
жасының  мүшелге  бөліну  шкаласын  (1-мүшел-13  жас,  2-мүшел-25 
жас,  3-мүшел-37    жас,т.с.с)  білу  талап  етіледі.  Сонда  екі  мүшел 
жасаса  –25  жас  болады,  тышқан  мен  ұлу  жылының  аралығы-3  жас, 
ендеше Қ. деген азаматша-28-де. Бұл есепке кері есеп мындай болып 
келеді:  Қ.  деген  азаматша  1972  жылы  туған.  Оның  қазақ  күнтізбегі 
бойынша туған жылын табу керек. Ол  үшін туған жылының сандық 
мәніне 9 санын қосады, яғни 1972+9=1981. Алынған қосындыны 12-
ге бөледі:1981:12=165 (1 қалдық). Қалдық бойынша жылдың атауын 
табады,  1  қалдық  шықты,  ендеше  Қ.  деген  азаматша  жылдардың 
орналасу  ретіне  сәйкес  1-ші  тұрған  тышқан  жылы  туған.  Егер 
қалдықсыз бөлінсе, ол доңыз жылын білдіреді. 
Қазақша ай аттарының мағынасына кеңірек тоқталып өткен жөн. 
Жылдың  басы  наурыз  айынан  басталып,  наурызда  күн  мен  түн 
теңеледі. 
«Көкек»  айының  атауы  көктемде  көкек  құсының  ұшып  келуіне 
байланысты шыққан. 
«Мамыр» сөзі молшылықты, кеңшілікті білдіреді. Шындығында, 
қыстың бораны мен ызғарынан кейінгі мамыр айында жер аяғы кеңіп, 
мал жайылымға шығады, малшылар жайлауға көшеді. 
«Қыркүйек»  атауы  «қырғи»  және  «күйек»  деген  екі  сөзден 
туындайды.  Қырғи-жыртқыш  құс,  ұсақ  құстардың  жауы.  Осы  айда 
қырғи жылы жаққа қоныс аударады. «Күйек»- саулық қойға кигізетін 
жүн. 
«Қазан» айында күн суытып, қатты жел соғады, соған сәйкес ел 
аузында “қазанның қара дауылындай” деген мәтел бар. 


 
48 
 
 
Көшпелі халық үшін қыс ұзаққа созылған. 22 желтоқсанды «күн 
тоқырау»  деп  атаған.  Осыдан  кейін  күн  біртіндеп  ұзара  бастайды. 
Табиғаттың  бұл  құбылысына  халқымыз  «Желтоқсанда  күн  торғай 
адымындай,  қаңтарда  қарға  адымындай,  ақпанда  ат  адымындай 
ұзарады» деген мақал қолданған. 
Уақытты  есептеуде  қазақтар  аспан  денелерінің  орналасуы  мен 
қозғалысына сүйенген. Мәселен, темірқазық жұлдызы жол бағдарлау 
қызметін  атқарған.  Бетпақдала  мен  Мойынқұмды  шарлағанда  үнемі 
осы жұлдыз арқылы бағдар жасап отырған. «Жеті қарақшы» қазақтар 
үшін  сағаттың  орнына  пайдаланылып,  оның  қозғалысы  сағат  тілінің 
қозғалысымен сәйкестендірілген. 
Жыл  мезгілдерін  анықтауда  «Үркер»  жұлдызы  ерекше  орын 
алған. Үркердің көкжиекке жақын көрінуі көктемнің белгісі екендігін 
халық:  «Жатқанша  Үркер  жамбасқа  келсе,  жаз  шықпағанда  не 
қалды», «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» - деу арқылы білдірген. 
Ата-бабаларымыз  жаз  айларында  «Үркер  жерге  түсті»,  ал  күз 
айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты», ал қыс айларында «Үркер 
төбеге келіпті, қыс ортасы болды» - деп, аспан денелері мен табиғат 
құбылыстары арасындағы сәйкестікті тереңінен болжаған.     
Қазақ  халқының  шамаларды  өлшеу  жүйесiн  тарихи  – 
математикалық  мағлұмат  ретiнде  пайдалану  оқушылардың  ой-өрiсiн 
кеңейтiп, пәнге қызығушылығын арттыратынын студенттерге ескерту 
орынды. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33 
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15 
 
№5 
дәрістің 
тақырыбы
Геометрия 
және 
алгебра 
элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы 
1. Геометрия элементтерін оқыту міндеттеріі және оның жалпы 
сипатамасы. 
2.  Қарапайым  геометриялық    фигуралармен  алғаш  таныстыру 
әдістемесі 
3.  Алгебралық  материалды  оқыту  әдістемесінің    жалпы 
сипаттамасы 
4.  Өрнектерді,  теңдіктер    мен  теңсіздіктерді,  теңдеулерді  оқыту 
әдістемесі    
Бастауыш сыныптарда геометрия элементтерін оқытудың негізгі 
міндеттері: 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау