55
бойынша құрылған сандарды және оларға қолданылатын амалдарды
белгілейтін математикалық таңбалар тізбегін айтады.
Теңдеумен таныстыру әдістерінің кезеңдері.
1. Теңдікті жазу
2. Белгісіз санмен (ойлаған санмен ) теңдікті жазу
3. Теңдеу ұғымын енгізу
4. Теңдеуді тура теңдікке айналдыру, яғни теңдеуді шешу.
3+4=7 теңдік, 3+а=7, 10-а=1 әріп арқылы берілген теңдік теңдеу
деп аталады.
Теңдеулерді шешу барысында балаларда біртіндеп теңдеу
әріппен белгіленген, белгісіз саны бар теңдік деген ұғым қалыптаса
бастау керек.
Балалар теңдеуді шешкен кезде әр қашан теңдік дұрыс болатын
белгісіз санның мәнін табу керектігін түсінулері керек. Теңдеуді
шешудің мынадай тәсілдері қарастырылады.
1-ші тәсілі: Таңдап алу немесе сынап көру
2-ші тәсілі: Амалдардын компоненттері мен нәтижелер
арасындағы байланысқа негізделеді.
3-ші тәсілі: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдалану.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,17,18,19,20, 33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№6 дәрістің тақырыбы: Мәтінді арифметикалық есептерді
шығаруға үйрету теориясы мен технологиясы
1. Математиканың бастауыш курсында есептің алатын орны
2.
Мәтінді арифметикалық есептермен жұмыс істеу
әдістемесінің жапы сипаттамасы
3. Есеппен алғаш таныстыру әдістемесі
4. Жай есептің түрлері және олармен жұмыс істеу әдістемесі
5. Құрама есептердің түрлері және олармен жұмыс істеу
әдістемесі
Бағдарламаға сәйкес натурал сан мен нольдің арифметикасын
оқыту мақсатты түрдегі есептерге құрылады, яғни оларды шешу
курстың негізгі ұғымын қалыптастырумен тығыз байланысты.
Теориялық мәселелер, есептер шығару барысында практикалық
мәнге ие болады. Мұнда есептер оқытуда теория мен практиканы
байланыстырушы қызметін атқарады.
56
Есептерді шығару барысында оқушылар танымдық қатынастағы
маңызды фактілармен танысады. Сонымен қатар олардың ой-өрісі
кеңейеді және оқу мен өмірдің арасында тығыз байланыс орнатуға
мүмкіндік туады.
Есептердің математиканы оқыту үрдісінде атқартын қызметін
былай көрсетуге болады:
1) бiлiмдiлiк: бағдарламалық талаптарға сай бiлiм, білік және
дағдыны жетілдіреді, есептi шығару жолдарын, қолайлы тәсiлдi
өздiгiнен табуға үйретедi, математикалық бiлiмдi күнделiктi өмiрде,
нақтылы жағдайларда қолдана бiлуге баулиды;
2)
тәрбиелiк:
ұлттық
сана-сезiмдi
қалыптастырады,
адамгершiлiк асыл қасиеттердi бойға сiңiредi, кәсiби еңбекке
бейiмдiлiктi, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасты тәрбиелейдi;
3) дамытушылық: ақыл-ойды, логиканы дамытады, ойлаудың
математикалық стилiн қалыптастырады, есеп шығаруға құштарлықты
арттырады, психикалық қасиеттердi (зейiн, ес, қабылдау, ой, қиял,
т.б.) жетiлдiредi;
4)
танымдық:
халықтың
тұрмыс-тiршiлiгiмен,
өмiр
тәжiрибесiмен, кәсiби еңбегiмен таныстырады, дүниетанымды
байытады (жан-жануарлар, өсiмдiктер, тас атаулары, т.с.с.).
Есептерді шығара білу мынадай өзара негізделген және
байланысқан біліктерді қамтиды:
- есепті оқу және оның мазмұның түсіну, яғни әрбір сөздің
мағынасын түсініп, онда берілген жағдайды елестете білу;
- есептің шарты мен сұрағын, белгілі және белгісізін бөліп
көрсету;
- есептің шарты мен сұрағының, белгілісі мен белгісізінің
арасында өзара байланысты құру, яғни есептің мазмұнына талдау
жасап, нәтижесінде оны шешу үшін арифметикалық амал таңдап алу;
- есептің шешуі мен жауабын жаза білу, оған жүйелі және
мақсатқа бағытталып жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде қол
жеткізуге болады.
Есептерді шығару білік, дағдысын қалыптастыру үшін мәтінді
арифметкмкалық есептермен жұмыс iстеу кезеңдерi төмендегiдей
болады:
1. Есептiң мазмұны бойынша жұмыс, яғни есеп мәтiнiн оқу, онда
кездесетiн оқушыларға түсiнiксiз сөздердiң мағынасын түсiндiру,
57
сұрақтар қою арқылы есептiң мазмұнын ашу, оның танымдық-
тәрбиелiк мәнiн көрсету.
2. Есептiң мәтiнiн талдау, яғни белгiлi және белгiсiз шамалар
арасындағы тәуелдiлiктi тағайындауға сұрақтар қою, есеп мазмұнын
қысқаша жазу.
3. Есептiң математикалық мазмұнының көрнекi моделiн
құрастыру (графикалық, схема т.б.).
4. Есептiң шешiмiн жазу (өрнек, теңдеу т.б.).
5. Есеп сұрағына жауап беру және дұрыстығын тексеру.
Осы жұмыстың әрбір кезеңінде мұғалім төмендегідей әдіс-
тәсілдерді қолданады:
- есептің мазмұнына сәйкес жалпы әңгіме жүргізу;
- есепті шешуде көнекілікті пайдалану;
- есептің мазмұнын өзгерту;
- шешілген есепті басқа есеппен салыстыру;
- жетіспейтін немесе артық шамалармен берілген есептерді
қарастыру;
- оқушының өз бетімен есептер құрастыруы;
- есепті әртүрлі тәсілмен шығару;
- есептің шешуін тексеру.
Бағдарламада арифметикалық амалдарды енгізу ретіне қарай
мәтінді есептерді қарастырудың мынадай кезеңдері ұсынылады:
- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретінде есепті
енгізуге дайындық;
- «есеп» терминін енгізу және оның құрамды бөліктермен
таныстыру;
- қосу мен азайту амалдарының және қатынастардың («кем»,
«артық», «айырмалық салыстыру») мән-мағынасын ашатын, қосу мен
азайту амалдарының белгісіз компоненттерін табуға берілген жай
есептерді шығару;
- екі амалмен шығарылатын есептерді қарастыру;
- көбейту мен бөлу амалдарының және қатынастардың («есе
кем», «есе артық», «еселік салыстыру»), мән-мағынасын, үлес
ұғымын ашатын, көбейту мен бөлу амалдарының белгісіз
компоненттерін табуға берілген жай есептерді шығару;
- екі-үш амалмен шығарылатын есептерді қарастыру;
- жанама түрде тұжырымдалған қатынастармен байланысты жай
есептерді қарастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |