Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
82
Есептеу
Математикалық
Диктант
2
2
2
2
Ауызша есептеу мен математикалық диктанттың бағалау нормалары
Бақылау ауызша есептеу: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы –1-2 қате;
«3» бағасы – 3-4 қате.
Бақылау математикалық диктанты: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы – 1-2
қате және 1-2 кемшілік; «3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» бағасы –
5 және одан көп қате.
Бағалау нормасы
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі
Қателер:
- тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында
қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін
білмеу және дұрыс қолдана алмау;
- амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты есептеу білігі
мен дағдысын тексеру кезінде
қате есептеу;
- дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал,
тәсілдерді қалдырып кету;
- түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған
амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен
геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.
Кемшіліктер:
- мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу;
- математикалық
ұғымдардың, шамалардың қате жазылуы;
- тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер;
егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатеге саналады.
Өрескел қателер:
- мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды
орындау тәртібін білмеудегі қате;
- есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау,
артық амалдар);
- есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған
тапсырма.
Өрескел емес қателер:
- есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс
қойылмауы;
- қате тұжырымдалған есептің жауабы;
- мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін
жеткізбеу.
Математика бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға
төмендетілмейді. Лас безендірілген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
83
үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.
Жазбаша жұмыстарды бағалау
Мысалдардан құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1өрескел қате және 1-
2 өрескел емес қате; «3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және
одан да көп өрескел емес қате; «2» – 4 және одан да көп өрескел қатемен
орындалған жағдайда қойылады.
Шартты есептерден құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 өрескел
емес қате; «3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате; «2» – 2 және одан да көп
өрескел қате болған жағдайда қойылады.
Құрама есептер: «5» – қатесіз; «4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес
қате (есептің шешуінде өрескел қателер болмауы қажет); «3» – 2-3 өрескел
және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет;
«2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау: амалдар
тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып
саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате
болған жағдайда қойылады.
Теңдеуді шешу жазба жұмыстарын бағалау: шешудің қате жолы,
амалдардың дұрыс орындалмауы, тексеру дұрыс орындалмаса, қате болып
саналады
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате
болған жағдайда қойылады.
Геометриялық материалдармен байланысты жазба жұмыстарын
бағалау: егер оқушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін
ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу
құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате
болған жағдайда қойылады.
Ауызша жауаптарын бағалау
Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың
дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы.
Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере
алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы
дұрыс орындаған жағдайда
оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.
Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс
жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу
орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.
Оқушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен
қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен
тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрап, есептеп, есептің шығару жолдарын
түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды
дұрыс орындаған жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ