Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
88
қойылған мақсатын орындай алмайды.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу
Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-
әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол
саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде
бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі
туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
4-сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей
бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары
қарастырылмауына орай, мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда бұл
тақырыптарды оқу бағдарламасына сәйкес басқа тақырыптармен алмастыра
алады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесі 3, 4-сыныптарда аптасына
2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық
операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың
қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін
анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.
Жалпы алғанда бұйымды орындау
«5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз
және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша
құралды таңдау, сонымен қатар, сабақ бойы жұмыс орнында тазалықты сақтау
білігі ескеріледі).
«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын
бұзбай түзетуге жол беріледі.
«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған
жағдайда қойылады.
Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмыс үшін
бағаны бір баллға көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағаланады.
Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, оны
түзетуге, қайта жасауға болады.
Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық оқушыларға
қойылады. (Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында
жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды
меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы
мүмкін).
Жеке технологиялық операциялар
«5» бағасы әртүрлі белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына,
бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес