Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
288
біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу
бағдарламаларын бейімдеу қажет.
Сондықтан біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың
келесі механизмі ұсынылады: ұзақ мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық
жоспарларды талдау негізінде жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар
бойынша оқытатын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарына
ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеу.
Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын
біріктірілген сыныптарға ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын
әзірлеудегі алғашқы қадам - біріктірілетін сыныптардың ұзақ мерзімді және
күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын талдау.
Сыныптарды бірпәндік біріктіруде біртақырыптық сабақтар белгіленеді,
бақылау жұмыстары, сынақ, мүмкіндігінше зертханалық жұмыстардың
мерзімдері сәйкестендіріледі. Бағдарлама бойынша
оқу материалының мазмұны
іріктеліп, біріктірілетін сынып үшін модульдерге бөлінеді. Тақырыптар сәйкес
келмеген жағдайда біріктіру бірпәндік болып қала береді және оқу процесін
ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік
беретін белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауды қажет етеді.
Тақырыптарды іріктеу және сәйкестендіру жолымен алынған бейімделген
оқу материалының негізінде, оқу мақсаты анықталады, жаңартылған және
қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған
ұзақ мерзімді жоспар әзірленеді. Ұзақ мерзімді жоспардың негізінде орта
мерзімді жоспар құрылады. Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар
бойынша оқитын ШЖМ біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта
мерзімді жоспарларын әзірлеудің көрнекі алгоритмі келесі сызбада көрсетілген.
1-сызба – ШЖМ біріктірілген сыныптарына орта мерзімді және қысқа
мерзімді жоспарларды әзірлеу схемасы.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
289
Орта мерзімді жоспар тақырыптан, оқу мақсатынан, оқыту нәтижесінен
және мұғалімнің тізбектелген сабақтар топтамасын өтіп болғаннан кейінгі
рефлексиясынан тұрады. Орта мерзімді жоспар немесе тізбектелген сабақтар
топтамасын жоспарлау келесі жолмен жүзеге асырылады:
- жұмыс
кезеңділігінің ретін анықтау;
- жаңа тәсілдердің жеті модулін сыныптағы сабақ беру практикасына
енгізу;
- тізбектелген сабақтар топтамасындағы әр сабақтың оқу мақсаттарын
нақтылау (төрт сабақтан кем емес);
- нәтижені өлшеудің әдістері мен тәсілдерін анықтау;
- болжанған нәтижеге жету мақсатында оқытудың міндеттерін нақтылау;
- оқытудың барлық кезеңінде тұрақты оң динамиканы қамтамасыз ету;
- оқытумен барлық білім алушыларды түгел қамтамасыз ететін
стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша бір мезгілде
біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырып және сабақты жүргізу
үшін орта мерзімді жоспардың оқу мақсаттары толықтырылады және
түзетіледі. Орта мерзімді жоспар бойынша екі сыныптың оқу модульдерін
біріктіру кезінде сағат сандарының сәйкестігі салыстырылады және бекіту,
қайталау, білім алушылардың білімдерін тексеру сабақтарының есебінен қайта
қаралады. Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының
тақырыбы пән бойынша оқу бағдарламасының бөліміне сәйкес келуі қажет. Бұл
жағдайда тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлаудың
мақсаты, біріктірілген сыныпта оқытудың барлық кезеңдерінде мақсатты оң
өзгерістерді қамтамасыз ететін жүйелі-әрекеттік және оқу бағдарламасына
сәйкес білім алушылардың жекелеген нәтижеге жетуін қамтамасыз етуге
бағытталған.
Оқу мақсаттары тізбектелген сабақтар топтамасын құруға бағдар болып
табылады. Орта мерзімді жоспар мұғалімге мақсатты жұмыс жасауға және
оқыту объектілерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұрынғы күнтізбелік-
тақырыптық жоспардағыдай, әрбір келесі сабақ бөлек сабақ болып
табылмайды, керісінше алдыңғысының жалғасы болып табылады. Белгілі бір
бөлімді оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау тәсілі арқылы бағалап және
нақтылай отырып, біртіндеп мұғалім өзінің болжау дағдыларын дамытады.
ШЖМ біріктірілген сыныптарының мұғалімдеріне сабақтың орта
мерзімді жоспарын әзірлеу кестесінің тірек сұрақтарымен жасалған алғашқы
нұсқасын пайдалану ұсынылады, жаңартылған білім мазмұнын енгізудің
алғашқы кезеңінде бұл нұсқа мұғалімдерге көмек құралы ретінде өңделіп
берілген.
67-кесте – Орта мерзімді жоспардың тірек сұрақтарымен берілген нұсқасы
Сабақтың
тақырыбы
және
Сіз қандай
белсенді
жұмыс түрін
Оқытумен
барлық
баланы
Сіз бағалауды
қалай
жүргізесіз
Оқытуда
қандай
нәтижеге
Қандай
ресурстард
ы