Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
286
ақпараттандыру орталығының сайтында:
http://nci.kz
орналасқан және ашық
қолжетімді.
Вilimland.kz білім платформасын (www.imektep.kz; www.bilimland.kz;
www.itest.kz), «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы жасаған, «Білім
беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның
ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013
жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№515 бұйрығына сәйкес қолдану ұсынылған.
Платформа үш тілде берілген: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде,
барлық жастағы балаларға арналған курстар топтамасынан тұрады:
Бастауыш білім беру
Бастауыш математика – бастауыш мектептегі математиканың барлық
негізгі тақырыптық бөлімдерін қамтитын кең көлемдегі интерактивті оқу
материалдарының топтамасынан тұрады.
Орта білімберу
Математика және жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша
Математика, физика, химияны оқудың онлайн-курстары - Математика,
физика, химияны оқудың интерактивті кешені, республикадағы жалпыға
міндетті білім беру стандартына сәйкес барлық пәндердің мектеп
бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Физика, химия, биология, математика және жаратылыстану пәндерінен
виртуалды зертхана - қазіргі электрондық тренажёрлар жиынтығы және
физика, химия, биология, математика және география пәндерінен
жаттықтырушы құрал болып табылады.
Биология, информатика, дүниежүзі тарихы, география, жаратылыстану,
дүниетану пәндерінен онлайн-сабақтар қамтылған.
Гуманитарлық пәндер циклы бойынша
Қазақ тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар
топтамасын қамтиды, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағдарламасының
негізінде әзірленген.
Ағылшын тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар
топтамасын қамтиды, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың халықаралық
бағдарламасының негізінде әзірленген.
Француз тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы
және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс..
Неміс тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы
және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс.
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы – ҚР БҒМ бекітілген мектеп
бағдарламасына сәйкес келетін, шығармалардың барлық аудиожазбалары.
Бейнетоптама - 5 минутқа созылатын бейнероликтер топтамасынан
тұрады, тақырыпты түсіндіруде визуалды материал болып табылады, оқыту
процесінен бөлек тәрбие жұмыстарына да пайдаланылады.