Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет12/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
25 
Талдау 
Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу 
қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы 
түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы 
ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе 
дәлелдер табу 
Синтез 
Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде 
қайта қарау қабілетін көрсету 
Бағалау 
Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе 
фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру 
 
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру саласы бойынша 
жобаланған оқытудың күтілетін нәтижелері арқылы анықталады. 
Төмендегі  кестеде  ойлау  дағдыларының  барлық  деңгейлері  бойынша 
күтілетін  нәтижелерді  анықтауға  арналған  етістіктерді  қолдану  үлгілері 
берілген (3-кесте). 
 
3-кесте – Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы 
 
№ 
р/с 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін 
етістіктердің тізбесі 

Білім 
Атап  өту,  есте  сақтау,  атау,  көрсету,  аяқтау, 
қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б. 

Түсіну 
Талқылау,  анықтау,  әңгімелеу,  сұрау,  түсіндіру, 
тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т.б. 

Қолдану 
Қолдану,  есептеу,  өзгерту,  таңдау,  жіктеу,  аяқтау, 
көрсету,    табу,  сахналау,  қатыстыру,  зерттеу, 
эксперимент 
өткізу, 
суреттермен 
суреттеу, 
түсіндіру,  сүйену,  жаттықтыру,  ара  қатынасын 
белгілеу,  жоспарлау,  көрсету,  нобай  жасау, 
шығару, пайдалану және т.б. 

Талдау 
Талдау,  топтастыру,  есептеу,  санаттау,  жіктеу, 
салыстыру,  байланыстыру,  қарама-қарсы  қою, 
талқылау,  саралау,  ажырату,  бөлу,  зерттеу, 
эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, 
реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, 
бөлу, тексеру және т.б. 

Синтез 
Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, 
әзірлеу, 
тұжырымдау, 
жинақтау, 
біріктіру, 
ойластыру,  түрлендіру,  ұйымдастыру,  жоспарлау, 
дайындау,  ұсыну,  қайта  топтастыру,  көшіру, 
белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б. 

Бағалау 
Дәлелдеу,  таңдау,  салыстыру,  қорытынды  жасау, 
сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, 
өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
26 
тексеру,  бағалау,  кеңес  беру,  эксперименттеу, 
рецензиялау, зерттеу, шығару  
 
Мұғалім  білім  алушылармен  бірлесе  отырып  оқу  мақсатына  жетудің 
табыс  критерийлерін  талқылай  алады  және  қажет  болған  жағдайда  оларды 
толықтырады.  
Қалыптастырушы  бағалау  барысында  мұғалім  белгілі  дағдыларды 
бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады. 
Топтық  жұмыс  барысында  мұғалім  әрбір  топтағы  білім  алушылардың 
талқылауын  тыңдайды  және  бақылайды:  кейбір  білім  алушылар  бағалау 
критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады. 
Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс-
әрекетін бақылауы және қосымша сұрақтар қоюы тиіс:  
-  Бұл туралы не ойлайсыздар? 
-  Сіздің топта не талқыланғаны туралы түсінік бере аласыз ба? 
Егер  білім  алушылар  практикалық  жұмыс  орындаса,  онда  сұрақты  әр 
тапсырма бойынша қоюға болады: 
-  Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? 
-  Сіздің ойыңызша бұдан әрі не болады? 
-  Сіз бұл тапсырманы орындау барысында ерекше бірдеңені байқадыңыз 
ба? 
Топтық  жұмыс  барысында  мұғалім  барлық  топтардың  жұмысын 
бақылауы  тиіс.  Топты  бақылауды  тапсырманы  орындауға  қатысумен  бірге 
жүргізуге де болады. 
Жауаптарды  бағалаудан  кейін  мұғалім  оқу  мақсатына  жетуге  ұмтылған 
топтарға қайтадан келіп, олардың оқу мақсатына жетулеріне тағы бір мүмкіндік 
беруіне болады. Бұл жағдайда білім алушыларға: 

 
жаңа идеяны тұжырымдауды; 

 
екі (немесе одан да көп) идеяны салыстыруды; 

 
идеяларды бағалауды; 

 
топтық талқылаулар негізінде қорытынды жасауды; 

 
сұрақтарға жауап беруді ұсынады. 
Жоғарыда  айтылған  барлық  тармақтар  оқытудың  нақты  мақсатына 
жетудің дәлелі болады. 
Осылайша, қалыптастырушы бағалау негізгі бес стратегиядан тұрады: 

 
күтілетін нәтижелерді және бағалау критерийлерін түсіндіру; 

 
білім  алушылардың  түсінігі  туралы  дәлел  беретін  сыныптағы  тиімді 
талқылау және қарым-қатынасты қалыптастыру; 

 
білім  алушыларды  нәтижеге  жетуге  ынталандыратын  кері  байланыс 
орнату; 

 
білім  алушыларды  өзара  оқытудың  дереккөзі  және  ресурсы  ретінде 
қатыстыру; 

 
білім алушының өз білімінің «негізін қалаушы» ретінде қалыптасуы. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
27 
Қалыптастырушы  бағалау  барысында  мұғалім  бағалаудың  жекелеген 
тәсілін  қолдануы  тиіс.  Егер  мұғалім  кейбір  білім  алушыларға  қандайда  бір 
дағдыны дамыту үшін көп уақыт қажеттігін байқаса, онда оқудың бұл мақсатын 
бағалау  туралы  шешім  қабылдауы  және  білім  алушылардың  жетістіктерін 
бағалау критерийлерін әзірлеу барысында түзетулар енгізуі тиіс. 
Сонымен қатар мұғалім тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін 
бағалауы тиіс екенін есте сақтауы қажет: тыңдалым, айтылым, жазылым және 
оқылым.  Кестеде  оқыту  процесінде  білім  алушылардың  жетуі  тиіс  тілдік 
дағдылар сипатталған. 
 
4-кесте – Сөйлеу әрекетінің түрлері 
 
Дағдылар 
Сипаттама 
Тыңдалым 
арқылы 
коммуникация  
(тыңдалым) 
Оқу  бағдарламасы  аясындағы  түрлі  тақырыптарға  қатысты 
айтылған  ауызша  пікірлердің  негізгі  мазмұнын  түсіну  және 
олардан  негізгі  ақпаратты  бөліп  алу;  сөйлеушінің  пікірін 
түсіну;  мәнмәтін  бойынша  сөздердің  мағынасын  анықтау; 
түрлі  стратегияларды  қолдану  арқылы  білім  алушылардың 
деңгейіне  сәйкес  келетін  әртүрлі  мәтіндердің  мазмұнын 
қабылдау  және  түсіну:  тыңдалған  мәтіннің  негізгі  мазмұнын 
түсіну,  таныс  сөздерге,  фразаларға  және  сөйлемдерге 
сүйенумен  қажетті/нақты  ақпаратты,  мәтіннің  бөліктерін 
таңдау және түсіну. 
Жазылым 
Оқу 
бағдарламасы 
аясындағы 
түрлі 
тақырыптарға 
байланысты  жазбаша  жұмыстарды  жоспарлау,  жазу, 
редакциялау  және  түзету;  нақты  және  ойдан  шығарылған 
оқиғалар  туралы  жаза  білу,  оқылғаны  туралы  сыни  пікірлер 
беру  білігі;  орфографиялық  және  грамматикалық  қателер 
жібермей  барынша  сауатты  жазу;  белгілі  стильді  ұстану; 
түрлі 
байланыстырушы 
сөздерді 
қолдану 
арқылы 
параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру. 
Оқылым 
арқылы 
коммуникация 
Оқу  бағдарламасы  аясындағы  түрлі  тақырыптардағы  әдеби 
және  ғылыми  мәтіндердің  негізгі  мазмұнын  түсіну  және 
олардан  негізгі  ақпаратты  белгілеу,  ақпаратты  іздеудің  түрлі 
стратегияларын  қолдану;  мәнмәтін  бойынша  сөздердің 
мағынасын анықтау; автордың қарым-қатынасын және пікірін 
түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну 
үшін  қағаз  және  электронды  тасымалдағыштардағы  түрлі 
дереккөздерді қолдану. 
Айтылым 
Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы 
сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу 
стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым 
күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген 
түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында 
құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау