Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет10/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
21 
сыныпқа  арналған  тапсырманы  білім  алушының  өзіндік  орындау  іс-әрекетін 
көрсетеді.  
Білім,  білік,  дағдыларын  жетілдіруде  және  қалыптастыруда  өтілген 
материалды  бекітуге  дербес  оқытуды  тиімді  пайдалануға  болады.  Дербес 
оқытуды  тиімді  пайдаланғанда  әрбір  білім  алушының  белсенді  оқу  әрекеті 
қамтамасыз етіледі. Ол әрбір білім алушының жеке қарқынды жұмыс істеуіне; 
білімде  кеткен  ақтаңдақтарды  жоюға,  саралап  оқуға,  әрбір  білім  алушының 
жұмысын  жандандыруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  дербес  оқыту  білім 
алушының  өзіндік бақылауын күшейтеді, өздігінен білім алуының негізі болып 
табылады.  
18.  Көркем-эстетикалық  циклі  пәндері  бойынша  оқу  процесін 
ұйымдастыру барысында көркем-технологиялық тәсіл қолданылады. 
Көркем-технологиялық  тәсіл  материалдар  мен  құралдардың  негізін, 
композициялық  заңдылықтарын,  түстердің  кіріспе  негіздерін,  көркем  еңбек 
объектілерін  құрастырудың  технологиялық  реттілігі  туралы  білімдерін 
қолдануға  бағытталған  білім  алушының  немесе  топтың  оқу-танымдық  іс-
әрекетін қамтамасыз етеді.  
Нақты тәсілмен ресімделген іс-әрекеттің нәтижесін, реттілігін, келісілген 
оқыту әдістерінің көркем-технологиялық тәсілін қамтамасыз етеді. 
 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі 
 
Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  критериалды  бағалау  жүйесіне 
көшу  қарастырылған.  2017-2018  оқу  жылында  жаңа  бағалау  жүйесіне  1,  5,  7- 
сыныптар  көшеді.  2-сыныптарда  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу 
жалғасатын  болады,  негізгі  мақсаты  сапалы  бағалау  мен  тұлғаны  дамытуды 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін,  қоршаған  әлеммен  тиімді  өзара  әрекет 
етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты 
критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады.  
Жаңа  бағалау  жүйесі  білім  алушыда  өз  әрекетін  бақылау  мен  бағалау, 
туындаған  қиындықтардың  себептерін анықтау  мен  қалпына  келтіру  қабілетін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Оқыту 
процесі 
білім 
алушылардың 
бойында 
функционалдық 
сауаттылықты  және  кең  ауқымды  дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған. 
Бұл оқыту процесінде оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім 
берудің 6 саласы бойынша айқындалып күтілетін нәтижелерге негізделеді және 
білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», 
«бағалайды», яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру маңызды.  
Оқыту  мақсаттары  күтілетін  нәтижелер  түрінде  ұсынылып  отыр.  Әрбір 
бөлімшелерге  дәйекті  түрде  енгізілген  оқыту  мақсаттары,  мұғалімдерге  өз 
жұмысын  жоспарлауға  және  білім  алушылардың  жетістіктерін  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  оқыту  мақсаттарымен 
жоспарланған, қол жеткізген нәтижелері дәрежесіне сай алдын ала белгіленген 
нақты критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
22 
Осыған байланысты,  білім алушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы 
ғана  бағаланады;  білім  алушының  жұмысы  басқа  білім  алшылардың 
жұмыстарымен  емес,  оларға  алдын  ала  белгілі  (өте  жақсы  орындалған  жұмыс 
түрінде) эталонымен салыстырылады. Не нәрсеге үйретеді, соны ғана бағалауға 
болады, сондықтан бағалау критерийі – оқу мақсаттарының нақты көрсетілуі. 
Мұғалімге  критериалды  бағалауды  оқу  процесін  барынша  тиімді 
ұйымдастыруға  болатындай  түрде  пайдалану,  білім  алушыларға  дер  кезінде 
қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі 
тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай 
бағалау  жүйесі  алдымен  білім  алушыларды  табысты  оқуға  ынталандыруға, 
білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп 
отыруға бағытталған. 
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық 
бағалаудан тұрады. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  жаңа  жүйесін 
педагогтер мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол себепті, жыл бойы сұрақтар 
туындады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі: 
- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді; 
-  білім  алушылардың  ілгерілеушілігі  мен  үлгерімін  қамтамасыз  етуде 
біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады; 
-  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  дағдыларды  дамыту  және  білім  алуға 
дәлелдемелер  жинақтау  мен  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз 
етеді; 
-  әрбір  сынып  үшін  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  мазмұны 
негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды. 
Критериалды  бағалау  жүйесі  оқыту,  оқу  мен  бағалаудың  өзара 
байланысына  негізделгенін  есте  сақтау  маңызды.  Критериалды  бағалаудың 
нәтижелері  білім  беру  процесін  тиімді  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  үшін 
пайдаланылады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін 
бағалауға мүмкіндік береді. 
Әрбір  сабақ  оқыту  мақсаттары  мен  оларға  жету  критерийлерін 
айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған  оқу мақсатын түсінуі, 
ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс. 
Критериалды  бағалау  технологиясын  пайдалану  қандай  да  бір 
практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты 
табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын 
ала  белгілі  критерийлермен  білім  алушылардың  жетістіктерін  салыстыру. 
Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері 
сияқты,  оның  алдыңғы  жетістіктерімен  салыстырғандағы  табыстарының 
динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар. 
Мұғалімге  критериалды  бағалауды  оқу  процесін  неғұрлым  тиімді 
ұымдастыру,  білім  алушыларға  уақытылы  қолдау  көрсету  және  олардың 
оқудағы  жетістіктерін  қамтамасыз  ету,  мүдделі  тараптарға  оқытудың 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау