Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет114/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
275 
5 «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ  
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  
15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  2016-2017  оқу  жылында  жалпы  білім 
беретін  мектептерге  «Дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының  орнына 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізілді. 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бойынша  оқу  жүктемесінің 
көлемі 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
9-сыныпта  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  компоненті  есебінен 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті  түрде 
оқыту  үшін  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді.  Курсты 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бойынша  біліктілікті  жетілдіру 
курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің  мұғалімдері жүргізеді. 
Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.  
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның 
қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі 
өзектілігінен,  қоғам  тарихы,  мәдениеті  мен  рухани  құндылығын  анықтайтын 
бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта 
білім  жүйесіндегі  әлеуметтік-гуманитарлық  және  қоғамтанулық  білімнің 
құрамдас бөлігі болып табылады. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың 
мақсаты: 
-  білім алушыларды  «зайырлылық»  принципін  құндылық, яғни мемлекет 
баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 
аясында тануға үйрету;  
-  діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 
қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 
тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;  
-  білім  алушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 
идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 
негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 
дүниетанымын қалыптастыру.  
Оқытудың міндеттері: 
1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі 
жөнінде жүйелі білім беру
2)  зайырлылықты  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі  ретінде  таныта 
отырып, осы бағытта білім беру; 
3)  зайырлылық  тұрғысынан  діни  сана,  діни  сенім,  діни  таным  және  діни 
тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;  
4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдениеттанымдық  және  адамгершілік  мәнін 
түсіндіру; 
5) 
білім 
алушыларды 
діни 
сенім 
бостандығын 
құрметтеуге, 
толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық 
принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру; 
6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
276 
нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез 
бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу
7)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 
құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 
принципіне,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерінтүсіндіре  отырып, 
зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу
8)  құқықтық  сауаттылықтың  қоғам  өміріндегі  маңызын  түсіндіру,  осы 
тұрғыдағы білімін арттыру. 
Бағдарламада  берілген  оқу  материалын  меңгеру  аясында  «Қазақстан 
тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Адам.  Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті» 
пәндерімен  және  «Абайтану»  курстарымен  пәнаралық  байланыс  пен 
сабақтастық принципін орнату қарастырылған.  
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі 
Бағдарламада  дін  тарихын,  оның  жекелеген  бағыттары  мен  ағымдарын 
егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.  
Бағдарламада  діни  нанымдар  мен  діндердің  пайда  болуы,  нығаюы  және 
дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық 
этикасы  негіздері,  адамның  рухани  өмірі  мен  қоғамдағы  діннің  рөлі,  діни 
бірлестіктер  мен  ағымдар,  жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі  діни  жүйелердің 
танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-қайшылықтар 
диллемасы тақырыптары қамтылған.   
Білім 
алушылардың 
жоғары 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерін 
қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Яассауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 
сияқты  көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 
мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 
Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 
бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 
терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлілігін  білім  алушылардың 
ұғынуына айрықша назар аударылған.  
«Қазақстан  –  дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 
Республикасының  дін  туралы  заңнамалары.  Зайырлылық  –  ұлттық  қауіпсіздік 
пен  мемлекеттік  жүйенің  іргетасы»  мазмұндық  желілері  курстың  басты  жолы 
болуы тиіс.  
Курстың  мазмұнында  білім  алушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 
ұйымдастыратын  шығармашылық  жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 
жобаларда,  түрлі  нысандағы  ұйымдастырылған  өздігінен  жасалынған  зерттеу 
жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 
Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 
мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.  
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар 
өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты 
мен  ерекшеліктері,  Қазақстан  Республикасының  дінге  қатысты  саясатының 
мақсаты  мен  мәнін  түсінетін  мағлұматтар  мен  білімді  меңгереді.  Сонымен, 
жүйелі  түрде  игерілген  білім  білім  алушыға  Қазақстан  Республикасының 
толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау