Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
265
«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана,
толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті
қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды
меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға
бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
1) 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
1) Әлеуметтік қатынастардың дамуы;
2) Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі;
3) Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі;
4) Экономикалық қатынастардың дамуы. Аталған бөлімдер сыныптар
бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Жаңартылған бағдарламаға сәйкес тарихты оқу пәні ретінде жүйелі оқыту
толықтығы және логикалық аяқталуына қатысты тұтастығымен сипатталатын
5-сыныптан басталады.
Бағдарлама білім алушылардың ежелгі дәуір өркениеті туралы жүйелі
түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан адамға, оның өмір салтына,
өзіндік ерекшелігіне, тұрмыс-тіршілігіне және мәдениеттің маңызды
көріністері: дін, мифология, ғылым мен мәдениетке ерекше мән бере отырып,
ежелгі қоғам тарихын кешенді сипаттауға басымдық берілген.
Сабақ мазмұны және оқытудың қолданылатын формалары мен әдістері
білім алушылардың білімді толық меңгеруіне, білім алушының жеке тұлғасын
қалыптастыруға және Ежелгі дүние тарихының тәрбиелік әлеуетін іске асыруға
бағытталуы қажет. Тарихты зерделеу нәтижелерінің бірі өткен оқиғалардың
жарқын және әсерлі бейнелері негізінде құрылған білім алушылардың тарихи
түсінігін қалыптастыру болып табылады.
Оқыту процесінде білім алушылардың бейнелік түсігінігін дамытуда
көрнекіліктерді түрлендіріп қолданудың маңызы зор. 5-сынып білім
алушылары сурет желісін, бейнефрагментті сипаттау, ерекшеліктерді анықтау,
оған сұрақ қоя білу, қысқа әңгіме құру және онда тарихи ұғымдарды қолдана
білуі қажет. Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет.
Жаңартылған оқу жоспарлары оқыту процесінің тиімділігі мен
өнімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен, тарихи ойлау дағдыларын пәндік
(мазмұн) мақсаттармен байланыстыру оқыту мақсаттарын біршама қолжетімді
және өлшемді етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыру барысында оқу мақсатында
нақты көрсетілмеген дағдыларды да дамытуға болады. Мысалы, «Қоғамдағы
діннің рөлін шектеуге қатысты адамдар өміріндегі өзгерістерді анықтау»
(7-сынып)
оқу мақсаты білім алушылардан міндетті түрде осы мәселе бойынша
тарихи деректерге салыстырмалы талдау жасау негізінде себеп-салдарлық
байланысты анықтауды қажет етеді.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
266
Оған қоса мұғалім білім алушыларға тарихи картадан ислам мен
христианның таралу динамикасын көрсетуге және сол арқылы білім
алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының
дамуына септігін тигізеді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытуға
әдістемелік ұсынымдар.
Мұғалім оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын
ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігі, толықтығы,
тұтастығы, сабақтастығы, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас
ерекшелігіне сәйкестігіне сүйену қажет.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес,
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары
ұсынылады:
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
- білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік
тапсырмалар құрастыру;
- білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.
Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден алған білімдеріне
сүйену қажет.
Пән мазмұнына сәйкес «Дүниежүзі тарихын» оқытуда тарихи зерттеу
жүргізу (гипотезалар ұсыну, зерттеуге арналған сұрақтар құрастыру, деректерді
талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытындыларды тұжырымдау,өз
көзқарасын анықтау) дағдыларын қалыптастыру мен дамыту ұсынылады.
Мұғалімнің
сабаққа
арнайы
әзірлейтін
тапсырмалары
келесі
критерийлерге сәйкес болуы қажет:
•
тапсырманың мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
•
саралауға негізделуі;
•
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызуы;
•
проблемалық оқытуға негізделуі;
•
бағалау мүмкіндіктерінің болуы .
Жұмыстың келесі түрі – оқушының уақыт пен кеңістікте бағдарлану
дағдыларының дамуына септігін тигізетін тарихи карталарды қолдануы болып
табылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын
картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация,
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы
қолдану ұсынылады:
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;
- тұлғалық белгілерін сипаттау;
Достарыңызбен бөлісу: |