ұйымдағы кемшіліктер туралы тиісті қорытындылар жасалуы және осы
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарға дәлелдер келтірілуі тиіс.
Үшінші тараудың болуы диплом жұмысының тақырыбынан байланысты және
оның міндетті құрылымды элементі болып табылмайды.
Диплом жұмысының негізгі бөлімінің мазмұны мамандық ерекшеліктерімен
айқындалады.
Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық
және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар,
әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық
түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс.
Қорытындылар мен ұсыныстарды баяндауға екі нұсқаның (тәсілдің) бірін
пайдалануға кеңес беріледі, бұл жұмыстың жекелеген тарау параграфтарында олар
толық ашылып көрсетілу-көрсетілмеуінен байланысты болады.
Егер зерттеу пәнін зерделеу салдарынан пайда болған қорытындылар мен
ұсыныстар сәйкес тарауларда жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар, тізбе
түрінде, негізінен, дәлелдерсіз, бірақ та оларды толық негіздей, диплом
жұмысының тиісті беттеріне сілтеме жасай отырып ұсынылады.
Егер қорытындылар мен ұсыныстар «Қорытынды» бөлімінде ғана ашып
көрсетілсе, онда олардың тізбесімен қатар, әрбір ұсынысты тәжірибеде қолданудың
дұрыстығына және тиімділігіне негіздемелер келтіріледі.
Зерттеу мәселесін жетілдіру бойынша, диплом жұмысы авторының енгізген
ұсыныстары ерекше қолдауға лайықты. Мұндай жағдайда қорытындылар мен
ұсыныстарды мына жалғастықпен баяндаған дұрыс болады: алдымен, жұмыс
авторының пікірі бойынша кемшіліктер туралы қорытындылар, содан соң – зерттеу
объектісі болып саналған ұйым бойынша сәйкес сипаттағы қорытындылар мен
ұсыныстар.
Сонымен, қорытындылар мен ұсыныстар, толық дәлелдер келтірусіз қысқа
тұжырымдалған және нөмерленген қағида – тезистер (егер ол диплом жұмысының
тиісті тарауларында бар болса) немесе қысқа баяндалған, бірақ жеткілікті
негізделген түрде жоғарыда айтылған жалғастықпен ресімделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталған тізім «Қорытынды» бөлімнен
кейін диплом жұмысының соңында келтіріледі (Е қосымшасы).
Аталған тізімге, студент нақты игерген және диплом жұмысында қандай да бір
шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс.
Тізімде ақпарат көздері, диплом жұмысының мәтінінде оларды пайдалану
жалғастығы ретімен көрсетілуі тиіс.
Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған, дипломдық
зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.
Диплом жұмысында қабылданған шешім, барлық деректердің дәлдігі мен
объективтілігі үшін студент – диплом жұмысының (жобасының) авторы
жауапкершілік алады.
8. Диплом жұмысының мәтінін ресімдеу тәртібі
Жалпы талап.
Диплом жұмысы мәтінінің беттері мен жұмысқа енгізілген иллюстрациялар
мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс. Диплом жұмысы А4 форматты ақ
қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен принтерді
қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New
Roman. Айқындалып Түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалана, белгілі терминдер,
формулаларға назар аударатын компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат
етіледі.
Диплом жұмысының мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып
басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы - 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі
жағы – 25мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың
мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға
болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-
қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен
мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы
параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы
ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек (И қосымшасы).
Басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелердің ресімделу, ЭЕМБ - дан
басып шығарылу сапасы айқын қайталану талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Диплом жұмысын орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық
пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет. Диплом жұмысындағы
сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер айқын, бұлыңғыр болмауы қажет.
Мәтін парақтарының бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық
жойылмаған бұрынғы мәтін (кескін) іздеріне жол берілмейді. Диплом жұмысының
мәтінінде сканирленген кескіндер, сызбалар, кестелерді және т.б. пайдалануға
рұқсат етілмейді.
Тегі, ұйымның атауы, бұйым аты және диплом жұмысындағы басқа жалқы
есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Өз атын транслитерлеуге және ұйым атауын түпнұсқадағы (бірінші айтылған)
атын қоса отырып, диплом жұмысы жазылған тілге аударғандағы атауын келтіруге
рұқсат етіледі.
Диплом жұмысының құрылымы
Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны»,
«Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі»
диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып
табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының
мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу
көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс.
Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық
және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте
қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Диплом жұмысының беттерін нөмірлеу
Диплом жұмысының беттерін, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша
қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің
нөмері парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті, диплом жұмысына тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін
беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Титул бетіне, диплом жұмысына