«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

22

5) Сала ішілік сауда теориясы.



1. Ауқым  нәтижесі  қызметімен  байланысты  теория  өндіріс  шығынының 

төмендеуіне  және  еңбек қабілетінің  жоғарлауына  мүмкіндік туғызады, өндіріс 

төлемінің өсуі жүреді, ел тар ішкі нарыққа кездеседі, ішкі нарықта бөлінбеген 

артықшылық  пайда  болады,  яғни  сыртқы  нарыққа  шығу  қажеттілігі  туады. 

Өндіріс көлемінің өсуі → тар  ішкі  нарық → артықшылық → сыртқы  нарыққа 

шығу. 


2.  Альтернативтік  теорияның  негізгі  танымал  теориясы  1966  ж. 

американдық ғалымдар Раймонд Вернон, Киндельберг, Уэльстер ойлап тапқан 

тауардың өмірлік цикл болып табылады. Бұл теорияға сәйкес әр бір жаңа өнімді 

өндіру  оны  нарыққа  енгізу,  кеңею,  кемелдену  және  қартаю  тәрізді  кезеңді 

қамтитын циклден өтеді. Бұл теория неліктен тауарды экспортшы ел өндіруден 

бас тартып, ол тауарды импорттайтындығын түсіндіруге маүмкіндік береді. Бұл 

теория бойынша тауарлар өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:

1.  Тауардың  пайда  болуы.  Тауар  бірнеше  елдің  біреуінде  ғана  пайда 

болады.  Жаңа  өнімді  ішкі  нарық  үшін  өндіре  бастаған  циклдің  бірінші 

кезеңінде оған деген сұраныс өте көп емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу 

туралы  шешім  қабылдайды.  Оның  бағасына  ерекше  мән  бермейтін табысы 

жоғары адамдарға ұсынады.

2.  Өнімнің  кеңеюі  кезеңінде  (тауардың  өсуі)  ішкі  нарықтағы  сұраныс 

жедел  өсіп,  өнім  көпшілікке  танымал  бола  бастайды.  Ел  тауарды  экспорттай 

бастайды. Себебі, ол шыққан елінде де, шет елде де сұранысқа ие. 

3.  Кемелдену  кезінде  ішкі  нарық  көлемі  жоғары  деңгейге  жетеді. 

Өндірістік технология толық стандарттады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін 

пайдалануға  өндіріс  шығынының  бағаны  төмендетуге  тауарлар  пайда  болған 

елдің  ішкі  нарығына  ене  бастаған  жаңа  фирманың  тауарлар  өндірісіне  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

4.  Тауардың  құлдырауы.  Циклдің  соңғы  кезінде  өнім  қартаяды.  Оны 

өндіру  қысқара  бастайды.  Бағаны  бұдан  әрі  төмендету,  кемелдену  кезіндегі 

сияқты  сұраныстың өсуіне  әкелмейді.  Көп  жағдайларда бұл  кезеңде  тауардың 

орнын басатын жаңа тауарлар пайда болады.  



  3. Өндіріс факторына бірдей елдің арасындағы сауданың дамуы елдердің 

бірінде  техникалық  өзгерістер  арқылы  пайда  болған  делінеді.  Егер  елдер 

техникалық  прогресте  әр  түрлі  сатыда  болса  және  бұл  қатынастар  тұрақты 

болса,  онда  бұл  елдерде  келесі  сауда  қатынастары орнайды:  дамыған  елден 

дамушы  елге  тауарлар  ағымы  жүреді.  Заңдылығында  ескі  тауарлар 

экспорттарды,  тауарлар  жетекші  елде  айналасынан  шығып  қалған  тауарлар 

түрлері.

  4. Ұқсастықты қалау  теориясы  нақты  елде  өндірілетін  тауарлар  жинағы 

және ассортиментті бұл ел тұрғынына қажет тауарлар тізімімен сәйкес келмейді. 

Елдер негізінен экономикалық деңгейі жағынан жақын елдермен сауда жасайды. 

Ел  тек  бірнеше  тауарлар  түрін  өндіруге  маманданады,  қалғанын  ол  басқа 

елдерден  импорттайды.  Егер  ел  деңгейі  бойынша  төмен  болса,  онда  оның 

экспорттайтын тауардың кең ассортименті болмайды.




23

  5. Сала ішілік сауда. Елден бір тауар түрін экспорттады және импорттады. 

Сондықтан өнімнің бір бірімен теңесуі орын алады.

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Олигополиялық және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда. 

2. П.Кругманның халықаралық сауда теориясының дамуына қосқан үлесі.  

Негізгі түсінік

Сала


Сауда

Өнім


Тауардың өмірлік циклы

Альтернативтік теория



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Халықаралық экономикалық қатынастар/Елемесов Р,Е. Бас. Ред., А.:ҚазҰУ, 

2002.

2.П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика, М.,1997. 



3. Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика, М.: МГУ, 

1998г.


4. Михайлушкин А.И., Шимко П.Д. Международная экономика.-М.: Высшая 

школа,2002.

     5.  Овчинников  Г.П.  Международная  экономика.-СПб:  Изд.В.А.Михайлова, 

1999.


    


24

7 –ТАҚЫРЫП.  СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 

ҚҰРАЛДАРЫ

Дәріс мақсаты - сыртқы сауда саясатының мәнін түсіндіру

Дәріс жоспары:

1. Сауда саясатының мәні, түрлері, оларды жүзеге асыру құралдары.

2. Кедендік баж және кедендік тариф түсінігі.

3. Тарифтік, экспорттық, импорттық квота (үлес).

4. Лицензия және оның түрлері.

1. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз- мемлекеттің басқа елдермен жасайтын 

сауда  қатынасына  мақсатты  түрде  әсер  етуі.  Халықаралық  сауда  саясаты  –

ұжымдық  жекелеген  елдер  тобының,  монополияның,  қаржылық  сауда  және 

бақа  топтардың  қажеттілігінің  көрінісі.  Әр  түрлі  елдің  сыртқы  экономикалық 

саясатын  зерттеу  нәтижесінде  келесілер  анықталады.  Яғни,  дамушы  әлем  , 

әлемдік  шаруашылық  байланыстың  күрделі  әлеміне  – ұлттық  эканомиканың 

тиімді түрде қосылуы сияқты пайдалы жолымен жүруі тиіс.

Елдің экспорттық саясатында қабылданған шаралар келесі түрден тұрады:

1. Экспорттық  саланың  дамуы  үшін  жағдай  жасау  немесе  экспорттық 

өндіріс саласын бағалау.

2. Кейбір саланың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу 

үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау.

3. Егер, белгілі бір саланың болашақта әлемдік нарықта белгілі бір орынды 

қамтамасыз  ету  мүмкіндігі  болса,  бірақта  осы  мүмкіндіктерді  жүзеге  асыру 

жағдайлары болмағанда;

а)  кедендік  қорғау;  б)  қаржылық  ынталандыру;  в)  қолайлы  жағдайлармен 

жеңілдіктер жасау қажет.

  Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төменгі әдістер қолданылады:

1. Тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау.

2. Оның  ұлттық  эканомика  құрылымындағы  экспорттық  позициядағы 

орнын анықтау.

3. Әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

Экспорттық импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде әдістемелік жолдар 

төмендегілерге  байланысты  нақты  таңдалуы  тиіс:  нақты  тауарларға,  оны 

өндірудегі қалыптасатын жағдайларға, ішкі ұлттық нарыққа, елдің экспорттық 

жеткізулері  құрылымындағы  орнына,  халықаралық  еңбек  бөлінісінің 

болашағына т.б.

Еркін  сауда  –  эканомикалық  қатынастар  елдер  арасындағы  тауар 

қозғалысы  жолынан  кедендік  және  басқа  кедергілерді  алып  тастау  талабынан 

туындаған. Сыртқа  сауда  –  эканомикалық  қатнастарды  реттейтін  құралдар  әр 

түрлі  нысанда  болады.  Оларға  тауар  бағасына  тікелей  әсер  ететін  (тарифтер, 

салықтар, акциздер, т. б. ) және импорттайтын тауардың көлемін және бағасын 

шеттейтін әдіс – амалдар (сандық шектеулер, лицензиялар, квоталар) жатады.



жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау