Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
125
жөніндегі міндеттеменің орындалуы қаңағаттанғысыз»[5, 2-3б.]. Яғни, бұдан, 1932 жылдың аяғына дейін
сауатсыздықты жою жоспарының жүзеге аспағанын көруге болады.
Республикадағы сауатсыздықты жою жайғдайы қанағаттанғысыз болса, балаларды оқумен қамту
мəселесі де нашар күйде тұрды. БК(б)П Қазақ Өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф.И. Голощекиннің
өзі де жасырмаған. 1932 жылдың 9 қыркүйегінде большевиктер партиясының Орталық Комитетіне жазған
баяндау-хатында былай деген: «...Мектеп жасындағы балаларды жалпы оқуға тарту 83,6 пайыз болса,
оның ішінде қазақтар барлық оқумен қамтылғандардың 45 пайызын құрайды. Жоғары сатыдағы
мектептерде оқитын қазақтар санына келсек, ол тіптен нашар. Мұны мынамен түсіндіреміз. Қазақ
ауылындағы мектептердің бірінші сатысының дамуы щаруа адамдарына жəне киіз үйлерге шашырап
қоңыстануларына; екіншіден, оқытушылар қатарының тым жеткіліксіз жəне төмен деңгейіне байланысты
қиындап отыр...»[6, 64б.].
ҚАССР Халық Ағарту Комиссариаты партияның XVII съезінен кейін жалпыға бірдей бастауыш
оқуды еңгізудің қорытындыларына талдау жасады. Онда 1932/1933 оқу жылында халық ағарту бөлімдері
мен мектептердің жалпыға бірдей оқу туралы декретті орындау жұмысында елеулі кемшіліктер болғаны
аңықталды.
Мəселен, Шығыс Қазақстанның 8 ауданында бастауыш, жеті жылдық жəне орта мектептің соңғы
сыныптарындағы оқушылардың 23 пайызы 1932-1933 оқу жылында мектепті аяқтамай, тастап кеткен.
Сонымен қатар, əр түрлі себептерге байланысты Шығыс Қазақстан облысының мектептері оқуға
мерзімінде кіріспегені жайлы мəліметтер бар. Оқу жылын уақытында облыс мектептерінің тек 29,6
пайызы бастаған, мектептердің 37,6 пайызы 15 қыркүйектен кейін кіріскен[7]. Əсіресе қазақ ауылын
отырықшылыққа көшіру кезінде мəдени-əлеуметтік жұмыстар назардан тыс қалды.
Яғни мəдени, оқу-ағарту шаралары жаппай отырықшыландырудың алғашқы жылдарында екінші
қатардағы шараларға жатқызылды. Мұның бəрі қазақ ауылында жүргізілген күштеп ұжымдастыру мен
отырықшыландырудың салдарынан болған ашаршылықтың зардаптары еді.
Панасыз балаларды есепке алуда Балалар комиссиялары жəне Халық Ағарту органдарының
жүргізген шараларының нəтижесінде жергілікті жерлерде тексеріске қамтылған панасыз балалардың саны
1934 жылдың 1 қаңтарында өлке бойынша 96.483 деп аңықталды [8].
Мұрағат құжаттарының мəліметтеріне қарағанда, 1934 жылдың бірінші жартыжылдығында
Қазақстан бойынша мəдени кұрылыстың жетістіктері төмендегідей [9].
№
Облыс
атаулары
Халық ағарту
комиссариатының
жоспары бойынша
Нақты қамтылуы
Орындалу пайызы
I сат.
мектеп
II-сат.
мектеп
I-сат. мектеп II-сат.
мектеп
I-сат.
мектеп
II-сат. мектеп
1. Алматы
облысы
75800 7405 63797 5629 95,3
75
2. Алматы
қаласы
16900
4730 18187
5235 107,6
110,7
3. Ақтөбе 69500
9270 77262
7406
111,2 79,9
4. Шығыс
Қазақстан
109860
14928 102605
14069 93,4
94,4
5. Батыс
Қазақстан
55400
5105 49722
5086 89,8
99,6
6. Қарағанды 110700 14212
108378 11673 97,8
82,1
7. Оңтүстік
Қазақстан
75540
12550 76724
6698 101,6
53,4
Барлығы: 513700 68200 496675 54876 98,3
81,1
Бұл кестеден балаларды оқумен қамтуда Халық ағарту комиссариатының жоспарының
орындалмағанын байқаймыз. Шығыс Қазақстан бойынша оқумен қамту І-сатылы мектепте – 93,4, ІІ-
сатылы мектепте 94,4 пайызды құрайды.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
126
Сонымен қатар, 1934 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауатсыз жəне жартылай сауатты
109328 адам есепке алынып, оқумен 47294 адам, яғни 47 пайызы ғана қамтылды. Мұрағат құжаттарының
мəліметтерінде, əсіресе оқумен қамту жұмысы нашар жүргізілген аудандар: Тарбағатайда -9, Жарма -16,
Күршім -23, Шыңғыстау -27 пайызы оқумен қамтылған - деп көрсетілген. Жұмыстың қанағаттанғысыз
болуының негізгі себептері Халыққа білім беру органдарының нашар жетекшілік етуі; кəсіподақ,
кеңестердің тарапынан ересектерді оқуға тартылуына айтарлықтай назар аудармауы болып табылады.[10].
933/34 оқу жылының екінші жартысында Қазақстанда мектеп жасындағы балаларды есепке
алудың жəне оларды оқуға тартудың жағдайы келесідей болды.
№
Аудандардың
атаулары
Есепке алынған 8-15 жас
аралығындағы балалар
I-II концентр
мектептерімен
қамтылған
Қамтылу пайызы
1. Алматы ауданы 70262
69346 98
2. Алматы қаласы 24000
23013 96
3. Ақтөбе 95423
84473
88,6
4. Шығыс Қазақстан 120508
116476 96,5
5. Батыс Қазақстан 56408
54694 96,9
6. Қарағанды 130200
119838
92
7. Оңтүстік Қазақстан 97241
83039
85,4
Барлығы: 594042
550878
92,5
Жоғарыда келтірілген кестеден, 8-15 жас аралығындағы балалардың оқумен қамтылуының
жоғары пайызын көреміз. Бірақ П концентрлі мектепте оқумен қамту 10,9 пайыз құраған. Мұның себебі
12-15 жас аралығындағы ересек балалар бастауыш мектепте оқыды. Осындай жағдай əсіресе көшпелі
жəне жартылай көшпелі қазақ аудандарына тəн, яғни есепке алынған балалардың мектеппен қамтылу
пайызы төмен болды.
Мəселен, көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандарда оқу жасындағы балалардың мектепке
тартылғаны Шығыс Қазақстан облысында -95 пайызды құрады [11]. П сатылы мектептің даму қарқыны І
сатылы мектептің даму қарқынынан көп кейін қалды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірқатар мектептер оқу мерзімін ерте аяқтап,
мұғалімдер егістік жұмысқа жұмылдырылған[12].
Шығыс Қазақстан облысының атқару комитетінің Президиумының 1936 жылы 9 қыркүйекте
облыста сауатсыздықты жою барысы туралы қаулысында «Облыстық атқару комитетінің сауатсыздықты
жою туралы қаулылары жəне нұсқауларының бір қатарына қарамастан, облыс аудандарының көпшілігі,
бұл шараның мемлекеттік маңыздылығын бүгінгі күнге дейін түсінбеуде, сондықтан сауатсыздықты жою
жұмысының көрсеткіші қаңағаттанғысыз. Əсіресе, оқумен қамту жəне оқуды аяқтағандардың саны
бойынша мардымсыз қарқынды көрсеткен аудандар:
№
Аудандар
Оқумен қамту
Оқуды аяқтағандар
1.
Белағаш
4,9 %
14,3 %
2.
Қатонқарағай
6,0 %
9,5 %
3.
Зырян
7,6 %
12,4 %
4.
Киров
20 %
29,8 %
5.
Иртыш
21 %
21,6 %
6.
Предгорненск
21,2 %
17,8 %
7.
Большенарым
21,9 %
14,8 %
8.
Шемонаиха
25,2 %
11,7 %
9.
Бесқарағай
28,9 %
14,7 %
10. Зайсан
29,6 %
23,2 %
11. Семей
37,8 %
8,6 %
Достарыңызбен бөлісу: |