Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
169
тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу. Өз бетінше іздей білу, талдау,
таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру. Жанұяда, еңбекте,
экономикада, саяси, қоғамдық азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу. Өзіндік қадір-қасиет
сезімін ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Оқыту үрдісінде оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне
бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу
қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-
қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі
тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және
коммуникативтік құзіреттіліктер арқылы іске асыруға болады. Осыған орай заманауи
шетел тілі сабағы оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға
және дамытуға бағытталған болуы қажет. Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін
дамытуға көңіл бөліну керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу
және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым қатынас құруға жаттықтыру. Осы мақсатқа
жету үшін коммуникативтік үлгідегі сабақтарды ұйымдастыруға үлкен мән берілуі тиіс.
Олар төмендегідей сабақ түрлерін өткізу:
- конференция сабақ
-
жарыс сабақ
-
дөңгелек үстел сабағы
-
сынақ сабақ
-
экскурсия сабақ
-
музыкалық калейдоскоп сабағы
-
хайуанаттар
әлеміне саяхат сабағы
-
спектакль сабағы және т.б.
Жоғарыда аталған коммуникативтік үлгідегі сабақтар дәстүрлі сабақтарға қарағанда
оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін оятып, оларды тәрбиелік пен
жолдастыққа, саналылыққа, әлеуметтік негіздердің қалыптасуына, халықтар арасындағы
ынтымақтастық пен достыққа, сыйласымдыққа әсерін тигізеді. Мұндай сабақтарда
оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, сыныптағылардың пікірі бойынша
тұжырым жасауды, ортақ іске өз үлестерін қосуды, жолдастарының жауаптарына пікір
айтуды, әртүрлі ойларды сын елегінен өткізуді, дұрыс ұсыныс жасай алуды үйренеді.
Сабақта ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен өз елінің мәдениетін
қатар қарастыру оқушылардың әлеуметті мәдениеттілік құзіреттілігін дамытуға ықпал
етеді. Мысалы: сабақта оқушылар Ұлыбритания мен Қазақстанның мерекелері жайлы
өтеді. Осы тақырыптарды өту барысында ағылшын тілінде мерекелерге байланысты
бейнефильмдер көрсетіп, оларды талдау, біздің мемлекетімізде тойланатын мерекелермен
салыстыру. Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Сонымен қатар коммуникативті құзіреттілікті дамыту үшін тақырыпқа байланысты
диалог, қойылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға
болады. Коммуникативті біліктілікті дамытуда үлес қосатын сабақтың бірі конференция
сабағына тоқтала кетейік. Конференция сабағы оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытып, олардың ағылшын тілінде коммуникация жасай алуына мүмкіндік туғызады.
Конференцияға дайындық кезінде оқушылар өз бетімен баяндама тақырыптарын
таңдайды, зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында алынған нәтижелер бойынша есеп
беруге дайындалады. Конференцияны арнайы бір сыныпта немесе мектепішілік сипатта
да өткізуге болады. Конференцияны өткізудің бір түріне симпозиум жатады.
Симпозиумда мұғалім жалпыға ортақ бір мәселені дайындап, ал оқушылар сол мәселе