Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
78
Сурет 1 – Инновациялық ойшыл маманның кәсіби білім беруде және басқаруда
қолдану жолдары
Ғылым мен білімнің жемісі де дәйекті пікірсайыстарға негізделуі, бағыттармен
идеяларды ашып талдау және олардың дұрысын іс жүзінде қолдану – маңызы зор мәселе.
Осыған орай жаңаша ойлау құрылымының таңдау-баламаларға негізделуінің, плюрализм
болуының қажеттілігі туындайды. Адамдардың ойлауы ешқашан, ешуақытта бірдей
болмайды, ойлаудың өзі әртүрлі болатындықтан, әр жағдайда әрқилы баламалар туады,
бірнеше тұжырымдар пайда болады. Сондықтан алуан түрлі айқындамалар, тұжырымдар,
талдау-баламалар интеллектуалдық, зерделік-өріс байлығы болып есептелінеді [2].
Жаңаша саяси ойлауда адамзаттың ізгілікті мүмкіншілігінің өсуі, жаңаруы мен
тереңдеуі ескеріледі және қамтылады. Осы рухани байлықтың өсуі арқылы бүкіл
адамзаттың топтасуы, көптеген мемлекеттердің бір-біріне өзара тәуелді болуы, оның
бүтіндігі мен тұтастығы принципі әр тұста қолданылуы қажет. Бұл жағдай бірыңғай
өркениеттілік пен мәдениет болуы барлық адамдар үшін жалғыз-ақ жол екенін дәлелдейді.
Сондықтан әр адамның, әр ұлттың, әр мемлекеттің, әр қоғамдық жүйенің мақсаты орнына
жалпы адамзаттық, дүниежүзілік мүдделер келеді. Жаңаша ойлаудың нақты нәтижесінің
бір көрінісі – жоғарыда айтылғандай білім берудің барлық салалары үшін жоғары ойшыл
мамандарды білікті және бәсекеге қабілетті даярлаудың сапасын арттыру.
Әуелден әрбір ойлау қорытындысында белгілі бір топтың көзқарасы жеңіп шығатын
еді, ал жаңаша ойшыл маман жалпы адамдық идеяларын бірінші орынға көтереді. Күні
кешеге дейін әлеуметтік және ғылыми-техникалық революциялар кезеңінде бұрыннан
келе жатқан моральдық ережелер қайта қаралып, олардың орнына басқа көзқарастар
қойылатын еді. Ескірген пікірлерді сынап, олардың жаңа заманда күшін жоғалтқанын
ажырата айқындап, олардың орнын жаңамен толтырып отыратын. Негізінде ол да дұрыс
болатын. Бірақ жаңаша ойлау мәңгілік, ешқашан жойылмайтын рухани байлықтардың
көзін ашты, олардың тығыз байланысты екенін, егер адамзат болмаса, рухани
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
79
байлықтардың да жоғалатынын дәлелдеді. Жаңаша ойлаудың негізгі принциптері
Б.Рассел, А.Эйнштейннің монифистерінде жарияланған еді.
Жаңаша ойшыл процесінде этикаға, адамгершілікке тән қағидаға мән беріледі.
Қазіргі кезде ұжымдық ойлаудың мәні өсті, сонымен бірге этикалық нормаларды
насихаттау, бұл нормалардың адамгершілік гуманизм саналарымен бірдей дәрежеде
рухани әрекет аясына енуі батыл сипат алып отыр. Интеллектуалдық қасиет прогрессивтік
процесс болып табылады, сондықтан ол этикалық ережелерден алыстай алмайды.
Жаңаша ойлау этикасының ең басты қағидасы – ақиқат алдындағы теңдік, яғни
әмбебаптық мақсат. Осыған сәйкес ойлау әрекетінің қорытындылары ғалымдардың
ұлтынан, жынысынан және әлеуметтік жағдайынан тыс қаралуға тиіс.
Жаңаша ойлау сондайлық, адамдардың инновациялық технологияларды меңгеруге,
мамандарды кәсіби даярлауға ынта-ықыласын арттыру деген сөз. Мұның өзі субъектінің
объектіге, адамдардың өндіріске, білімге, жалпы меншікке қатысуын түбегейлі жаңа
сапаға көтеру.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы сапалы жаңа жүйені қалыптастыруға
және интеллектуалдық қоғамды сенімді дамытуға нақты серпін береді деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, білім беруде инновациялық ойшыл маманды қалыптастыру мен
дамытудағы әлемдік деңгейдегі нәтижеге жету.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, – 7.12.2010. – Б.71.
2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы: Ғылым, 2005. – Б.353-354.
РЕЗЮМЕ
Алашабаева У. Н.,
магистр, преподаватель,
член Евразийского Союза Дизайнеров РК,
(г.Алматы, Казахский государственный педагогический университет)
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ ИННОВАЦИОННО МЫСЛЯЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ
В данной статье рассматривается поиск приема методов воспитания в нынешнем
всемирном пространстве образования и пути формирования мышление специалиста. Для
подготовки креативно мыслящих, нравственных специалистов необходима существенная
модернизация содержания и структуры образовательной деятельности в соответствии с
требованиями.
Ключевые слова:
глобализация, интеграция, мыслящих специалистов, философия
составляет,
креативно мыслящих
.
SUMMARY
Alashabaeva U.N.,
мaster, teacher,
A member of the Eurasian Union of designers Republic of Kazakhstan
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
WAYS OF FORMATION OF INNOVATIVELY CONCEIVING EXPERTS
In this article is made a search of the methods of education in present world and the way
thinking and formaling his sense.
For the preparation of creative thinking, ethical professionals
Достарыңызбен бөлісу: |