175
Олардың әрбіреуі
Әрбір итке жем болар.
Қазақ әскері дегенде тағы еске түсетіні жауға батыл аттануға Исатай мен Махамбет
бастаған құм Нарындағы қалың қол болатын. Махамбеттің:
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкі дейін түн қатып,
Бөрі дейін жол тартып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?! [5, 180 б.] деп аяқталатын «Ұлы арман» деген отты өлеңіндегі
ұлы арманға бүгін біздер жеткендейміз. Бірақ біз бейбіт заманның адамдары ретінде
ешкіммен жауласып көрмедік. Алайда (құдай оның бетін ары қылсын) басымызға сын сағаты
туа қалса, алғы шепке шығарлық әскеріміз даяр.
Асан
қайғының:
Арғымаққа міндім деп,
Достарыңмен санаспа!
Артқы топтан адаспа!
Ғылымым жұрттан асты
деп,
Күніңде өзім болдым деп,
Кеңессіз сөз
бастама!
Кең пейілге таласпа!
Жеңемін деп біреуді
Артық үшін айтысып,
Өтірік сөзбен қостама! – деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты
толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге.
Сонымен, халқымыздың ауыз әдебиеті ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және
әлі де үлес қосып келеді. Ақын-жыраулардың поэзиясы, олардың ұлттық рух пен тарихи
сананы жаңғырту идеясы қазірдің өзінде де өз күшін жойған жоқ. Елбасымыздың “Егер біз
мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе,
онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық
даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер
жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» [5, 267-б]. Сондықтан жыраулардың бай
мұраларын қазіргі жастардың пайдаланатын тәлімдік құралы етіп, оларды елін, жерін сүюге,
құрметтеуге баулып, адамгершілік қағидаларының басты ұстанымы екендігін жастар
санасына сіңіру қажет.Ұрпақты ұлттық рухқа тәрбиелеу тұрғысынан жыраулар мұрасы өз
мәнділігін жоғалтпақ емес және ақын-жыраулар толғаған жырлар арқылы олардың бойына
патриоттық сезімді қалыптастыруымыз қажет. Тағдыр талайымен, көп бейнет-азаппен
жеткен тәуелсіздігіміз баянды істермен толыға түсуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының бірінде
былай деген еді: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз
келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің
лайықты өмір сүруін қаладық». Міне, осы ұлы мақсаттарға бүкіл ел азаматтары ғұмырының
біраз жылдарын арнады. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік, төрткүл
дүние таныған, әлем мойындаған елге айналдық. Бұл ұғымның астарында елдің ертеңі үшін
атқарылған қаншама жанкешті істер бар, жұдырықтай түйіліп, елді көркейтуге жұмсалған
өлшеусіз еңбек бар. Тәуелсіздік тұғырын бекемдей түсудің ұлы мұраты – елдің бүтіндігін
келер замандарға жалғастыру, өркениеттің асқар белестеріне өрлеу болмақ.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 2003. – 240 б.
2. Тәжібаев Ә. Жылдар. Ойлар. – Алматы, 1976. – 471 б.
3. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы,1998.
176
4. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы, 1956.
5. Бес ғасыр жырлайды. І т. – Алматы, 1984.
В статье анализируются исторические произведения И. Есенберлина. Эти
произведения помогают сформировать человека, который будет любить свою родину,
страну, свой народ. Анализируя исторический труд И. Есенберлина, были созданы эпические
образы. Писатель в своем творчестве правдиво сообщает о торговле, культурных связей
между соседними народами. Он обеспечивает некоторую историческую связь между
казахским и русским народом.
I. Esenberlin’s historical works are analyzed in the article. This product helps to form an
individual who will love their homeland, country, its people. Being analyzed historical work of I.
Esenberlin, the epic images have been created. The writer in his work truthfully reports the trade,
cultural relations between neighboring people. He provides some historical connection between
Kazakh and Russian people.
ӘОЖ 82.09 (5Қ)
Г.С. Бөкен
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көкшетау, Қазақстан
asya_2309@mail.ru
ҚАЗАҚ-ПОЛЯК ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КЕЙБІР
ҮНДЕСТІКТЕР (С.МРОЖЕК, С.АДАМБЕКОВ ПЬЕСАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Мақалада комедияның қалыптасу, даму тарихына,
жанр табиғатына
қысқаша шолу
жасалады. 1960-1990 жылдардағы белгілі поляк-қазақ драматургтері: С.Мрожек пен
С.Адамбековтың комедиялары негізге алынып, қарастырылады. Яғни Славомир Мрожектің
«Кароль» және Садықбек Адамбековтың «Алтын табақтағы жылан» сатиралық
комедияларының өзара тақырыптық-идеялық ұқсастықтары мен ерекшеліктері
талданады. Сатиралық образ жасаудағы өзіндік шеберліктері жан-жақты зерделенеді.
Сонымен қатар кейіпкер тілінің драмалық шығармалардағы мән-маңызы ескеріліп, қос
қаламгердің сөз қолданысы ерекшеліктері де айқындалады.
Кілт сөздер: Қазақ-поляк әдеби байланысы, жанр, образ, мінез,юмор, сатиралық
комедия.
Әр елдің әдебиеті мен мәдениеті белгілі бір бағытта қалыптасатыны және сол негізде
дамитыны аян. Бұл бағыт деп отырғанымыз – өмір сүру, тұрмыстық қалыптасу барысында
пайда болатын ұлттық ерекшеліктер, содан туындайтын өнер түрлері. Демек, мұндай өнер
түрлері бір шеңберде ғана қалып қоймай кең ауқымды мәдени тетіктерге бағындырылады.
Негізінен, жанр – әрбір әдеби немесе драматургиялық шығарманың оқиғалық-сюжеттік
құрылымына, ондағы идеяның басты ұстанымдарына лайықты анықтама беретін түр ерек-
шелігі. Мұның трагедия, драма, комедия тәрізді өзіндік спецификасына қарай бөлінетін
басқа да көптеген түрлері бар екендігі белгілі.
Ең алдымен, комедия терминіне Әдебиеттану терминдер сөздігінде: «Комедия, көңілді
топ, өлең» делініп, драмалық жанрдың негізгі бір түрі, өмірдегі келеңсіз, жағымсыз
құбылыстарды, адам бойындағы мінезді, қасиетсіздікті, опасыздықты күлкілі етіп
Достарыңызбен бөлісу: |