173
Елеуреп неге сөйлейсің», - деп ханның мінін бетіне айтып, орда маңында болып жатқан
келеңсіздіктерді, елінің қараусыз қалғанын батырып айтады. Жиембет жыраудың туған
жеріне шынайы сүйіспеншілігі оның толғауларында айқын суреттеледі. «Ханға қарсы тұрам
деп» жырлайды:
Қайырылып қадам
басарға
Күн болар ма екен мен
сорға
Өзен Арал жерлерім
Қиядан қолды көрсеткен
Төбеңе шығар күн бар ма?
Жотасы биік
Дөңдерім - деп шер төгеді, соларды бір көруді арман етеді. Демек,
жырау елі, жері үшін емірене ерлік жыр төккен, сол елдің елдігі бүтіндігі жолында жырымен
де ерлігімен де аянбай еңбек еткен. Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары
оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны»
атты өлеңінде: «Ей, Қатағанның ханы Тұрсын, Опасызға лағынет болсын. Кінәсіз халықты
жылатқан Жер Тәңірісі сияқтысың. Алтын тақта отырсаң дағы Ажалға төтеп бермессің», -
деп Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз
жандарды қырып-жойғандығын бетіне басады.
Одан әрі халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген абыз жырау:
...Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!", - деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол
сияқты Қазтуған жырау да:
"Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!... - деп еңіреп өткен. Қазтуған жыраудың бұл толғауы
өзінің рухани қуатын, идеологиялық мағынасын әлі жоғалтқан жоқ. Бұл туынды өзінің елге
деген, туған жерге деген патриоттық рухымен, ғасырлар бойы халықты жігерлендіріп келді.
"Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда!" - деп Доспамбет жырау армандаған,
"Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе,
Май жемесе қонағым...
Он кісіге жараса,
Бір кісіге асқан тамағым", - деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген,
бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Қазақ даласының әрбір жеріне төгілген қанның мөлшерін
есептеп, егілген ананың ескерткішін қойсақ, бәлкім бабалардың ерлігіне алғыс білдіре
алармыз. Бірақ біздің бабаларымыз ешқашан атақ, даңқ, ескерткіш үшін соғысқан емес. Олар
өз елдерінің болашағы біздердің ертеңіміз үшін жан аямай шайқасты. Сол ұлы шайқастардың
бірі әрі қазақтың басындағы ең үлкен нәубеттердің бірегейі – Жоңғар шапқыншылығы. Осы
кезеңде қазақ жырауларының отансүйгіштікке, ерлікке үгіттейтін керемет жырлары пайда
болды. Солардың бірі Доспамбет жырау:
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылғандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес. [5, 31 б.]
174
Қазіргі жағдайда бір елде осыншама ұлт пен ұлыстың тату тәтті ғұмыр кешуі өте
таңғалдыратын жағдай. Бұл – біздің еліміздің мақтанышы. Шал ақынның тілімен айтқанда:
Гүл шешек орман өсіп, желкілдеген,
Биік тау, асқар төбе жердің көркі,
Ағайын бір уақыт жақсы болса,
Сонымен табылады елдің көркі... [5, 129 б.]
Бұл біздің еліміздің көрікті келбеті.
Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды
жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида
етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан
қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін де жыр еткен. Мысалы, Тәтіқара жырау
толғауында:
«Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт.
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейді Ер Жабайды айт» - деп батырлардың ержүректілігін, батылдығын жыр
еткен. Шалкиіз жырау ерлер жаудан да, сойдан да тартынбайтын, батырлығы басынан асқан
жігерлі жандар.
Ғаділ төре ел бастар,
Шешен адам сөз бастар,
Аға жігіт ел бастар,
Шешен адам сөз бастар, - деп ер жігіттің ерлікпен аты шығатынын, нағыз батыр
қиындыққа шыдап, ел үшін күреске шығу керектігін айтады. Ақтамберді жырау:
...Қоңыраулы найза қолға алып.
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз, - деп өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке
шақырады. Ал Бұқар жырау өз заманының басты идеологы болды, толғаулары сол тұстағы
маңызды мәселелерге арналды. Сол тұста ерекше ерліктерімен көзге түскен Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Тілеуке тағы басқа
батырларды ханның сенімді серіктері, «қазақтың абырой-арына бар күшін сарп қылған» ел
қорғаны, әйгілі батырлары, асыл азаматтары тұрғысынан жырлады. Жырау Абылай ханның
Қалмақты қашырдың.
Алатаудан асырдың.
Қазаққа жер кеңейттің,
Дұшпаныңды кеміттің, - деп жау қашырған қолбасы, батырлығы мен көсемдігін, өзгеге
үлгі боларлық істерін жырлады. Ал, Үмбетей жыраудың Бөгенбайға қатысты екі ұзақ жыры
сақталған. Мұның біріншісі – Бөгенбайды жоқтау да, екіншісі – Бөгенбай өлімін Абылай
ханға естірту. Жоқтау жырында:
«Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай,
Жалаң қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған,
Білегі жуан бүркіттің
Тегеуріндей Бөгенбай», – деп батырды азалайды, көзінің жасын көл қылады,
батырдың халқына жасаған жақсылықтарын айтып, мадақтайды. Екінші жыр естірту
түрінде келеді. Үмбетей алдымен Абылай өмірін, халық басындағы ауыр жайларды толғап,
одан соң қуанышты күндер, жеңісті жорықтар, батырлардың көрсеткен ерліктерін мадақ-
тайды. Шалкиіз жыраудың да ел билейтін басшының қауым, әлеумет өміріндегі орнын
дұрыс бағалай білген.
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айырылса,
Достарыңызбен бөлісу: |