71
Республикадағы басқарудың жаңа парадигмасының негiзгi ережелерi келесiдей:
- керi байланысқа негiзделген нарықтық реттеу және әлеуметтiк-экономикалық процестердi
мемлекеттiк реттеу тәсiлдерiнiң икемдi үйлесуi.
Мұндай үйлесу нарыққа қарай жылжудың қиын процесс болуымен негiзделген, ал бұл
процестiң белсендi қатысушысы мемлекет болуы тиiс. Кӛптеген мамандар атап ӛткендей-ақ,
ӛтпелi кезең мемлекеттiк реттеудi оның ӛткен кезеңдегi денгейiнен неғұрлым күшейту
қажет. Мемлекеттiң қатысу үлесi осы кезең басында ауқымды үлестен кейiндерi (аяқталу
кезеңiнде) нольдiк денгейге дейiн ӛзгеруi тиiс;
- әлеуметтiк бейiмделген және оның жүйелерi ретiндегi нарықтық шаруашылық
субъектiлерiнiң қалыптасуы және функциялануы. Нарықтық ортада әрекет ететiн әрбiр
кәсiпорын iшкi ұйым сұрақтарын және сыртқы ортамен байланысты мәселелердi ӛз
бетiнше шешуi тиiс;
- барлық денгейде ӛзiндiк басқару және шаруашылық етудiң полиорталықты жүйесiне ӛту.
Ӛтпелi кезеңдегi басқару жүйесiнiң эволюциясы ӛзiндiк дамуға және ӛзiндiк дамуға қабiлеттi
ұлттық шаруашылықтағы құрылымдардың жұмыс iстеуiне негiзделген полиорталықты
жүйенiң қалыптасуына бағытталған. Қалыптасу процестерiн басқарумен қатар келесi сұрақтар
маңызды орында тұруы тиiс, олар: республиканың әрбiр аймағының ӛнiмдi енгiзу және
шығару балансын реттеу; сыртқы экономикалық қызмет; қаржылық - экономикалық
дербестiктi сақтау; аймақаралық байланыстарды ұйымдастыру және т.б.
- экономиканың мемлекеттiк секторындағы кәсiпорындарды басқарудың нарықтық және
әкiмшiлiктiк тәсiлдердiң үйлесуi. Ӛтпелi кезеңде бұл сектор нарықтық кәсiпкерлiк
сферасының ұлғаюына қарай қысқара бередi. Бiрақ, тiптi осы мерзiм соңында мемелекет
иелiгiнде республиканың Жалпы Iшкi Ӛнiмнiң бiршама бӛлiгi болады, ал iрi кәсiпорындардың
маңызы тӛмендемейдi деп есептеймiз. Мұнда мемлекеттiк сектордағы кәсiпорындарды
басқарудың жаңа философиясы қажет.
Бұл жаңа парадигманың негiзгi ережелерi ӛтпелi кезеңдегi басқарудағы қайта құруға
деген басты кӛзқарастарды сипаттайды. Ендi келешекте нарықтық жағдайда кәсiпорындарды
басқарудың тәсiлдерiн ―механизмдерi‖ мен принциптерiн дайындауда әлемдiк тәжiрибенi
және менеджмент теориясының бiрқатар ережелерiн тиiмдi етiп қолданған жӛн.
Соңғы жылдары елдегi реформалар негiзiнен 3 бағытта жүруде:
- қаржылық тұрақталу;
- әлеуметтiк сфераны нарықтық қатынастарға кӛшiру;
- негiзгi салалардағы кәсiпорындарды шетел компанияларына сату арқылы мемлекеттiк
меншiктi кең масштабты жекешелендiру.
Реформалардың сипаты оның негiзгi маңызындағы радикалдығы болуы тиiс. Қазiргi кезде
реформаның сандық және масштабтық радикалдылығынан оларды тереңдету және
тиiмдiлiгiнiң радикалдылығына ӛту керек. Радикалдылық және нәтижелiк - реформаның және
мемлекеттiк экономикалық саясаттың нақты критерийлерi. Бұл дегенiмiз, экономикалық
саясаттағы реформалар жүргiзiлген шаралар саны, реформалауға ұшыраған объектiлер
санымен емес, ал олардың нақты тиiмдiлiгi, нәтижелiлiгi бойынша бағалануы тиiс екенiн
бiлдiредi.
Макроэкономикалық
тұрақталу
және
экономиканың
ӛсу
кезеңiне
ӛтумен
трансформациялық реформалар аяқталмайды. Ӛтпелi кезеңнен кейiн бiрден нарықтық
экономикаға ӛту толығымен мүмкiн емес. Реформалардың жаңа кезеңi басталады - бұл нақты
радикалды - либералды реформалар, жеке басымдылықтардың ауысуы, жаңа механизмдер.
Бiрақ мұнда нарықтық қатынастардың қалыптасу және даму мiндетi басымды болып қалады,
ӛйткенi оларсыз жоғарғы және тұрақты экономикалық ӛсуге жету мүмкiн емес.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалаудың негiзгi бағыттары басымдылықтардың
ауысуы және ӛтпелi экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, мемлекеттiк басқару
72
және реттеу функциясын негiздеуде кӛрiнедi. Функциялар мен ӛкiлеттiктердiң барлық жүйесiн
дұрыс бӛлістіру кезiнде функционалдық белгiлерi бойынша мемлекеттiк басқарудың
құрылымдық органдарының рационализациясы болу керек, мемлекеттiк басқару
органдарының аппаратын күрт қысқарту және олардың құрылымын рационалдау, билiктiң
орталық органдарының функцияларымен ӛкiлеттiгiн қысқарту есебiнен жергiлiктi билiк
органдарының дербестiгiн күшейту, жемқорлыққа қатысқаны үшiн мемлекеттiк
қызметкерлердiң қылмыстық, материалдық және әкiмшiлiктi жауапкершiлiгiн заңмен нығайту
жүргiзiлуі керек.
Меншiк қатынастарының қайта құрылуының дамуы туралы тек жариялап қана қоймай,
сонымен қатар нақты формада жеке меншiктiң құқықтарын қорғаудың кепiлiн заң жүзiнде
бекiту керек.
Қазақстанның басымды (приоритеттi) салалары болып келесiлер табылады:
- дайын бәсекелестiк қаблеттi ӛкiм ӛндiрiсiн тез ұлғайту және ретке келтiру үшiн
потенциалды мүмкiндiктерi
бар салалар;
- ӛндiретiн ӛнiмдерiне сұраныс бар және байланысты салаларда ӛндiрiстi жандандыратын
салалар. Мұнда экспортталатын ӛнiмдi шығаруға қабiлеттi және жоғары технологиялық
перспективтi ӛндiрiстердi ерекше атап ӛткен жӛн.
Экономиканың ӛркендеу фазасына ӛту кезiнде республиканың алдында күрделi мәселе
тұр - ол инвестиция мәселесi. Қазақстанның инвестициялық саясаты отандық және шетелдiк
инвестицияны жұмылдырудың қажеттiлiгiнен бастау алады. Бiрақ Қазақстанның объективтi
жағдайын бағалау бұл сферада iшкi жинақтар мен жеке инвестициялар басты болады деп
есептеуге негiз бередi.
Мемлекеттiң негiзгi мiндетi - бұл инвестициялық қызметтiң құлдырауын болдырмау
үшiн, инвестициялық климатты жандандыру үшiн, жеке және шетелдiк тiкелей жеке
инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдай жасау, басымды салалар, сфералар мен
ӛндiрiстерде шағын инвесторлардың қызметiн белсендендiру.
Қазақстанда менеджменттi қолдану‚ оның тәсiлдерi мен қолдану сфераларында бiрқатар
ерекшiлiктерге ие.
Тәуелсiз мемлекет стратегиялық мақсатқа жету үшiн ӛзiнiң менеджмент жүйесiн
қолданады, ол республиканың кӛп ғасырлы ұлттық , тарихи, экономикалық және табиғи
ерекшелiктерiмен негiзделген белгiлi әр спецификаны максималды түрде ескередi.
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын басқарудағы дербестiлiк - бұл мемлекетте
экономикалық және саяси еркiндiлiкке негiзделген дамушы және жаңа қоғамды құру бойынша
потенциалды творчествалық мүмкiндiктердiң бар екенiн кӛрсетедi. Бұл ғаламдық проблема
қысқа мерзiмде шешiлмейдi, әрбiр процестi басқарудың сәйкес тәсiлдерi мен әдiстерiн
қолдануды бiлдiредi.
Экономикалық ӛсу түрлi факторлардың әсерiмен және оларды экономиканың жұмыс
iстеуiнiң нақты жағдайларына сәйкес қолдана бiлумен анықталады. Менеджмент осы
фактордың белгiлерi бойынша жiктелуiн кӛрсетедi. Жiктелу белгiлерi:
- иерархияның барлық
деңгейлерiндегi басқару сапасы;
- ӛнiм ӛндiрiсiне, оны дайындаудың
технология заңдарының әсерi;
- ӛндiрiс диверсификациясы;
- ӛнiмнiң ӛткiзiлуiне тауарлық алмасу заңдарының әсерi.
Факторлардың жiктелуi 2 деңгейде жүргiзуi тиiс. Бiрiншiсi, -кәсiпорын денгейiнде
(микроденгей). Оған мына факторлар жатады: ӛнiм ӛндiрiсi технологиясы заңдарын орындау;
тауарлық алмасу заңдарын орындау; нарық қажеттiлiктерiне ӛндiрiстiк мүмкiндiктердiң
сәйкестiгiнiң дамуы; ӛндiрiс және ӛткiзу бағдарламасы және т.б. Екiншiсi - бұл мемлекеттiк
деңгейде,экономикалық ӛсу факторлары. Оларды макродеңгейдегi факторлар ретiнде жiктеуге