75
инфрақұрылым. Осы салада аталған қызметтердi атқаратын кәсiпорындар iрi ауыл
шаруашылық кәсiпорындар ретiнде құрылуы мүмкiн немесе фермерлiк шаруашылық - ауыл
шаруашылық тауарларын ӛндiрушiлер, кооперативтер және т.б. Бiрақ кооперативтер құру
үшiн ең алдымен фермелер үшiн бастапқы капитал керек. Сондықтан мемлекет ауыл
шаруашылығын жеңiлдетiлген несиелермен және материалдық ресурстармен қолдап отыруы
қажет.
Қазiргi кезде айналым қаржылары жоқ кәсiпорындар дайын ӛнiмдерiне есептесе алмай
отыр. Сондықтан ӛңдеушi кәсiпорындар саны азайып, оның орнына бартер дамып отыр.
Сонымен қатар шаруашылықтар жекеше ӛз маңынан ӛңдейтiн шағын кәсiпорындар құруда,
бiрақ олардың ӛнiмдерi бәсекелес қабiлетсiз болып отыр. Бiр жағынан тез бұзылатын ауыл
шаруашылық ӛнiмдерiн сақтайтын орындары жоқ шаруалар ӛздерiн тиiмсiз бартерлiк
келiсiмдерге баруға мәжбүр болады. Ал ӛнiмдердi ӛткiзуде тиiмдi серiктер табу жолында
маркетингтiк қызмет кӛп кӛмек кӛрсетер едi. Бiрақ оның дамуы үшiн де мемлекеттiк қолдау
қажет.
Нарық экономика жағдайындағы кәсiпорындар менеджментi.
Нарықтық экономика жағдайында кәсiпорындардың экономикалық қызметiн халық
шаруашылығындағы болып жатқан процестерден және жеке бiрлiк қызметтерiнен бӛлiп
қарастыруға болмайды.
Кәсiпорындар тауарлы және ақша ағымдарының жалпы шаруашылық айналысы
шеңберiнде қызмет етедi.
Кәсiпорындар - бұл түрлi нүктелерде ӛзiнiң экономикалық ортасымен байланыста
болатын және олармен алмасу қатынастарында болатын жалпы шаруашылық процестiң
шаруашылық бiрлiгi. Осылайша, кәсiпорын ұлттық экономиканың құрама бӛлiгi болып
табылады.
Кәсiпорынды басқа тұрғыдан қарастырсақ, онда кәсiпорын - бұл ӛздерiнiң жеке
мүдделерi бар түрлi жеке тұлғалар әрекет ететiн ұйым. Яғни кәсiпорынды мұнда «мақсатты
бағытталған әлеуметтiк жүйе» ретiнде қарастырамыз (түсiнемiз). Бұл жүйеге халықаралық
экономикалық қатынастар негiзiнде қалыптасқан, ұлттық құқықтың жүйемен және
шаруашылықтың ұлттық спецификасымен анықталатын қоғамдық құрылымдар әсер етедi.
Кәсіпорындағы түрлi тұлғалардың әрқилы мүдделерi әрбiр жақтар үшiн компромисс
негiзiнде келiсiлмесе, керi жағдайда олардың арасындағы ӛзара қызметтесу iске аспайды.
Кӛрсетiлген схемада (сурет 2) кәсiпорынның мақсатын анықтауға түрлiше әсер ететiн түрлi
топтар қарастырылған. Осы топтардың кейбiреулерi, әсiресе капитал иелерi және заемды
капиталды ұсынушылар кәсiпорынның мақсаттарының жүйесiнiң қалыптасыуына ӛте күштi
ықпал етедi. Кәсiпорынмен байланысты басқа да топтар, мысалы, жалданбалы жұмысшылар
тiкелей немесе олардың мүддесiн бiлдiретiн ұйымдар арқылы әсер етедi. Бiрақ кәсiпорындар
ӛздерiмен тiкелей байланысты емес топтарды да ескеруi керек, мысалаы, тұтынушылар
ұйымы. Олар тест жүргiзу жолымен ӛнiм (бұйым) сапасын немесе оның экологиялығын
бағалайды.
Осылайша, кәсiпорын мақсаттары түрлi мақсатты кӛздейтiн тұлғалар немесе тұлғалар
тобының ықпалы арқылы қалыптасады. Экономикалық жүйенiң объективтi қажеттiлiктерiнiң
осы субъективтi мақсаттарының негiзiнде келiссӛздер немесе әкiмшiлiк шешiм қабылдау
жолымен кәсiпорынның мақсаттары құрылады.
Кәсiпорынның мақсаттарын шартты түрде 3 топқа бӛлiстiруге болады:
- экономикалық мақсаттар, кәсiпорын мақсаттарының барлық жүйесiнiң негiзiн құрайды
және ақырғы нәтижеде нарықтық шаруашылықтағы кәсiпорынның жұмыс қаблеттiлiгiн
қамтамасыз етуге бағытталды;
76
- әлеуметтiк мақсаттар, түрлi мүддесi бар адамдардың кәсiпорындағы әлеуметтiк
жағдайымен байланысты және кәсiпорынның экономикалық жүйесiнiң құрама бӛлiгi
болып табылатынын сипаттайды;
- экологиялық мақсаттар, экономикалық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн ескередi.
Экономикалық мақсаттар
Заттай
Нәтижелiк
Қаржылық
- ӛндiрiс және ӛткiзудiң түрi
және құрылымы
- айналым кӛлемi және
құрылымы
- тӛлем қаблеттiлiк
- ӛндiрiлген және ӛткiзiлетiн
ӛнiмнiң саны
-пайда және рентабельдiлiк
-ликвидтi резервтердiң кӛлемi
және құрылымы
- ӛндiрiстiк қуаттылық және
қойма сиымдылығы
- шығындар мӛлшерi және
құрылымы
- қалдырылатын пайда
- сапа
- қайта құрылған құнның
мӛлшерi
- капитал құрылымы (жеке
заемдық капитал)
- орналасуы
- ӛткiзу арналары
- пайданы бӛлiстiру
-
қаржыландыру
және
инвестиция
кӛлемi
мен
құрылымы
Кәсiпорынның экономикалық мақсаттар жүйесiнiң негiзi оның заттай мақсаттары болып
табылады. Олар нәтижелiк және қаржылық мақсаттардың жетiстiктерiнiң материалдық
базасын сипаттайды. Сондықтан мұнда келесiлердi анықтау қажет, қандай кӛлемде, қандай
сапалы, қайда ӛндiрiледi, ӛндiрiстiк қуаттылықты, персоналды және қойма бӛлмелерiнiң
қажеттiгi қандай; бұйымдар қандай жолмен (ӛткiзу арналары) тұтынушыларға жетедi.
Нәтижелiк мақсаттар арасында негiзгiсi - айналымнан түскен пайдадан шығынды шегеру
арқылы анықталатын пайда болып табылады. Сондықтан олар сандық қатынаста және
шығындар мен айналым(сатылған бұйымның даналық бағасы) секiлдi мақсатты
кӛрсеткiштердiң мӛлшерiнiң құрылымы бойынша анықталуы тиiс.
Қайта құрылған құн кәсiпорында қанша жаңа құндылықтар құралатынын кӛрсетедi.
Мысалы, сатып алынатын құрал-жабдықтарда, шикiзат пен материалдарда келген
кәсiпорындарында құрылған құны жасырылады. Қайта құрылған құн түсiнiгi ұлттық
экономиканың құрған құнының жалпы кӛлемдегi кәсiпорынның үлес салмағы қандай екенiн
кӛрсетедi.
Басты қаржылық мақсат - тұрақты тӛлем қабiлеттiлiктi және ликвидтiлiктi ұстап тұру
(қамтамасыз ету). Егер бұл мақсатқа қол жетпесе, онда кәсiпорынның құлдырауына жол ашық.
Кәсiпорынның ливкидтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн кәсiпорында ликвидтi резервтердiң белгiлi
бiр мӛлшерi болу керек. Оның қажеттi мӛлшерi нарықта тәуекелдiң дәрежесiне де
байланысты.
Қызметтен пайда (табыс) алу нәтижелiк мақсат болып табылады. Сонымен қатар оны
қолдану кәсiпорынның қаржысына тiкелей әсер етедi: меншiк иелерiне тӛленетiн пайда ендi
кәсiпорынды қаржыландыру үшiн пайдалануға жатпайды. Сондықтан кәсiпорында қалатын
Достарыңызбен бөлісу: |