БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
___________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің “Басшылар, мамандар және басқа қызметшiлер лауазымдарының
бiлiктiлiк анықтамалығын бекіту туралы” 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-ө бұйрығы
негізінде және “Еңбек туралы” 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-1 Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жасалды және жеке еңбек шартына қосымша ретінде
қолданылады.
Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе Шымкент университетінің өндірістік-
экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Шаруашылық меңгерушісі басшылар санатына жатады, ректордың
бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2. Шаруашылық меңгерушісі лауазымына орта кәсіби білімі және шаруашылық
қызмет көрсету бойынша кемінде 1 жыл жұмыс стажы бар немесе бастапқы кәсіби білімі
және шаруашылық қызмет көрсету бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар тұлға
тағайындалады.
1.3. Шаруашылық меңгерушісі шаруашылық істері жөніндегі проректорға тікелей
бағынады.
1.4. Шаруашылық меңгерушісі өз қызметінің ерекшелігі бойынша:
– кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге байланысты
жоғары тұрған органдардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, басқа да басшылық
және нормативтік құжаттарын;
- қызмет көрсету персоналының еңбегін механизациялау құралдарын;
- жайларды пайдалану ережелерін;
- еңбекті
ұйымдастыру негіздерін;
– еңбек туралы заңнаманы;
– ішкі
еңбек тәртіп ережесін;
– еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.
2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне
шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысты басқаруды жүзеге асырады.
2.2. Шаруашылық құралдардың сақталуын, қалпына келуі мен толықтырылуын,
сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аймақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
2.3. Үй-жайлардың жағдайларын бақылайды және оларды уақытылы жөнделуі
бойынша шаралар қабылдайды.
2.4. Қызметкерлерді кеңсе құралдарымен және шаруашылыққа қажетті заттармен
қамтамасыз етеді.
2.5. Қызмет көрсету персоналының жұмысына басшылық жасайды.
3. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Шаруашылық меңгерушісінің мыналарға құқығы бар:
3.1. Кәсіпорын басшылығының оның қызметіне қатысты шешімдерінің
жобаларымен танысуға.
3.2. Осы нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру
жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге.
3.3. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және мамандардан оның
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар алуға.
3.4. Құрылымдық бөлімшелердің мамандарын оған жүктелген міндеттерді шешу
үшін тартуға (егер бұл құрылымдық бөлімшелер туралы ережеде көзделсе, егер
көзделмесе – басшының рұқсатымен).
3.5. Кәсіпорын басшылығынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын
орындауда көмек көрсетуді талап етуге.
4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Шаруашылық меңгерушісі мыналар үшін жауапкершілік атқарады:
4.1. Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерін
орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген еңбек заңнамасында айқындалған шектерде.
4.2. Қызметін жүзеге асыру барысында құқық бұзушылық жасағаны үшін –
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық
заңнамасында айқындалған шектерде.
4.3. Материалдық шығын келтіргені үшін – Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған
шектерде.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)